- •Әлеуметтік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдары
- •Әлеуметтік лингвистика саласының ғылым ретінде қалыптасу тарихы және даму кезеңдері
- •Мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесі. Тілдік жағдаят. Мемлекеттік тіл мәртебесі.
- •Көптілділік және қостілділік мәселелері.
- •Тілдік жоспарлау. Тіл саясаты.
- •Ә леуметтік тіл білімі
- •Тілдің өміршеңдігі (витальность),
- •Әдеби тілдің сақталуы мен жаңаруы. Қарапайым лексика: жаргон, арго, сленг. Жастар тілі
- •Гендерлік тіл: әйел тілі мен ерлер тілі. Олардың қоғамдағы рөлі
- •Қазақ диаспорасының эндогенді және экзогенді тілі
- •Социолект: мезолект, базилект, акролект
Әлеуметтік лингвистика саласының ғылым ретінде қалыптасу тарихы және даму кезеңдері
Бүгінгі күні шетел тіл білімінде әлеуметтік лингвистиканың негізгі зерттеу нысандары ретінде гиперлект пен акролект ұғымдары танылып отыр. Гиперлект – жоғарғы әлеуметтік тап өкілдеріне тән ең құзіретті, консервативті тілдік қолданыс. Ал акролект – жалпыхалықтық қолданыстағы, стандартты, тілдік нормаға сай тіл. Ал сөйленімнің әлеуметтік сипатын танытатын ұғымдар деп базилект пен мезолект терминдерін атауға болады. Базилект – білім деңгейі жоғары, тәжірибесі мол егде адамдардың тілдік қоры, сөйленім қоры. Ал мезолект – бұл гиперлект пен базилект арасындағы БАҚ көмегімен дамып, толықтырылып отыратын аралық тілдік қор. Аталмыш тілдік қордың әлеуметтік деңгейі үнемі өз мәртебесін сақтап тұра бермейді. Олар қоғам өзгерген сайын, дамыған сайын, кеңейіп немесе тарылып, бірінен біріне ауысып отырады. Ал әрбір адам өзінің тілдік қорының әлеуметтік деңгейін сақтап отыру үшін қоғамдық даму легінен қалмай, қатар дамып отыруы тиіс. Бір мемлекеттің тіл тұтынушыларының тілдік қор деңгейі әртүрлі болатыны заңды құбылыс. Дегенмен де мемлекеттің ішкі инфрақұрылымы, саяси-экономикалық даму бағыты, мәдени болмысы адамдардың танымына, біліміне едәуір ықпал етеді, демек, тілінің әлеуметтік мәртебесіне де әсерін тигізеді. Мәселен, қазіргі таңда «қазақ тілінің ғылыми мәртебесі осал, ғылым тілі ретінде өзін кеңінен таныта алмай жүр» деген алып-қашпа әңгімелер болып жатқаны рас. Бірақ бұл қазақ тілінде базилект жоқ деген сөз емес. Қазақ тілінің ғылыми аппараты ғылыми ұғымды өз дәрежесінде, еркін жеткізуге қабілетті. Дегенмен, негізі қалыптасқан ғылыми тілді одан әрі дамытудың жолдары мен әдістемесі жетіңкіремей тұрған сияқты.
Біздің ойымызша қазақ тіл білімі үшін әлеуметтік лингвистика мына мәселелерді негізгі нысан етіп алып, оны тереңінен қарастыруды алға қою керек. Біріншіден, кәсіп пен білім шеңберінде қалыптасып дамитын тілдерді, яғни саясат тілін, экономика тілін, ғылым тілін арнайы қарастыру керек. Екіншіден, халықтың өмір сүріп отырған әлеуметтік ортасында дамитын тілдерді, яғни қала тілі мен ауыл тілін, олардың бір біріне ықпалдасуы мен ауысу құбылыстарын жеке қарастыру қажет. Үшіншіден, қызмет көрсету жағдаятында, қарым-қатынас кезінде дамитын институционалды дискурс тілін, яғни мұғалім мен шәкірт қатынасындағы тілді, дәрігер мен науқас қатынасындағы тілді, сатушы мен сатып алу қатынасындағы тілді, т.б әлеуметтік лингвистиканы жеке зерттеу нысаны ретінде қарастыру керек.
Орыс тіл білімінде саясат тілін арнайы зерттейтін «лингвополитология» бағыты қалыптасты. Оған тіл мен саясаттың өзара ықпалдасуы, тілдің саяси қызметтерді атқару жағдаяттары басты себеп болды. Ал қазіргі күні қазақ тіл білімінің лингвосаяси сипаты мемлекеттік тілдің құзіреті мен мәртебесін қалпына келтіру, «бір мемлекеттің ресми тілі бір ғана тіл болу керек» деген қағиданы енгізу, тіл саясатының орындалу деңгейін арттыру, билингвизмді жойып, ұлттық монолингвизмді орнату сияқты мәселелерге ұласқан.
Орыс тіл білімінде мемлекетішілік тілдік қатынастардың өзара ықпалы билингвизм, монолингвизм, мультилингвизм ұғымдары аясында қарастырылып жүр. Кез келген ұлт тілінде немесе белгілі бір мемлекет тілінде бұндай құбылыстар болатыны табиғи заңдылық деп түсіндіріледі. Себебі, мемлекет, ұлт болғандықтан өзге елмен, ұлтпен қарым-қатынаста болып араласады, тәжірибе алмасады, елшілік қатынастар жүргізеді, мәдени құндылықтарын таныту, тану үрдістері жүреді. Сол сияқты екі елдің қарым-қатынасы олардың тіліне де өз ықпалы тигізеді. Негізінен қостілділік деңгейіне жетуге аккультурация (өзге ұлт мәдениетін сіңіру) құбылысы басты себеп болады екен. Билингвизмнің қолданылу деңгейі де әртүрлі дәрежеде болады. Мәселен, кейбір мемлекеттерде билингвизм тек диалект, арго, жаргондық қолданыстар сияқты екінші дәрежелі тілдік қатынастарда ғана көрініс табады да, әдеби, ресми тіл ретіндегі бірінші дәрежелі тілдік қатынаста байқалмайды. Яғни ол мемлекет тұрғындары тек диалектілік, жаргондық, қарапайым қолданыстағы билингвизмді ғана қабылдаған. Ал кейбір мемлекет тілі толығымен қостілді болып саналады, яғни халықты, әлеуметтік ортаға ақпаратты жете жеткізу үшін екі тіл қатар қолданылуы аса талап етіледі.
Мультилингвизмдер көбінесе көп ұлтты мемлекеттерде қалыптасады. Бірақ сол тілдердің қолданысы әртүрлі сипатта көрінеді. Мәселен бір мемлекетте жарыспалы қолданылатын үш-төрт тілдің біреуі ресми тіл ретінде басымдылыққа ие болса, екіншісі оған бағынышты деңгейде қызмет атқарады, бірақ шартты түрде, қарапайым қолданыс шеңберінде ол екі тіл тең дәрежелі мәртебеге ие болады.
Қазақ тіл білімінде тілдің әлеуметтік сипатын, қостілділік мәселесін, социолектінің жиілігі мен статистикасын қарастыру арқылы алғаш әлеуметтік тіл білімінің ұшқынын ұялатқан Б.Хасанов болса, қазақ әлеуметтік тіл білімінің негізгі зерттеу бағытын, нысаны мен әдіс-тәсілдерін нақтылап берген ғалым Э.Д. Сүлейменова мен оның шәкірттері болды. Сүлейменова Э.Д. , Шаймерденова Н.Ж. Смағұлова Ж.С., Д.Х. Ақановалардың басқаруымен шыққан, әлеуметтік тіл білімінің 650 ұғымына түсініктеме берілген «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде» әлеуметтік лингвистиканың негізгі ғылыми аппараты, басты бірліктері мен зерттеу нысандары, негізгі бағыттары анықталып, олардың терминдік құрамына лұғаттық түсініктеме берілген және әлеуметтік лингвистиканың негізгі бірлігі - социолектінің мәні ашылып көрсетілген: «Социолект - әлеуметтік диалект, қандай да бір әлеуметтік топқа (сондай-ақ кәсіби топқа, жас мөлшеріне қатысты топтарға), макроәлеуметтік қауымдастыққа, қосалқы мәдениетке тән тілдік ерекшеліктердің жиынтығы. Социолект коммуникацияның дербес, әрі толыққанды жүйесі болып саналмайды, оған тек нақты лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктер тән. Социолектіге жаргон, арго, жастар тілі жатады» .
Бүгінгі күні қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың жаңаша зерттеу аспектілерін ұсынған ғалым Н.Уәлидің зерттеулерінде тіл бірегейлігінің, ұлт бірегейлігінің, мемлекет бірегейлігінің негізгі идентификаторы тіл болып саналатынын айта отырып, қазақ этномәдениетінің тарихи, әлеуметтік өзгеру сипатына (қоныстанушы әтномәдениет, қуғындалған этномәдениет, эшалондық этномәдениет ) талдау жасайды, ұлттың «тамырластық институты» мен толеранттылық қасиетінің сақталу деңгейін сипаттап береді [145]. Сонымен қатар Б.Момынова әлеуметтік тіл білімінің қазіргі зерттелу жай-күйіне тоқтала отырып: «Дүниедегi тiлдердiң бiрiнiң коммуникативтiк рөлi жоғары, ендi бiрiнiкi төмен, әлеуметтiк, құқықтық рангiлерi де әрқилы, қызметтерi де бiр-бiрiне ұқсамайды. Осындай әр түрлi деңгейлi тiлдер арқылы адамзат тiлдiк ғұмыры тоқтаусыз алға жылжиды, “тiлдiк” тiршiлiгiн өткiзедi. Әлеуметтiк тұрғыдан әр түрлi болуына қарай тiлдердiң әлеуметтiк сипаты қалыптасады», - деген тұжырымын айтады [146]. Сондай-ақ ғалым әлеуметтiк лингвистика мәселелерi қоғам мен тұтас ұлтты, ұлттың көзi қарақты зиялы қауымын үнемi қызықтырып, өзiне тартып отыратын тiл мәселелерiне арналған, осындай мәселелердi көтеретiн, көтерiп қана қоймай ғылыми дәрежеде зерттейтiн практикалық маңызы зор сала екенін дәлелдей отырып,коммуникативтiк рангасына қарай дүниежүзiндегi тiлдер - әлем тiлдерi, халықаралық тiлдер, мемлекеттiк тiлдер, аймақтық тiлдер, жергiлiктi тiлдер деп бес түрге бөлінетінін, бұл — тiлдердiң қолданыс аумағына қарай жасалған жiктелiс екенін, қолданысы төмен, тiл иелерiнiң санын саусақпен ғана санарлық тiлдердiң жер бетiнде қалу мүмкiндiгi ұрпақ ауысқан сайын өлі тілдер қатарына енетінін, осының барлығы тілдің әлеуметтiк мәселелеріне жататынын айтады.
Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың лингвосаяси (тіл саясаты) сипаты мен маңызы тіл білімінің ғана емес, мемлекеттің де өзекті мәселесіне айналып отыр.
Біздің ойымызша қазіргі қазақ тіл білімінің әлеуметтік сипаты мен оның қолданбалы көрсеткіші ғылыми негізде мынадай қайшылықтардың шырмауынан шыға алмай жүрген сияқты. Жалпы қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынас құралы (ауызша, жазбаша) ретіндегі қызметінің нормаға сай орындалуына, әлеуметтік ортадағы болмысына, «тіршілігіне» сараптама жасайтын болсақ, қазақ тілінің «шалалығы», «бұрмалануы», «нәрсіз, тұшынатын әдеби сөйлеудің жетіспеуі», «солғын күйі» сияқты құбылыстары бар екеніне көз жеткіземіз. Қоғам дамып, өркендеген сайын, тілдің әлеуметтік қолданыстағы дәрежесі де өзгере бастайды. Қай мемлекетті алсақ та, «ұлттық тіл», «мемлекеттік тіл» мәселесіне қатысты өзекті ахуалдар туындап жатады. Мәселен, орыс әлеуметтік тіл білімі «дөрекілену», «анайылану», «әдеби нормадан ауыпқып, бұрмалануы» тәрізді мәселелермен күресу, ғылыми негізде зерттеуді алға қойса, қазақ әлеуметтік тіл білімі «халықты мемлекеттік тілде сөйлету» мәселесімен күрес жүргізуде. Ресей халқы тілдің ұлттық және мемлекеттік мәртебесін жоғары көтере отырып, өзге елден келген халықты орыс тілінде сөйлетуге саналы түрде бейімдейді, тіпті халықтың рухани қыспағынан үйренуге мәжбүр болады. Ал қазақ жерінде нақ осындай ұлттық рухани тұтастық негізде саналы түрде талап қою жігерлігі жетіңкіремей отыр. Себебі, қазағымыздың өзінде «ұлттық тіл», «мемлекеттік тіл» деген мәртебені жоғары бағалау сезімі бяу қалыптасуда. Сондықтан мемлекеттік тілдің қоғамдық қарым-қатынастағы шынайы мөлдір қызметін жүзеге асыру, тіл саясатының толыққанды орындалуын қалыпқа келтіру, халықтық жаппай қазақ тілінде сөйлеу дәрежесін өз деңгейіне көтеру сияқты әлеуметтік тіл біліміне қатысты мәселелерді шешудің басты тетігі – халықтың тілдік санасын қалыптастыру, қазақ тілінің рухани ұлттұтастырушылық қызметін етене тереңдету.
3- тарау. Дипломатиялық құжаттар: олардың түрлері мен рәсімделуі
Дипломатиялық қызметтің бір қыры – құжаттармен жұмыс істей білу өнері. Ресми хат, баяндама, саяси есеп жазу, дипломатиялық нота, коммюнике, мәлімдеме және т.б дипломатиялық құжаттардың рәсімделуінің өзіндік заңдылықтары болады. Құжаттарды даярлау кең көлемді білімді талап етеді. Еуропалық орта ғасыр кезеңінің өзінде өз өмірін дипломатияға арнаған әр адам кем дегенде үш кәсіби сапаға лайық болуға, атап айтқанда, жақсы сөйлей білуге, жақсы жаза білуге және рим құқығын жақсы білуге тиіс еді. Мемлекеттер арасындағы қатынасты жүргізуде дипломатиялық құжаттармен жұмыс істеу – сыртқы саяста ведомстволарының басты қызметінің бірі болып табылады. Дипломатиялық іс жүргізу қызметі, кеңсе жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, хат-хабар алмасу қай кезде болмасын дипломатиялық қызметтің маңызды бөлігі болып саналады.
Дипломатиялық сұхбат – дипломатиялық қызметтегі күрделі де маңызды, айрықша жауапкершілік жүктелетін іс. Маңызды мәселелер бойынша министрдің, елшінің шетелдік лауазымды тұлғалармен жүргізген сұхбатын күнделік ретінде олардың көмекшілері немесе сұхбатқа қатысқан кіші дәрежелі дипломаттар міндетті түрде қағазға түсіреді. Сұхбат барысында саяси тұлғаның когнитивтік аялық білімі, яғни дипломаттың эрудициясы, оның саяси және кәсіби пайымы, кең ауқымды білімі көрінеді. Дипломатиялық сұхбат көп жағдайларда анықтамалық материал, іс-қағаздарын қолма-қол қолданбастан жүргізіледі, сондықтан әңгіме барысында дипломат орасан зор көлемдегі ақпарат, деректерді (фактілерді) жадында ұстауы тиіс. Сұхбатқа баратын дипломат нақты бір мәселені шешу үшін, не болмаса, басқа бір ақпарат алуға, екінші жаққа керекті мәліметті жеткізуге мақсат етеді. Дипломатиялық сұхбатты рәсімдейтін құжаттарда сұхбат барысындағы екіжақты келісім, шарттасу, т.б. тоқтамды ойға келген шешімдер мен сол сұхбаттың негізгі мәселесін қорытындылайтын дәйекті деректер жазылады.
Келіссөздер. Лауазымды адамдар арасында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың құралы ретінде халықаралық келіссөздер мен делдалдық кең түрде пайдаланылады. Әлемде саяси, экономикалық, мәдени, техникалық және гуманитарлық байланыстар көбейген сайын, келіссөз жүргізудің құрамы, тақырыбы мен әдістері де әр алуан және ауқымды бола бастады. Халықаралық келіссөздер екі мемлекет бір-бірін тану және дипломатиялық қатынастарды орнату үшін жүргізіледі. Ол мемлекет арасындағы қатынастардың ең маңызды саласына жатады. Келіссөздер дипломат және жеке тұлғалар арасында, мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға, салалық байланыстарды орнатудан бастап, аймақтық және кәсіптік деңгейге дейінгіні қамтиды. Екіжақты және көпжақты қатынастардың саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да мәселелерін ресми талқылау – әлемдік даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің негізгі құралы. Екіжақты келіссөздерді жүргізер алдында делегация мүшелері барлық материалдармен танысуы тиіс, тек осындай жолмен ғана оның қағидасын, міндеті мен мақсатын жақсы түсінуге болады. Келіссөз стратегиясын, тактикасын немесе тиісті дипломатиялық іс-қимыл жасу алдында үлкен дайындық жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ екі жақ алдыңғы келіссөздердің мерзімін ұзартуға келісімін білдіреді. Өйткені келіссөз жүргізу мерзімі шектеулі. Мемлекеттер бұрынғы уағдаласқан жағдайдың кейбір шарттарына өзгерістер енгізу үшін алдын ала келіссөзге барады. Тараптар қолданыстағы шарттардың түрлерін біршама өзгертуде жаңа келісімге қол жеткізу үшін келіссөз бастайды. Кейде екі ел делегациясы келіссөз арқылы мәселені шешу, келісімге келу үшін емес, өздерінің жеке көзқарастарын қорғау, тек екінші жақтың позициясын анықтау үшін, өзінің саясатын жақсы жағынан көрсету үшін ғана жүргізеді.
Келіссөз тақырыбы неғұрлым күрделі болса, келіссөз жүргізудің деңгейі соғұрлым биік болады. Халықаралық деңгейде келіссөз жүргізетін тұлғалардың көп жағдайда дайын болмауы кездесулердің аяқсыз қалуына әкеп соғады. Жас елдер делегациясы өзінен күшті елдер делегациясымен келіссөз жүргізу барысында, оның әлсіз жағын тауып, пайдалануға тырысуы керек. Мәселен, Азия, Африка дамушы елдері капиталистік Батыс не социалистк Шығыс мемлекеттерімен саяси келіссөздер барысында екі әскери-саяси блоктың қарсыластығын өз мүддесіне пайдаланады.
Дипломатиялық келіссөздердегі этномәдени этикет ерекшеліктері. Келіссөз жүргізу барысында әр ұлттың әдет-ғұрпы мен мәдениетінің әртүрлі болатынын ескеру қажет. Э.В.Соловьев америкалықтардың, ағылшындардыңарабтар мен қытайлардың, кәрістердің, француздар мен немістердің келіссөз жүргізу дәстүріндегі ұлттық ерекшеліктерді айқындап көрсеткен:
Америкалықтар мәселені шешу барысында екі жаққа да ортақ қолайлы жақтарды шешу және келісілген келісімдердің жүзеге асуын талқылауға тырысады. Олар ақжарқын, адал мінезді адамдарды бағалайды, формалдық жағдайларға аса мән бермей, мәселенің мән-мағынасына тез арада көшеді. Келісілген кездесулерге кешіктей, уақытында келгенді ұнатады. Американдық дипломаттар келіссөздерге ұлыдержавалық позицияны ұстанады.
Ағылшындар келіссөздерге тиянақты түрде дайындалғанды ұнатады. Британдықтардың пайымдауынша, әріптестерін қарсылық көрсетпей, зейін қойып тыңдап, өзін-өзі ұстау – адамдардың басты қасиеті. Ұқыптылық Ұлыбританияда қатаң ереже болып саналады. Қол ұстасып амандасу бірінші кездесуде ғана орынды деп санайды.
Арабтар келіссөздерде өзара сенім білдіру нышанын ұстанады. Алғашқы кездескен уақытта әріптестеріне жылы шырай мен ілтипаттылық таныту олардың дәстүріне сай. Олар «ия», «жоқ» дегеннің орнына «иншалла», «машалла» деген сөздерді қолданады. Сондай-ақ олар саудаласқанды ұнатады, келісіге келмеген уақытта да өздерінің байланыстарын үзбей, одан әрі жалғастыруға тырысады. Келіссөздер барысында қонақтарға кофе ұсынылады, ал егер кофенің орнына салқындатылған сусындар ұсынылса, кездесуге берілген уақыттың аздығын білдіреді. Таяу және Орта Шығыс елдерінде құжаттарды, сувенир сыйлықтарды, визит карточкаларын сол қолмен беруге болмайды – Ислам мемлекеттерінде ол «таза емес, харам» деп есептелінеді.
Қытайлар кездесу барысында екі нәрсеге басты назар аударады: келіссөздердің тақырыбына байланысты мәліметтердің жинақталуына және «достық» қарым-қатынастың орнауына.
3-лекция
