- •Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері.
- •1Фаза гендеріәулесі – метаболизм ферменттерінің қатынасуымен жасушаларда биотрансформацияланады.
- •Атмосфераның ластануы
- •Тамақтар және тамаққа қосатын заттар
- •Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
- •Физикалық факторлар және металлдармен улану
- •Қоршаған ортаның химиялық ластануы
- •Қорытынды
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылысы
- •Қолданылған әдебиеттер:
Физикалық факторлар және металлдармен улану
Адамдардың суыққа,ыстыққа және күн сәулесі әсерлеріне сезімталдығының түрліше болатындығы белгілі болғанымен,бұл реакциялардың гинетиякалық механизмдері әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, суықтың әсеріне әр түрлі нәсілдердің реакциясы түрліше болатындығы анықталған, мысалы:негрлер,кавказ нәсілдеріне қарағанда суыққа өте сезімтал келеді. Мұны оларда жылуды өткізу және қан тамырларының кеңею деңгейлері түрліше болуымен түсіндіреді. Ультракүлгін сәуленің әсәрлеріне адамдардың жекелей және нәсілдік реакцияларының ерекшеліктері анықталған. Оған мысал ретінде – пигменттік ксеродерма ауруының дамуын келтіруге болады. Бұл ауру аутосомды – рецессивті жолмен тұқым қуалайды, мұнда күн сәулесінің әсерінен тері күйіп, жаралар пайда болады да терінің зілді ісігіне айналады. Пигменттік ксеродерма ауруында ДНҚ молекуласының қатысатын бірнеше локустардың (экзонуклеаза,эндонуклеаза,полимеразалар,лигазалар т.б.) мутацияларына байланысты.
Адамдардың ауыр металлдар(қорғасын,сынап,кадмий, т.б.) тұздарына сезімталдығының түрліше болатындығы анықталды. Мысалы, сынаптың органикалық қосылыстарымен уланған адамдарда түрліше дәрежеде нейро-психикалық бұзылыстар байұқалған.
Қорғасын мөлшерінің «улы» болмай – ақ, жай көтеріңкі деңгейінің өзі жас балаларда «беймаза» мінез – құлықтық дамуының себебі болуы мүмкін.
Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптік газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары таралып отырады.
Бізді қоршаған ортаның ластануы төмендегідей топтарға бөлінеді:
1.Химиялық ластану (көміртек өнімдері,күкірт,көмірсулар,ақаба сулар,пестицидтер,гербициттер,фторлы қосылыстар,ауыр металдар,аэрозольдар)
2.Физикалық ластану(радиоактивті заттар,электромагнитті толқындар,жылу,жарық,шу және тербелістер)
3.Эстетикалық ластану (табағаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының өзгеруі,орман тоғайлардың жойылуы т.б.)
4.Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,құрттар,қарапайымдар,зиянкес жәндіктер )
Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға,суға және топыраққа сіңіп,тізбектің бір айналымынан екіншісіне өткенде,зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.
Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады.Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда,сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық.Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өенркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған.Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.
Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді.Олар қасиетіне,шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып,жүрегін айнытып,тамағын жыбырлатып,жөтел тудырады.Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін туғызуы да мүмкін.Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен реакцияға түсіп,жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірттің қос тотығы (SO) коксохимил заводтары мен тау кен өндіру және целлюлоза қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады.Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады.Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның,жануарлардың тыныс жолдарының кіленейлі қабаттарына,терісіне әсер етеді және мұнан өсімдік те көп зардап шегеді.Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймай,сонымен қатар жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы зат.Азық түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары.Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады.Осы газбен тыныс алған адамныңтыныс жолдарының кілегейлі қабығы қабынып,өкпесі ісінеді.
Цемент заводтарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий,кальций,магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді.Ал фосфор заводына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс.Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия заводтарының маңайындағы топырақты,жан жануары,өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.
Улы заттар адам организміне түскеннен кейін адамның тез шаршауы,ұйқы басу,ұйқының қашуы,бейжайлық,ұмытшақтық,көңіл күйінің тез өзгеруі,зейінің төмендеуі байқалады.Улы заттар адамның қан айналымына,жүйке жүйесіне,бауырына әсер етіп,созылмалы жүйке ауруларына,белсіздікке душар етуде.Жатырдағы ұрықтың дамуындағы аномалиялық өзгерістер мен ауру сәбидің дүниеге келуі көбеюде.
Сонымен қатар хром,никель,бериллий,бензопирин,асбест сияқты түрлі өнеркәсіп қалдықтары ауа кеңістігінде кездеседі.Олардың қатерлі ісік және бұрын соңды кездеспеген жаңа уару түрлерінің тууына себепші болып отырғаны анықталуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі де жатады.Есірткі қолдану біздің елімізде де жаппай етек алуда. Оның негізі Шу алқабында өсетін кендір өсімдігі.Сол сияқты Ауңанстан мен Орта Азиядан келетін есіркіні Еуропаға тасымалдау Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Соның кесірінен есірткіні пайдаланушылардың жеткіншектер арасына таралу қаупі байқалып отыр. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық улы заттар кіреді. Олардың қырыққа жуығы өкпенің қатерлі ісігін,қолқаның созылмалы ауруларын тудырады. Сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі.Темекі шегетін ата аналардың балаларына да олардың зиянды әсерә тиеді.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемалар тудырып отыр. Олар жер шарындағы жиі байқалып отырған жылу эффектісі,озонның жұқаруы,қышқыл жауындар,фотохимиялық у түтіндер.
