- •2. Пән туралы мәлімет. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Код: кр 4125. Эрикалық проза. Кредит саны: 3
- •3. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.1 Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •5.2.Оқу пәнінің құзіреттілігі
- •5.3. Пәнді оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •7. Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •2.Ахметов 3. Роман-эпопея Мухтара Ауезова. -Алматы: Санат, 1997. -288 с.
- •І.Есенберлин романдарының орны.
- •12 Дәріс. Т.Әлімқұлов, з.Шашкинн, з.Ақышев
- •14 Дәріс. Қ.Жұмаділов, Әнес Сарай, д.Досжан
- •Internet дереккөздері
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
№ |
Авторы, атауы, басылым уақыты |
Ақпарат көзі |
Бары (дана) |
||
Кітапханада |
Кафедрада |
||||
Негізгі әдебиеттер |
|||||
1. |
Қабдолов З. Сөз өнері, А., |
|
|
|
|
2. |
Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. А.,1979. |
|
|
|
|
3. |
Нұрғалиев Р. Арқау. 2 томдық. А., 1991 |
|
|
|
|
4. |
Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. А., 1996. |
|
|
|
|
5. |
Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. А., 1975. |
|
|
|
|
Қосымша әдебиеттер |
|||||
1. |
Майтанов Б.Сөз сыны. А.,2002. |
|
|
|
|
2. |
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.А., 1996. |
|
|
|
|
3. |
Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А., 1991. |
|
|
|
|
7. Студенттердің білімін бақылау және бағалау
7.1. Бақылау түрлері (ағымдық, аралық)
Коллоквиум, реферат, тест.
7.2.Бақылау түрлері(қорытынды)
Ауызша емтихан
8. Оқу пәнінің саясаты
«Эпикалық проза» пәні студенттерге таңдау бойынша компонент ретінде жоспарланған. Оқу жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, МӨЖ – 90 сағат.
Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, МӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Студенттердің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға |
Сандық эквивалент |
% мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Үздік Үздік |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы жақсы жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 0-49 |
қанағаттанарлықсыз |
9. Оқу тәртібінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, СӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.
«Эпикалық проза» пәні бойынша жүргізілетін сабақтар барысында СӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.
Оқу үдерісінің 7, 15 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: коллоквиум және тест жұмысы.
Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.
Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.
ІІ. ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Негізгі терминдік ұғымдар:
Әдебиеттану, әдебиет теориясы, әңгіме, роман, повесть, библиография, ғұмырнама, поэтика, историография, мәтінтану, мәтін түсініктемесі.
Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі.
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.
Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.
Фольклор – халық арасында туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылу және орындалу ерекшеліктері.
Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folk – халық, lore – даналық) – халық даналығын зерттейтін ғылым.
Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.
Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.
Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.
Баллада (французша ballada – би әні) – поэзия жанры, оқиғаға құрылған лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырдағы француз поэзиясының би үстінде айтылатын, махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде пайда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, жаңаша тұрпат иеленіп, халық әдебиетінің лиро-эпикалық әмбебап, шағын жанры болады. Ендігі жерде баллада – өткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің қайғылы махаббатын, аруақ, жын-шайтан араласқан үрейлі оқиғаларды, т.б. жырға қосатын елгезек жанрға айналады.
Декаденс (французша decadence – түңілу деген мағынаны білдіреді) – ХІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында сол кезеңдегі рухани өмірде, көркемөнерде, философия мен эстетикада орын алған дағдарыстың әдебиеттегі көрінісі, өмірден түңілу, үмітсіздікке бой алдыру, торығу сарындары басым әдеби құбылыс.
Идиллия (гректің eidyllion – ықшамды өлең) – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында қамсыз, алаңсыз өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек ақындары туғызған. Кейін ХІХ ғасырларда Еуропа әдебиетінде, орыс әдебиетінде осы үлгідегі поэзиялық туындылар пайда болды. Идиллия кең мағынасында алаңсыз, тыныш, тату-тәтті күй кешу деген ұғымды білдіреді.
Классицизм – (латынша classicus – ең үлгілі) – ХҮІІ-ХІХ ғасырларда әдебиет пен өнерде өріс алған әдіс. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және Рим классиктерінің шығармаларын үлгі тұтты. Классицизмге тән ерекшелік көркем шығарманының құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мыс., драмалық шығармаларды «үш бірлікті» сақтай отырып отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік 24 сағаттың ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен бірі туып, бір ізбен дамып отыратын жалғыз ғана сюжеттік шиеленіс болуы керек). Классицизм теорияшылары өзінің жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі жанрларды «жоғарғы» және «төменгі» деп бөлді. «Жоғарғы» жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, «төменгі» жанрға комедия, сатира, мысал, т.б. жатқызады.
Новелла (итальянша novella) – көлем жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде, өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын, күтпеген жерден аяқталады.
Памфлет (ағылшынша pamphlet – парақ) – әдеби-публицистикалық жанр. Памфлетте негізінен нақты бір құбылыстың, саяси топтың жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Памфлет қарасөзбен де, өлең түрінде де кездесе береді. Ол көпқырлы жанр, онда сол заманның саяси әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады.
Реализм (латынша realis – заттылық, шындық) – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат- белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.
Романтизм (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) – әдебиеттегі, көркемөнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.
Сентиментализм – (франц. Sentiment – сезім, сезімталдық деген сөзден алынған) – ХҮІІІ ғасырдаң екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде дамыған көркем әдебиеттегі ағым. Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өрістеді. Сентиментализмде – жазушы айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, өзінің әртүрлі сезім-әсерлерін және басқа сондай жанама жайларды қосарлап бере береді.
Символизм – модернистік ағымның ең мәнді саласы. «Символ» сөзінен бастау алған. Өмірдің құпия тылсымдарын меңзеу, ишаралау арқылы бейнелеуді ұстанатын ағым.
Сонет (итальянша сыңғырлау, сылдырлау деген сөз) – әр шумағы 14 тармақтан құралатын өлең түрі. Өлеңнің шумақтық кестесі мейлінше күрделі болып келеді. Тармақтары екі рет төрт-төрттен, одан соң үштен топтасады. Алғашқы төрт тармақта айтылған ойды одан кейінгі төрт тармақта өрістетіп, кейінгі екі қатар келетін үш тармақтарда түйіндеп, тиянақтап бітіреді. Сонетте ұйқастарды өрнектеп келтіруге, үйлес сөздердің әуезді болып, сыңғырлап айтылуына да назар аударылады.
Янсенизм – (негізін салған голландық Корнелия Янсения атына байланысты) католиктік шіркеу негізіндегі, бірақ оның кейбір догмаларына қарсы тұратын діни ағым. Янсенизмнің философиялық мәні адам жаны құтқарылатын болжамдық және қасиеттілік идеяларына саяды. Янсенистік қоғамдастықтың орталығы Париждегі Пор-Рояль атты әйелдер монастыры болды. Оның рухани жетекшілері – филологтар, заңгерлер, философтар – Аптуан Арно, Пьер Николь, Лансело, Амон, Леметрлер болды.
Элегия (грекше – elegeia – аянышты жыр) – мұңды лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары егі тармақты өлең күйінде ежелгі грек, Рим поэзиясында қалыптасқан. Ол кезде тақырыбы, мазмұны алуан түрлі болып, ақынның әр қилы өмір, тіршілік туралы толғаныстары қамтылған. Жаңа дәуірдегі Еуропа әдебиетінен мысалға Гетенің «Рим элегиялары» шығармасын алуға болады.
Эпиграмма (грекше epigramma – жазу) – сықақ өлең, жеке адамға айтылады. Ертеректегі грек, Рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең болған. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, әр түрлі қоғамдық жағдайлар сыналған.
Ямб – Еуропа және орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буындық ырғақтық өрнек. Бұл өрнек Ежелгі Римде Катулл поэзиясында қолданылған.
ІІІ ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ
1-2 дәріс. Әдеби жанрлар туралы түсінік
Мақсаты: Эпикалық прозаға жататын роман мен хикаяттың (повестің) әдеби жанрларға тән екенін үғындырып, өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты саралап, түсіндіру. Эпикалық прозаның өзіндік сипатын талқылау. Әдеби жанр теориясының аспектілерін талдау.
Сұрақтар:
Әдеби жанрлар.
Әдеби жанрдың теориялық негізі.
Әдеби жанр теориясының маңызды мәселелері
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы
жанр мәселесі туралы
Дәріс мәтіні (тезис)
Эпикалық проза туралы айтпас бұрын әдеби жанрлар туралы түсінікті тиянақтап алу керек. Өйткені эпикалық проза әдеби жанрға тән ұғым.
Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) [346 246] – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді [41,121].
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында [10,35] және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде ] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек.
Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды
3-4 дәріс. Әдеби жанр түрлері және эпикалық
прозаның жанрлық жүйесі.
Мақсаты: Әдеби жанр түрлерінің өзіндік сипатын талқылау. Эпикалық проза жүйесінің аспектілерін талдау.
Сұрақтар:
1.Әдеби жанр түрлері.
2. Әдеби жанр түрлерінің өзіндік сипаты.
3. Эпикалық проза жүйесінің аспектілері.
Дәріс мәтіні (тезис)
Жанр тобына бөлу принципі әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.
Мазмұнның көркем қызметі - тотемдік, магиялық және мифологиялық болады. Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды. Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін. Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған. Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты, сольдық, азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді. Ал, даму процесімен қандай да бір халықта жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.
Ертегі - жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы. Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады. Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті. Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді. Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық) өзіндік ерекшеліктерге ие болды.
М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.
Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға борлады:
1.Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
2.Шығарманың жанры мен құрылымы;
3.Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.
Бахтин әдебиеттен тек қана «ұымдасқан идеологиялық материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік қатынас процесі шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман») - мұның бәрі пішін мен стильді анықтайтын тірі күш. Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады. Демек, әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған. Зерттеуші жанрлардың екі жақты бағытын атап өтеді. Біріншіден, авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден, жанр әртүрлі оқырман қауымына арналған. Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән. Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың көркем туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше. «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық) жанрлардың көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді. Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады. Жанр жазушының тек қана көркем ойлау категориясы емес; сол немесе өзге дәрежеде әдебиеттің жанрлық репертуарымен оқырмандардың таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі. Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Жазушының жанрды таңдауы оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді. Көркем қабылдау процесі қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады. Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.
Ғалымның әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады. Өйткені бұл «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы. Бахтиннің негізгі еңбегі жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды. Ғалым жанрдың қандай да бір поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі. Бахтиннің зерттеулері ғалымдар арасында жанр туралыі семиотикалық көзқарастың қалыптасуына себепші болды. Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған. Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі поэтика болып табылады.
Бахтиннің назары бәрінен бұрын жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі ұзақ өміріне ауды. Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып тарихи уақыт, оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі. Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің классикалық мысалы қызметін атқара алады.
О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды. Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян. Алайда, бұдан көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік. Тек (және тектің түрі ретінде жанр) - шығарма құрылымындағы жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.
М.С. Каганның теориясы төрт тарапты жанрлық классификацияның жобасы ретінде белгілі. Жанрлар «тақырыптық», «танымдық» тұрғыдан, «аксиологиялық», (трагедия-комедия), сондай-ақ үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады. Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан, тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық, әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының, мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының, туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген. Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық, жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық) және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы. Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың түсінік айтып, оған әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады. Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз, бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт. Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы. Каганның зерттеулері әдебиеттану классификациясын жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды. Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады. Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады.
Орыс тілді және шетел әдебиеттануындағы жанрларды жүйелендіру
Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) [346 246] – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде [1,55] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан [11,37]. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек.
Әдебиеттер:
Бахтин ММ. Вопросы литературы и эстетики. Исследования разных лет. -М.: Худ литература, 1975.
Гуляе Н.А. Теория литературы. -М.:Высшая школа, - 1985, стр.69.
Исторический роман в литературе соц, стран Европы. -М.: Наука. 1989, с. 99.
Иезуитов А. Порблемы психологизма в эстетике и литературе. -Л-М.: Искусство, 1963, 11-6
Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Мектеп, 1976,
5 - дәріс. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдар
Мақсаты: Алғашқы қазақ романдары туралы мәлімет беру, тақырыптық, идеялық жағынан саралау.
Сұрақтар:
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасы – тұңғыш қазақ романы.
С.Көбеевтің «Қалың мал» романы да қазақ роман жанрының туып, қалыптасуындағы алғашқы қарлығаштың бірі.
Дәріс мәтіні (тезис)
Қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды – “Бақытсыз Жамал”. Кітап басында ескертпе ретінде берілген:
Қазақтан шыққан талапкер,
Бұл кітапты қарап көр.
Таратуға халыққа оқып,
Боларсыздар себепкер, -
деген жолдардың жалғасы 14 шумақтан тұратын “Сөз басында” таратылып айтылады. Салған жерден автор қазақ халқының құрылымы, тұрмыс-салты, мінез ерекшеліктері, кемшілік, олқылықтары туралы толғана келіп, роман жазудағы өз мақсатын баяндайды.
Міржақып – төмендердің аласасы,
Сезімнің бар ма, жоқ па тамашасы.
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,
Қазақша бір роман жаза салшы,-
деген авторлық әзіл халық арасына кең тарап кеткен.
Шығармаға арқау болған уақиғалар ХХ ғасыр басында қазақтың кез келген атырабында, кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуге мүмкін, әркімге таныс, түсінікті, ортақ, етене сипаттары бар, жалпылық мәнді жәйттер. Автор өз тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық өмірдің маңызды арналарын адам тағдыры, нақты әрекет, тартыс арқылы көрсетуді мақсат етіп, ой, идеяны ашық публицистикалық түрде емес, бейнелер, образдар арқылы, көркемдік тәсілдермен береді. Бір сөзбен айтқанда, жазушы таза прозалық шығарма, жанр шарттарын толық қанағаттандыратын туынды жасау талабын ерекше ескерген.
Абайдың қарасөздері, Ыбырайдың шағын новеллалары “Дала уалаяты”, “Айқап” беттерінде жарияланған бірен-саран әңгіме үлгілері қазақ топырағында кең көлемді проза дәстүрлерін жасай алмағанын ескерсек, Міржақып – жаңа жанрдың төлбасы.
“Бақытсыз Жамал” романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов:
“Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты”, - деді.
Негізгі сюжет желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас өрбіп отырады. Шығарма оның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықтағы негізгі белестерін қамтиды. Әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ салып, құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы. Шешесі Шолпан әкесінің бір перзентке зар болып жүріп үйленген екінші әйелі. Қиын-қыстау кезеңде қызы үшін шырылдап отқа түсетін осы байғұс ана.
Заман өзгерістері қазақ ауылына да жаңалық әкелген. Соның бірі қолға молда ұстап, балаларға хат таныту, кітап оқыту. Осындай әрекетке кіріскен адамның бірі – Сәрсенбай. Алақанға салып еркелетіп, тіпті ұл балаша киіндіріп қойған Жамал молдадан бес-ақ ай оқыса да, тез сауаттанып, қара тану үстіне, қисса-жырларды заулатып оқып, ауыл-аймақты аузына қаратады. “Сал-сал”, “Қыз Жібек”, “Зарқұм”, “Қисса уақиға Кербала”, “Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны”, “Ноғай мен қазақтың айтысқаны”, “Ақсұлу”, “Айман-Шолпан”, “Бозжігіт”, “Шәкір-Шәкірат”, Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір өлеңдері – бұларды оқу, жаттап алу, жұрт алдында айтып беру арқылы Жамал өзінше бір әдемі, сұлулық, көркемдік мектебінен өтеді. Ата-ана, ауыл-аймақ, дәстүрлі салт-сана әсеріне қоса, кітаби тәрбие жаңа буынның өкілі болып жетіле бастайды. Өзі де жанынан өлең шығаратын дарынды бойжеткен болып көзге түседі, зеректігімен, ақыл-көркімен, шешендігімен ауызға ілінеді.
Сөйткен Жамалдың мойнына қыл тұзақтай болып, әкесі Сәрсенбаймен Байжан арасындағы құдалық келісімі оралсын. Бұрынғы жақсы күндер көрген түстей ғайып болды. Қайғылы, азалы, мұңлы шақ. Сорлы анасы Шолпаннан өзге қол ұшын берер ешкім жоқ. Билік арманы ес ақылын билеп алған әкесі Сәрсенбайды тоқтатар күш жоқ сияқты. Сөйтіп, жұтып, запыран құсып, дерттеніп:
Мен қайран атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген
Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -
деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады.
Бұл көріністе жазушы өлең текстерін еркін пайдаланады. Дәстүрлі үлгідегі қыз бен жігіт айтысының формасын қолдана отырып, жастың сырын ақтарады. Әуелі сөз алған Ғали алыстан орағыта отырып, өзінің шетте өскенін айта келіп, көпшілік өтінген соң, ұзақ толғауға ойысады.
Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас,
Он алты, он жетіге жеткенде жас.
Жанаттың пісіп тұрған алмасындай,
Қол жетсе, қандай жігіт ләззат алмас, -
деп бастап қазақы ұғымдардағы сұлу қыздың портретін жасауға тізілген меруеттей отыз тіс, нұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас, кәмшат бөрік, алтын шолпы, шәрбат, ғашықтық, ақ білек, ақ тамақ, тоты құс тәріздес сөз, ұғымдарды еркін қолданады.
Келесі кезекті алған Жамал:
Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,
Құрбыларымен бір жерге қосылғанда.
Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,
Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда, -
деп бірден өз жағдайынан хабар беруден бастап, қолға түскен сандуғаштай торға түсетін, малға сатылып, теңіне бара алмай, күң болатын қыз тағдырын тебірене жыр етеді.
Осылай бір-бірімен той үстінде өлең арқылы танысқан екі жас ғашық боп, тез тіл табысып, араға көп уақыт салмай, алма-кезек хат жазысып:
Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін.
Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе,
Айырмалық болса да өлтіретін.
Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,
Тұралық уағданы бекем байлап,
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап, -
деген Жамал сөздері келіскен тұжырымдай болады.
Сөйтіп, Жүніс, Нұрмаш екі досы көмек етіп, Ғали Жамалды алып қашып, қаладағы саудалас, ниеттес досы татар байы Фатихолланың үйін паналайды. Азды күнгі рахат, бақыт, ләззат дәмін татқан екі жастың қызықты ғұмыры ұзаққа созылмайды. Байжанның қоқан-лоққы, тепкі дүмпуі бұлардың жатқан ұясын шайқар болған соң, жылжып Ғалидың нағашыларын жағалайды. Аяқ астынан ауырған Ғали он үш күн төсек тартып, кенеттен дүние салды. Әрине, бұл кейіпкер күрес үстінде, әділет үшін, махаббат үшін шайқаста жауларының қолынан мерт болғанда, көркемдік шешім салмақтырақ шығатын еді.
Жамалдың жалғыз қалуы, еріксіз Байжан босағасына барып, Жұманнан зорлық көруі, қайғылы махаббат уын ішуі – оны боранды түнде адасып өлуге заңды түрде алып барған себептер ретінде сенімді суреттеледі:
Тоты құс едім бақшада,
Қарақұсқа жем еттің.
Хан қызындай басымды,
Бір жаманға тең еттің.
Ботасыз нардай боздатып,
Мінеки, мені еңіреттің.
Қаһарыңды жіберіп,
Тең құрбымнан кем еттің.
Мұндай зарлы қылғандай,
Мен бейшара не еттім?
Жыладым зарлап, Ғали жоқ,
Ісіне көндім құдіреттің.
Шығармада әр түрлі әлеуметтік ортаның өкілдері, түрлі мінездер қалыбы төбе көрсетеді. Әрине, көлемі шағын туындыда да характерлер, сом тұлғалар жасау мүмкіндігі де аз. Дегенмен, әдебиетіміздегі алғашқы күрделі прозалық үлгіде бірталай көркемдік ізденістер, тұлғалар жасауға ұмтылу талабы барлығын көрсету дұрыс болмақ.
Алдында 100 жылқы, 200-300 қойы бар дөңгелек дәулет иесі Жамалдың әкесі – Сәрсенбай туысында жыртқыш, озбыр емес, негізгі жұмсақ, момын адам, Жамалды бетінен қақпай өсіруі, тіпті еркек балаша киіндіріп тәрбиелеуі, Уфадан келген Ғазиз мұғалімнен жаңа жолмен оқытуы айналасына кеңдігі – оны жақсы жағынан сипаттайды.
Байлықтың буы Сәрсенбайдың басын айналдырып және қыздырманың тіліне еріп, шарға түсіп, билікке таласады, көп шығын рәсуа болады, 300 теңгесі босқа кетеді; бәрібір сайланбай қалады. Осыдан опық жеп, намысы күйген, жұрт көзінде жерленгендей күйге түскен Сәрсенбай қайтсе де, есе қайтармақ, қанша байлық шашса да, бәрібір тағы да шарға түспек. Осы сапарда өзіне тілектес іздейді, осы сапарда қандай құрбандыққа да бармақ. Сөйтіп, бұрын момын, жуас, қақсоқпен шаруасы жоқ қоңыртөбел жан енді билік үшін, дәреже үшін неге болса да белін буады және жаңа әрекетке де.
Жазушы Сәрсенбай санасындағы жаңа өзгерісті сенімді көрсетеді. Өзіне жақтас іздеген мансапқордың тапқаны болыстың құдасы – сөзінен де, ісінен де, жолынан да, қолынан да келетін, артына ерткен тобы бар – Байжан, соның қолдауымен билікке жетуді іш есеп қылады. Сондықтан Байжанның өзі таза, өзі ақылсыз Жұман деген баласына Жамалға құда түсуіне қарсы болмайды. Бәйбіше мақұлдайды, туған шеше Шолпан наразы. Бірақ Сәрсенбайдың келіскені – келіскен.
“Бақытсыз Жамал” стилінде таза реалистік проза тіліне лайық салмақты, орнықтылық бар. Жазушы ұйқасты, ырғақты, өлеңдетіп отыратын өрнектеген бойын мүлде аулақ салған. Тіпті кейінгі дәуірлердегі туындылардың өзінде кездесе беретін әсірелікке, сөйлемдегі сөздердің табиғи орын ауыстырып жасайтын инверсияға да бармайды. Лексикалық тұрғыдан таза қазақ тілінің байлығы еркін қолданылған, Міржақыптың поэзиялық шығармаларда жиі кездесетін араб, парсы, татар сөздері “Бақытсыз Жамалда” өте сирек, жоққа тән, оның есесіне (съезд, минут, фальш, план, учитель, расход, выборной тәрізді) кейбір орыс сөздерін өз қалпында алып жібереді. Жамал мен Ғали арасындағы ғашықтық сырларды көрсету үшін алынған өлең текстері айтыс үлгісінде, хат формасында берілген.
Шығарма сюжеті Сәрсенбайдың балаға зар болуы, Шолпанға үйленуі, одан Жамалдың тууы, Жамалдың молдадан оқып тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуі, Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген іш есеппен Байжанмен құда болуы, бұған Шолпанның қарсылығы, Ғали мен Шолпанның танысуы, ғашық болуы, өзара тіл табысып, қашып кетуі, Байжанның келінінің кетіп қалуына орай жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы, Ғалидың аяқ астынан ауырып дүние салуы, Жамалдың еріксіз Байжан босағасына келуі, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен аяқталған оқиғалардың бір-бірімен байланысқан, желісі үзілмейтін тізбегінен құралған.
Сөйтіп, өз мезгілінің күрделі әлеуметтік-қоғамдық мәселесін көтерген, махаббат бостандығын жыр еткен, жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиеті үшін жаңалық болған “Бақытсыз Жамал” прозалық туындысы жиырма бес жастағы Міржақып Дулатов ұлттық рухани тарихында терең із қалдырды, бірінші романшы атанды.
С.Көбеев 1878-1956 ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің бірі. Қаламгер жазушылық және ұстаздық қызметпен қатар айналысқан. Негізінде жазушылық қызметіне ұстаздық еңбегіне қажетті тәрбие құралы ретінде қараған. “Қалың мал” романына дейін жарық көрген “Үлгілі тәржіма”, “Үлгілі бала” кітаптары осы мақсаттан туындаған шығармалар еді. Бұл кітаптардың балалар әдебиетіне қосар үлесі мол.
С.Көбеевтің 1913 жылы Қазанда жарық көретін “Қалың мал” романы көпшілікке жақсы таныс шығармалардың бірі. Ол орта, арнаулы, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының бәрінде жүйелі түрде сөз болады. Хрестоматияға енген.
Алайда романға арналған талдаулардағы басты назар бай-кедей арасындағы таптық тартыстарда болғандықтан, негізінен осы романның 1934 жылы екінші рет түзетіліп басылған нұсқасы ғана сөз болған. Алғашқы нұсқа бірен-саран зерттеушілер еңбектерінде ғана кездеседі. Ал олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Екінші басылымда С.Көбеев ресми идеология ыңғайына орай біраз түзетулер жасады. Алайда, романның көркем мазмұны сол қалпында сақталғандықтан соңғы түзетулер қаламгер күткен нәтиже берген жоқ, қайта көркем жүйедегі қайшылықтарды туғызды. Өйткені, роман жазылып, жарияланған 1911-1913 жылдар мен түзетілген 1933-34 жылдардағы қоғамдық ахуалы өзге еді.
С.Көбеевтің “Қалың мал” роман бізге қазақ романы құрылымындағы әлеуметтік мазмұн қызметін ашуға көмек береді. Біріншіден, онда С.Көбеев тәрізді қазақтың ағартушылық-демократтық бағыттағы жазушыларының роман тәрізді көлемді прозалық шығарма келу жолы, мақсаты бар. Ол туралы қаламгер былай деп жазады:
“Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден бір жолы халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне әбден көзім жетті. Бұл күресте санаға күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінеді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім.
... Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап “Қалың мал” романын жазуға кірістім. Романды себеп болған негізгі ойдың бірі – роман сияқты қазақ тілінде елдің тұрмыс жағдайынан алынып, көркем шығармалар жазылса, олар халық арасына неғұрлым көп тараса, ескіліктің, феодалдық әдет-ғұрыптың тамырына балта шабылар еді, еңбекші елдің санасы оянып, мәдениетке талпынар еді деген қорытындыдан туды”. Қаламгер алдына қойған салмақты, келелі әлеуметтік осы мақсат шығарманың, мазмұны ғана емес, көркем құрылымына, поэтикасына әсер еткен.
Романның 1913 жылы Қазанда басылған вариантына тоқталуына және оның алғашқы және кейінгі басылымдары арасындағы айырма көркем жүйедегі әлеуметтік мазмұн ролін анық көрсетеді.
С.Көбеев революциядан бұрын жазылған романына 30-жылдары қайта оралғанда негізгі объектісіне жаңа көзқараспен келген. Сөйтіп, бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Контрасты стильде баяндалатын бұл қақтығыс 1913 жылғы “Қалың мал” романында өте солғын, онда бай-болыстармен, билердің момын елге істеп отырған қиянаттары ағартушылық-демократтық көзқараста ғана айтылады.
Тұрлығұлға Ғайша жайын айтып, Байғазы мен Құрымбайлар келетін уақиғаны еске түсірейік:
“Бұл келген, сол елдің: Байғазы, Құрымбай деген ақсақалдары еді, өздері және де бетіне жан келмейтін билер.
Елден шыққалы бір жетідей болып еді, ауылнай жағына барып келеміз. Сиязден, халық ішінде бір-біріне ауысқан-түйіскен бар, тоқты-тұрымдай жанжалдары бар сондайларды бітіріп, елде мұндай дау көп болар ма, халық бұзылып біткен ғой, Құрекеңнің пышағы май үстінде, қалтасы да толған шығар, деп Байғазы көзін қысып қалжыңдады. Құрымбай қасқырды қойға тимес деп ешкім айтпас деп қарқ-қарқ күлді”.
Олар осы келгенде Ғайшаның ғана емес, Есмұраттың келінінің деп тағдырын саудаға салып, Оны Жиенбайға ақшаға алып бермек болып уәделеседі.
Бұлардың осы қалжыңдары мен сөздеріне қарағанда айтқандары болмай қалмайтын тәрізді. Бірақ ел ішінде олардың жолсыздығына қарсылық көбейіп келеді. 1913 жылғы басылымда осы қарсылық көріністері өте әлсіз, солғын болса, кейінгі басылымда негізгі желіге айналған.
Тұрлығұлдың үйінен Ғайшаны алып қашқаннан кейін оның артынан қуып барған Әбіш пен Байғазы пара беріп, сол елдің болыс билерін көндіргендей болса да, олар “қалың қараның” қарсылығынан жақсанып, Ғайшаны қайтара алмайды.
“Бұл ыңғайды көргесін кіли қара халық Қожаш жағына шығып, Ғайшаны бермеуге айналды, - деп жазады С.Көбеев, - Біздің елдің де, пәленше түгеншелердің де жесірлері кеткен деп, бұл қалыппен бес-алты күн тартысып көріп, істің аяғы зорайып бара жатқансын, есек дәмелі болып жүрген би, болыстар ақылына түсіп оңашада мәслихат етістілер: қой, былтырғы астан жаңа бір аллалап есімізді жиып отырғанда, тағы да кісі өлімі болып, айдаладағы біреудің қатыны үшін он, бес сом аламыз деп басымыз кетер деп тоқтастылар”.
Үзіндіде би-болыстарға автордың көзқарасы айқын. Олардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады.
Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік жағдайдың да жемісі.
Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке алу керек. Романның, әсіресе, 1913 жылғы нұсқасында Тұрлығұл елге-зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар оның әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. “Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл (Ғайша. –З.Б.) елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау”.
“Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген ирониясы, юморы байқалады.
Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса олда жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана.
ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында.
“Қалың мал” романының қай басылымен алсақ та, Тұрлығұл жастарға қарсы тегеурінді қимыл көрсететін басты бейне емес. Кейінгі жөндеулерінде автор қосымша детальдар мен эпизодтар арқылы оны алдыңғы лекке шығармақ болса да, мақсатына жете алмаған.
Кейінгі басылымдарда Тұрлығұлға қосылған мінездемеге қараңыз: “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”.
Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге болады.
Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан бөлек әлем. Сондықтан да ондағы басты кейіпкерлердің кейбір әрекетін өзгерту, мысалы, күшейту арқылы оны жаңартуға болмайтыны белгілі. Ол үшін сол характер сомдалатын басқа да компонеттерге, әсіресе әлеуметтік мазмұнға қажетті түзеулер енгізу керек.
С.Көбеев әлгіндей жаңа мінездеме жасаған Тұрлығұлдың әрекеттерін өзгертпей, сол алғашқы қалпында (1913 ж. романдағы) қалдырған. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны (1913 ж. Рисак торы) мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес.
Тұрлығұл сонша қатал-әрекет адамы болса, күйеу баласы Шалқанға қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа қарсы қалай болғанда да бір әрекет жасар еді. Тіпті солай болғанда да Тұрлығұлдың кейінгі әрекеттері тым жеңілдеу, автордың мінездеуіне сай емес.
С.Көбеев романының кейінгі басылымына енгізген осындай түзетулер көптеген уақиғаларға да көлеңке түсіріп тұр. Роман жазудағы негізгі мақсатының бірін автор былай баяндайды: “Романды жазудағы тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді”.
“Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да автор осы мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі әлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеледі. Роман басында Байғазы мен Құрымбай билер өз пайдалары үшін Есмұраттың келінін саудалап жатса, 60-тағы Тұрлығұл мал беріп өзінің қызындай Ғайшаны алмақ болады. 60-тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын басқа нәрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. “Маған бермесе де малға береді” – деп, Ғайшаны малға алатынын біліп отыр.
Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік. Енді қыз әкесі Итбай мен Ғайша ауылына келейік.
Әбіш келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда ес қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Әлде ақшалай алсам ба екен” – деп тыным таппаса, оның жақын ағайындары Амантай мен Жамантай, Қарақұлдардың пікірін қараңыз. “Бәрі бір дауыспен, жарайды, жат жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, ол дағы бір орын ғой, әйел баланың орны табылған соң не керек, мал десе малы бар, бай десе бай”.
60-тағы Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа қарсылық та бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын естіген бойда-ақ ыршып түседі. “Мен он қырық жеті болса да баламды шалға беруге риза емеспін”.
Бірке, Әлкен, Жүністер Ғайша тілегін тілейді. Оны құтқарсаңшы деп Қожашқа тілек білдіреді.
Ғайшаның шілдеханада айтқан өлеңін естіп, қыздар жылап алса, Серғазы да ойға қалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұл алпыста, әлде одан да артық па, бір аппақ шалға барып бишара қалай адам болады. Обал! Обал!... Ешкімге жазығы жоқ қор қызық секілді байғұстың обалына бекер кіріскен еекм, енді реті келсе құтылуына себепкер болсам”.
Серғазының Қожан Ғайшаға уақиғасына араласып, оларға тілекші болуының негізгі сыры осы.
Сол тәрізді Итбайды білетін көпшілік те Ғайшаның жайын естігесін “бүйтіп алған малы құрысын” – дейді.
Кейінгі басылымдарда Әлкен, Бірке, Жүніс бастаған топ Қожаш – Ғайшаға оқиғасын тізесін батырған Тұрлығұлдан кек алатын кез ретін, өздерінің таптық мүдделеріне қатысты қарайды. Ал 13-ші жылғыда олар құрбыларын аяйды. Реті болса оған көмекке баруға даяр екенін айтады. Бірі – Ғайшаны Қомашқа алып қашсаңшы десе, екіншісі Ғайшаны құтқаратын адамға 50 теңге беруге даяр екенін білдіреді.
Бірақ ел адамдары қаншама Ғайшаны аяса да, көңіл білдіруден аса алмайды. Әрекетке көшетін пәрменді қарсылық жоқ. Әлеуметтік шындық осы.
С.Көбеевтің “Қалың мал” романының 1934 жылғы Екінші басылымда шығарма көркемдік жүйесіндегі әлеуметтік мазмұн өзгертіледі. Тұрлығұл момын байдан елді ықтырған ірі феодалға айналады. Сондықтан да оқырман роман мазмұндағы сәйкессіздікті бірден сезінеді.
Көркем шығарманы келесі басылымда өңдеуде көркемдік жүйедегі әлеуметтік мазмұн әуендеріне абай болу керек. Қоғамдық қатынастарда пайда болған жаңалық, жаңа сана, әрекет, мінез-құлқы, түрлі әлеуметтік күштер көзқарасы, қарым-қатынасы тиісті деңгейге көркем мазмұнда көрініс табады. Бұл ескерілмеген немесе өзгертілген жағдайда роман көркем мазмұнындағы үндестік бұзылады. “Қалың мал” романындағы көркем шындық осыны көрсетіп отыр.
Әдебиеттер:
Бахтин ММ. Вопросы литературы и эстетики. Исследования разных лет. -М.: Худ литература, 1975.
Гуляе Н.А. Теория литературы. -М.:Высшая школа, - 1985, стр.69.
Исторический роман в литературе соц, стран Европы. -М.: Наука. 1989, с. 99.
Иезуитов А. Порблемы психологизма в эстетике и литературе. -Л-М.: Искусство, 1963, 11-6
Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Мектеп, 1976,
6 – дәріс. Қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың
20-30 жылдарындағы романдар.
Мақсаты: Қазақ романының қалыптасу, даму арналарын түсіндіру.
Сұрақтар:
1. «Ақбілек» көркемдік сипаты.
2. «Азамат Азаматыч» ромны.
3. «Ботагөз» романы.
4. «Менің құрдастарым» романы
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректе 1890) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанмен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке кіреді, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. 1918-1919 жылдар аралығында Алаш идеясын қолдаған жас оқыған кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 жылы РКП (б) қатарына өту, Қазақстан кеңестерінің құрылтайына делегат, Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болу, “Қазақ тілі” газетін редакциялау, “Ақ жол” газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың азамат болып қалыптасу жолындағы күрес іздерін, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.
Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны”.
Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек прозадағы ырғақ, стиль, композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінеді.
Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күрестерінің ерекше шиеленісіп тоғысқан, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады: бұрын айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.
Оқырман бірден шытырман әркеттер үстінен түседі: алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады.
Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, былғанған ары – осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қарамұрт орыс офицеріне еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген.
Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды.
Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады.
Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты қайда – мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан нанымды жауаптар берілген. Екі халық өкілі, бәрі жазықсыз, оң жақта солқылдап отырған бойжеткен, екіншісі Кеңес өкіметіне қарсы қару көтеріп, атысып-шабысып, ақыры басқа айла қалмаған соң, Қытай асып бара жатқан офицер – бұларды бір көрпенің астында тоғыстырған қатал уақыт бұйрығы, зорлық, қиянат шоқпары; қарамұрт әрекеті әлі келгенше тіршіліктің жылы-жұмсақ, дәмді-тәттісінен бір қарпып қалу, сорлы қыз қасқыр тартқан құлындай боп зар еңіреп ол отыр.
Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, тау-таспен зареңіреп сыңсуы, балалық, асыл қасиеттерінен айрылғанын жоқтап, терең қайғы шыңырауына батуын зор шеберлікпен бейнелейді.
Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады.
Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз сәби – Ескендірдің өмірге келуі – мұның бәрі сала-сала реалистік оқиғалар болып берілген.
Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды.
Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-қозғалыс – бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, персонаждардың өзін-өзі сипаттауы Жүсіпбек Аймауытов жиі қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген себебі – Мамырбаймен ескі араздығы.
Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор – Жылтыр деген көксоққан, естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген.
Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды-салт – бұлардың баршасын жеріне жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді.
Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат бел алған. Ақбілек – Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ – Ақбілек арнасы – бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ қатарлас азамат, өмірлік жар тауып, азаптан туған перзенті – Ескендірін қайта сүйіп жазушы басқа өмірдің бір белгісі, мезгіл мінезінің сипаты деген көркем ой тастайды.
Б.Майлиннің проза саласындағы ең көлемдісі – “Азамат Азаматыч” романы. Ол – дәуір шындығын кең қамтыған, көп планды шығарма.
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы. Кітапта бұл Азамат Азаматычтың образы арқылы беріледі. Жалшы Күркілдектің баласы Қожалақтың балалар үйінде тәрбиеленіп. “Азамат” деген ат алып шығуы – оның жаңа қоғамның қатардағы азаматы болып, заман жүгін көтеруге жарағанының белгісі.
Роман уақиғасы оқу бітірген Азаматтың Қарасай қаласына келіп, мекемеге жаңа жұмысқа орналасуынан басталады. Ескішіл жат топтар оны өз қолдарына қондырып, сол арқылы өрісін кеңейте түсуді ойлайды. Бұрын ақ армиясында офицер болып, большевиктерді қырған, бүгін жасырынып жүрген тап жауы Рақым Шегіров оны өзінің балдызы Мариямға үйлендіреді. Рақым маңындағы жат типтер Кәдірбаев, Қайдар, Жүніс т.б. әртүрлі жолдармен Азаматты жолынан тайдыруға қызмет етеді. Солардың ықпалымен таптық қырағылығы әлсіреп, күресте босаңси бастаған Азаматты мекемесінің қызметкерлері Алексеев, Медеу, Қайша, Шәймерден т.б. қамқорлыққа алады. Романда Азамат үшін тартыс өрістейді. Осы жолда бас герой саяси қоғамдық жұмыстардың, семьялық өмірдің, адал азаматтар мен жасырынған тап дұшпандарының арасындағы қарым-қатынастың неше түрлі сынынан өтеді. Осы талас-тартыста өз мінез-құлқын да характерін де қалыптастырады. Ақыры жаулар әрекеті әшкереленіп, Азамат халық жағында қалады.
Жиырмасыншы жылдар ішінде кедейлер ортасынан шыққан жаңа басшы кадрлардың тәрбиеленуі – үлкен қиын жол болатын. Оларға ескі күштер көп кедергі жасап бақты – сүріндірді, қателестірді. Бейімбет үлкен суреткер есебінде Азаматтар басынан кешкен осы қиын жолды ешбір оңайлатпастан табиғи да шын қалпында оқушы көз алдына жайып салады.
Азаматтың өз дәуірінің негізгі қайраткері болып қалыптасуының өзіндік жолы бар. Герой бойындағы ұяңдық пен жұмсақтық көп жағдайда оның тап жауларымен қарым-қатынаста босаңдық көрсетуіне әкеліп соғады. Ол Мариямның қолына оңай түсіп, оның айтуымен Мариямның бөлесі маскүнем Жүніске арашашы болады. Қайдар деген өзінің Мариямға жиен екенін айтып, жақындыққа тартады. Осылардың бәрін Азамат көп уақыт аңдамайды. Тек шын достарының араласуымен ұғына бастайды.
Романның ұнамды кейіпкері Алексеев, Медеу, Шәймерден, Қайшалар – жаңа заманның рухани тазалығын, жігер-қайратын бойына сіңірген адамдар. Мариям үйінде бұрын жалшы болған, бүгінгі Азаматтың ат айдаушысы Медеу Азаматты қоршаған топтың зұлымдық істерін байқап, Азаматты сақтандырады. Алексеев Азаматты жат топтан бөлу үшін жиі-жиі командировкаға жіберетін болады. Сөйтіп Азамат Мариямдар ортасынан біртіндеп бөліне бастайды. Ең алғаш ол Қайдар үйіне қонаққа бара алмай қалады. Кейін колхозға біріге бастаған ауылды Қайдарлардың қаншама ірікті салып отырғанын көреді. Ауылдағы шараларды іске асыруға қатысқан Азамат Қайдар мен Рақымдардың дегенін істемей, адал жолын ұстайды.
Романдағы ұнамсыз типтер күшті жасалған. Олар – ескі заманның беделді қайраткерлері. Бүгін тонын теріс айналдырып киіп, құбылып, жаңа дүниеге де ықпалын жүргізу қамында жүр. “Соңғы жылдың ішінде осы губернияға тиісті жұмыстың қандайына болса да, Рақымның ақылы қатыспай қалған емес, - деп жазады Бейімбет. – Қатынасқаны сол – барлық жұмыс осы Рақымның сілтеуімен орындалып отырды десе де болады. Ең арғысы бірер кеңсеге қызметке қойылатын адам да Рақымның ұйғаруымен қойылатын. Рақым мұны Кәдірбаев, Борсықбаев, Бұқабаевтар арқылы орындап отырды”. Осы үзіндіден Рақым Шегіровтың ықпалы күшті адам екені көрінеді. Жаңа келген қызметкер Азаматты танып, оған Мариямды жұмсаған, сөйтіп астыртын екеуін үйлендіруге қатысқан, Азаматты қыз үйіне кіргізіп алған да осы Рақым. Кейін Азамат бұлардың ынтымағынан алыстай бастаған кездерде де Мариямды қайрап, тіпті командировкаға кеткен адамның артынан жіберуге дейін барады.
Мариям – үстем таптың әлсіреген кезде өз мүддесін сақтау үшін қолына ұстаған қуыршағы. Сиқыр амалды, бірақ сыры танылып, қоғамнан аластала бастаған тип.
Тап жауларын суреттеуде жазушы біраз сатиралық образдар жасауға барады. Бір кезде басшы қызметтерде болып, төмендеп Қарасай қаласына келген Кәдірбаев – қазіргі кезде істен гөрі сөздің адамы болуға көшкенін көреміз. Оның маңында Бұқабаев, Борсықбаев сияқты қулар бар. Олар рухани тозып, өмірден сырыла бастағандар. Кәсібі – арақ ішу, карта ойнау, топ-топ болып жиналып қонақтау.
“Азамат Азаматыч” романы – реалистік прозаның елеулі табысы. Оның идеялық түйіні – Азаматтардың шын мәніндегі азамат болуға бет бұруы мен оны тәлкек етпек болғандардың өмір соққысына ұшырауы. Автор оны зор табыспен орындап шыққан.
Роман тілі көркем, кестелі. Онда байсалды шыншылдықпен қатар, ескіге деген зілді сықақ молырақ ұшырайды.
Б.Майлин – қазақтың көркем прозасын бастаушылардың және онда реалистік үлгілерді дамытушылардың бірі. Жазушы шығармаларының басты қасиеті ретінде оның өзі өмір сүрген дәуірдің басты мәселелерін өткір де батыл көтеріп, халық тіршілігін реалистік планда кең суреттей алғанын айтуға болады. Ол қарапайым көп өкілін әдебиеттің басты кейіпкеріне айналдыра отырып, дәуірдің іргелі мәселелерін соның өсу, ояну, жаңару жолымен байланыстыра көрсетті. Қандай тақырыпты алып жырласа да Бейімбет жаңа заманның жасампаз күшіне үн қоса, адамдар бойына күш, рух дарытып жатқан өзгерістер әсерін мойындай, кейіпкерлеріне мойындата жазады.
Бейімбет шығармаларына өзек болған уақиғалардың бірқатары – нақты өмірде болған жайлар. Оларды бастан кешкен адамдар да жазушы жерлестері. Өзіне таныс уақиғалар мен адамдар тіршілігін суреттегенде жазушы сол күйінде ала салмай, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес өткірлендіре, кейіпкерлерін “таныс бейтанысқа” айналдыра жазады. Оның шығармаларын оқу үстінде өмір көріністерінің жанды бейнесі елестейтіні де сондықтан.
Б.Майлин қазақ ауылы өмірінің сан-салалы, қиын да жұпыны шындығын әсерлемей, сол қалпында бейнелеуді ұнатады. Бұл – оның жазушылық стилінің басты ерекшелігі. Әбден үңіле қарасақ, сол бір қарапайым шындықта терең астар барын, қоғамдық дамудың жаңаша бір арнаға түсе бастағанын аңғарғандай боласың.
Жазушы шығармаларын көбінесе нақты бір жеке адамның тағдырына құрады. Уақиға да соның тіршілік, талабы арқылы өрістейді, сондықтан шашырамайды, жинақы келеді. Сөйтіп, сол жеке адамның басындағы тартыс, күрес арқылы заман талабына лайық жаңа геройдың тууын бейнелейді. “Раушан-коммунист”, “Шұғаның белгісі”, “Азамат Азаматыч” сияқты шығармалардың өзі бұған дәл
Романның кіріспе бөлімінде бақыт туралы түсінік береді...
Бұл роман қойшының баласы Рахмет туралы жазылған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыға учаске начальнигі болып орналасады. Ол көркемөнерді өте жақсы білген. Ол Флобер жайлы, сондай-ақ, А.Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. “Ромео-Джульетта” трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтып, Кузьма Прутковтың барлық афоризмін білетін. Оның бұлай терең білетінінің себебі, ол туып-өскен Долбы жазығында өнердің ешбір түрі дамымаған еді, Рахметтің әкесі Долбы байдың малшысы болатын. Бұл да қой бағатын. Бірақ, бір күні ерте туған көк қозы жоғалып кетеді. Бай Рахметті сабайды, әкесін ұрады. Ашуланған әке үйде жылап жатқан баланы таяқпен салып қалады. Содан Рахмет талып қалады, оянысымен беті ауған жаққа қаңғып кетеді. Біршама уақыттан кейін қараңғылықтың арасынан аттылы Кісі Рахметтен жөн сұрайды. Бала болған уақиғаны айтып береді. Аттылы кісі баланы өзімен бірге алып кетеді. Ол кісінің есімі – Тұрар болатын. Рахметке сол кезден бастап интернат өмірі басталады. Тұрардың айтуымен әкесінің атын Дәуір деп өзгертеді. Алматыда жүргенде, Тұрардың ұлы Сейтенмен кездесіп, екеуі дос болады. Сейтен Рахметтің қарындасы Сағадатқа ғашық болады. Сағадат музыка мектебіне оқуға түсу үшін Алматыға келген. Екеуі бірін-бірі ұнатып қалады.
Қарағандыдағы шахтада шахтерлер жұмыс істейді. Үйлері тар, суық. Шахтерлердің ауыр тұрмысы суреттелген. Олар ағылшын Хокинстің қарамағына қарайды. Себебі, Хокинс шахта иесі.
Күләнда жеңешесімен еріп, жұмысқа барады. Жертөле қазып жатқан Әліпті айдап әкетеді. Дәмеш пен Күләнда Әліптің соңынан жүгіре отырып, ағылшынның кабинетіне кіреді. Күләнданы көрген Джим бір арам пиғылды ойлап үлгереді. Әліпке штраф салып, жетінші забойдан (қауіпті аймақ) көмір шабуға бұйырады.
Шахтадағы жұмыс кезінде Әліпті көмір басып қалады. Жұмысшылар көмекке ұмтылады. Кейбіреулері орнынан қозғалмайды да. Құтқарып алып баракқа алып келеді. Күләнданы сынықшыға жұмсайды. Жолда оны шанамен ұрлап әкетеді. Тілмаш Өтеген қызды алдап, Джимге алып келеді. Джим қызды зорлайды. Үй сыпырушы Таня жүгіріп шахтаға келіп, болған жайды баяндайды. Илья, Бейсен бастаған жігіттер ағылшынның үйіне қарай асығады. Бейсен Джимді жұдырықпен ұрады, Күләнда төсекте ес-түссіз талып жатады. Өтегенді де Бейсен жерге алып ұрады. Шахтерлердің көпшілігі жұмысқа шықпай қояды. Ильяны солдаттар қамауға алып кетеді түнде. Ал, таңғы мезгілде Күләнда көз жұмады. Оны шахтадан қашықтау жерге жерлейді. Шахтерлер аштыққа да шыдап, үш күн далаға шықпай қойды. Хокинс Алексей мен Шектібайды шақырып тілегендерін орындауға келісім береді, тек олар жұмысқа шығу керек. Төлеп ауылына қайтуға дайындалады. Ауылына жеткенде, Рахмет алдынан шығып, Күләнданы сұрайды. Ауылды басына көтеріп жылаған Төлепке Долы байдың бәйбішесі зекіп салады. Арада екі жыл өткеннен соң, Долы байдан өлгенше таяқ жеген Рахмет үйінен біржолата кетеді. Университетте академик Вознесенский лекция оқитын. Жеке лабораториясы бар. Хатшы Макаров академик Донбассқа кеткен кезде, лабораториясына армандап жүрген болат құятын электр пешін орнаттырады.
Академиктің қызы Лиза мен Рахмет бір-бірін сүйеді. Рахмет Вознесенскийдің лабораториясында ассистент болып қалады. Іс-сапарлармен Рахмет Қарағанды, Донбассқа жүреді. Жеті-сегіз ай жүріп келеді. Вокзалда академикпен кездесіп қалады, қол алысады. Лиза туралы сұрауға Рахметтің батылы бармайды. Академик қызы мен Рахметтің бірге жүргенін құптайтын, бірақ сыр білдірмейтін.
Көмір алыбы қайта жасала бастағанда, жұмысшылар қалаға ағылады. Олардың ішінде Төлеп те бар. Ертесіне Төлеп қызының моласының басына құран оқиды. Рахмет шахта проектісін жасау үшін қалаға келеді. Оны Шектібай (шахта начальнигі) күтіп алады. Рахмет Күләнда жатқан моланы бұзып, орнына шахта салғызады. Қанша қиналса да ескіліктің шырмауынан шығу қажет деген мақсатты ұстады. Төлеп жылап, Ильяларға келіп мұңын шағады. Бірақ, ол сен өзің үшін, болашақ үшін өмір сүруің керек дейді. Шахта салу жұмысы қызу басталып кетеді. Жұртты “жұмыс істеме” деп азғырып жүрген Сәдуді, Көкшетаудан 7000 сомды алып қашқан Сәдуді миллиционер алып кетеді...
Кулевакин Рахмет жоқта оның бөлмесіне кіріп, Лизаның суреті мен ораулы көк қағазды алып кетеді. Лизаны жұмыс істеуге Қарағандыға жібереді, ол телеграмма салады, Кулевакин Рахметке бермейді...
Шахтада бұрынғы баукеспе ұры Сүлей десятник болып жүріп, үйдің қабырғасын әдейі қисық қалап жүрген. Рахмет оны танып, жаптырады. Детдомда бірге өскен досы Мырзашты табады. Ертесіне Рахметтің үйінде отырыс болады. Ұлбосын бригадасы мен Аркашалар жарысатын болады. Екі бригаданың жұмысшылары қызу қимылдап, бірін-бірі аңдумен жүреді. Шахтадағылардың барлығы норманы артық орындау үшін, екпінділер қатарына өту үшін күндіз-түні жұмыс істеді. Академик Лизаға хат жазады. Кулевакиннің кесірінен Лиза мен Рахметтің арасында салқындық пайда болады. Нормасын артық орындаймыз деп жүрген Елеместің бригадасын қауіпті лавадан көмір шауып жатқанда, басып қалады. Лиза сөгіс естиді. Лиза командировкаға кетер алдында Рахметпен табысады. Рахмет Алматыға тығыз шаруалармен кетеді. Екеуі келген соң, той жасайтын болып уағдаласады. Бірақ, Алматыда жүргенде, Дәмелі дейтін біреудің әйелімен жақындасып қояды. Бір айдан кейін, Қарағандыға қайтып келген Рахмет Дәмеліден хат алады. Ол екіқабат болып шығады. Содан кейін Рахмет Лизадан қашқақтап жүреді. Лиза Щербак дейтін инженермен жүріп жүреді. Бірақ, Рахметті ұмыта алмайды. Рахмет оларды көргеннен кейін, екеуінің арасында тағы да түсініспеушілік туады.
Ықылас түпкілікті жұмыс істеуге Қарағандыға көшіп келеді. Ол Рахметке балалы болатынын айтып қуанады. Лиза мен Рахмет сол ұрысып қалады. Үш күннен кейін академик Ленинградқа қайтады.
Шахтадан газ шығып, жұмыс істеу қауіпті болады. Бірақ коммунистер жұмысты жалғастыруға бел буады.
Барактарында шахтерлер демалып жатқанда, қатты гудок естіледі. Бәрі орнынан тұрып, үрпиісе қалады. Сол кезде Айша шахтаны су басып қалғанын айтады. Бәрі асығыс жүгіріседі. Шахтадағы суды кешіп жүріп, далаға насоспен төгуде. Илья больницадағы Елеместің жағдайын сұрап қайтқан соң, екпінділерге бөлме беруді ұйғарады. Осы уақытта баяғы Өтеген тілмаш ағасының жалғыз баласы Сүлейменді шақыртып, Рахметтің көзін құртуды сұрайды. Бірақ, ол бас тартады.
Илья Елеместі ауруханадан босатқаннан кейін, екпінділерге бөлінген үйге алып келіп, кілтін тапсырады. Барлығы келіп Елеместі құттықтайды. Барактағы жігіттер орындарын ремонттап, бөлмелерін тазартып, ақтап алады.
Сүлеймен Өтегенді ұстап бермекші болып үйден шыққалы жатқанда, анасы жолын бөгеп, зар-еңіреп, жылап жібермей қояды.
Шахта құрылысының клубында үлкен жиналыс өтеді. Онда шахтерлердің барлығы жиналған. Бастықтар шахтаны су басқан кезіндегі, газ шыққандағы көрсеткен ерліктері үшін, көмір қазудағы орындаған нормалары үшін шахтерлерге сыйлықтар тапсыруда. Онда Ермекке бір костюм сыйлап, құттықтайды. Тағы біршама жұмысшылар сахнаға шығып, сыйлықтарын алады. Жиналыстың соңынан ұйымдасқан үйірме мүшелерінің күшімен драма қойылады.
Ермек Шектібай мен Алексейге келіп сыйлықтарын қайтарып бермекші болады, олар себебін сұрағанда, кезінде дүкенде сатылып жатқан барқыт матаны қызына алып беру үшін екпінді болғанын айтады. Бастықтары оның сөзіне езу тартып, ренжімейтіндіктерін айтады.
Қаладан хатшы келіп, шахтаның ішін басшылармен бірге аралайды. Олар жер астына техникаландырылған клетпен түседі. Шектібай, Рахметтер аралап болғаннан кейін шахтаның 1 мамырға қарсы ашылу салтанаты болатынын айтады.
Шахта астында көмір қазып жатқан шахтерлер. Айша Шымырбекке барып келуін ойлап, алға қарай жүреді. Алдынан шырақ ұстап Гриша келе жатады. Бір кезде Гришаның үстіне лава құлап түседі, Айша көмекке ұмтылғанда, бүкіл лава екеуін де басып қалады. Шахта іші азан-қазан болады. Төбеден топырақ түсіп, барлығы бұрышқа тығылады. Сәлден соң, Бейсен қарт қолына шырақ алып тексеріп көрсе, жоғарыға шығатын жолды, кемінде 70-80 метрдей топырақ көміп қалған. Шахтаның алдында бір топ адам тұр. Олар жауып қалған жерді, тіреп қойып, ашқалы тұр. Илья барлық құрал-саймандарын алып, іске кіріседі. Лиза шахта астында қалған шахтерлердің семьясын жұбатуға бет алады. Сағат сайын қалалық партия комитетінің хатшысы телефонмен хабарласып, жағдайды біліп тұрады.
Рахмет пен Алексей, Рахметтің үйінде Лиза туралы сөйлеседі. Алексей қоштасып шығып кеткеннен кейін, Рахмет шахтаға бет алады. Шахта астында қалған: Бейсен, Қали, Шымырбек, Сүлеймен бір-біріне сыр айта бастады. Шымырбек Айшаны сүйетінін, Бейсен баласына той қылып ат берейін деп жүргенін айтады. Ал, Сүлеймен Өтегеннің Рахметті өлтіргелі жүргенін естірткенде, үшеуі шулап кетеді...
Шахтаға келе жатқан Рахметтің артынан аңдып келіп, Өтеген пышақ салады, алыстан машинаның жарығын көргеннен кейін қашып кетеді. Рахмет ақ қар үстінде талықсып жатады. Осы кезде Сүлеймен шахта астында аласұрып, қайламен жоғарыны ұра бергенде, топырақ басып қалады. Қалғандары оны аршып алады, бірақ Сүлеймен көз жұмады. Таң ата шахта құрылысына келе жатқан Алексей Рахметті тауып алады. Рахмет ауруханаға түскеннен кейін қан құю керек болады. Алексейдің қаны сәйкес келгенмен, бас сүйегі сынып, операция жасау керек болады. Медицина еш көмек бере алмаймыз дейді. Дәмелінің күйеуі Ықылас білікті дәрігер болатын. Әйелі толғатып жатқанда, ол өліп кететін шығармын деген оймен Рахметпен қалай жақын болғанын айтып қояды. Себебі, Дәмеліге бала көтеруге болмайды екен. Жедел жәрдем келіп, Ықыласқа телефон соғып Рахметке операция жасау керектігін айтады. Бар шындықты білгенмен, қиналғанмен, Ықылас Рахметті аман сақтап қалады, сөйтіп оған баласы туылғалы жатқанын айтады.
Ауруханаға Лиза келіп, доктордан Рахметтің халін сұрайды. Оның кімі боласың деп сұрағанда, күйеуім деп жауап береді. Ықылас селк етеді. Бір кезде ол Рахметтің өзіне, туғалы жатқан бала арқылы жақыны, еш уақытта байланысы үзілмейтін туысқаны болатынына қуанып кетеді. Тіпті Лизаны құшақтап та алады.
Шахта астындағыларды күн шыға аршып алады. Қали есінен танған, Бейсен мен Шымырбек теңселіп шанада отыр. Оларды ауруханаға әкеледі. Бірақ, Шымырбек пен Бейсен қашып кетіп, хатшының кабинетіне келеді. Олар Рахметті кім өлтіргенін айтады. Хатшы тиісті жеріне хабарлайды. Ауруханадағы дәрігер науқастардың қашып кеткенін көріп, санитар мен көмекшісіне айқайлайды. Хатшы Бейсенге ауруханаға бару керектігін айтады...
Әдебиеттер:
Бахтин ММ. Вопросы литературы и эстетики. Исследования разных лет. -М.: Худ литература, 1975.
Гуляе Н.А. Теория литературы. -М.:Высшая школа, - 1985, стр.69.
Исторический роман в литературе соц, стран Европы. -М.: Наука. 1989, с. 99.
Иезуитов А. Порблемы психологизма в эстетике и литературе. -Л-М.: Искусство, 1963, 11-6
Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Мектеп, 1976,
7- дәріс. Қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың
40 – 50 жылдарындағы романдар.
Мақсаты: Қазақ роман жанрының даму тенденцияларын түсіндіру. Көркемдік ізденістер мен жетістіктерді бағамдау. Өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Сұрақтар:
Тақырып аясының кеңеюі, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндердің жаңа романдары өмірге келуі.
Аталған кезеңде қазақ әдебиетіне жаңа есімдердің қосылуы.
Дәріс мәтіні (тезис)
Бұл соғыс жылдары мен халық шруашылығын қалпына келтру жылдары болатын. Соған орай жазушылар үшін шығарма тақырыбының аясы барынша кеңіді болады. Роман жанрының сапасы да артқан, жаңа есімдермен де толыққан жылдар еді. Бұрыннан белгілі прозашылар М.Әуезовтың «Абай жолы», С.Мұқанов «Сырдария», Ғ.Мүсірепов «Қазақ, солдаты»,Ғ.Мұстафин «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын берсе, жаңа есімдер Т.Ақтанов «Қаһарлы күндер», Ә.Нүрпейісов «Курляндия» романдарымен қаламгерлер сапына қосылды.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезінде жүргізілген жаңа экономика саясаты тұсындағы қилы-қилы оқиғалар мен әр алуан күрес-тартыстар, шын мәнінде, “Дауылдан кейін” романында көркемдік шешімін тауып, жазушы тарихи бір кезеңнің картинасын алға тартты. Көптеген әңгіме, очерк, бірлі-екілі роман, повесть бой көрсеткенімен жаңа экономика саясаты тұсындағы ел өмірі, көркем шығармада ашық алаң тәрізді болып көрінетін еді. Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романында осы бір оқиғаны әр тараптан қамтыған да, революциядан кейінгі кезде болған күрес-тартыс, ұлы өзгеріс, зор жаңалықтар бір-бірімен жалғаса суреттеліп, тарих шежіресінен көркемдік түйіндеу жасаған.
Романдағы Жұмабек Ералин, Алексей Федорович осы бір игі істі өз қолдарына алған. Бұл жолда көлденең тұрған кедергі де, ер төзімін сынға саларлық небір қиыншылықтар да аз кездеспеген-ді. Ұлан-байтақ кең сахараны билеп, төстеп келген би, болыс, бай-феодалдар бас көтеріп, ырық бермеуге айналған. Міне, осыны жазушы Мақыш, Малқар, Шәкен төңірегінен көріп, сол бір кездің шындығын типтендіре суреттейді.
Осыған орай, романның сюжеттік желісі таптар тартысына құрылады да, ұнамды герой күрес, тартыс үстінде танылады.
Шығармада екі-ұдай, екі жар болып келетін, таптар тартысы типтік жағдайдың аясында алынады да, бір-біріне бетпе-бет келген шақтарда характерлер өзіндік өзгешелігі, өзіндік даралығымен айқындала түскен.
Осы салада романның оқиғасын қоюлап, бір эпизодтан екінші эпизод туындап отырады да, қаһармандар қақтығысы жиілеп, ұнамды, ұнамсыз бейнелер топ-топқа бөлініп, жеме-жемге келгенде бірін-бірі іздеп табады. Бұл бағдарда жазушының ұстаған позициясы ашық бояуын тауып, мүдде-мақсаттары жағынан қаһармандар әлеуметтік-таптық қайшылықтың ішкі сырын түйген.
Осы бір жайды терең бағдарлайтын суреткер ауыл ішінде қым-қуыт, қиян-кескі талас-тартыстарды өрбітіп, ушықтырып отыратын. Малқар мен Шәкендердің бір пердесін ашып, бірді-бірге соғып, ел тыныштығын бұзып жүретін Жақып пен Шөген әрекеттерін жіліктеп шағып, сендіре суреттейді.
Романның түйіні шындық. Кең сахараның қиян бір түкпірінде болып жатқан талас-тартыстан үлкен оқиға өрбіген. Малқар болыстың ел ішіне салған лаңы бүкіл ауылды қамтыған. Қос тазысын ертіп, ақбоз атпен таң сәріден аңға шығып өзімен өзі болып жүрген Аман да осы лаң-жанжалдан тысқары қалмайды.
Роман оқиғасының өзекті арқауы болып, басынан аяғына дейін қатысатын бас герой – Аман. Алғаш ол ел ішіндегі дау, жанжалдан бойын аулақ салып, аң аулаудың қызығымен ғана жүретін.
Аман аң аулаудың қызығына батып жүрген кездерде талай дүние өзгеріп, талай дүние жаңарып, ауыл кедейлікті қолға алып та үлгерген-ді. Аман, міне, осылардың бәрінен тыс, өз қызығы өзімен болып, жүріп жатқан бір жан.
Осы бір көріністерге байланысты сыншылар тарапынан Аман және оның қарсыластарының төңірегінде әр қилы пікірлер де болды. Оның бірінде Аман шықпаған образ десе, енді бірінде, осы романның басты геройы бар ма, бар болса ол кім деген сұрақтар да қойылды. Әрине, бұл ойланатын да, ойландыратын да жайлар.
Әдетте бас геройдың іс-әрекеті қоғамдық орта, әлеуметтік мәселелердің төңірегінен алынып, болып жатқан оқиғаға бірден қоян-қолтық араласса, ол сияқты геройдың тағдыры да күрес, тартысы да қауырт басталып кетеді де, өзінен көз жаздырмайды. “Дауылдан кейінде” Аман ондай емес, ұзақ уақыт ойланып, толғанумен жүреді де, өмір өзгерістерін жіті барлай алмайды. Өз геройын байтақ қазақ даласының аса бір алыс түкпіріндегі ауыл өмірінен алып суреттейтін жазушы шындықтан тыс кетпей, Аман характерінің қалыптасу заңдылықтарын эволюциялық жақтарынан алып дәлелдеп, біртіндеп жетілдірген.
Аман сыры тым тұңғиық, сол себепті де ауыл ортасында ол жөнінде әр түрлі болжам, әр қилы пікірлер тараған. Біреулер Аманды “жуас”, “момын” десе, енді біреулері “момын” дегенше жаман десейші деп өзара таласып жатады. Соның барлығы да Аманның жүріс-тұрысына риза емес. Ел болып, жұрт болып, жаңалыққа бет қойып, ендігі өмір тек біздікі ғана емес пе деп, белдерін бекем буып жатқанда Аман бәрінен де бейхабар тәрізді.
Романның алғашқы жартысында оқиға өте қою. Бір эпизодтан екінші эпизод өрбіп жатады да, характерлер қақтығысы ғұрып-дәстүр, тұрмыс, тіршілік таластарынан өрістеп, әлеуметтік үлкен күреске апарады. Бұл салада жазушы романның сюжеттік арқауын ширықтыра түскен де, композициялық құрылысы шашырап кетпей, характерлер тағдырына түйінделген.
Бетпе-бет келген ашық күрес, өзара қайшылық қат-қабаттанып, көркемдік компоненттер шебер қиюласқан.
Екі жақ та қауырт іске кіріскен. Аман ауылда жастар ұйымын құрып, тізімін Ералинге жіберіп те үлгерген. Малқар белгілі әдетіне басып, Аманды қаматқан. Істің артын баққан Шәкен осы тұста Малқардың еңсесін басуға күш салып, Аманды өз жағына қаратпақ. Міне осылардың барлығы шығарма сюжетінде тарам-тарам болып жатады да, әрбір деталь, штрих, мотивировка өз орнын тауып, кейіпкерлер қатары молыға түседі.
Осындай үлкен мұрат, озық идеяны алға тартатын бұл шығарма дәуір сипатын көркемдік шындыққа көтере отырып, әрбір кейіпкердің жан дүниесін, ой-сана, дүниетанымын шым бояулармен жарқырата ашып, өмірдің ақиқат шындығын небір шынайы көркем тіл өрнектерімен кестелеп, картинаға айқын түсірген.
Әдебиеттер:
Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Мектеп, 1976,
Елеукенов Ш. Замандас парасаты.-Алматы: Жазушы, 1977, 108-б.
Нұрғалиев Р. Телағыс. -Алматы: Жазушы,1986,290-308-б
Кәкішев Т. Жалындаған жастық жыршысы. // С.Ерубаев. Менің құрдастарым. А.,1979, 7 – 37 беттер.
8–дәріс. Қазақ романистикасындағы М.Әуезовтың
«Абай жолы» эпопеясының тарихи орны
Мақсаты: Роман-эпопеяның көркемдік әлемімен жан-жақты таныстыру.
Сұрақтар:
1.Романдағы образдар жүйесі
2. Өмірлік шындық пен көркемдік шындық көрінісін пайымдату.
Дәріс мәтіні (тезис)
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен, ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген болатын. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйгерім, ұлы – Тұрағұл, інісі – Шәкәрім, шәкірттері – Көкбай; Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі: Ділда, Әйгерім, Еркежан. Дәрмен деген ақын болмаған. Жазушылық мақсатқа орай автор өмірлік дәлді деректерді қажет жерінде өзгерткен, керекті орайда жаңа кейіпкерлер, оқиғалар ойлап тапқан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. М.Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы – бірімен-бірі жалғас, үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі қуалай жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.
Романдағы негізгі соқталы оқиға, бас майдан өтетін орта – тобықты рулары мекендеген Шыңғыстау аймағы. Көршілес елдер Қаракесек, Уақ, Керей, Матай авторлық баяндау барысында, кейбір тартыс, дау-дамай кезінде ғана айтылып отырады. Шыңғыстаудың айналасы, іші-сырты, Хан, Орда, Машан, Доғалаң, Семейтау секілді әйгілі биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас, Ертіс өзендері, белгілі күзеу, көктеу, жайлау, қыстаулар, толып жатқан адыр, шоқы, бел, асу, төбе, құдық, бастау-бұлақ, көл, ши, қорық, зират, қорым, шатқал, сай, аңғар, тоғай, үңгір, сүрлеу-соқпақ, жолдар алақанға салғандай ап-айқын көркем суретке айналған.
Жазушы бір рулы ел жайлаған ортаны бейнелеу арқылы қазақ тұрмысын, тұтас алғанда көшпелілер мәдениетін түгел көрсетіп беретін биік деңгейге көтеріледі. Көші-қонның бүге-шігесіне дейін анықтап, шаруашылық орайына байланысты, мал жаю талабына сәйкес жер отын тиімді пайдалану үшін шаруа қазақтар қолданған кәсіби әрекеттердің әлеуметтік тамырлары ашылады, теңсіздік, зорлық-зомбылық, тіршілік үшін күрес сарындары сабақтас жүреді, осы арнадағы адамдар тағдыры бар.
Бір рулы жайлағанмен, жалпы көлемі отырықшы шағын мемлекет сыйып кететін аймақтың негізгі қатынас-құралы – ат. Шығарма кейіпкерлерін көп ретте ат үстінен көреміз. Ат пен адам бір тұлға іспеттес. Жалғыз жолаушы сирек. Қатал далада топтасып жүрмесе болмайды. Көшпелі елдің перзенті көбіне ат үстінде. Аттың жасы, түсі, жүрісі, ер-тұрманы, мінез-машығы, аяңдау, желу, жорту, жорғалау, шабу – осының бәрін автор әр ситуацияға орай дөп басып, баяндап отырады.
Көшпелі өмірдің көбесі сөгіліп, қазақ елі патша өкіметінің отарлық табанына түскеннен кейін, бекіністер, қалалар салынып, ендігі биліктің түп қазығы сол шаһарларда қағылған. Сондықтан қырда басталған дау-шар, бітімсіз күрес, лап еткен өрт түптің түбінде ұлық кеңсесіне тұмсық тірейді. Соңғы шешім сол жерде. Сол себептен романдағы бірқыдыру оқиға Қарқаралы, Семей, Алматы қалаларында өтеді. Әсіресе, Абайдың бала кезінде оқыған, кейін білім қуған, әділет іздеген, достар тапқан күндерінің куәсі – Семей.
Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу құбылысын көрсетеді. Абайдың он үш жасынан бастап дүние салғанына дейінгі қырық алты жылда оны қоршаған ортада өткен басты оқиғалар тізбекті сабақтастықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, тарамданып, асқынып, шорт сынып, тағы бастау алып, шығындап, қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта жанып, құбылып, өзгеріп, осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар тағдыры шешіліп жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды.
Кейіпкерлердің қазіргі өміріне тікелей қатысы жоқ, бұрын өткен бірен-саран оқиғалар ғана еске түсіру арқылы белгілі болады.
Жарты ғасыр уақытты қамтитын кең тынысты, сан арналы ұлы шығарманың барлық тарау, бөлімдерінде көшпелі қазақ тұрмысына етене көрініс, сурет, тартыстармен астарлас жалпы адам баласына тән қайшылық күрес, қасиеттер мол қамтылып, кең көлемде терең де сенімді бейнеленген.
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы бар. Қодар-Қамқа трагедиясының үстінен шыққан соң, екі ұдай көңілдегі Абайдың мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы күрес жолын қарай беттетеді. Абайдың азамат, қайраткер ретіндегі өсіп-толығуы ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, гүл шашып, жапырақ жаюымен қатар – егіз отырады. Көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадында тұтып, көңілге тоқып; Шығыс, Батыс әдебиеттері теңіздеріне құлаш ұрып барып, поэзияның ұлы айдынына шыққан Абай талантының небір тылсым сырларын, шығармашылық психологиясын терең бейнелеген Әуезов өнегесі - әлемдік прозадағы жаңа бір дәстүрлерге мұрындық болғанын, оны өз тәжірибелерінде пайдаланғанын көптеген қаламгерлер айтқан болатын.
Кейіпкерлерін бір жақсылық, бір жаманшылықта сынау - Әуезов поэтикасындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі екенін, әсіресе, Абай характерін сомдау принципінен көреміз. Қараңыз: жылы сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір-шафқат төгіп, елжіреп, еміркеніп отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен туған аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып балаларына ана болып отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ астындағы кереғар жәйттер. Ал енді бұдан сыртқа шығып көріңіз.
Кеше ғана тізе қосып, ел тізгінін қатар ұстаған Құнанбай мен Бөжей бүгін Ырғызбай мен Жігітекті соғыстырып, кісі өліміне дейін барып отыр. Бұл екі қошқардың басы бір қазанға сыймағаннан туған, бақастық, күншілдік кикілжің емес, алыс түкпірлі ниетті тіршіліктің қаны, өз нәсілі үшін қоныс кеңейту, жер алу мақсатынан шыққан арпалыс. Шындап келгенде, бұл ауыз бірліктің жоқтығынан өршитін таза қазақы рулық қақтығыс емес, жалпы адам баласының мәні бар, әулет пен әулетті, ұрпақ пен ұрпақты, халық пен халықты, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті соғыстыратын мәңгілік майдан. Сол үшін шекара күзетіледі, қару-жарақ жасалады, елшілік жүреді, ұйымдар құрылады.
Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап ұстаған адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген сөздері мен арғы-бергі замандардағы небір іргелі елдердің басшыларынан патшалардан, корольдерден, хандардан, дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан, зәулім, биіктік, шыңырау тереңдік. Іштерінде алтын ертоқымды арғымақ жатса да титтей сыр бермейтін беріктікке бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын мәрттікті, қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты қосыңыз. Қас-қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік-айту, ел басқару – мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден орныққан берік салт-дәстүр бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік өзгерістер, отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгілік шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі сияқты ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. Бұрынғы игілік, кәсіп амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп, өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, келешекпен туыса табысатын жаңа төл енді келе жатыр.
Мұхтар Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар, мәдениеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық, әулеттік, ру-тайпалық, халықтық қақтығыс, шайқас, тартыстар үстінде адамдық мінез қалыптарымен ашылатын ондаған әдебиетіне исі түркілік, шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап көркем қаһармандары бар тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды аспанның қақ төрінде темірқазықтай болып, бойына халқының ғасырларда сұрыпталып екшелеген барлық асыл қасиеттерін жиған, әрі ақын, әрі дана, әрі қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр.
Абай бейнесін жасауда ақын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады. Бірақ жеке өлеңдерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар тудырған.
Ұлы ақын, ұлы күрескер шытырман, қат-қабат ғұмыры диалектикалық қайшылықта реалистік шыншылдықпен ашылады. Бір жағынан бұл қазақтың жаңа жазба әдебиетінің классигі, өмірдегі іздері халық санасында сайрап жатқан нақты, тарихи тұлға болса, екінші жағынан бұл ұлы жазушы қиялында балқып туған зор талант, мәні бар, мың сан қыры жарқыраған, образдық, символдық қуаты күшті, дүниежүзі өнеріндегі биік, көркем, ұмытылмас әдеби бейнелердің бірі. Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді, терең психологиялық талдау арқылы ашып берген күрделі романдағы ең үлкен сезім ағыстарының бірі – сан-салалы махаббаты алуан түрлі құлпырған көрік бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен, бұлқына жосыған күй-толқынымен бейнеленген, Көлденең көк аттыға елеусіз ғана көрінетін туған жердің тау-тасы, өзен-көлі, аймақ-даласы жазушының шабытты қаламында қайтадан жаратылғандай болып, құлпырып, жайнап, небір ғажап қалыпта көрінеді, қыс, көктем, жаз, күз – бәрі бар. Нөсерлетіп, жаңбыр жауады, ат құлағын көрсетпей боран соғады.
Абайдың аналарына (Зере, Ұлжан), бауырларына (Оспан, Шәке, Кәкітай), достарына (Ербол, Базаралы, Дәркембай), балаларына (Әбіш, Мағауия) деген ыстық ықылас, қымбат пейілін биік адамгершілік тұрғысынан өмірдің сан қилы кезеңіне лайық қалыпта суреттеген жазушының ерекше ден қойып, зор шабытпен, ақындық ғаламат қуатпен бейнелеген психологиялық сезімі – ғашықтық сырлар, махаббат әуездері. Бұл күй, бұл қалып ең алдымен Абай басына тән.
Табиғатынан ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық әдебиетінен сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашық жырларын оқып, тәрбие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, әсемдікке құлауы – Тоғжанмен тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіскен романтикалық, ғажайып махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр. Сол күйлерді жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монологтары, тебіренісі, лебіздері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. Астарлар, тоғысулар, ұласулар Ләйлі-Мәжнүн, Қозы-Баян, Татьяна-Онегин болып жалғасады.
Түптеп келгенде, Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді. Бұл күйлердің жалғасы, жаңа замандағы соны көрінісі болып Әмір-Үмітей, Әбіш-Мағыш, Дәрмен-Мәкен махаббат хиқаялары, сол сапардағы трагедиялық халдер, романтикалық серпіндер ішкі толқынды әлемді жайып салған, биік адамгершілік тұғырлардан шырқалған қымбат, асыл, жалынды ән болып төгіліп, мол сарынды симфониядай бойыңды балқытып, жан-жүйеңді елжіретеді. Бұл арнада батыр, бағылан Базаралы мен нұржүзді, науша Нұрғаным ара-қатынасы, сыйластық, сүйіспеншілігі оқшау әсер етіп, естен кетпей, ойда қалып қояды. Шығармадағы диалектикалық қайшылық, тартыс, күрес сан-салалы, тарам-тарам, жүлге-жүлге. Әуелде зорлықпен оқудан қол үзген Абай темір ноқта кигендей болып, сүйгенінен айрылып, атастыру жөнімен үйленіп, опық жейді. Бірте-бірте өз әкесінің жуандығынан басталған әділетсіздік толқыны оны басқа жағаға, қорланғандар, қорғансыздар тобына қарай ығыстырады. Дұшпан жаттан да, жақынан да шығады. Бір әкенің екі баласы Абай бір қиырға, Тәкежан екінші қиырға тартады. Күндестік отын бықсытып жүрген Күнке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар анау. Олардың жалғасы болып жауыздықтың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатыр.
Бір жағынан жамандық қауласа, екінші жағынан жақсылық көктей бастайды. Исі Ырғызбай дұшпаны есепті Дәркембай, Базарлы бірте-бірте жақындай түсіп, ақыры Абай қасынан табылады. Өз бауырында жаралған қанаттары қандай: Әбіш, Мғауия, Дәрмен, Көкбай өле-өлгенше-ақ, адал пейілімен, таза достығынан айнымаған Ерболды айтсаңшы.
Көшпелі мәдениетке тән этнографиялық, тұрмыс-салттық, сенім-нанымдық, хұқықтық, әскери-саяси, адамгершілік-моральдық көріністердің барлық белгілерін толық та кең, терең де дәл қамтыған шығармада ерекше ықшамдылық, лаконизм бар. Қазақ елінің ежелгі бәр дәстүрі, арғы замандарда басталған, тіпті шариғаттың өзі де мұртын бұза алмаған белгілі адамға ас беру, жылы өткенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп, ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, дауыс айтып, көрісу дәстүрі Бөжей өлімі тұсында кеңінен бейнеленеді. Екінші қайтара мұндай ситуацияға оралу жоқ.
Әншілік, серілік, аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерлерінің үлкен-үлкен бір-бір тарауларда арнайы түрде суреттелуінен осындай көркемдік шарттарын, қаламгерлік қатал позицияны аңғарамыз. Сол секілді мезгілді уақыты жеткен соң, өзіне тиесілі көркемдік-эстетикалық міндетін атқарғаннан кейін қосалқы персонаждар ұлы оқиға арнасынан түсіп қалып, олардың орнын жаңа, басқа мақсат үшін көрсетілетін кейіпкерлер басып, соны ситуация, тың әрекет бел ала бастайды.
Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары - әже мен ананың перзентке деген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық (Абай-Оспан) , өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай-Ербол), мәңгілік махаббат (Абай-Тоғжан), азамат басын сыйлап жасалған қарымтасыз жақсылық (Абай-Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын қуып әкету, Оразбай аулын шабу), жігіттіктің ләззаты түндері (Абай-Қуандық), серілік рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең туған мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, Әйгерімнің Татьяна әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау суреттері) секілді сан-алуан кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, кең тынысты, өрнекті, ырғақты бай тілмен, дәстүрлі прозаның реалистік әдістерімен, зор шабытпен суреттеледі.
Іштей өзін-өзі ғажап, екіұдай болып арпалысып, ой ұшығына жете алмай, қате қадам басып, бармақ шайнап, от басынан опық жеп, ортасына сыймай, шідер үзіп кетіп, басты тауға, тасқа соғып, ұрт қимылға барып, содан таяқ жеп, қылмысты атанып, жазықсыз жаза шегіп, көп уақыттан кейін туған жерге оралып, саналы әрекетке көшкен Базаралының іші-сыртын жазушы тамашалай отырып, іш тартуын жасырмай, ашық пейілмен жарқырата көрсетеді. Бұл тұлға жазушы қаламынан ертеректе туған ірі қимыл иелері Бақтығұл, Ұзақтардың рухани туысы, дәлірек айтса, әлем әдебиетіндегі күрескерлер қатарына еркін аттап барып, тең қосылған, үздік қаһарман.
Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін айқын тұсы – адам кескіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш әрекет сахнасына шыққан бетте автор оның қолбетінің есте қаларлық сипат-белгілерін суреттеп береді. Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене бітімі, қимыл-қозғалысы, әсіресе, бас бітімі, бет пішіні, көзі, мұрны, ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-бірімен байланыста, әрекет, қимыл үстінде, жанды – тірі қалыпта, сан алуан көңіл-күйімен толқыған, тебіренген, ренжіген, қуанған, жеккөрген сәтінде бой көрсетеді. Жазушының қырағы көзі әр түрлі нәсілді, сан алуан әулетті діл көріп, анық танып қапысыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамайтын ондаған адамның реалистік портретін жасайды, олар тұтас көрмелерді толтыруға жетіп жатыр. Әуезов құдіретімен жаратылған әйелдер бейнелері бірінен-бірі өткендей сұлу, нұрлы, әсем: Тоғжан, Қуандық, Салтанат, Әйгерім, Үмітей, Керімбала, Нұрғаным, Мағыш, Мәкен. Атпал азаматтар, батыр жігіттер қандай: Базаралы, Балағыз, Оспан, Дәрмен, Әбіш, қыртысты билер, қат-қабат жуандар: Бөжей, Оразбай, Әзімбай.
Осынау қалың шоғырдың бір тұғырында – Құнанбай, бір тұғырында – Абай. Екеуінің де үй-ішінде, көпшілік ортасында, далада, шұрай топ алдында, отырған, жүрген, ат үстінде, ойға батқан, ашуға мінген шақтардағы, әр кездердегі шешім қабылдап, билік айтқандағы кескін-келбеті барша бояуымен көз алдыңызға келеді. Бірі – қаттылықтың, зорлық-зомбылықтың, екіншісі адамгершіліктің, әділет-мархаббатың бейнесіндей.
Жазушы кейіпкер келбетін сомдау үшін авторлық баяндау, персонаждың өткен күндерін еске түсіру, өзіндік сөздік сипаттама, басқалардың берген бағасы, психологиялық саралау, ой ағымы, диалог, монолог, полилог секілді көркем көркемдік құралдарды мейлінше еркін қолданады. Қаһарман оңаша күйде, екеуара, топ ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол шайқаста, бір қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық ашылып, оқырман назарына түседі. Әрбір кейіпкердің мойнына жүктелген көркемдік мақсат, идеялық салмақ бар. Романның басынан аяғына дейін көрініп, характерлік даралығымен толық ашылатын ұлы қаһармандар бір төбе болса, жеке оқиғаларға, эпизодтарға ғана қатысатын кейіпкерлер де бар.
Өмір сахнасына бір буын келіп, өсіп, жетіліп, күресіп, шайқасып, жақсылы-жаманды тіршілік кешіп, мерзімді уақыт өткен соң, ажал тармағына ілінді. Көшті келесі ұрпақ жалғастырады. Тағы да қуаныш, тағы да қайғы. Тағы да талас, тағы да күрес. Сол мәңгілік майданның әлеуметтік психологиялық-философиялық роман беттеріне түскен ақиқаты, шындығы оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп, сан тарау тебіреністе ойға жетелейді.
Әлемде алғашқы екі кітап “Абай”, үшінші кітап – “Абай аға”, кейін төрт кітап “Абай жолы” аталуында мегзеулік мән бар. Жеке тарау аттарының символдық мағынасын алғаш көрсеткен Ғабит Мүсірепов болатын. Шығарманы орыс тіліне аудару кезінде тарау аттарын өзгерту ұсынысына автордың мүлде келіспейіндей үлкен негіз бар еді.
Бір қарағанда, орасан зор көлемді болып көрінетін шығармаға жітірек назар салсаңыз, ықшамдылық, келісім, гармония заңдылықтарына ерекше мән берілгеніне көз жеткізесіз.
Бірінші кітапты жеті тарау (Қайтқанда, Қат-қабатта, Жолда, Шытырманда, Бел-белесте, Өрде, Қияда), екінші кітапта жеті тарау (Тайғақта, Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Тарауда, Биікте), бір эпилог, үшінші кітапта алты тарау (Абай аға, Кек жолында, Қарашығын, Өкініште, Қақтығыста, Қоршауда), төртінші кітапта алты тарау (Түн-түнекте, Құз-қияда, Қапада, Қастықта, Шайқаста, Жұтта), бір эпилог – эпопеяда барлығы жиырма тараушаға бөлінген. Олар және жеке көрініс, ситуациялардан тұрады.
Әрбір тараудың аты бөлімде өтетін басты оқиғаның, психологиялық қалпын дәл береді. Жинақтай келгенде, Абай өмірінің, жеке адам тағдырының бір шақтағы болмыс-бітімін анықтайтын оьраздық-символдық мәні күшті бейнелі сөз. Екі тарау аты, екі эпилогтан өзге жиырма төрт тарау аты түгелдей бір-бірімен ұйқасып, сабақтасып, жалғасып тұр. Нұрлы, бақытты, сәулелі сәттерден көрі, қайғылы, драмалы, трагедиялы күйлер көп. Мыңмен жалғыз алысқан данышпан, ақын ғұмырының мұңлы-зарлы шежіресі іспетті. Бірінші кітаптың соңында бейнеленетін шыңға шыққан жалғыз балғын шынар төртінші кітаптың аяғында зәулім болып өсіп барып, ақыры құлайды. Бұл символ. Айта берсе, романда мұндай жинақтаушылық мәнге ие болып кететін образ бейнелер көп, осы қатарда теңіз кейпіне айналатын дала, ондағы болашаққа тартқан кеме, тарих белестері іспеттес боп көрінетін таулар тізбегін де қосу керек.
Әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдік-эстетикалық игілік болып қосылған “Абай жолы” эпопеясының шығармашылық тарихында, жазушының ұстаханалық баянында бірнеше оқшау белгілі қасиет-сапа бар.
Қаламгердің болашақ, роман қаһармандары, олардың ұрпақ-нәсілдері ортасында туып, алаңсыз сәбилік, бақытты балалық, бозбалалық, күдерін солар кешкен қат-қабат әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық-этнографиялық табиғи-экологиялық қоршауда, қаймағы бұзылмаған көшпелілер мәдениеті құшағында өткізуі бір олжа болса, екінші сәттілік Құнанбай - Әуез, Абай – Омархан әулеті өзара қыз беріп, қыз алысқан, нағашылы-жиендік орайда туысып, ортақ қуаныш, ортақ қайғы бөліскен, сүйек-шатысты, жүз жылдық күйеулік, мыңжылдық құдалық рәсімін берік ұстанған жақын, бауыр адамдар екендігінде жатыр. Кезінде М.Әуезовтің өзі ескерткендей, бір ру, бір бұтақ болып, біте қайнасып кеткен.
Мұның үстіне жазушы көптомдық шығарма тудыруға бел байлаған соң, өзі бейнелейтін дәуірдің басты кісілері, басты оқиғалары туралы тарихи құжаттарды, сол кезеңді көрген, білген адамдардың жадында қалған, ескі сөздерді арнайы теріп, жинап, екшеп пайдаланған.
Осыларға қоса әлемдік реалистік проза үлгілері, классикалық тарихи романдар тағылымы, қазақ қарасөзінің өз мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, терең зерттеліп, автордың эстетикалық мұраттарына бағындырылып, батыл шешіммен, соны шеберлікпен қаламгерлікпен нақты тәжірибеде ғажайып жемістерін берді. Сөйтіп, М.Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты.
Негізінен, өмірде өткен адамдардың басында болған оқиғалардың жалпы сорабын сақтай отырып, жазушы көркемдік логика, эстетикалық мұратты, реалистік шығарма жасау талап-шарттарын бірінші орынға қойған. Өз атымен, өзінің тіршіліктері нақты, дәмді әрекеттерімен бейнеленген кейіпкерлердің өзін сомдауда жазушы қиялға, авторлық фантазияға мол орын береді. Тыңнан, ойдан шығарылған оқиғалар, ситуациялар, бейнелер толып жатыр. Бұл ретте Әуезов шеберлігі шомбал шұбар тасты ойып, қашап, жан бітіріп, көркем тұлға, жауһар туынды жасайтын тынымсыз еңбекқор мүсіншінің азапты да рахат әрекеттерін еске түсіреді.
Бір адамның, бір шаңырақтың, бір тайпаның, бір халықтың іштей жарылуы, осы іргеден туып, өрістейтін неше түрлі психологиялық хәлдер: түңілу мен үміт, қайратсыздық пен батырлық, надандық пен мәдениет, жақсылық пен жамандық, алауыздық пен бірлік дейсіз бе, әйтеуір қарама-қарсы полюстер, контраст бояулардың шарпысуын, ұстасулар, қақтығысулар кернеуін бейнелеудің хас шебері Мұхтар Әуезов түптеп келгенде, ең биік тұғыр - өмір мен өлімнің соңғы айқасының сан алуан түрлерін жан-жақты суреттейді.
Жазушы алғашқы шығармаларында-ақ өмір мен өлімді қатар-егіз алып, екеуін де тең күйде бейнеледі. Жиырмасыншы жылдардағы жас Әуезов әңгіме, повестерінің көбі адамдардың ерікті-еріксіз ажалдарымен, өліммен аяқталады. Бұл енді тарих сахнасынан кетіп бара жатқан кешегі көшпелі өркениеттің мерт болуы деген идеямен сабақтас көркем ой.
Осы сарынның тереңдеген тосқыны “Абай жолы” эпопеясының басынан аяғынан дейін ыңыранып ағып жатыр: Қодар мен Қамқаның зорлықпен жасалған қанды өлімі, намыстан күйіп кеткен Бөжейдің кекті өлімі, ауыр сырқаттан көктей қиылған Әбіштің аянышты өлімі, асарын асап, жасарын жасап, ұрпағын өсіріп болған Зеренің разы өлімі, қатігез, тас жүрек ру басыларының құрбандығына шалынған титтей Кәмшәттің ащы өлімі, кезінде қылышынан қан тамған Құнанбайдың шымылдық артындағы сопылық, мінажат өлімі, ең ақырында халқының ары мен ұяты, жаны мен сыры, өлеңі мен үні болған дана Абайдың трагедиялық өлімі бар.
Ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс-әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке-бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жолға барлық қайрат-жігерін, өр талантын, сапалы ғұмырын арнаған – қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды үміттің оты маздап жанып тұр.
Әдебиеттер:
1.Ауезова Л.М. Исторические основы эпопеи «Путь Абая». -Алма-Ата: Наука, 1969. -313 с
