
- •І. Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың түсінігі
- •1.2 Заңды тұлғаның түрлері
- •1.3 Заңды тұлғалардың қайта құру, тарату және тіркеу мәселелері
- •2.1 Акционерлік қоғам түсінігі, құқықтық жағдайы
- •2.2 Шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив құқықтық жағдайы
- •2.3 Коммерциялық емес ұйымдар ерекшеліктері
- •Қорытынды
Қорытынды
Бүгінгі таңда заңды тұлғалар қатары күннен-күнге молайып келеді. Бірақ олардың саны бар да, сапасы жоқ. Олай дейтініміз, қаптаған заңды тұлғалар арасында құлашын кеңінен жазып қарымды құқықтық қарекет қылып жатқандары аз. Тіпті бірқатары ештеңе өндіре алмаған соң заңды тұлға дегенді пайдаланып, қылмыстық әрекеттерге баратыны да айтылып жүр. Сондықтан да қазіргі кезде елдердегі секілді қылмыстық жауапкершілікті қарастыру қажеттігі туындап отыр. Ал бұл мәселелерді шешудің жолдары қандай?
Міне, осыған орай жақында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қаржы полициясы академиясында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» атты ғылыми-теориялық семинар болып өтті. Семинарда тек біздің елімізде ғана емес, өзге де мемлекеттердің бас ауыртар ауыртпалығына айналған қағаз жүзінде бар, ал негізінде жоқ, жалған заңды тұлғалармен күрес барысы, оларды болдырмаудың құқықтық жолдары, заңды тұлғаларға жауапкершілікті күшейту жағдайлары, еліміздің кейбір заңды актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін көздейтін мәселеге қатысты өзгертулер мен толықтыруларды ендіру туралы қатысушылардың ой-пікірлері талқыға салынды.
Бұл сұрақтардың астарына мән жүгірткен аталған семинарға қатысушылар көптеген жәйттің бетін ашты. Елімізде тіркелген 280 мың заңды тұлғалардың 170 мыңға жуығы яғни 60,1 пайызы мүлде жұмыс істемейтін көрінеді. Демек, бұлар, қоғамның игілігіне емес, керісінше елді тонау мақсатында түрлі алаяқтықтар жасау үшін құрылған. Тіпті солардың бірқатары қылмыстық жолмен түскен материалдық қаражатты заңдастырумен айналысады. Сондықтан да семинарда бас қосқан еліміздің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін арттыру қажет деген ой түйді.
Мұндай мәселе бұрын да көтеріліп, енді әбден пісіп-жетілгені белгілі. Еліміз БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясын 2008 жылы бекітті. Осыған орай, халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес ұлттық құқық Конвенцияда көрсетілген нормалармен сәйкестендірілуі қажет. Яғни, БҰҰ Конвенциясының 26-бабында қатысушы-мемлекет «заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін анықтайтын» шараларды қарастыруы керек екендігі тайға таңба басылғандай жазылған. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы негізінде қойылған басты міндеттердің бірі – экологиялық және басқа да қылмыстар үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі болып табылады.
Осы мәселелердің бәрін жан жақты талқылаған семинарға қатысушылар заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін арттыру кез келген кәсіптің игі мақсатты ғана көздеп, заң талаптарына сай өркендеуін алға тартты.
Сонымен қатар, кез келген заңды тұлға жалпы ереже бойынша өзінің органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді жүктейді. ҚР АК-нің 37-бабы 1-тармағы органдардың заңды тұлға ретінде әрекет қабілеттілігін жүзеге асыруындағы рөлін белгілейді.
Осы тұрғыда лауазымды тұлғалар заңды тұлға органын қалып-тастыратындығы жайлы бірер сөз. Қазақстандық акционерлік заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалар болып акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға танылады. Әлбетте, акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік қоғамның жоғары органы бола тұра, ол лауазымды тұлғалардан емес, акционерлерден қалыптастырылады. Келесі бір жайт, заңды тұлға органдарының басқарушылық қызметті жүзеге асыратындығында болып тұр.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Азаматтық кодексі. – Алматы, 1997
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтардағы № 1872-XII Қазақстан Республикасының Заңы
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазастан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы
4. ҚР Азаматтық құқығы, Алматы, 2007.- 177 б.
5. Таңатаров А. Заңды тұлғалар қылмыстық құқықтық субъектісі ретінде//Заң және заман, 2010 – 45 б.
6. Долинская В.В. Акционерное право. – М., 2001.- С. 349
7. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы – 2001-116 б.
8. Милькова Л. Ф. Органы юридического лица. Автореф. дис. . канд. юрид. наук. Свердловск, 1988. – С. 133
9. Әріпжан Ғ. Заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі.- Астана хабары.- 2007.- 4 маусым.- 5 б.
10. Басин Ю. Юридические лица по гражданскому кодексу РК: Понятие и общая характеристика.- Издательства «Әділет-Прес», 2003.- С. 99
11. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы// 2013 жылғы 31 желтоқсан №1570 Астана
12. Гражданское право РК.-А., 2007
13. Мейіржанов К. Заңды тұлғалардың түсінігі.- Заң. №11-2012 ж.
14. Сапарбаев Ж. Заңды тұлғаларды тіркеу.- Заң және заман. №7-2013 ж.