Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Зәрді жалпы тексеріске жинау.

Мақсаты: зәрдің физикалық құрамына баға беру, химиялық құрамын анықтау және зәрдің тұнбасын микроскопиялық тексеру.

Әзірле: 200 мл құрғақ, таза шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • Пациентке таңертең зәрді тексеріске жинау керек екені туралы

алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру;

  • пациентті зәрді жинау ретімен таныстырып, келісімін алу;

  • пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

  • пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

  • зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа) «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

  • ыдыстың қақпағын ашу;

  • дайындаған ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігінен 100-150 мл кем емес зәрді жинау (қалған зәрді унитазға жіберу);

  • ыдыстың қақпағын жабу;

- зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

1) Физикалық құрамына баға беру:

- жалпы мөлшері (100-200 мл)

- түсі (ашық сары)

- мөлдірлігі (мөлдір)

- реакциясы (сәл қышқыл)

- тығыздығы (1010-1026)

2) Химиялық құрамы

- ақуыз

- қант

- ацетон

- билирубин

- уробилиндер (бұлардың бәрі қалыпты жағдайда зәрде болмауы керек)

3) Микроскопиялық тексеріс

- лейкоциттер

- эритроциттер

- эпителийлер

- цилиндрлер

- бактериялар

- шырыш

- тұздар

Зәрді Нечипоренко әдісімен тексеріске жинау.

Мақсаты: 1 мл зәрдегі эритроциттер, лейкоциттер және цилиндрлердің санын анықтау.

Әзірле: 200 мл құрғақ, таза шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • пациентке таңертең зәрді тексеріске жинау керек екені туралы

алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру;

  • пациентке зәр жинайтын ыдысты дайындау әдісін үйрету: содамен

жуылған (сабынсыз)100-200мл шыны таза ыдысты дайындау;

  • пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру;

  • пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

  • пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

  • зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа) «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

  • ыдыстың қақпағын ашу;

  • дайындаған ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігінен 10 мл кем емес зәрді жинау (қалған зәрді унитазға жіберу);

  • ыдыстың қақпағын жабу;

- зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

Зәрді бактерияларға тексеріске жинау.

Мақсаты: Зәрдегі қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Бактериологиялық лабораториядан алынған крафт-қағаздан қақпағы бар залалсыздандырылған шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Пациентті дайындау: Бұл тексеріс антибиотиктер тағайындалмай тұрып анықталады, пациентке зәрді тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

  • пациентті зәрді жинау ретімен таныстырып, келісімін алу;

  • пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

  • пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

  • залалсыздандырылған шыны ыдысты алып, қақпағының ішкі жағына қолды тигізбей ашу;

  • қақпақтың ішкі жағын жоғары қаратып қою;

  • зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа) «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

  • дайындаған ыдысқа 10 мл кем емес зәрді жинап, зәр бөлінуді тоқтата тұру;

  • зәр жинаған ыдыстың қақпағын ішкі жағына қол тигізбей жабу;

  • қалған зәрді унитазға жіберу;

  • қолды жуу;

- зәрді жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға жеткіз

Зәрді қантқа тексеріске жинау.

Мақсаты: Тәуліктік зәрден қанттың мөлшерін анықтау.

Әзірле: 2-3 литрлік және 200 миллилитрлік таза шыны ыдыстар, жолдама.

Пациентті дайындау: Пациентке зәрді тәулік бойы тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру: бұл әдіспен пациент таңертең сағат 8-де дәретке отырады, оны санамайды, содан кейінгі зәрді тәулік бойы (келесі күннің таңғы 8-ге дейін) бір ыдысқа жинайды;

  • Жиналған зәрдің жалпы мөлшерін өлшеу;

  • Барлық зәрді араластырып, содан 100-200 мл дайындаған ыдысқа құйып алу;

  • Жолдамаға зәрдің жалпы мөлшерін жазу;

  • Зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Қалыпты жағдайда зәрде қант болмайды.

Зәрді Зимницкий әдісімен тексеріске жинау.

Мақсаты: Бүйректердің зәрді шығару және концентрациялық қызметін тексеру. Әр порциядағы зәрдің тығыздығын анықтау.

Әзірле: 200 миллилитрлік 8 таза, этикеткаларында порциялары көрсетілген құрғақ шыны ыдыстар, 2-3 қосымша шыны ыдыстар.

Пациентті дайындау: Пациентке зәрді тексеріске тәулік бойы жинау керек екені туралы және тамақ режимін бұзбай, зәр айдайтын дәрілерді қабылдамау керек екенін алдын ала ескертіп, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру: бұл әдіспен зәрді тәулік бойы жинайды;

  • Пациент таңертең сағат 6-да дәретке отырады, оны санамайды;

  • 1-ші порция сағат 6-9 аралығында, 2-ші порция 9-12 аралығында және келесі порцияларды да солай әрбір 3 сағат сайын жинайды;

  • Егер жинау аралығында зәр болмаса, ол порцияға арналған банка бос қалады, этикеткаға зәр болмағанын жазады;

  • Егер 3 сағат аралығында зәрдің мөлшері көп болса, онда қосымша банкаға жинайды;

  • Зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Қанды тексеріске саусақтан алу.

Мақсаты: Қанның формалық элементтерінің санын және сапасын анықтау.

Қажетті жаағдайлар: тексеріс алдында пациенттің қанына кері әсер ететін теріс факторларды жою;

Көрсеткіштері: пациент стационарға түскенде бірінші күні және стационардан шығардан бір күн бұрын, операция алдында, қан құйғаннан кейін.

Іс әрекеті:

  • пациентті ыңғайлы отырғызу;

  • саусақты 70% спиртке батырылған мақта тампонымен сүртеді;

  • қанды сол қолдың төртінші саусағынан алады, саусақтың ұшының жұмсақ жерін 2,5-3 мм тереңдікте бір рет қолданылатын скарификатормен теседі;

  • тесілген жерден қан өз еркімен ағуы керек, өйткені саусақты басқан кезде қанға тіннің сұйықтығы араласуы мүмкін, ол анализдің нәтижесін өзгертуі мүмкін;

  • қанның бірінші тамшысын құрғақ залалсыздандырылған мақтамен сүртіп, содан кейін қанды капилляр және резеңкелі грушаны қолдану арқылы алады;

  • қанды алған жерге спиртке батырылған залалсыздандырылған мақта шаригі қойылады;

  • скарификатор және мақта шариктері №19 бұйрықтың

Б класына сәйкес жойылады;

Көрсеткіштері

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Түсініктеме

Гемоглобин

Нв

130-160 г/л ер адамдарда

120-140 г/л әйел адамдарда

Эритроциттерде болатын ақуыз оттегін өкпеден мүшелер мен ұлпаларға, ал көмір қышқыл газын қайтадан өкпеге тасымалдауға жауапты. Егер гемоглобин азайса, онда ұлпалар оттегін жеткіліксіз алады. Ол көбіне анемияларда, қан жоғалтқанда жиі кездеседі.

Эритроциттер

RВС

4,0 – 5,0 х1012 / л

ерлерде

3,9 – 4,7 х1012 / л әйелдерде

Гемоглобинді тасымалдайтын жасушалар. Эритроцитердің санының өзгеруі гемоглобинмен тығыз байланыста: эритроциттер аз болса – гемоглобин де азаяды немесе керісінше.

Түрлі түсті көрсеткіштер

ТК

0,85 – 1,05

Гемоглобиннің эритроциттердің санына қатынасы. ТК анемиялардың түрлеріне байланысты өзгереді: В12-, фолиеводефицит анемияда көбейеді, апластикалық , аутоиммунды анемиялар және темір жетіспейтін анемияларда азаяды.

Ретикулоциттер

2-10 %

Лейкоциттер

WВС

4,0 – 9,0х109 / л

Лейкоциттер қорғаныш қызметін атқарады.Иинфекция, лейкозда лейкоциттердің саны көбейеді. Инфекцияның ауыр түрлерінде сүйек мида лейкоциттердің түзілуі азаяды (онкологиялық, аутоиммунды ауруларда).

Таяқша ядролы

нейтрофильдер

1-4 %

Сегмент ядролынейтрофильдер

47-72%

Эозинофильдер

0,5 – 5 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Эозинофильдердің көбеюі аллергиялар, паразитарлы ауруларда және глисті инвазияларда кездеседі.

Базофильдер

0-1 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Моноциттер

2-9 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Лимфоциттер

LYM

18-40 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Лимфоциттер спецификалық иммунитет жасушалары. Иммунитеті төмен адамдарда көбейеді.

Тромбоциттер

PLT

180,0-320,0 х 109 на 1 л

Тромбоциттер қанды ұйытуға жауапты – гемостаз. Тромбоциттердің азаюы қан кетулерге соқтырады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

ЭТЖ

2-10 мм/сағ ерлерде

2-15 мм/сағ әйелдерде

ЭТЖ-ң жоғарлауы көбіне қабыну ауруларында, инфекцияларда және қатерлі ісіктерде кездеседі.

Нәжісті копрологиялық тексеру.

Мақсаты: Ас қорыту жолдарының әр бөлігінің қорыту қызметін анықтау.

Әзірле: құрғақ, таза шыны флакон, жолдама, шпатель.

Пациентті дайындау: 3 күн бұрын Шмидт немесе Певзнер диетасы.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике пациентті нәжісті жинау ретімен таныстырады: бөлінген нәжістің 2-3 жерінен 5-10г алып, флаконға салу;

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Ескерту: Қалыпты жағдайда нәжісте астың қалдықтары болмауы керек.

Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.

Мақсаты: Нәжістен гельминт жұмыртқаларын іздеу.

Әзірле: құрғақ, таза шыны флакон, жолдама, шпатель.

Пациентті дайындау: Арнайы дайындық қажет емес.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике пациентті нәжісті жинау ретімен таныстырады: бөлінген нәжістің 2-3 жерінен 5-10г алып, флаконға салу;

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Ескерту: Тексеруді 3 реттен кем емес қайталайды

Нәжісті жасырын қанға тексеру.

Мақсаты: Ас қорыту жүйесі мүшелерінен жасырын қан кетуді анықтайды (асқазан, он екі елі ішектің ойық жара ауруларында).

Әзірле: дәрет ыдысы, құрғақ таза шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама, бір рет қолданылатын шпатель, резеңкелі қолғап, маска.

Іс әрекеттері:

  • пациенттке тексеріске дайындалу тәртібін үйрету: 3-4 күн бұрын арнайы диета тағайындалады, құрамында темірі бар тамақтар (ет, балық, алма, томат) алып тасталады.

  • осы кезде барлық құрамында темірі бар дәрілер уақытша берілмейді.

  • пациентке егер тістің қызыл еті қансырайтын болса, дайындық кезінде тісті щеткамен тазаламау керек екенін, ауыз қуысын тек қайнаған сумен шаю керек екенін ескерту;

  • мейірбике пациентті нәжісті жинау ретімен таныстырады: дәретке құрғақ дәрет ыдысына отырады;

  • қолғап киеді;

  • бөлінген нәжістің 2-3 қан көрінген күдікті жерінен 10-15г алып, шпательмен таза шыны ыдысқа салу;

  • ыдыстың қақпағын жабу;

  • нәжісті жолдамамен бірге зертханаға 1 сағат ішінде жеткізу.

  • шпательді, қолғапты №19 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]