Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по социолингвистики.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.23 Кб
Скачать

Тілдік жоспарлау. Тіл саясаты.

Тіл - өз табиғатында материалды және идеалды түрде өзара үйлескен әлеуметтік феномен. Тіл жұмсалымдық, қолданымдық қызметі мен дамуы тұрғысынан халықтың рухани шығармашылық қазынасы болып саналады, соған орай тілді рухани құбылыс деп қабылдауға болады. Тіл көпқырлы әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны тек ішкі құрылысы жағынан ғана емес, әртүрлі қоғамдық, мәдени, саяси салаларда функционалды жүзеге асыру заңдылықтары мен қызметтерін әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарастыру аса қажетті болып отыр. Әлеуметтік тіл білімінің міндеті - әлеуметтік құрылым мен тілдік құрылымның жүйелі корреляциясын ашу, тіпті олардың екі жақты каузальді байланысын анықтау.

Жалпы алғанда қазақ әлеуметтік тіл білімінің қарастыратын салалары мен нысандарын былай топтастырып көрсетуге болады:

Ә леуметтік тіл білімі

Тіл және қоғам Тіл және мәдениет Қолданбалы

әлеуметтік тіл білімі

Тіл және қоғам» саласында тілдік жоспарлау, тіл саясаты, тілдік жағдаят, тілдік заңнама, қостілділік және көптілділік аспектілері қарастырылады.

Тіл және мәдениет саласында тіл экологиясы, тілдік орта мәселелері анықталады.

Қолданбалы әлеуметтік тіл білімінде тіл үйрету, тіл ұстарту сияқты оқыту-әдістемелік жұмыстардың ғылыми-теориялық негіздемесі қарастырылады.

Бүгінгі күні қазақ әлеуметтік тіл білімінің басты зерттеу нысанында мыналар тұр:

  • мекемелер мен ұйымдарда, сот ісінде, құқық қорғау органдарында, білім

беру жүйесінде басқару және ісқағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік-лингвистикалық қоры мен оның сапалы әрі оңтайлы жүзеге асуы мәселелері;

  • халықтың ауызекі сөйлеу қатынасының қазақи-мәдени болмысын

жетілдіру, қалыптандыру мәселелері.

Соған сай қазақ әлеуметтік тіл білімінде халықтың белгілі бір ұлттық мәдени ортасына едәуір маңызды, белсенді ықпал жасайтын әлеуметтік басымдылықты анықтау және тілдің ішкі құрылымындағы кейбір тілдік құбылыстар арнайы зерттеу нысанына айналады. Мәселен, тілдік жоспарлау – бұл әліпбиден бастап мәтін стиліне дейінгі тіл құрылымындағы жазылым, айтылым ережелері мен теорияларының дұрыс, бірізді, нақты, айқын белгіленуін, терминдердің аударылуы мен кірме сөздердің қазақилануы, т.б грамматика мен лексика нормаларын, стилистикалық, риторикалық ережелерінің тілдік ортада сақталу/сақталмау себептерін қадағалайтын, реттейтін әлеуметтік тіл білімінің бір аспектісі. Тілдік жағдаят – қоғамда, әсіресе көпұлтты елде үстем етуші мемлекеттік тілге ықпал жасайтын факторлар мен жағдайларды анықтап, қоғамның ағымына сай тілдік орта мен мемлекеттік тілді бейімдеу құбылыстарын зерттейтін аспект (қостілділік, үштілділік қызметтері мен қолданылу орны). Тіл экологиясы – ұлттық-мәдени тілдік ортаны қалыптастыратын, ұлттық әдеби тіл нормаларының сақталуын қарастыратын, тілдің ұлттық мәдени-көркем, эстетикалық, ғылыми, саяси әлеуетін бұзатын ішкі және сыртқы ықпалдар мен факторларды анықтайтын, тілдің тым аса жаргондалу, сленгтену (дөрекілену) себептерін айқындап және онымен күресу бағыттарын, қағидаларын зерттейтін әлеуметтік тіл білімінің бір саласы. Ал тіл саясаты осы аталған әлеуметтік тіл білімі қызметтерінің орындалуын іске асырып отыратын үкімет, билік тарапындағы басқармаларда шынайы нәтижелі жұмыстың орындалуын көздейді. Мемлекеттік тілдің дамуын қамтамасыз ететін, оның қоғам талабына сай, сараптап, саралап отыратын, өміршеңдігіне, қажеттілігіне сай жетілдіріп отыратын, өзгерістер мен толықтыруларды бақылап отыратын тіл туралы заңдар мен актілердің жүйелі болуын тілдік заңнама жүзеге асырады.

Қазақ әлеуметтік тіл білімінің өзекті де маңызды аспектісінің бірі – тіл саясаты. Тіл біліміндегі тіл саясатын екі жақты қарастыруға болады, біріншіден, бұл сала мемлекеттегі барлық қоғамдық, саяси, экономикалық, мәдени, өндірістік, білім беру, ағарту істерін басқарудың және оның ісқағаздарын жүргізудің мемлекеттік тілде орындалуын мақсат етеді, екінші жағынан, мемлекеттегі тіл туралы заң, тілдерді дамытуға қатысты шығарылған жарлықтар мен нормативтік актілерге, яғни тіл заңнамасына бүкіл әлеуметтің бағынуын, қалыптануын қадағалауды көздейді.

Қазақстандағы тіл саясатына қатысты мәселелер тәуелсіздік алмай тұрып-ақ қозғалған болатын. Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ тілінің тағдыры мен өміршеңдігі үшін атсалысып, құрып кету қаупі бар екенін сезіп, алдын алу шараларын ұйымдастырған сол кездегі тіл жанашырларын Қазақстандағы тіл саясатын алғашқы қозғаушылар деп атауға болады. Олар - қазіргі қазақ прозасы мен позиясының ұлы өкілдері Ә.Кекілбай, М.Шаханов, Ш.Мұртаза. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тіл саясатын жүргізу ісінде бұл тұлғалар ұлттық намысты оятатын ащы сөздерімен де бастан сипап тәрбиелейтін тәтті тілімен де талпыныс жасағанымен, үкімет тарапынан жүргізілетін басқару билігі қолдамағандықтан, тіл мәртебесі өз еңсесін көтере алмады. Келе-келе осы алғашқы тіл саясатын жүргізушілердің ықпалымен қазақ тілінің тағдырына, оның мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанда қызмет етуіне «тіл болмаса ел де құрып кететінін сезіне бастаған» кезде ғана қолға алып кірісе бастады. Содан бері тілдерді дамыту басқармалары құрылды. Олардың он жылдық бағдарламалары жүзеге асырылды. Әрбір мекемеде тілді дамыту және тіл саясатын жүргізу ұйымдары мен бөлімдері ашыла бастады. Қазақ балабақшалары мен мектептері көбейе бастады. Телебағдарламалардың да тілдік тепе-теңдігін сақтау ісі қолға алынды.

Осы тұста тіл білімінде тіл саясатын ғылыми негізде қарастыру көптеген тілші-ғалымдардың қызығушылығын арттырып, тіпті қоғамға аса қажетті мәселенің ғылыми негізін анықтауға мүдделі болды. Соның ішінде Э.Д. Сүлейменова Қазақстандағы тілдік жағдаятты мұқият зерттей отырып, қостілділіктің етене белең алғанын байқай отырып, осындай мәселе басқа қандай мемлекеттің басынан өткенін және сондай тығырықтан қалай шыққанын сараптай келе, қазақ еліндегі мемлекеттік тілдің әлеуметке қызмет ету деңгейінің төмен екенін, оған ықпал еткен факторларды, одан шығудың жолдарын көрсетеді [167].

Қазақ әлеуметтік тіл біліміндегі алғашқы тіл саясатын ғылыми негізде қарастыратын еңбек деп Э.Д.Сүлейменова басқаған бір топ ғалымдардың ұйымдастыруымен шыққан «Языковая ситуация и языковое планирование в Казахстане» кітабын атауға болады. Одан кейін жарық көрген О.Б. Алтынбекованың “Этноязыковые процессы в Казахстане» атты ғылыми монографиясының да тіл саясатын жүйелі жүзеге асыруға және оның ғылыми тұрғыдан зерттеуге едәуір көмегін тигізіп отыр.

Тіл саясатының субъектілері өз тұжырымдамалары мен тәжірибедегі мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне қол жеткізуіндегі пайдалы және зиянды факторларды негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырды. Бүгінгі күнге дейін тіл саясаты төңірегіндегі мәселелер мынадай қарқында болды:

  • қазақ балабақшалары мен мектептерін көбейту (аралас мектептерді

болдырмау);

  • барлық мекемелерде ісқағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен

көшіру;

  • жоғары, арнаулы оқу орындар мен мектептердің кітапханаларын

ұлттық жаңа ғылыми-техникалық басымылдармен қамтамасыз ету;

  • жоғары лауазым иелеріне, мекеме басшыларына мемлекеттік тілдік

игеруге және қамқорлыққа алуды міндеттеу;

  • елдік және мемлекеттік мүддемізге сай барша мультфильмді қазақша

қанық, түсінікті тілмен аударып, барлық арналарға тегін тарату керек.

  • оқулықты түзету;

  • қазақ тілін білуді кез келген маманның біліктілігі көрсеткішіне

жатқызу.

  • ономастикалық атауларды қазақшалау [168]

Мемлекеттік тілдің ахуалына жаппай назар аударып, көңіл бөле

бастағаннан кейін барып, тілді қолдау, дамыту, жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүзеге аса бастады, қаржы да молынан бөліне бастады, арнайы бағдарлама жасалып, ол да іске кірісті.

Соның нәтижесінде, яғни тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде жүзеге асырылған іс-шаралардың дені мынадай:

  • басқа ұлт өкілдері жастарының арасындағы республикалық Абай

оқуларының байқауы мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерінің саны мен сапалық деңгейін арттыруға септігін тигізеді;

  • қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөніндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік

құралдары, терминология мен ономастиканың өзекті мәселелері жөніндегі анықтамалықтар, шетелде тұратын қазақ диаспорасына арналған оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары шығарылды;

  • қолданбалы тілдік сервистері (электронды қызмет) қызметтерін

пайдалануға мүмкіндік беретін сенімді және ауқымды ІТ-инфрақұрылымын, мәтіндердің сәйкестілік мәселелерін шешу мүмкіндігін ұсынатын қазақ терминологиясының бағдарламаларын, қажетті ақпараттық материалдар мен тіл үйренуге арналған әдістемелік қорды қамтитын қазақ тіліндегі веб-порталын, терминологиялық, салалық және қостілдік электронды сөздіктер кешенін, тіл оқытуға арналған электронды бағдарламалар, әдебиеттер мен мұрағаттық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін беретін электронды кітапхана, сондай-ақ қазақ тіліндегі мәтіндерді конверциялау бағдарламаларын әзірлеуге қол жеткізілді.

- мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге жедел үйретудің

орталықтандырылған желісінің негізі қаланды.Бүгінгі таңда 1республикалық,

63 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, олар жүйелі түрде қызмет атқаруда. Күтілетін нәтиже - жүйелі оқыту курстары арқылы мемлекеттік қызметшілердің мүмкіндігін іс құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізу деңгейіне жеткізу;

  • Қазақстан Республикасы территориясында тілдік жағдайға мониторинг

пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесі құрылды, атап айтсақ клиенттік қосымшаларға қызмет көрсететін Жүйенің Орталық Серверлерінің функционалдары және сервистері облыс, аудан, орталық атқарушы және де өзге мемлекеттік органдар деңгейінде жасалды.

  • Мемлекетте бірнеше мемлекеттік тілді үйрету орталықтары жұмыс

!стейді

- Бүгінгі таңға дейін республикамызда жоғарғы билік орындарынан ҚР Жоғарғы Соты, Бас Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Орталық сайлау комиссиясы, ҚР Конституциялық кеңесі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, министрліктер мен ведомстволар, обылыстық, қалалық әкімдіктер іс қағаздарын    мемлекеттік тілге көшірді.

  • Республикалық ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік

мектептерінде қазақ тілі оқытылады.

  • 2008 жылдан бастап ғаламтор желісінде «Мемлекеттік тіл» порталы

жұмыс жасап келеді.

Демек, тілдік құрылымның оңтайлы процесі этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы азаматтық келісімді баянды етуге және оның одан әрі нығайтуға ықпал ететіндіктен мемлекет өміріндегі әлеуметтік маңызы бар аспектілердің бірі болып табылады. Сондықтан да мемлекеттік тілді дамытуға қатысты көзделген іс-шаралардың барлығы дерлік шама-шарқынша орындалып келеді. Дегенмен де мемлекеттік тілдің еркін тынысы әлі тар, ол еркін қолданыс аясына түсе қойған жоқ. Демек, тіл саясатының қарқынды әрекеті қандай деңгейлермен жүргізіліп жатыр. Соны анықтап алуымыз керек. Ш.Құрманбайұлының пікірінше, «тіл саясаты мынадай кезеңдерден тұрады: 1) тіл саясатының мақсат-міндеттерін айқындау; 2) міндеттерді орындауға дайындық; 3) міндеттерді жүзеге асыру. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында іс жүзінде тіл саясатының екінші кезеңін аяқтап, үшінші кезеңге көшіп отырмыз. Алайда түрлі себептермен біздің тіл саясатын жүзеге асырудың екінші кезеңінде атқарылуға тиісті бірқатар шаруалары атқарылмай қалды немесе қажетті деңгейде атқарылған жоқ. Сол шала-шарпы орындалған міндеттер үшінші кезеңді жүзеге асыру барысында аяғымызға оралары анық. Мұндай кемшіліктер мемлекеттік тілге көшудің белгіленген мерзімінің созылып, тиісінше тіл саясатын жүзеге асыру кезеңдерінің ұзай беруіне соқтыруы ықтимал» [169].

Дегенмен де тіл саясаты өз жұмысын тоқтатпауы тиіс. Себебі, жекелеген этностардың үйлесімді, тұрақты дамуы ұлттық мәдениеттің негізі – этнос тілінің сақталуына мүміндік жасайтын тіл саясатының жургізілуін керек етеді. Мұның өзі республикада мәдениеттердің бір-біріне ықпал жасап, бірін - бірі байытуына, олардың одан әрі дамуына жағдай жасайды.

Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі жаңа әлеуметтік – саяси болмысы – елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін өтейтін және тілдік, демографиялық, сондай-ақ саяси ахуалдың ерекшеліктерін ескеретін тіл саясатын талап етіп отыр. Ол өзекті тіл мәселелерін шешуде өзінің тиімділігі мен нәтижелілігін іс жүзінде көрсететін пәрменді факторға айналуға тиіс.

Ал енді Қазақстандағы тіл саясатының тарихи кезеңдерін Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы осы саласындағы реформаларды хронологиялық түрде бірнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады деп, былай көрсетеді: Бірінші кезең (1992-1997 жж.). Қоғамдағы тілдік қатынастар аумағында өлшемделген және ұтымды мемлекеттік саясат даярланды. Екінші кезең (1998-2000 жж.). Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тетіктері айқындалды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік, аймақтық, салалық бағдарламалары жасалды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының алғашқы кезеңдеріндегі негізгі міндеттерінің орындалуында қажетті нақты шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» ,«Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» секілді норматитвік құқықтық актілерін қабылдау арқылы қоғамдық өмірдің барлық салаларында тілдік құрылым процестерін одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге арналған нақты алғышарттар жасалды. Үшінші кезең (2001 жылдан бастап). Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, көрініс тапқан республикада лингвистикалық өрісті құрудың функционалдық принциптеріне сәйкес тілдік құрылым саралау көзқарасы негізінде үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстанның басқа халықтарының тілдерін дамыту [170].

Ш.Құрманбайұлы: еліміздегі тіл саясатын жүргізудің мынадай басты мәселелері мемлекеттік тіл қызметін қамтамасыз етудің лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық негіздерін құрайды деп санайды: «1. Тілдік жағдаят. 2. Тілдік заңнама. 3. Тілдік жоспарлау» [169].

Алдағы уақытта тіл саясаты мынадай бағытта жүргізілмек:

  • Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру әлем тілдерін дамыту

тәжірибесіне сәйкес жаңа әлеуметтік мәдени және ғылыми салада оның лексикалық және семантикалық өрісінің кеңейту мүмкіндігін талап етеді. Бұл саладағы негізгі міндет, терминшығармашылығын қоса алғанда, жаңа лексикалық бірліктерді ендіру процесін біріздендіру жоспарланып отыр.

- қазақ тіліндегі ақпараттар мен түрлі бағыттағы бағдарламаларға тәулік бойы туған тілімізде түрлі хабарлар тарататын үш телеарна сандық телевидениеге көшу аясында жүзеге асырылмақ. Олар ақпараттық-танымдық, әлеуметтік-мәдени, тарихи-патриоттық бағыттағы телеарналар болады деп болжанып отыр.

  • мемлекеттік тілде іс жүргізу мониторингін автоматтандырылған

жүйемен анықтауға болады.

6-лекция