Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИОМЕТРИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647.03 Кб
Скачать

Жақ сүйектерінің диагностикалық мүсіндерін биометриялық зерттеу әдістері

Жақ сүйектерінің диагностикалық мүсіндерін биометриялық зерттеу және алынған нәтижелерді талдау тістердің тістердің тығыз орналасуын, жақ сүйектері және тістердің мөлшерлерінің сәйкес келмеуін, тіс қатарларының тарылу және қысқаруын, жақтардың апикальды негізінің жетілмеуін анықтау мақсатында қолданылады.

Науқасты алғашқы қабылдауда арнайы массаның көмегімен жақ сүйектерінен қалып алынады. Қалыпта альвеола өсінділері, апикальды негіз және таңдай күмбезі, тіласты аймағы, тіл және еріннің үзеңгілері жақсы белгіленуі керек. Мүсінді ғаныштан немесе суперғаныштан алады. Мүсіннің негізін арнайы резеңкелі формалармен дайындауға немесе кесу арқылы қалыптастыруға болады. Мүсін іргесінің бұрыштары сүйір тістердің сызығына, ал негізі тістердің шайнау беткейіне параллельді болуы керек. Мүсінге науқастың аты-жөнін, жасын және қалыптың алынған күнін жазады. Бұл мүсіндер диагностикалық мүсіндер деп атайды.

Тістердің, тіс қатарларының және апикальды негізді өлшеу үшін штангенциркуль және де ортокрест, симметроскоп, ортометр құралдары қажет.

Мүсінді өзара перпендикуляр үш жазықтық бойынша өлшейді: сагиттальды, окклюзиялық, туберальды (фронтальды) және сәйкесінше үш бағытта: сагиттальды, трансверзальды және вертикальды.

Сурет 1. Жақ сүйектерінің мүсіндерін өшлеуге арналған жазықтықтар:

1 – окклюзиялық, 2 – сагиттальды, 3 – туберальды.

Тістерді өлшеу. Тістің сауытының енін, биіктігін және қалыңдығын өлшейді. Енін барлық тістердің ең кең жерінен - экватор аймағында өлшейді, бірақ төменгі күрік тістердің кесу қыры аймағынан өлшейді. Алдыңғы топ тістерге бұл – тістің мезиолатеральды мөлшері, бүйір тістерге – мезиодистальды мөлшер деп аталады.

Тұрақты тістердің сауыттарының биіктігін кесу қырынан қызылиек шетіне дейін: алдыңғы тістерде – вестибулярлы бетінің ортасынан, бүйір тістерде – ұрт төмпешігінің ортасынан өлшейді.

1 2 3

Сурет 2. Штангенциркуль көмегімен тіс сауытының: 1 –биіктігін, 2 –енін, 3 – қалыңдығын өлшеу.

Тіс сауытының мөлшерлерінің орташа шамасы сүт тістер Ветцель, тұрақты тістер В.Д. Устименко кестесінде көрсетілген (1,2 кестелер)

1 кесте

Сүт тістердің сауыттарының енінің орташа шамасы, мм (Ветцель бойынша,1950)

Жақ сүйектері

Орталық күрек тіс

Бүйір күрек тіс

Сүйір тіс

Бірінші моляр

Екінші моляр

Жоғарғы жақ

6,75

5,4

7,1

7,2

8,0

Төменгі жақ

4,55

4,85

6,1

6,0

10,75

2 кесте

Тұрақты тістердің сауыттарының мөлшерлері, мм (в.Д.Устименко бойынша,1973)

Тіс

Мөлшерлері

ені

биіктігі

қалыңдығы

Жоғарғы жақ

1|1

8,5

8-9

8,9

8,2-9,7

7,2

6,7-7,7

2|2

6,5

6-7,1

7,8

7,1-8,5

6,3

5,7-6,7

3|3

7,6

7,1-8,1

8,9

8-9,6

8,2

7,7-8,7

4|4

6,7

6,2-7,2

7,3

6,6-8

9

8,5-9,5

5|5

6,4

6-7

6,1

5,3-6,9

9,2

8,6-9,9

6|6

9,4

8,7-10

5,2

4,5-5,9

10,9

10,4-11,2

7|7

9,4

8,7-10

5,2

4,5-5,9

10,9

10,4-11,2

Төменгі жақ

1|1

5,3

4,9-5,6

7,8

7-8,6

6,1

5,6-6,6

2|2

6

5,6-4,6

7,9

7,2-8,7

6,3

5,8-6,8

3|3

6,7

6,3-7,2

9,4

8,5-10,2

7,5

7-8

4|4

6,8

6,4-7,3

7,8

7,2-8,5

7,6

7,1-8,1

5|5

7

6,5-7,4

6,7

6-7,3

8,1

7,6-8,6

6|6

10

10,3-11,7

5,5

4,4-6,1

10,3

9,7-10,8

7|7

10,2

9,6-10,8

5,2

4,5-5,9

10,1

9,6-10,6

Әдістемелік нұсқамада келесі көрсеткіштер қарастырылады:

1. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің тістерінің мөлшерлерінің сәйкес келмеу индексі

а) Тоnn индексі (З.В.Долгополова, А.М.Малыгин, Gerlach).

2. Тіс доғасының ұзындығын анықтау

а) фронтальды жетіспеушілік;

б) Moyers әдісі (Tаnakа және Johnson модификациясы);

в) N. Nance әдісі.

3. Тіс доғасының енін анықтау

а) Pont әдісі.

4. Тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығын анықтау

а) G. Korkhaus әдісі.

5. Балаларда уақытша тістем кезінде тіс қатарларының трансверсальды және сагиттальды мөлшерлерін анықтау

а) З.И. Долгополова әдісі.

6. Жақтың апикальды негізінің мөлшерін анықтау

а) Н.Г. Снагина модификациясы бойынша H. Howes әдісі.

7. Тіс доғасының сегменттерінің симметриялығы және ара қатынасын анықтау

а) Gerlach әдісі;

б) Fuss әдісі.

8. Вертикальды өлшеулер

а) окклюзиялық қисықтың сагиттальды жазықтығы бойынша.

9. Графикалық әдістер

а) Schwarz диаграммасы;

б) Hawley–Herber–Herbst диаграммасы.

1. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің тістерінің мөлшерлерінің сәйкес келмеу индексі

Р. Тоnn тұрақты ортогнатиялық тістем кезінде жоғарғы және төменгі күрек тістердің мезиодистальды мөлшерлерінің (Мd –тіс сауытының ең кең бөлігінен өлшенеді) қосындысының арасындағы сәйкестікті анықтады. (сурет 1).

∑ 4 I жоғарғы жақ сүйегінің

= 1,35 –Тоnn индексі

∑ 4 i төменгі жақ сүйегінің

∑ 4 I – жоғарғы жақ сүйегінің төрт күрек тістерінің Md мөлшерлерінің қосындысы

∑ 4 i – төменгі жақ сүйегінің төрт күрек тістерінің Md мөлшерлерінің қосындысы.

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектері күрек тістерінің Мd мөлшерлері сәйкес келмегенде Тоnn индексі өзгереді. Индекстің жоғарылауы терең күрек тістік жабылуға сәйкес келеді –Малыгин индексі – 1,42, ал төмендеуі – тік тістемге сәйкес келеді –Gerlach индексі – 1,22.

З.В. Долгополова Тоnn әдісі бойынша жоғарғы және төменгі күрек тістердің мезиодистальды мөлшерлерін уақытша тістем кезінде анықтады, оның индексі 1,33 тең.

Тоnn индексінің көмегі бойынша аралас тістем кезінде жоғарғы жақтың бүйір күрек тісінің мөлшерін анықтауға болады: ∑ 4 i × 1,35 = ∑ 4 I, анықталған ∑ 4 I санынан орталық күрек тістер сауытының ∑ Md мөлшерін азайтып бүйір күрек тістердің Md мөлшерін табады, ол санды екіге бөліп, жоғарғы жақтың бүйір күрек тісінің болжамды Md мөлшерін шығарады. Мысалы: ∑ 4 i = 20,8 мм болсын. 20,8 мм × 1,35 = 28,08 мм – бұл жоғарғы 4 күрек тістердің болжамды Md мөлшерінің қосындысы. Кейін 28,08 мм – 15,6 мм (жоғарғы орталық күрек тістердің Мd мөлшерлерінің қосындысы) = 12,48 мм. 12,48 : 2 = 6,24 мм. 6,24 мм – жоғарғы жақтың бүйір күрек тісінің болжамды Md мөлшері.