Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Оттегін беру жолдары.

1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.

Мақсаты: гипоксияны азайту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары.

Әзірлеу керек: Бобров аппараты, дистилденген су немесе 96% спирт, лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь.

Іс алгоритмі:

1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.

3. Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз, шыны ыдыстың 2/3

бөлігіне дистилденген су (ылғалдандыру үшін) немесе спирт

(өкпе ісінуінде көпіршікті басу үшін).

4. Мұрын катетерін алып, енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз

(құлақ ұшынан мұрынға дейін, шамамен 15см).

5. Катетердің ұшына вазелин майын жағып, белгіленген жерге

дейін енгізіңіз.

6. Пациенттің аузын ашып,тілдің түбін шпательмен басып

қарағанда катетердің бір ұшы көрініп тұру керек.

7. Катетердің сыртқы бөлігін бинтпен бекіту.

8. Катетерді Бобров аппаратына жалғап, оттегін беру жылдамдығын

қадағалау.

9. Пациенттің жағдайын бақылап отыру.

10. Катетерді алып, қолданған құралдарды дезинфекциялау.

2) Оттегін жастықша арқылы беру.

Мақсаты: ұлпалардағы оттегі мөлшерін көбейту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, газбен

улану т.б. жедел жәрдем көрсету үшін.

Әзірлеу керек: Оттегі жастықшасы, мундштук, мәрлі салфеткалар.

Іс алгоритмі:

      1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

      2. Жастықшаны оттегі баллонынан оттегіне толтырыңыз: қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жастықшаға жалғанған түтікшені редукторға жалғап, ең алдымен түтікшенің вентильін, сосын баллонның вентильін ашып жастықшаны оттегіне толтыр, венильдерді жап.

      3. Жастықшаның түтікшесіне мундштукты жалғастырыңыз;

      4. Мундштукты ылғалды салфеткамен орап, науқастың аузына басып беріңіз;

      5. Оттегін беру жылдамдығын қадағалаңыз ( минутына 4-5 л);

      6. Жастықшаны басып, бір бұрышынан орап отырыңыз, оттегі жақсы бару үшін.

      7. Жастықшадан мундштукты бөлектеп алып, дезинфекциялаңыз:

Жылыту компресін қою әдісі.

Мақсаты: қан тамырларын кеңейтіп, ұлпалардағы қан айналуды, зат алмасуды жақсартады және ауырсынуды азайтады.

Көрсеткіштері:

  • егулерден кейін болатын инфильтраттар;

  • бұлшық ет және буындардың қабыну процестері;

  • ЛОР аурулары;

  • денені соғып алғанда 2-ші тәулікте;

Кері көрсеткіштері:

  • терінің іріңді аурулары;

  • тері бүтіндігі бұзылғанда;

  • ісіктер;

  • дене қызуының көтерілуі;

Әзірлеу керек: 8 қабат мәрлі дәке, дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі, компресс қағазы, мақта, бинт, лоток, қайшы.

Іс алгоритмі:

  • Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  • Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.

  • Компресс қойылатын дененің мөлшеріне сай 8 қабатты дәке салфетканы әзірлеп, ертіндіге батырып, керек жерге қойыңыз;

  • Дәке салфетканың жан-жағынан 1-2см шығып тұратындай компресс қағазын қиып алып, 8 қабат дәкенің үстінен қойыңыз;

  • Компресс қағазының жан-жағынан 1-2см шығып тұратындай мөлшерде мақта салыңыз;

  • Компресті бинтпен бекітіңіз;

  • Компресті 8-10 сағатқа қоюға болады;

  • 2 сағат өткесін компрестің астына саусақты тығып дәкенің ылғалдылығын тексеріңіз, егер дәке құрғап кетсе, онда компресс дұрыс қойылмаған;

  • Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, құрғатып, науқасты жылы жауып жатқызыңыз;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]