Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.

Дене температурасының 37 градустан жоғары болуын қызба дейміз. Қызбаның барысында үш негізгі кезең болады.

Бірінші кезең – қызудың өршуі. Бұл кезеңде қызудың пайда болуына байланысты, ағза пайда болған жылуды сыртқа көп шығармайды. Соның салдарынан адамның денесі мұздап тоңады, қалтырап дірілдейді. Мұның себебі – қан тамырларындағы жүйке талшықтары тітіркенеді де қан тамырлары тарылады. Дене қызуының жоғарлауына қарамай, тері салқындайды, жүрек жиі соғып, адамның дем алысы жиілейді, басы ауырып, мазасы болмайды. Күту ерекшеліктері: науқастың аяғына жылытқыш қойып, өзіне ыстық шай беру, жан-жағын қымтап жылы жауып, денесіне жел тигізбеген жөн.

Екінші кезең – температураның ең жоғары көтерілуі. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы кезеңде науқастың тамырлары кеңейіп, жылу шығару жоғарлайды, тер шығару көбейеді. Бұл кезде науқас ыстықтап, көп тер бөледі, аузы құрғап, әлсіздік болады, басы ауырады. Кейбір науқастар температура 39-41 градус болғанда сандырақтап, есінен танады.

Күту шаралары: жылу шығаруды жақсарту үшін науқастың үстін қалың жаппау керек, көп сұйықтықтар (шырын, шай, минералды сулар) , тамақты 6-7 рет шағын порциялармен беру керек. Дене температурасы өте жоғары болған кезде науқаста галлюцинация болып, тұрып кетуі және жарақат алуы мүмкін, ондай жағдайда жеке пост ұйымдастыру қажет. Бұл кезеңде науқас көп терлейтіндіктен науқастың киімін, төсеін жиі ауыстырып, терісін күтуді қадағалау керек. Басы қатты ауырса басын мұзды мұйық немесе суық компресс қою қажет.

Үшінші кезең – дене қызуының төмендеу кезең. Дене температурасының төмендеуі екі түрде болады.

Кризистік – ол температураның күрт түсуі, мысалы бір сағат ішінде. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеуінен болады, ол кезде артериялық қысым төмендеп, тамыр нашар соғады. Кризистік жолмен түсу науқастар үшін өте ауыр түрде өтеді: ағза әлсірейді, науқастың терісі бозарып, суық тер шығады, аяқ-қолдары суып, еріндері көгереді.

Бұл кезде науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет:

  • дәрігер шақыру;

  • науқастың жастығын алып, аяқ жағын көтереді;

  • науқасты айналдыра жылытқыш салып, ыстық шай немесе кофе береді;

  • керек болатын дәрілерді дайындайды;

  • жағдайы жақсарса науқастың терісін сүртіп, іш киімдерін, төсегін аустырады;

Лизистік - дене қызуының біртіндеп түсуі. Бұл кезеңде науқастың жағдайы біртіндеп жақсарады. Науқасқа № 15 диета тағайындалып, жалпы жағдайын қадағалап отыру қажет.

Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).

Көрсеткіші: асқазанның секреторлық және қышқыл түзу қызметін зерттеу (созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы).

Кері көрсеткіштері:

  • жедел улану;

  • өңеш пен асқазанның шырышты қабаттарының күйігі;

  • асқазаннан қан кету;

  • жүрек ақауы;

  • жүректің ишемиялық ауруы;

  • гипертониялық аурудың 1 және 2 кезеңі;

  • өңештің тарылуы;

Әзірлеу керек: залалсыздандырылған жіңішке асқазан зонды, залалсыздандырылған пробиркалар (9 дана), штатив, 20 мл шприц, қысқыш, асқазан бездерін қоздыратын қоздырғыштар ( 0,1% гистамин ертіндісі немесе 0,025% пентагастрин ертіндісі), резеңке қолқаптар, клеенка алжапқыш, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстар, жолдама;

Пациентті дайындау:

  • зерттеуден бұрын пациентке ем шараның маңыздылығын түсіндіріңіз;

  • таңертең ашқарында болатынын ескерту;

Іс әрекеттер:

  1. Пациенттің бойын өлшеу;

  2. Пациентті орындыққа отырғызып, алдына сүлгі жабыңыз;

  3. Зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгіле (бой ұзындығынан 100см алып таста);

  4. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;

  5. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз;

  6. Зонд асқазанға жеткен соң 20 мл шприцті жалғаңыз;

  7. Ашқарындағы асқазан сөлін сорып алыңыз;

  8. Әрбір 15 минут сайын 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші үлестерді жинаңыз;

  9. 4-ші үлестен соң қоздырғыш жібер;

  10. Келесі 1 сағат ішінде әрбір 15 минут сайын тағыда 4 үлес (6,7,8,9 үлестер) жинаңыз;

  11. Зондты шығарып алып, дезинфекциялаңыз;

  12. Пробиркаларды жолдамамен зертханаға жібер;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]