Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.

Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зонды, гастростома, клизманың көмегімен немесе парентеральды жолмен қоректік заттар енгізу. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады. Жасанды тамақтандыруда тамақтың тәуліктік калориясы 2000 калорий құрайды. Ондағы ақуыз - май - көмірсудың қатынасы: 1:1:4. Зонд немесе фистула арқылы тек қана сұйық тамақтар беріледі: сүт, сорпа, сұйық кисель, шырын, шәй, кофе т.б.

Жасанды тамақтандырудың түрлері: 1) асқазан зонды арқылы;

2) гастростома арқылы; 3)клизманың көмегімен; 4) парентеральды;

Асқазан зонды арқылы жасанды тамақтандыру.

Мақсаты: зондты енгізіп, науқасты тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жарақаттар, тілдің, жұтқыншақтың және өңештің ісінуі немесе күюі, жұтынудың қиындауы, ессіз күй, психикалық ауруларда тамақтан бас тарту.

Қарсы көрсеткіштері: асқазанның ойық жара ауруының өткір кезеңінде.

Әзірле: залалсыздандырылған жіңішке асқазан зонды, оймыш немесе Жане шприці, глицерин, салфеткалар, 1:2000фурациллин ертіндісі, 600-800 мл жылы сұйық тамақ.

Іс әрекеттері:

  • пациентті отырғызып мұрын немесе ауыз қуысы арқылы зондты пациенттің асқазанына енгізіңіз (науқастың бойынан 100см алып таста);

  • зондтың бір ұшына оймышты немесе Жане шприцін жалғаңыз;

  • дайындаған тамақты енгізіңіз;

  • тамақтың қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су жіберіңіз;

  • зондтың бос ұшын қысқышпен қысып, салфеткамен орап, пациенттің мойнына бинтпен бекітіңіз (зондты 2-3 жұмаға дейін қалдыруға болады).

Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру.

Мақсаты: Асқазан тесігін жасап, зонд арқылы тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жұтқыншақ, өңештің жарақаттары немесе күйігі, өңештің операцияларынан кейін, өңеш немесе асқазанның қатерлі ісігі.

Әзірле: жұмсақ резеңке немесе силиаон зонды, оймыш немесе Жане шприці, 50-250 мл жылы сұйық тамақ, қысқыш, салфеткалар, Лассар пастасы.

Іс әрекеттері:

  • зондтың бос ұшына оймышты немесе Жане шприцін жалға

  • дайындаған тамақты енгіз

  • тамақтың қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су жібер

  • оймышты ал

  • гастростоманың айналасын әлсіз калий перманганат ертіндісімен сүртіп, Лассар пастасын жақ.

Парентеральды қоректендіру:

Белок препараттарын, глюкоза ертінділерін, витаминдер мен минералды тұздарды көк тамыр арқылы енгізу.

Клизма арқылы тамақтандыру:

Көрсеткіштері: Көп құсқанда, өңештен тамақ жүрмегенде.

Әзірле: 5% глюкоза ертіндісі, 0,9% натрий хлорид ертіндісі 37-38 градусқа дейін жылытылған 800-1000 мл, Эсмарх кружкасы түтікшемен жалғастырылған, штатив, вазелин.

Іс әрекеттері:

  • 1 сағат бұрын тазалау клизмасын жаса

  • Пациентті сол қырына жатқызып, астына кленка төсеп, аяғын тізеден бүгіп, басы тұйық түтікшені тік ішекке 20-30см тереңдікке енгізіп, ертіндіні 1минутта 80-100 тамшыдан жібер.

Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады. Аурухананың қабылдау бөлімінің мейірбикесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • пациенттерді қабылдау және тіркеу;

  • пациенттерді қарау, алғашқы тексеру өткізу (дем алу жиілігін, пульсін, қан қысымын, дене қызуын анықтау);

  • антропометриялық өлшемдер жүргізу;

  • санитарлық-гигиеналық тазалық жүргізу;

  • мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

  • құжаттарды толтыру;

  • науқастарды аурухананың емдеу бөлімдеріне тасымалдау;

Қабылдау бөліміне түскен пациенттерді тіркеу және қажетті құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:

  • Ф 001 У есепті үлгісі;

  • Ф 003 У есепті үлгісі;

  • Ф 066 У есепті үлгісі;

  • Ф 058 У есепті үлгісі;

Мейірбике пациентті қабылдау есебі журналына (Ф 001 У есепті үлгісі) пациенттің аты-жөнін, туған жылын, күнін, қайдан және кім әкелгенін, жіберген емдеу сауықтыру мекемесінің диагнозын, қай бөлімге жіберілетінін жазады. Ауруханалық пациенттің медициналық картасының мұқаба бетін, яғни төлқұжат бөлімін (Ф 003У есепті үлгісі) және ауруханадан шыққан пациенттердің санақ картасының (Ф 066 У есепті үлгісі) сол жақ жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама (Ф 058 У есепті үлгісі) толтырады.

Науқастарға санитарлық тазарту жүргізу.

Науқасқа санитарлық тазартуды мейірбике көмекшімен бірге жүргізеді. Тазартуды санпропускникте жүргізеді. Санитарлық тазарту екі түрге бөлінеді: 1) толық (ванна, душ қабылдау)

  1. жартылай ( денесін жартылай сүртіп тазарту)

Антропометриялық өлшемдер жүргізу.

Науқастың бойын (бойөлшегішпен), салмағын (таразыға қойып), бас аумағын және кеуде аумағын (сантиметрлік лентамен) өлшеу.

Науқастарды бөлімшеге тасымалдау түрлері.

Науқастарды қабылдаған дәрігердің ұйғарымы бойынша бөлімшеге жаяу, кресло-каталкамен, каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды.

Антропометрия өткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]