1.2 Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру
Өлшеу құралдарын тексеру – бұл белгіленген техникалық талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін анықтау және бекіту мақсатында Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары немесе соған өкілетті өзге органдар немесе ұйымдар орындайтын операциялардың жиынтығы. Мемлекеттік метрологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өлшеу құралы өндірісте жасап шығарғанда немесе жөндеу өткізілген кезде, импорт бойынша әкелінген кезде және пайдаланган кезде тексеруге тартылады.[7] Тексерілген өлшеу құралдарын ған жалдауға, сатуға және беруге рұқсат етіледі.
Мемлекеттік метрологиялық орагндарда қолданылатын; кәсіпорындар үлгі ретінде қолданатын; өндірістен үлгі нұсқаулық өлшеу құралы түрінде шығарылатын өлшеу құралдары; нәтижелері материалық құндылықтардың, отын және энергиялардың есебі үшін пайдаланылатын өлшеу құралдары; саудада өзара есеп айырысу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары; табиғи ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданатын өлшеу құралдары; ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу үшін қолданатын өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік тексеруден өтуге жатады.
Бұл тізбеге кірмеген өлшеу құралдарын ведомствалық метрологиялық қызмет салалары тексеруі мүмкін. Егер кәсіпорынның өз тексеру қызметі болмаса, тексеруден өткізу құқығына ие мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына немесе ведомстваға қарайтын кәсіпорныға өтініш білдіре алады.
Өлшек құралдары бастапқы, мерімді, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық тексеруден өткізуге тартылады.
Бастапқы тексеру өлшеу құралдарын өндірістен жасап шығарғанда немесе жөндеп шығарғанда, сондай-ақ импорттайтын өлшеу құралдары үшін жүргізіледі. Бастапқы тексеруден өткізу орыны туралы мәселені елдің Мемстандарт органдары шешіді. Мемлекеттік бастапқы тексеруді өлшеу құралдарын шығаратын және жөндейтін кәсіпорныдардың бақылау-тексеру пунктерінде, оларды техникалық бақылау бөлімі қабылдап болғаннан кейін, мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары жүргізеді.
Мерзімді тексеру пайдаланудағы және сақтау кезіндегі барлық өлшеу құралдары тартылады. Мерзімді тексеру тексеруаралық интервалдар деп аталатын белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Тексеру аралық интервалдар өлшеу құралдарының ерекшеліктері мен пайдалану интенсивтілігін ескере отырып анықталады және тексеру аралығындағы кезеңдердегі өлшеу құралдарының жаармдылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Мемстандарт органдарында тексеруден өтетін өлшеу құралдары үшін тексеру аралық интервалдық мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары, ал өлшейтін жұмыс құралдары үшін кәсіпорындардың метрологиялық қызметі анықтайды және кәсіпорын жетекшісі бекітеді.
Кезектен тыс тексеру:
өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын растау қажетттілігі пайда болғанда;
тексеруге жататын пломба немесе клеймо зақымданғанда немесе жүргізілген тексеріс туралы құжатты жоғалтып алғанда;
өлшеу құралдары сол уақыт ішінде тексеру жүргізілмеген сақтау мерзімінен соң пайдаланылғанда;
өлшеу құралдарын ұзақ мерзімді сақтауға берген жағдайда;
өлшеу құралдарын оларға арналған тексеру аралық интервалының жартысы өткен кезде пайдаланған жағдайда, оларды мерзімді тексеруден өткізу мерзімдеріне қатыссыз түрде, өлшеу құралдарын пайдалану және сақтау кезінде жүргізіледі.
Өлшеу құралдарына, өлшеу құралдарының сақталуы мен пайдалануына мемлекеттік қадағалау және ведомствалық нетижелерінің дұрыстығын және тексеру аралық кезінде инспекциялық тексеруге іріктеліп (ішінара) тартылады. Өлшеу құралдарының қнімділік көлемі мен инспекциялық тексеру жүргізу әдісін оны жүргізуге басшылық жасайтын тұлға анықтайды. Тексеруге тиісті нормативті құжаттарда көрсетілген толық емес формада жүргізілуі мүмкін.
Сараптамалық тексеру олардың қолдануға жарамдылығын және оларды пайдаланудың дұрыстығын анықтау мақсатында өлшеу құралдарын метрологиялық сараптама жүргізу кезінде орныдалады. Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары жүргізеді.
Өлшеу құралдары Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарының талап етуі бойынша, тексеруге консервацияға қойылған қалыпта беріліп, техникалық сипаттамалары, пайдалану жөніндегі нұсқаулар, соңғы тексеру туралы куәлік қоса берілуі тиіс.[2,127б.]
Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру
Өлшеу құралдары - өлшеуді орындаған кезде қолданылатын және қалыпты метрологиялык сипаттамалы техникалык құрылғы.
Өлшеу құралдарын калибрлеу – бұл метрологиялық сипаттамалардың нақты мәнін немесе мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жарамдылығын анықтау және бекіту мақсатында орындалатын операциялардың жиынтығы. Нормативтік құжатта баяндалатын немесе тапсырыс беруші анықтайтын, оның метрологиялық сипаттамасының бұрын белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуі өлшеу құралдарының жарамдылығы ретінде түсіндіріледі. Жарамдылық туралы қорытынды калибрлеу зертханасы жасайды.
Калибрлеуді, осы жұмысты біліктілікпен орныдау үшін қажетті жағдайлар болған кезде кез келген метрологиялық қызмет (немесе жеке тұлға) жүргізе алады. Калибрлеу - ерікті операция және оны сондай-ақ кәсіпорынның өз метрологиялық қызметі орындай алады. Алайда, калибрлеу еріктілік сипаты кәсіпорынның метрологиялық қыщметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттігінен босатпайды. Олардың ең бастысы - өлшеу жұмыс құралдарын ұлттық мемлекеттік эталонға міндеттеп «тану». Сөйтіп, калибрлеу функциясын өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамды бөлігі ретінде қараған дұрыс. Осымен байланысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету ұлттық жүйенің принциптері халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілген, ал калибрлеу өлшем бірліктерінің әлемдік жүйесіне кіреді.
Калибрлеу жұмыстарын ұйымдастырудың келесі нұсқалары болуы мүмкін:
кәсіпорындар өзінде калибрлеу жұмыстарын жүргізуді дербес ұйымдастырады және ешқандай жүйеде аккридитациядан өтпейді;
кәсіпорын оны аккредитациядан өткізген ұйым атынан калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына калибрлеудің ұлттық жүйесінде аккредитацияланбайды;
Кәсіпорын коммерциялық негізде, калибрлеу жұмыстарын орындау мақсатында, калибрлеудің ұлттық жүйесінде аккредитацияланады;
өлшеу құралдарын тексеру құқығына аккредитацияланған кәсіпорын , бір мезгілде өлшеудің сол түрлері бойынша калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредитациялаудан өткендігі туралы аттестат алады;
метрологиялық институттар және Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары, бір мезгілде аккредитациялау органы және калибрлеу ұйымы ретінде калибрлеудің ұлттық жүйесінде тіркеуден өтеді.[3,186б.]
