Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИОМЕТРИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647.03 Кб
Скачать

9. Графикалық әдістер

1. Schwarz диаграммасы уақытша тістем кезінде тіс қатарларының пішінін бағалауда қолданылады. Диаграмманы құрастыру уақытша тістем кезінде тіс қатарларының формасы жартылай дөңгелек болуына негізделеді. (Сурет 10).

Диаграмманы құрастыру әдісі:

1. Уақытша екінші молярлардың дистальды ұрттық төмпешіктерінің арасын өлшейді. Ол сан жартылай дөңгелектің диаметрі болып сналады.

2. Кейін алынған жартылай дөңгелекке мүсінді қойып тістер бойымен сызып шығады. Алынған нәтижені нормамен салыстырады.

2. HawleyHerberHerbst диаграммасы, Шварц диаграммасы сияқты, тіс қатарларының формасын бағалау үшін қолданылады, бірақ тұрақты тістем кезінде. Диаграмманы Hawley 1904 жылы, ал Herber және Herbst 1907 жылы ұсынды. Диаграмма жоғарғы алдыңғы тістердің сауыттырының Мd мөлшерлерінің қосындысы және тіс қатарының пішіні мен көлеміне негізделген. (Сурет 11).

Диаграмманы құру әдісі:

1. Бір жағындағы орталық, бүйір күрек тіс пен сүйір тістің сауыттарының Мd мөлшерін өлшеп қосындысын анықтап, АВ радиусын табады (кіші– r), орталығы В нүктесі болатын кіші дөңгелекті циркульмен сызады.

2. А нүктесінен кіші радиуыстың санына тең етіп алып АС және АD нүктелерін табады. САD қисық сызығы алдыңғы алты тістің орналасатын аймағы болып табылады.

3. Е нүктесінен С және D нүктелерінен өтетін сызық жүргіп А нүктесінен өтетін сызықпен қосады, нәтижесінде ЕCD теңбүйірлі ұшбұрышы пайда болады (EC= CD= ED).

4. Осы үшбұрыштың қабырғасына тең етіп радиус алып, нүктесінен О нүктесін алады. О нүктесінен А нүктесін жанасып өтетіндей үлкен дөңгелекті сызады.

5. М нүктесінен радиусқа тең болардай етіп J және H нүктелерін табады.

6. J нүктесін D нүктесімен және H нүктесін С нүктесімен қосып, кривую НСАDJ қисық сызығын алады, ол жоғарғы жақтың тіс қатарының сызығы болып табылады (по Hawley).

7. Herbst Н нүктесін А нүктесімен және J нүктесін А нүктесімен қосы, горизонтальды диаметрде пайда болған N және P нүктелерін анықтайды. NСАDР қисық сызығы жоғарғы тіс қатарының Hawley–Herber–Herbst бойынша дұрыс қалыптасқан пішіні болып табылады.

Төменгі жақ тіс қатарының дұрыс пішінін анықтау үшін алғашқы радиуты 2 мм азайтып алады (Hawley пікірі бойынша). Сонымен қатар САD қисық сызығында күрек тістермен сүйір тіспен қатар бірінші премолярлар да орналасады.

Тіс қатарының сәйкестігін анықтау үшін диагностикалық мүсінді сызбаға таңдай жігі арқылы өтетін орталық сызық диаграмманың өсімен сәйкес келетіндей етіп қояды.

Дәрігер ортодонттың жұмысын жақсарту үшін Schwarz және Hawley–Herber–Herbst диаграммаларының дайын үлгілері бар . Олар тістердің өлшемдеріне байланысты әр өлшемде дайындалған. Үлгілерді қолданған дәрігер-ортодонттың тәжірибелік жұмысында қолдануын жеңілдетеді.