Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИОМЕТРИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647.03 Кб
Скачать

7. Тіс қатарларының симметриялылығы мен сегменттерінің арақатынасын анықтау

Тіс қатарын Gerlach әдісі бойынша сегменттерге бөлу, тіс қатарларының сегменттерінің арақатынасын және тістердің мезиодистальды мөлшерлерінің ұлғаюы және тіс қатарының тарылуы мен қысқаруынан болған тістердің тығыз орналасуын талдау үшін қажет.

Сурет ?. Тіс қатарларын Gerlach бойынша сегменттерге бөлу.

Суретте тіс қатарларының сегментерге бөлінгені көрсетілген: орталық және бүйір күрек тістерден құралған фронтальды (SI – алдыңғы жоғарғы сегмент және Si – алдыңғы төменгі сегмент), сүйір тіс, премоляр және молярдан құралған (L or және L ol – жоғарғы оң және сол бүйір сегменттер; L ur және L ul – төменгі оң және сол бүйір сегменттер, L – ол ұзындығы). Әріп мағыналары неміс тілінен алынған: : L (Lange) – ұзындығы, о (Oberkiefer) -жоғарғы жақ, u (Unterkiefer) - төменгі жақ, r (rechts) – оң, l (links) – сол.

Сегменттердің ара қатынасын Герлах формула түрінде ұсынды:

Бүйір сегменттерді бүйір күрек тіс пен сүйір тістің түйіскен жерінен бастап (немесе сүйір тістің мезиалды бетікейінен) бірінші моляр мен екінші молярдың түйіскен жеріне дейін (немесе бірінші тұрақты молярдың дистальды бетіне дейін) өлшейді. Ортогнатиялық тістемде жоғарғы және төменгі тіс қатарларының бүйір сегменттері тең болады, ол алдыңғы бөлікте ∑ 4 I қосындысы ∑ 4 i қосындысынан Тоnn индексіне үлкен болады яғни 1,35-ке.

Бүйір тістердің нейтралды қатынасында жоғарғы сегменттің мөлшері төменгі сегментке қарағанда артық болса ол терең күрек тісік жабылудың көрсеткіші болады. Егер алдыңғы сегмент бүйір сегментпен тең немесе одан үлкен болса тістердің тығыз орналасуының себебі макродонтия. Егер алдыңғы тістер тығыз орналасса, ал алдыңғы цемент бүйір сегменттен кіші болса оның себебі тіс қатарының тарылуы мен қысқаруы болып табылады.

Fuss (1966) тіс қатарларының физиологиялық асимметриясы және жоғарғы бүйір тістердің мезиальды ығысуының дифференциялды диагностикасын, жоғарғы тіс қатарының оң және сол жақ диагностикалық үшбұрыштарының пішіні мен мөлшерінің көмегімен анықтауды ұсынды. (Сурет 9).

Оң және сол ұшбырышқа ортақ катет ретінде таңдайдың орталық жігі болып табылады. Үшбұрыштың екінші катеті – Pont нүктелерінен премоляр мен тұрақты бірінші молярдан (немесе уақытша молярдан) таңдайдың орталық жігіне жүргізілген перпендикуляр. Гипотенуза болып Pont нүктесінен орталық күрек тістердің қосылған жеріне дейін жүргізілген сызық болып есептеледі.

Fuss әдісі жоғарғы бүйір тістердің сагиттальды және трансверзальды бағытта біржақты сәйкессіздігін анықтау үшін қажет.

8. Вертикальды өлшеулер

Вертикальды ауытқуларды анықтау үшін мүсінді алдынан көз деңгейінде ұстап, елестеткен окклюзиялық жазықтық горизонтальды сызықмен өтуі керек. Сонда горизонтальды сызыққа премолярлардың ұрттық төмпешігі, тұрақты бірінші молярлардың медиальды – ұрттық төмпешігі тиіп тұруы қажет .Осылай қандай тіс окллюзиялық жазықтықтан жоғары немесе төмен орналасқанын анықтауға болады.

Ашық тістесуде вертикальды саңылауды өлшеу үшін милиметрлі сызғыш қолданылады, ал терең тістесуде вертикальды жабылуды нақтырақ анқытау үшін профильді телерентгенограммалар қолданылады.