Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_3929.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
241.15 Кб
Скачать

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау

Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастардың жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен тараған.

Лизинг феномені 80-жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде емес кепілдік пен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқа да қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.

Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірістік қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізгендіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметінің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болса, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.

Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге болатын лизингілік мәмленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады, шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.

Қаржылық лизинг – банк лизингке алушының тапсырысы бойынша сатып алған жабдықты немесе техниканы клиентке жалға беру, ал жал мерзімі аяқталған кезде сол мүлікке меншік құқығы да клиентке беріледі.

- лизинг өндіріс құралдары қоры нарықтың заманымызға лайық талаптарына сәйкес ұстауға мүмкіндік береді, ал бұл сіздің бәсекелестік қабілеттеріңізді артты түседі.

- лизинг лизингке алушының таза табысын сақтай отырып және оның тиімділігін кемітпей, негізгі құралдарын көбейтуге мүмкіндік береді.

- лизинг негізгі борыш сомасын өтеу жөнінен лизингке алушыға белгілі бір кезеңге жеңілдік жасайды. Бұл орйда ерекше айта кететін мәселе – Қазақстан нарығындағы лизинг мерзімдері ақшалай несие алу мерзімдерінен әлдеқайда жоғары.

- лизинг шарты бойынша лизингке алушы барлық төлемдерді құрал-жабдықтың өзіндік құнына жатқыза алады.

Лизнгтік келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға мүмкіндігі бар болады:

  • ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;

  • лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;

  • нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісім берсе (опцион) лизинг берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында лизингтің контрактінің аяқталу сәтінде мәмленің қалған нарықтық құнын алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингтік форма құрал-жабдық нарығының конъюктурасын жақсы білуі керек.

Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның тартуымен байланысты қатерлерден оперативті лизингтің көмегімен қашып құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті лизингті мына жағдайларда қолайлы деп санайды:

  • жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның бастапқы бағасын өтей алмайды;

  • құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы пайдалану);

  • құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;

  • мәмленің объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.

Оперативті лизингтің осы айтылған ерекшеліктері оның ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық өңдеуден өткізу секілді салаларда қолдануын белгілеп берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]