
- •1) Физикалық құрамына баға беру:
- •2) Химиялық құрамы
- •3) Микроскопиялық тексеріс
- •Нәжісті қарапайым құрттарға және глист жұмыртқаларына тексеру.
- •Қақырықты бөтен (атипиялық) клеткаларға тексеру.
- •Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.
- •Ирригоскопия.
- •Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.
- •Фортрансты қолдану.
- •Бір рет қана қолдану.
- •2. Фортрансты екі бөліп қолдану.
- •Спирография
- •Эзофагоастродуоденоскопия
- •Ректороманоскопия
- •Радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
- •Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
- •Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Ультрадыбыспен тексеру.
- •Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
- •180 Градуста 60 минут
- •Қолды жұмысқа дайындау.
- •Төсек орын ауыстыру
- •Іш киімді ауыстыру
- •Ойылудың алдын алу шаралары.
- •Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
- •Құлақты күту іс әрекеттері.
- •Көзді күту іс әрекеттері.
- •Шашты күту.
- •Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
- •Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
- •Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
- •Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.
- •Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.
- •Салмақты өлшеу.
- •2) Бойды өлшеу.
- •Жылытқыш қою әдісі.
- •Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.
- •Дене қызуын өлшеу.
- •Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.
- •Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).
- •Он екі елі ішекті зондтау.
- •Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
- •Асқазанды жуу.
- •Тазалау клизмасы.
- •Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
- •Оттегін беру жолдары.
- •1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
- •2) Оттегін жастықша арқылы беру.
- •Жылыту компресін қою әдісі.
- •Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
- •Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.
- •Дәрілерді сырттай қолдану.
- •Ер адамның қуығын катетрлеу.
- •Тері астына егу әдісі.
- •Көк тамырдан қан алу әдісі.
- •Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
- •Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
- •Ампуладан және флаконнан дәріні алу.
- •Нәжісті тексеру әдістері.
- •1. Нәжісті копрологиялық тексеру.
- •2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.
- •3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
- •4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.
- •5. Нәжісті бактериологиялық тексеріске жинау.
- •Люмбальды пункция
- •Абдоминальды пункция (лапароцентез)
- •Плевральды пункция (торакоцентез)
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
- •1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.
- •2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.
- •3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:
- •4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:
- •6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:
- •7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.
- •Емдеу орындарын жиыстыру түрлері.
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
Мақсаты: пульстің синхрондығын, жиілігін, ырғағын, толуын, қуатын және көлемін анықтау.
Көсреткіші: организмнің функционалдық жағдайына баға беру.
Әзірлеу керек: сағат, секундомер, дене қызу парағы, қалам.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Қолдарыңыздың саусақтарын пациенттің қолының білезік буынына қойыңыз;
2,3,4 саусақтарыңызды сәулелі артерияның бойына қойып, сәуле сүйегіне басыңыз, пульсті тауып, оң және сол қолдың пульсін салыстырыңыз; Қалыпты жағдайда екі жақта бірдей болады, бұл пульстің синхрондығы..
Пульс толқындарының 1 минуттағы санын анықтау – пульстің жиілігі деп аталады. Қалыпты жағдайда пульс саны минутына 60-80 рет. Пульстің жиі соғуы тахикардия, ал сирек соғуы брадикардия деп аталады;
Әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау - пульстің ырғағы деп аталады. Бұл интервал бірдей болса пульстің ырғағы дұрыс болғаны, ал әр толқынның арасындағы интервал бірдей болмаса ырғағы дұрыс емес немесе аритмия деп аталады.
Пуьстің толуын анықтау, ол пульс толқындарын тудыратын артериялардың қанға толуымен сипатталады. Толық немесе толық емес деп бөлінеді;
Пульстің қуаты - қан тамырының соғуын тоқтату үшін жұмсалатын күш арқылы анықталады, әрі ол қан қысымымен де байланысты. Оның түрлері қатты және жұмсақ.
Пульстің көлемі - пульстің қуатымен және толуымен байланысты. Толуы мен қуаты жақсы пульсті – үлкен пульс, толуы мен қуаты нашар пульсті кіші немесе «жіп тәрізді» пульс деп атайды;
Пульсті дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;
Тыныс алу жиілігін анықтау, сипаттамалары, тыныс алу түрлері, патологиялық дем алыстың түрлері.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарда тыныс алу қимылы минутына 16-20 рет, ол адамның жасына, жынысына, дене құрылысына байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.
Тыныс алу жиілігін пациентке байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен білегін алып,тамыр соғуын анықтағандай болады, ал екінші қолын пациент көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болу тиіс.
Тыныс алудың физиологиялық түрлері: кеудемен, ішпен және аралас дем алу. Әйелдерде көбіне кеудемен, ер адамдарда ішпен дем алу болады. Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентікпе пайда болады. Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе қиналып дем алумен, ал экспираторлық қиналып дем шығарумен сипатталады. Ентігудің күрделі түрі тұншығу деп аталады.
Патологиялық дем алыстың түрлері.
Тыныс алу орталығының қызметі зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чейн-Стокс, Биот және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чейн-Стокс тынысы-дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биот тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 миутқа дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шулы дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады.