
- •1) Физикалық құрамына баға беру:
- •2) Химиялық құрамы
- •3) Микроскопиялық тексеріс
- •Нәжісті қарапайым құрттарға және глист жұмыртқаларына тексеру.
- •Қақырықты бөтен (атипиялық) клеткаларға тексеру.
- •Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.
- •Ирригоскопия.
- •Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.
- •Фортрансты қолдану.
- •Бір рет қана қолдану.
- •2. Фортрансты екі бөліп қолдану.
- •Спирография
- •Эзофагоастродуоденоскопия
- •Ректороманоскопия
- •Радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
- •Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
- •Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Ультрадыбыспен тексеру.
- •Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
- •180 Градуста 60 минут
- •Қолды жұмысқа дайындау.
- •Төсек орын ауыстыру
- •Іш киімді ауыстыру
- •Ойылудың алдын алу шаралары.
- •Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
- •Құлақты күту іс әрекеттері.
- •Көзді күту іс әрекеттері.
- •Шашты күту.
- •Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
- •Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
- •Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
- •Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.
- •Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.
- •Салмақты өлшеу.
- •2) Бойды өлшеу.
- •Жылытқыш қою әдісі.
- •Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.
- •Дене қызуын өлшеу.
- •Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.
- •Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).
- •Он екі елі ішекті зондтау.
- •Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
- •Асқазанды жуу.
- •Тазалау клизмасы.
- •Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
- •Оттегін беру жолдары.
- •1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
- •2) Оттегін жастықша арқылы беру.
- •Жылыту компресін қою әдісі.
- •Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
- •Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.
- •Дәрілерді сырттай қолдану.
- •Ер адамның қуығын катетрлеу.
- •Тері астына егу әдісі.
- •Көк тамырдан қан алу әдісі.
- •Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
- •Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
- •Ампуладан және флаконнан дәріні алу.
- •Нәжісті тексеру әдістері.
- •1. Нәжісті копрологиялық тексеру.
- •2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.
- •3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
- •4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.
- •5. Нәжісті бактериологиялық тексеріске жинау.
- •Люмбальды пункция
- •Абдоминальды пункция (лапароцентез)
- •Плевральды пункция (торакоцентез)
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
- •1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.
- •2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.
- •3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:
- •4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:
- •6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:
- •7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.
- •Емдеу орындарын жиыстыру түрлері.
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
Ер адамның қуығын катетрлеу.
Алдымен науқасты дәреттендіру керек.
Әзірле: лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, су құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасы.
Іс алгоритмі:
- Қолды жуып, қолғап киіңіз.
- Пациенттің астына клеенка төсеп, жамбасының астына зәрқабылдағыш
қойыңыз.
- Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, аяқ арасын ашыңыз;
- Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.
- Сол қолға залалсыздандырылған мәрлі салфетканы алып жыныс
мүшесінің ұшын ораңыз,
Сол қолдың 3 және 4 саусақтарымен жыныс мүшесін ұстаңыз, 1 және 2 саусақтармен зәр шығару түтігінің сыртқы ұшын ашыңыз;
Пинцетпен фурациллинге батырылған мақта тампондарын ауыстыра отырып, жыныс мүшесін және сыртқы ұшын тазалаңыз;
зәр шығару түтігінің сыртқы ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз;
Қолғапты ауыстырыңыз, катетерлеуге керекті құралдарды әзірлеңіз;
Қуықты катетрлеу.
Әзірлеу керек:
халат, алжапқыш, қалпақ, маска, қолғап;
залалсыздандырылған немесе бір рет қолданылатын катетр,салфетка;
залалсыздандырылған лоток, пинцет;
фурациллин ертіндісі 1: 5000, клеенка, ақжайма;
қолданылған материалдар үшін ыдыстар;
дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар;
Іс алгоритмі:
Залалсыздандырылған пинцетпен катетрді ұшынан 5-7 см қашықтықта қалам ұстағандай етіп оң қолға алып,саусақтармен қысып ұстаңыз.
Катетрдің бос ұшын алақанды айналдырып, 4 және 5 саусақтармен қысып ұстаңыз;
Катетрдің ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз;
Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс мүшесін ұстап тұрып, оң қолмен катетрді 3-5см тереңдікке енгізіңіз;
Пинцетпен катетерді тағыда 3-5см қашықтықта алып, ақырын зәр шығару каналына 19-20см тереңдікке кіргізіңіз;
Катетрдің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз;
Зәр ағып болған соң сол қолдың қырымен қуықтың түбінен басып тұрып катетрді алыңыз;
Қолданған құралдарды дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз;
Науқасты төсегіне ыңғайластырып жатқызыңыз;
Тері астына егу әдісі.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.
Тері астыа егетін жерлер:
- иықтың сыртқы беті
- жауырын астына
- санның алдыңғы сыртқы бетіне
- іштің сыртқы бетіне
Әзірле: Бір рет қолданылатын 1-2 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта
түйіршіктері, дәрілер, қолғап.
Іс алгоритмі:
қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп,сол мақтамен сындырыңыз;
дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
сол қолыңыздың 1 және 2 саусағымен егетін жердің терісін үш бұрышты қабат қылып жыйыстырыңыз;
оң қолыңызға шприцті алып, 2 саусағыңызбен иненің канюлясынан ұстап, басқа саусақтарды шприцтің цилиндріне қойыңыз,
шприцтің инесінің 2/3 бөлігін 45 градустық бұрышта тері қабатына кіргізіңіз;
сол қолдың саусақтарын босатып алып, поршенді басып, ақырын дәріні енгізіңіз;
еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
Болуы мүмкін асқынулар:
инфильтрат;
абсцесс;
дәріні қателесіп беру;
аллергиялық реакция;
СПИД-ті жұқтыру;
Вирустық гепатитті жұқтыру;
Тері ішіне егу әдісі.
Мақсаты: Диагностикалық (ауруға қарсы имунитеттің болуы немесе бомауын анықтау), дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты анықтау, аурудың алдын алу мақсатымен прививкалар жасау;
Тері астыа егетін жерлер: білектің ішкі беті, ортаңғы үштен бір бөлігі;
Әзірле: Бір рет қолданылатын 1 мл немесе туберкулиндік шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта түйіршіктері, дәрілер, қолғап.
Іс алгоритмі:
қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
әзірлеген шприцтің инесінің қиығын үстіне қаратып ұстаңыз;
сол қолыңызбен егетін жердің терісін тартыңыз;
оң қолмен инені теріге қатарластыра ұстап, ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері астынан көрініп тұру керек);
сол қолдың саусақтарын босатып алып, поршенді басып, ақырын дәріні енгізіңіз;
еккен жерде кішкене (лимон тәрізді) түйін пайда болады;
еккен жеріңізден төмен 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
Бұлшық етке егу әдісі.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.
Бұлшық етке егетін жерлер:
жамбастың жоғарғы сыртқы төрттен бір бөлігі;
санның ортаңғы сыртқы бөлігі;
Әзірле: Бір рет қолданылатын 5-10 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта
түйіршіктері, дәрілер, қолғап.
Іс алгоритмі:
қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
шприцті оң қолыңызға алыңыз, 4 және 5 саусақтарыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;
сол қолыңызбен егілетін жерді тартыңыз;
шприцті теріге перпендикулярлы бағытта ұстап (90 градус), тез ырғақпен инені бұлшық етке кіргізіңіз, түбінен 0,5-1 см алып қалыңыз;
сол қолдың саусақтарын босатып, ақырын дәріні енгізіңіз;
еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз, сол мақта түйіршігімен егілген жерді сәл уқалап жеріңіз;
Болуы мүмкін асқынулар:
инфильтрат;
абсцесс;
дәріні қателесіп беру;
ине сыну;
майлы эмболия;
аллергиялық реакция;
СПИД-ті жұқтыру;
Вирустық гепатитті жұқтыру;
Көк тамырға егу әдісі.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.
Көк тамырға егетін жерлер:
шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры;
табанның беткі көк тамыры;
- бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры;
Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта
түйіршіктері, дәрілер, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша.
Іс алгоритмі:
қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;
иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;
пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
шприцті оң қолыңызға алыңыз, 2 саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;
сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
шприцті теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;
сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар ма екенін тексеріңіз;
бұраманы босатып, ақырын дәріні енгізіңіз;
еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;
Болуы мүмкін асқынулар:
дәріні қателесіп беру;
гематома (қанды ісік);
ауа эмболиясы;
көк тамырдың қабынуы;
аллергиялық реакция;
СПИД-ті жұқтыру;
Вирустық гепатитті жұқтыру;