Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам тұқым қуалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.75 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі заманда жер шраыдағы халық санының еселеп артуы заңды құбылыс.Ғылыми техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне қолайлы жағдайла туғызуда.Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес.Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр.Ең маңызды фактор – қоршаған ортаның сапасы.Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына,тұрмыс тіршілігіне,әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізіп жатыр.Әсіресе әлеуметтік экологиялық проблемалардың шиеленісіне түсуі жер шарының көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс,апат әкелуде Әлемдік экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп,барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына уытты заттар,ауыр металдар,нитраттар,нитриттер,пестицидтер т.б. жатады.Кең тараған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіптісі – бензапирен.Бұл заттар адам организміне ауаның құрамы,су және азық түлік арқылы түседі.

Әлемдік экологиялық проблемалар құрылысы

Уытты заттармен ластану

Радирактивті заттармен ластану

Жылу эффектісі

Қышқыл жауындар

Озонның жұқаруы

Топырақтың тозуы

Фотохимиялық у түтін

Орманның қырқылуы

Қоқыс қалдықтар

Мұхиттардың ластануы

Шөлге айналу

Климаттың өзгеруі

Биосфера құрылымының өзгеруі

Биоәртүрліліктің азаюы

Адам экологиясы

Мұндай улы заттар тыныс органдарын - өкпе қолқаның қызметін бұзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек,онда ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі.Сондықтан өкпе тыныс жолдарының қабынуы,өкпе ісіктері,ентікпе ауруларына шалдыққандар басым.

Қоршаған орта өндірістік шығарындылар мен автокөлік у түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді.Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданатын пестицидтер жеміс жидектер арқылы адм организміне нитрат ретінде түседі.Мерзімінен ерте піскен көкөністер (қарбыз, қауын, картоп, пияз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп болады.Мысалы, май айларында 2 – 3 есеге артып кетеді.Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.Нитраттардың мөлшері базарларда санэпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экологиялық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.

Соңғы жылдары азық түлік құрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда.Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері және құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек.

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмиий, қроғасын, мырыш, т.б. металдар азық түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі.Мысалы, организмде Жапонияда кадмий көбейген жағдайда кең таралған итай - итай ауруы пайда болған. Оның негізгі белгілері – бүйрек қызметінің бұзылып, сүйектің майысып, кенйде қисацып кетуі де мүмкін. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

Жапонияның Минамата өзені бойындағы тұрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның салдарынан пайда болған ауру түрін жергілікті жердің атымен минамата деп атаған Аурудың белгілері есту, көру және сөйлеу мүшелерінің қызметінің бұзылып, адамдардың халінің нашарлап, тіпті өлімге душар болуы. Оның пайда болу себепері өндіріс шығарындысы арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталды.

Қорыта айтқанда, табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір адамзаттың борышы болып саналады.Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңмен қорғалады.