Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

МАЗМҰН

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Автомобиль қозғалтқышының дамуы.........................................................4

2 Автомобильдердің жалпы құрылысы..........................................................6

3 Негізгі бөліктер және агрегаттар.................................................................6

4 Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы........................7

5 Автомобильді қауіпсіз басқару әдістері......................................................7

6 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту............................17

7 Көлік қызметтері нарығын дамыту............................................................13

8 Көлік жүйесін өңірлік дамыту....................................................................14

9 Rational Rose бағдарламасында диаграммалар құру................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................24

КІРІСПЕ

 

Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.

Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.

Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы1 (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.

Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.

Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.

XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.

Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.

Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық,экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.

Қозғалтқыш

Қозғалтқыш автомобильдің қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбісінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін.

Автомобиль қозғалтқышының дамуы

Іштен жанатын қозғалтқыштар өзінің жүз жылдан астам тарихында ізашарларымен салыстырғанда қуаттылығы артып, салмағы жеңілдеп және шығыны мен қоршаған ортаға зияны азайып едәуір дамыды. Осы өткен уақыт ішінде көптеген альтернативті автомобиль қошғалтқыш түрлері ұсынылсы да, бүгінгі күнде қолданылып жатқан қозғалтқыштардың орнын алар экономикалық жағынан жөнді түрі табылмады. Осы қозғалтқыштардың қолданатын жанармай түрінің жинақы түрде сақтау мүмкіншілігі мен оның қорының жеткілікті ұзақ қашықтыққа жетуді қамтамасыз ететіндігі мұның басты себептерінің бірі болып табылады.

Алғашқы автомобильдер XVIII ғ. жасалған және сырттан жанатын қозғалтқыш түрі болып табылатын бу қозғалтқыштарымен қозғалатын болған. Бұл қозғалтқыштарда отын қозғалтқыш цилиндрінен тыс бу қазанының пешінде жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Поршеньді қозғалтатын жоғары қысымдағы бу құбыр арқылы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп механикалық жұмыс істейді. Ең алғашқы жұмыс істей алатын бу қозғалтқышын ағылшын Джеймс Уатт жасап шығарып 1784 ж. патенттеген. Сол заманның бу қозғалтқыштары ауыр және үлкен, ал ең бастысы өте төмен пайдалы әсер ету коэффициентіне ие болған.

Жанармай қозғалтқыш цилиндрінің ішінде жанып, ұлғайған газдар поршеньді қозғалтатын тиімділеу қозғалтқыш түрін жасап шығару талаптары тек 1860 ж. француз механигі Жан-Этьен Ленуар тарапынан жұмыс істей алатын іштен жанатын қозғалтқыш жасалып патенттелгенде жетістікке жетті. Бұл қозғалтқышта қозғалатын поршеннің сорып алған газ және ауадан тұратын жанармай қоспасы жүріс жолының ортасында электр ұшқынынан тұтанады. Іштен жанатын қозғалтқыштарды практикалық түрде қолдану мүмкіншілігі тек газдың цилиндр ішінде қысылуы қолданылғанда ғана пайда болды. 1866 ж. неміс өнертапқышы Николаус Август Отто тұтандыру алдында жанармай қоспасын қысу принципі қолданылған төрт тактілі іштен жанатын қозғалтқыштың патентін алды. Осы қозғалтқыш түрінде болатын процесс “Отто айналымы” деп атанды. Осы принциппен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқыштардың бу қозғалтқыштарына қарағанда пайдалы әсер ету коэффициентінің аса жоғары болғандығынан бүгінгі күнге дейін ең көп тараған қозғалтқыш түрі болып келеді. Кейінірек ағылшын Дуглас Кларк екі тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқышты шығарды, бірақ бұл қозғалтқыштар автомобильдерде кең қолданыс таппады.

1892 ж. Рудольф Дизель төрт тактілі Отто айналымымен жұмыс істейтін қозғалтқышқа патент алды. Бұл қозғалтқыштың ерекшелігі цилиндрге ауа мен жанармай қоспасын емес, электр ұшқынын қолдануды керек етпейтін, цилиндрге, кейінірек енгізілген жанармайды тұтандыру үшін жеткілікті жоғары температураға дейін қатты қысылып қыздырылған, тек ауаның енгізілуі болып табылады. Бүгінгі күнде өнертапқышы атымен “дизель” аталатын осы қозғалтқыштар автомобильдердің күш қондырғысы ретінде кең қолданылады.

Құрылысы жағынан автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарын поршеньді және роторды деп екіге бөлуге болады. Поршеньді қозғалтқыштарда жанармай жануынан ұлғайған газдардың әсерінен поршень қозғалып иінді біліктің айналуына алып келеді. Осындай қозғалтқыштарды тұтану әдісіне қарай ұшқыннан (бензинді) және қысылудан (дизель) тұтанатын деп екі топқа бөлуге болады. Роторды қозғалтқыштарда ұлғайған газдар айналатын бөлшек болып табылатын роторға әсер етеді. Роторды қозғалтқыштар газотурбиналы және ротор-поршеньді болып жіктеледі. Автомобильдерде ең кең қолданыс іштен жанатын қозғалтқыштар тапты.

Автомобильдердің жалпы құрылысы

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады.

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.

Негізгі бөліктер және агрегаттар

Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Шанақ – тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста шанақ жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің шанағы жүк тиейтін платформадан (жүктік шанақ) және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш – автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.

Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы

Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.

Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.

Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.

Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді.

АВТОМОБИЛЬДІ ҚАУІПСІЗ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында: Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыру қажет деді.

Өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде білім беру, үйретү,оның ережелері мен нормаларымен таныстыру ,сол сияқты адам өміріне кәдүілгі жағдайда қатер түғанда, содан қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін үйрету жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты болып есептеледі.

Сонау он жылға созылған Ауған соғысы кезінде кеңестік одақтан (15 одақтас Республика бойынша) 13 мың адам көз жұмса, ал мамыражай бүгінгідей уақытта дәлірегі Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жылда 60 мың адам жол-көлік оқиғаларынан  о дүниеге аттанып, 350 мыңға жуық әртүрлі дене жарақатын алған.

      Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлік мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекетті басқару органдары, идаралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді.

  Автомобильдерді басқарғанда орын алатын жол және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы көп жағдайда ондай техникаларды  адамдардың  дұрыс басқаруына байланысты. 

Жүргізушінің қандай қасиеттері болуы қажет. Әрбір адам автомобильді жүргізуді үйрене алады, бірақ техниканы жақсы, сауатты және жол транспорттық оқиғасыз басқаруы үшін жүргізуші белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Ол қасиеттердің негізгілері мыналар: көзбен мөлшерлеуі ерекше, уақыттың қысқа мерзімін бағалай алу қабілеті, назарды жақсы бөле білу және аудара алу, қысыл таяң жағдайда дәл әрі мейлінше жедел реакция жасай білуі, эмоциялық баяндылығы жоғары болуы.

Жол элементтерін көру және түйсіну. Жүргізуші жолдың және оның маңайындағы барлық элементтерді өзінің назарында ұстай білуі қажет.

Жылдамдықты және жүру бағытын көре отырып түйсіну ерекше маңызды роль атқарады. Жолмен жүріп келе жатқанда жүргізуші қозғалмай тұрған әр түрлі заттарға қарап, өзі жүргізіп келе жатқан машинаның жылдамдығын анықтай білуі қажет. Бұл дағды жол айырықтарындағы жағдайларды анықтау кезінде өте қажет-ақ. Жол айырығына таяу келіп қалған машинаның жылдамдығын сезіну, жол айырығына дейінгі қашықтықты және оған дейін жетуге қажетті уақытты анықтай білу, айналып өтер және қуып озар кезде ара қашықтықты және бүйір аралықты дұрыс таңдай білу жүргізушіге тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Назардың нашарлауына шаршау, автомобильді ұзақ уақыт, аялдаусыз жүргізу әсерін тигізеді. Жол-транспорттық оқиғалар көбінесе жүргізуші үздіксіз 10—11 сағат жұмыс істеген соң болып қалып отырады. Назарға психикалық зорығу, ауру, алкоголь күшті әсер етеді.

Жүргізушінің рөльде отырып қалғып кетуі көпшілік жол-транспорттық оқиғалардың себебі болып табылады.

Жүргізушінің жалғыз өзі бірде-бір реакцияны қажет етпейтін бір сарынды жолмен жүріп келе жатқанда ұйқысы келеді. Қалғып кетуді болдырмау үшін жүргізушінің ұзақ сапарға шығар алдында ұйқысын қандыруы қажет, ұйқының алғашқы белгісі біліне бастаған кезде машинадан шығып, жүру және гимнастикалық жаттығу жасау керек, ең жақсысы 20—30 минут ұйықтап алған жөн.

Жүргізушінің көңіл күйі жақсы болса, оның айналадағы жағдайды сезінуі өте дәл, реакциясы тым тез, қозғалысы аса үйлесімді болады. Ол жүргізушінің психикалық күйіне байланысты. Қайғы, ауыр күйзеліс қарама-қарсы нәтижеге әкеп соқтырады, адам селқос болып қалады.

Жүргізушінің мына формула бойынша әрекет етуі қажет: мұқияттылық, байқампаздық, сезімталдық, батылдылық. Бұларға қоса сақтық, ептілік және гумандылық та қажет.

Түнгі рейс алдында машинаның техникалық күйін мұқият тексеріп шығу керек; жүргізушінің алдағы маршрутты (жүруге қиындық келтіретін учаскелерді, өр мен ылдиды, көпір мен өткелдерді) жақсылап зерттеп алуы қажет.

Автомобильдің, доңғалақты трактордын, және басқа өздігінен жүретін машиналардың аударылуына жиі себепші болатындар мыналар: шұғыл бұрылыстар мен тайғақ жолдарда жылдам жүру; бір бүйірге алып қашу және оның кенет тоқталуы; артқы доңғалақтың борттық тасқа немесе басқа кедергілерге тірелуі; рульдік дөңгелекті шұғыл бұру; кенет тежеу; автомобиль қорабында, тіркемеде жүкті бірқалыпсыз орналастыру.

Жүргізушінің бұрылысқа қарама-қарсы жаққа бағытталған көлденең көлбеулігі бар жолда бұрылу кезінде өте сақ болғаны жөн. Жүктің дұрыс орналаспауы бұрылыс кезінде бүйірге қисаюына әсер етеді, мұндай кұбылыс сұйыққа онша толмаған автоцистернаның жүрісі кезінде болады. Машинаның ауырлық центрі биіктеу (тіркеме қорабы жүкке толтырыла тиелген кезде) орналасқан сайын, бұрылыста жүру жылдамдығы едәуір баяулатылуы тиіс.

Бұрылыста, әсіресе тайғақ жолда, тежеу немесе жылдамдықты арттыру өте қауіпті, себебі доңғалақты тежеу немесе тарту күштерінің әсерінен жолдың жабынымен екі аралықтағы ілініс коэффициенті төмендеп аударылып кетуі мүмкін. Машинаның алдына немесе артына қарай алып қашу білінісімен оны тоқтату үшін былайша істеу қажет: машинаның   алдыңғы бөлігің алып қашқан кезде рульдік дөңгелекті алдыңғы  доңғалақтарының сырғанау бағытына қарама-қарсы жаққа бұрады, ал машинаның  артқы осінің алып қашуы кезінде — алып қашу бағыты жағына бұрады.

      Еліміз жолдарындағы көліктердің бір-бірімен соқтығысып немесе жаяу жүргіншілерді қағып, басып кету салдарының негізгі үш себепке байланысты:

-  жүргізуші жол жүру ережесін талапқа сай білмейді;

-  жүргізуші өтілі аз немесе қасақана тәртіп бұзып, жол жүру ережесін сақтамайды;

-  жол, көлік және жаяу жүргіншілер кінәсінен.

Аттестаттау қорытындысымен  бірқатар басшылар ауысып кетті. Қызметтен кеткендердің басым бөлігі осы жол полициясында істейтіндер. Жол ережесін сақтамағандарға заңды күшейту керек. Айыппұл көлемін бірнеше есеге арттыру жағын қарастыруды халық қалаулары Парламентке ұсынуы қажет.

Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін сараптама тобы бір қатар ұсынысты ортаға салды. Олардың қатарында: белгіленген салмақтан тыс жүк артатын ауыр автокөліктердің жүрмеуіне қатаң бақылау жасау, тасымалдаушы кәсіпорындар өкілдерінің жол полициясы қызметкерлерімен және осы саладағы басқада құзырлы органдармен  бірлесе отырып, жергілікті жерлердегі қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік, нұсқаулық белгілері мен жолдың  сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру мәселесі бар. Сонымен бірге, қалааралық трассаларда жүргізушілердің демалуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы орындар ұйымдастыру, қалааралық трассаларда белгілі бір жерлерге жедел көмек қызметін (01, 02, 03) шақыру мақсатында телефон бекеттерін орнату, В, С, Д категориялы жүргізушілерді оқытуды арнайы базасы мен оқытушылары  бар автокомбинаттарда өткізу, оқу соңынан жүргізушілерді 3 айлық мерзімде өндірістік тәжірибеден өткізуін ұйымдастыру, жол полициясы басқармасында өтетін сынақтарда емтихан тапсырушының жол жүру ережесін білуі, тәжірибеден өткендігі туралы анықтаманың сұралуы қажет деген сияқты талаптар бар. 

Қорыта айтқанда,  автомобиль адамның жәрдемшісі, алайда ол олақтың қолына түссе оның өзіне зиян келтіруі мүмкін. Мұндай қолайсыз жайды болдырмау үшін жол және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмаған жөн.

Апаттың барлығы жол полициясы мен көліктің бақылау инспекциясына итеріп тастап, бақылаушы болып отыру әділеттікке жатпайды. Ел қоғам болып күресуіміз керек.

Мамандардың статистикалық мәлімет негізінде берген материалдар бойынша жол-көлік оқиғасының 60 пайызы қыс мезгілінде болады екен. Апта ішіндегі ең қауіпті күндер: жұма, сенбі, ал тәулік ішінде- 16.00-20.00 ге дейінгі уақыт аралығы.

Көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру

Көлік жүйесінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің барынша маңызды шарттары оның теңгерімділігі мен өзіндік жеткіліктілігі болып табылады. Нақ осы екі шартты орындау қандай да бір міндеттерді шешуге арналған бағыттар мен күш-жігерді шоғырландыру дәрежесін анықтай отырып, экономика мен халықтың көлік қызметтеріне қажеттіліктерінің өзгеруіне уақтылы және жедел ден қою қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бір жағынан, көлік жүйесінің өзіндік жеткіліктілігі мемлекеттің қатысуын жоққа шығармайды, екінші жағынан – көлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне шектен тыс және негізсіз араласу көлік жүйесінің дамуындағы теңгерімдікті бұзып, тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және құқық қолданумен қатар, мемлекеттің фискальдық саясаты мемлекеттік реттеудің барынша пәрменді және тиімді құралы болып табылады және көлік жүйесінің дамуына ықпал ететін болады.

Сөйтіп, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру тікелей және жанама реттеу салаларын қамтитын болады және мынадай негізгі бағыттардан тұрады:

көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру;

көлік субъектілерін, өнімдері мен қызметтерін лицензиялау мен сертификаттау тетіктерін жетілдіру;

көлік қызметінің жекелеген түрлерінде тарифтік-баға реттеуді жетілдіру;

көлік саласындағы фискальдық саясатты жетілдіру;

көлік саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау;

көліктегі бақылау-қадағалау қызметінің (құқық қолдану тетігінің) тиімділігін арттыру;

орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыру;

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін және тасымалдар көлемін болжау әдістерін пайдалану негізінде көлік кешенін дамыту мен жаңғыртуды жоспарлаудың бірыңғай жүйесін құру;

көлік саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту;

көлік кешеніндегі инвестициялау үшін қолайлы ахуал жасау және қаржы институттарын ынталандыру;

қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру;

көлік саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау.

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР: 

мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің функциялары мен өкілеттіктерін бөлу;

көлік саласында техникалық реттеу (техникалық регламенттер) саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

көліктің әрбір түрінің функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, бірыңғай көзқарас негізінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;

бірыңғай көлік кешені шеңберінде көліктің жекелеген түрлерін және олардың инфрақұрылымын дамыту;

көлік қызметтері мен инфрақұрылым қызметтері нарығында бәсекелестікті дамыту және монополиялық саланы қысқарту;

энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны көліктің келеңсіз әсерінен қорғау.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР: 

құқық бұзушылыққа барабар әкімшілік ықпал етуді қамтамасыз ететін және бақылаушы органдар тарапынан қызмет бабын теріс пайдаланушылыққа жол бермейтін құқық қолдану жүйесінің тиімділігін арттыру;

көлік қызметінің жекелеген түрлерін мемлекеттік қолдау;

тоғыспалы субсидиялауға жол бермеу.

3.2. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

Инфрақұрылымның даму деңгейі көлік жүйесінің тиімділік дәрежесін айқындайды. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесін құру, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу;

магистральдық темір жол желісінің, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, қалалардағы көше-жол желілерінің және ішкі су жолдарының тасымалдау және өткізу қабілетін, сондай-ақ теңіз, өзен және әуе порттарының өндірістік қуаттарын арттыру;

логистика қағидаттарын пайдалана отырып, оңтайлы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, жолаушы және жүк тасымалдарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде барлық көлік түрлері арасындағы технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша меридиандық және ендік орналасудың жетілдірілген моделі негізінде мультимодальдық көлік дәліздерін, терминалдар желісін және көлік-логистикалық орталықтар құру;

Қазақстанның ірі қалаларындағы жолаушы көлігі жүйесін дамыту және жетілдіру. Астана және Алматы қалаларында жолаушылар ағыны ерекше қауырт учаскелерде, оның қозғалысына жолақтар бөлуді ұйымдастыра отырып, рельспен жүретін жылдам электр көлігі жүйесін құру.

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:

инфрақұрылымды дамытудағы басымдық барлық елді мекендердің және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы объектілерінің оған жыл бойғы қол жетімділігін қамтамасыз ету болуы тиіс;

инфрақұрылымды дамыту әлемдік ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен қолдану базасында жүзеге асырылуы тиіс;

инфрақұрылым объектілерін жоспарлау өндірістік күштерді орналастырудың, елді мекендерді, аграрлық секторды дамытудың және Қазақстанды аумақтық дамытудың перспективті жоспарларымен байланыстырылуы тиіс;

инфрақұрылымды пайдалану оны ұстауға арналған шығындарды пайдаланушылардан алынатын алымдар есебінен қалыптасатын кірістермен барынша жаба отырып, коммерциялық негізде жүзеге асырылуы тиіс;

инфрақұрылым объектілерін салудың және олардың жұмыс істеуінің міндетті шарттарының бірі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухаты мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету болуы тиіс.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР:

көлік инфрақұрылымын бірыңғай көлік жүйесін құру шарттарының бірі ретінде кешенді дамыту;

көлік инфрақұрылымын жоспарлаудың, жаңғырту мен дамытудың негізі ретінде елді әлеуметтік-экономикалық дамыту;

көлік инфрақұрылымын дамытудың инвестициялық-инновациялық моделін қолдану.

Көлік қызметтері нарығын дамыту

Көлік қызметтерінің отандық нарығын дамыту үшін еркін бәсекелестік пен салауатты нарық қатынастарының маңыздылығын сезіне отырып, мемлекет нарықты ырықтандыру және операторлар мен нарықтың басқа да субъектілерінің шаруашылық қызметіне мемлекеттің қатысуын шектеу саясатын жүргізуді жалғастырады.

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:

нарықтық реттеу негізінде көлік қызметінің әлеуетті бәсекелес және монополиялық салаларын бөлу мен тарифтік реттеу саласын қысқарту болуы тиіс;

көлік қызметтері мен инфрақұрылым қызметі нарығына барлық шаруашылық субъектілері үшін қол жетімділіктің тең шарттарын қамтамасыз ету.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР:

тасымалдаушылардың, экспедиторлар мен көлік қызметін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін арттыру;

қызметтер ұсыну сапасын бақылау жүйесін ИСО халықаралық стандарттар талаптарына сай дамыту;

көлік қызметтерінің экспортын дамыту және көлік қызметтерінің халықаралық нарығында отандық операторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау.