Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.1 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттерге өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар (СӨЖ)

Мамандық051 301 – «Жалпы медицина»

Дисциплина: Жедел-жәрдем

№6 блок – Акушерлік іс және гинекологиядағы көмек күттірмейтін

жағдайлар

Курс: V

Алматы 2013 жыл.

Әдістемелік нұсқауды құрастырған доц.қ.а. Еспаева Р.Н., №2 акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, тіркелген, протокол № 1. 28.08.2013 жыл.

№ 2 Акушерия және гинекология каф.мең.

м.ғ.д. Л.К. Калиева.

Сабақ №1

  1. Тақырып: Босанудың үшінші кезеңін жүргізу.

  1. Мақсаты: Босанудың үшінші кезеңін жүргізу тактикасы бойынша үшін білімін, дағдылырын қалыптастыру.

3 Тапсырма:

- Босанудың үшінші кезеңін фонтомда белсенді жүргізу.

4 Орындалу формасы:

Фонтомда босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу этаптарын көрсету

5.Орындалу критерийлері:

Фантомда босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу этаптарын ұсынылған қадамдарға сәйкес көрсету;

Cтуденттің босанудың үшінші кезеңін белсенді түрде жүргізу білімін төмендегі тәжрибелік критерийлерге байланысты бағалаңыз.

қадам

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1.

Бала туылған соң 1 минут ішінде сан аймағына 10 Бірлік Окситоцин б/е енгізеді.

20,0

10,0

5,0

0

2.

Кіндік бауына аралыққа жақын жерінен қысқыш салады. Қысылған кіндік бауын бір қолымен ұстап, келесі қолын қасағаның үстіне қойып, жатырды ұстап тұрады. Кіндік бауын тартқан кезде қолды қасағадан кіндікке қарай итережылжытады (бұл жатырдың айналып кетпеуіне көмектеседі).

Кіндік бауынан ақырын тартып жатырдың қатты жиырылуын күтеді (әдетте бұл 2-3 минуттан кейін болады ). Жатыр жиырылып кіндік бауы ұзарғанда, кіндік бауын өзіне қарай төменге ұрық жолдасы туылғанға дейін тартады, ал екінші қолымен жатырды кіндік бауын тартқан бағытқа қарама-қарсы жаққа (жоғарыға) итермелейді.

Бала жолдасы туылған соң, емтихан тапсырушы оны екі қолымен ұстап, ұрық қабығы туылғанға дейін баяу аударады. Бала жолдасын босану аяқталғанға дейін баяу тартып тұрады.

20,0

10,0

5,0

0

3.

Бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр жиырылғанша алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырға массаж жасайды.

20,0

10,0

5,0

0

4.

Емтихан тапсырушы ұрық жолдасын өте ұқыпты қарайды, оған көз жеткізу үшін бала жолдасын кіндік бауынан көтеріп барлық бөлігінің бүтіндігін тексереді.

Бала жолдасының аналық бөлігін жоғары қаратып квадрат лотокқа салып, барлық бөлігін салыстыра отырып қарап шығады. Ұрық жолдасының шеттеріне өте ұқыптылықпен қарайды (бүтін ұрық жолдасының шеттері тегіс, үзілген қан тамырлары болмайды). Содан соң ұрық жолдасының қабықтарын бағалауға көшеді: ұрық жолдасының аналық бөлігінің бетін төменге аударып, ұрықтық камераны қайта қалыптастыру үшін үзілген қабаттарын қолмен тегістейді. Сол кезде бүрлі және сулы қабаттың бүтіндігін тексеріп, қабықтар арасында ұрық жолдасының шетінен шыққан үзілген қан тамырлары бар-жоғын анықтайды (үзілген қан тамырлары ұрық жолдасының қосымша бөліктерінің жатырдың ішінде қалып қойғанын көрсетеді).

20,0

10,0

5,0

0

5.

Емтихан тапсырушы қан жоғалту көлемін анықтау үшін өлшегіш колбаға барлық қанды құяды. Жоғалтқан қанның көлемін босанған әйелдің дене массасына байланысты есептейді (дені сау босанушы әйелдің қан жоғалту көлемі қалыпты жағдайда дене массасының 0,5%; ал экстрагенитальды патологиясы бар босанушыларда бұл көрсеткіш дене массасының 0,3% құрайды).

20,0

10,0

5,0

0

6

Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалайды:пульсін тексереді, АҚҚ өлшейді.

20,0

10,0

5,0

0

6 Орындалу уақыты: “Ауруханадан тыс босану”тақырыбы аяқталуында.

Бағалау критерийлері:

Балдар

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

100 – 90

Үздік

75-89

Жақсы

50-74

Қанағаттанарлық

49

Қанағаттанарлықсыз