
- •Биоматериалдар биотехнологиясы
- •С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басылымға ұсынылды
- •1 Сұйықтың тұтқырлығын стокс әдісі бойынша анықтау
- •2 Сұйық тұтқырлығын вискозиметрлермен анықтау
- •3 Вискозиметрлердің биомолекулаларының молекулярлы массасын анықтау
- •4 Сұйықтардың беттік кернеулігін анықтау
- •5 Сүйекті талшықтың серпімді қасиеттерін зерттеу
- •6 Тіндердің механикалық үлгілерін зерттеу
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті
М. С. Омаров
Биоматериалдар биотехнологиясы
Тағамдық және биотехнологиялық мамандықтарының студенттеріне арналған
Зертханалық практикум
Павлодар
Кереку
2010
УДК 664:532.135(075.8)
ББК 36 – 1 я73
О-58
С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басылымға ұсынылды
Рецензенттер:
В. А. Овсянникова – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Инновациялық Еуразия университетінің «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының меңгерушісі;
Н. К. Ахметова - техника ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биотехнология» кафедрасының доценті.
Омаров М.С.
О-58 Биоматериалдар реологиясы : зертханалық практикум / М. С. Омаров. – Павлодар : Кереку, 2010. – 48 б.
Биоматериалдардың реологиялық қасиеттерін зерттеу үшін қажетті лабораториялық жабдықтар мен құрылғылар қарастырылды. Негізгі технологиялық есептеулер, бақылау сұрақтары және зертханалық жабдықтардың негізгі түрлері бойынша анықталмалық мәліметтер келтірілген.
Жоғары оқу орындарының тағамдық және биотехнологиялық мамандықтарының студенттеріне арналған. Аспиранттарға, магистранттарға, тағамдық, ет, сүт және микробиологиялық өнеркәсіп мамандары үшін, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген мамандықтардың колледждер мен кәсіптік лицейлердің оқушыларына пайдалы болуы мүмкін.
УДК 664:532.135(075.8)
ББК 36 – 1 я73
© Омаров М. С., 2010
© С.Торайғыров ат. ПМУ, 2010
Материалдардың шынайылығы, грамматикалық және орфографиялық қателер үшін жауапкершілікті авторлар мен құрастырушылар атқарады
КІРІСПЕ
Зертханалық практикумда биоматериалдардың реологиясының теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылады. Әртүрлі денелердің кернеулі және деформацияланған жағдайларының теориясына, биологиялық материалдардың құрылымдық-механикалық сипаттамаларын өндірісте анықтау әдістерін қолдануға назар аударылған.
Сұйықтардың, қатты денелердің қасиеттері сияқты реологияның маңызды бөлімдерін, үрдіс үлгілерін алу, сонымен қатар қаттылықты, консистенцияны, нәзіктікті, когезияны, үйкелісті, жабысқақтықты, биожүйелердің текстурасын сипаттайтын беріктік, компрессиялы, адгезиялы, фрикциялы қасиеттерді ашу қарастырылған. Әр түрлі өлшеу құрылғыларының көмегімен зерттеулер мен есептеулердің әдістеріне ерекше назар аударылған. Сонымен қатар тәжірибелік реология сұрақтары қарастырылады.
«Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәнінің мақсаты тағамдық өнімдер мен биоматериалдардың обьективті сипаттамалық қасиеттерін алу үшін тәжірибелік реология саласында қажетті теориялық және тәжірибелік білімдерді алу.
Пәннің негізгі міндеттері төмендегідей болып табылады:
- реологияның ғылыми негіздерін оқу;
- реологияның негізгі ұғымдарын және тағамдық және биологиялық материалдардың қасиеттерін оқу;
- тағамдық және биотехнологиялық өнеркәсіпте қолданылатын реологиялық әдістерін оқу;
- консистенцияны, қаттылықты, нәзіктікті, когезияны, үйкелісті, жабысқақтықты, өнімдердің текстурасын сипаттайтын беріктік, компрессионды, адгезиялы, фрикционды қасиеттерді оқу;
- тағамдық өнімдер мен биоматериалдардың реологиялық қасиеттерін өлшеу әдістерін оқу.