Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Он екі елі ішекті зондтау.

Мақсаты: Сөл алу.

Көрсеткіші: Өт қалтасы мен өт жолдарының аурулары.

Кері көрсеткіштері:

  • жедел холецистит;

  • аасқазан және он екі елі ішек жарасының асқынуы;

  • өңеш көк тамырларының варикозды кеңеюі;

Әзірлеу керек: басында оливасы бар залалсыздандырылған жіңішке зонд, жұмсақ жастықша, залалсыздандырылған пробиркалары (3 дана) бар штатив, 33 % магний сулфаты ертіндісі немесе 40 % глюкоза ертіндісі; жылытқыш, вазелин, қысқыш, 20 мл шприц, лоток, тапал табуретка, резеңке қолқаптар, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстар, жолдама;

Пациентті дайындау:

  • зерттеуден бұрын пациентке ем шараның маңыздылығын түсіндіріңіз;

  • 2-3 күн бұрын ас мәзірінен метеоризмді шақыратын тағамдарды шегеру ұсынылады;

  • таңертең ашқарында болатынын ескерту;

Іс алгоритмі:

1. Қолды жуып қолғап киіңіз;

  1. Пациентті орындыққа отырғызып, алдына сүлгі жабыңыз;

  2. Зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгіле (бой ұзындығынан 100см алып таста); зондтың бойында әрбір 10см сйын белгі болады.

  3. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;

  4. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз; Зондтың бос ұшын қысқышпен қысып қойыңыз;

6. Науқас жүріп екі белгіге жұтады (зондтың асқазаннан шығатын кезі)

7. Науқасты оң қырына кушеткаға жатқыз, жамбасының астына

жастықша, оң қабырға астына жылытқышты қой, осы жағдайда 30

мин аралығында 2 бөлшек жұтады. Төмен табуреткаға пробиркасы

бар штативті қой, зондтың бос ұшын соған салыңыз.

8. Пробиркаға он екі елі ішек сөлі ағады, лайланған сары түсті, бұл А

порциясы.

9. В порциясын, яғни өт қапшығының сөлін алу үшін науқасты

шалқасынан жатқызып зонд арқылы 30 – 50 мл 33 % магний

сульфаты ертіндісін жібер, 10 минутқа зондты қысқышпен қысып

қойыңыз;

10. 10 минуттан соң науқасты оң қырына бұрып, қысқышты алып,

зондтың бір ұшын келесі пробиркаға салып қойыңыз, сонда қоңыр –

жасыл өт қапшығы сөлі ағады.

11. Өт қапшығындағы өттен соң артынша өт жолдарынан өт бөліне

бастайды, ол мөлдір, ашық сары түсті С порциясы - бұл бауыр сөлі.

12. Зондты алып, науқастың аузын шайғызыңыз.

13. Әр пробирканың сыртына жолдама жабыстырып зертханаға жіберіңіз.

14. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.

Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.

Құу кезінде көрсетілетін көмек науқастың жағдайына байланысты.

Әзірлеу керек: шара, кленкалы алжапқыш, сүлгі, су немесе 2 % натрий гидрокарбонаты ертіндісі, резеңке баллон немесе электрлі сорғыш.

Есі бар науқасқа көмек.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентті тыныштандырыңыз

  2. Науқасты отырғызып, кеудесіне клеенка жабыңыз.

  3. Екі аяғының ортасына шара қойыңыз.

  4. Пациенттің басын ұстаңыз.

  5. Құсып болған соң аузын сумен немесе басқа бір ертіндімен шайып, аузын сүлгімен сүртіңіз.

  6. Дәрігер келгенше құсықты шарада қалдырыңыз.

Әлсіз немесе ессіз жатқан науқасқа көмек.

Іс алгоритмі:

  1. Жоғарғы тыныс жолдарына құсық қалдықтары түспеу үшін пациенттің басын бір жағына бұру керек немесе пациентті төсегінде бір жағына қаратып жатқызу керек.

  2. Дәрігер шақыртыңыз.

  3. Жастығын алыңыз.

  4. Аузында протезі болса алып тастаңыз.

  5. Мойынын және кеудесін сүлгімен жабыңыз.

  6. Пациенттің аузына бүйрек тірізді лоток қойыңыз.

  7. құсып болған соң аузын шайып, сүлгімен сүртіңіз.

Ескерту: Егер құсық қалдықтары аузына жиналып қалса, онда оны электрлі сорғышпен немесе резеңке баллонмен сорып алыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]