- •Жақ сүйектерінің диагностикалық мүсіндерін биометриялық зерттеу әдістері
- •Сүт тістердің сауыттарының енінің орташа шамасы, мм (Ветцель бойынша,1950)
- •Тұрақты тістердің сауыттарының мөлшерлері, мм (в.Д.Устименко бойынша,1973)
- •2. Тіс доғасының енін анықтау
- •3. Тіс доғасының енін анықтау
- •4. Тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығын анықтау
- •5. Уақытша тістем кезінде балалардың тіс қатарларының трансверсальды және сагиттальды мөлшерлерін анқытау.
- •6. Жақтардың апикальды негізінің мөлшерін анықтау
- •7. Тіс қатарларының симметриялылығы мен сегменттерінің арақатынасын анықтау
- •8. Вертикальды өлшеулер
- •9. Графикалық әдістер
3. Тіс доғасының енін анықтау
Pont әдісі (Франция) жоғарғы және төменгі тіс доғасының дербес енін (трансверзальды жазықтықта) анықтай отырып, оның тарылуы мен кеңеюін табады.
А. Pont ортогнатиялық тістемі бар диагностикалық мүсінде тұрақты бірінші премоляр және тұрақты бірінші моляр аймағындағы тіс қатарының ені мен жоғарғы жақтың күрек тістерінің Мd мөлшерінің қосындысының арасындағы үйлесімділігін анықтады. Яғни, күрек тістерінің Мd мөлшерінің қосындысына қарағанда премолярлардың арасындағы арақашықтық ¼ көп, ал молярлар арасында– ½ көп. Осы заңдылықтың негізінде индекстер анықталды: премолярлы индекс– 80, молярлы индекс – 64. Осы индекстер көмегімен тіс қатарының дербес енін келесі формуламен анықтауға болады:
премоляр аймағындағы тіс қатарының ені |
∑ 4 I = --------- × 100; 80
|
моляр аймағындағы тіс қатарының ені |
∑ 4 I = --------- × 100. 64
|
Бұл норманы Korkhaus) кестесінен де алуға болады.
Тіс доғасының дербес енін диагностиалық мүсінде анықтауды келесідегідей жүргізеді: жоғарғы жақтың күрек тістерінің Мd мөлшерлерін анқытап қосындысын табады, кейін премоляр және моляр арасын өлшейді. Өлшеу нүктелері (сурет 6):
премоляр аймағында
– жоғарғы жақта – бірінші премолярдың көлденең фиссурасының ортасы (немесе уақытша бірінші моляр),
төменгі жақта – вестибулярлы беткейінен премояларлар арасындағы нүкте (немесе уақытша молярлардың);
– молярлар аймағында
жоғарғы жақта – төмпешікаралық фиссураның алдыңғы тереңдеуі,
төменгі жақта – тұрақты бірінші молярдың артқы ұрт төмпешігінің шыңы немесе бес төмпешігі бар молярлардың ортасындағы төмпешіктің ортасы.
Алынған нәтижеден норманы азайтады (формула бойынша есептелген). Егер мағынасы теріс болса тіс қатары тарылған, оң болса – кеңейген.
Мысалы: ∑ 4 I = 32,4 мм. Диагностикалық мүсінде жоғарғы жақтың премолярлардың арасы = 33,5 мм, төменгі жақта = 40,5 мм; жоғарғы жақтың молярларының арасы = 45,5 мм, төменгі жақта = 50,5 мм. Дербес норманы формула бойынша есептейді:
премоляр аймағындағы тіс қатарының ені |
32,4 мм × 100 = --------------------- = 40,5 мм; 80
|
моляр аймағындағы тіс қатарының ені |
32,4 мм × 100 = --------------------- = 50,62 мм. 64
|
Кейін алынған нәтижелерден норманы азайтады – жоғарғы жақтың премолярлардың арасында 33,5 мм – 40,5 мм = –7,0 мм, төменгі жақта 40,5 мм – 40,5 мм = 0; молярлар арасында 45,5 мм – 50,62 мм = – 5,12 мм, 50,5 мм – 50,62 мм = –0,12 мм. Қорытындылай келегенде, жоғарғы жақтың премояларлар аймағында тіс қатары 7,0 мм тарылған, молярлар аймағында 5,0 мм тарылған.
Linder и Harth (1930, 1931) бетінің типі тар адамдар мен ерте алмасу тістесуіне байланысты индексті сандарға түзетулер енгізді. Олардың есептеуі бойынша премолярлы индекс 85, молярлы – 65 құрайды.
