Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам тұқым қуалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.75 Кб
Скачать

“Астана Медициналық Университеті” АҚ

Тақырыбы:Адамның тұқымқуалау патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі.

Орындаған:

Текскрген:

Астана 2009

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

a)Сыртқы орта факторларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері

б)Атмосфераның ластануы

в)Тамақтар және тамаққа қосатын заттар

г)Қоршаған ортаның биологиялық ластануы

д)Физикалық факторлар және металдармен улану

е)Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлардың шиеленісе түсуі – адам баласының іс-әрекетінен туындап отыр.Ең басты проблемалардың бірі – жер шарындағы халық санының артуы.Нәтижесінде,жер шарының халқын азық-түлікпен,жылумен,энергиямен,киім кешекпен,т.б.материалдық жағдайлармен қамтамсыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет.Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы сандық жағынан ғана емес,ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр.Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып,адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.Қазірдің өзінде көптеген елдерде азық – түлік,су және энергия тапшылығы сезілуде.Бұл жағдай жер шарының ауа – райы қолайсыз,құрғақшылық аймақтарында жиі байқалып отыр.Олар – Африка,Кіші Азия,Оңтүстік Америка,Орталық Азия елдерін қамтып отырғаны белгілі.

Әлемдік экологиялық проблемалардың қауіптілерінің бірі биосфераның ластануы болып отыр.Ол – жер шарының физикалық,химиялық,биологиялық сапасының төендеуімен және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде.Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар,су тасқындары,жанартаулар атқылауы,жер сілкіну,теңіз бен мұхит деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы,қуаңшылық,өрттер сияқты апаттар әкелуде.Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқсаусыз өзгерістерді өмірге алып келетін деңгейне жетті.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді.Өз кезегінде табиғат адам баласының жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық аппаттарды сыйға тартады.Мәселен,қоршаған ортаның химиялық ластануы жер шарында жиі- жиі байқалып отырған жылу эффектісін,озонның жұқаруын,қышқыл жауындар,фотохимиялық улы тұмандықтар сияқты әлемдік экологиялық проблемалар туғызу үстінде.Аталған апатты құбылыстар бүкіл планета тыныштығының тепе-теңдігін бұзып,әлемдік климаттың өзгеру қаупін туғызып отыр.Оны біз соңғы жылдары жиі байқалатын қуаңшылықтан,сортаңданудан,су айдындпрының тартылуынан көреміз.

Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері.

Ағзаның орта факторлары әсерлеріне өте жоғары сезімтал болуының негізі болып кейбір арнайы(спецификалық) мутациялар саналады.Ортаның зиянды факторлары барлық адамдарды

зақымдамай,тек кейбір,осы мутацияларға генетикалық бейімді ағзаларды ғана зақымдайды.Адам ағзасына енген химиялық қосылыстар метаболизмінің(биотрансформациясының) генетикалық тұрғыдан бақыланатыны(басқарылатыны) белгілі.

Адам ағзасына күнделікті енетін заттар – ас – су құрамындағы әртүрлі заттар,дәрі – дәрмектер,түтіндер(темекі түтіні),шаң – тозаңдар және ауа құрамындағы түрліше газдар,тіпті күн сотрансформация - 700-ге жуық реакциялардан тұратын қте күрделі үдеріс.Оның 3 - фазасын ажыратады.Биотрансформацияның 1 фазасында ағзаға енген экзогендік молекулалар цитохом 450( CYP - 450) қатынасуымен,монооксигенация реакциясы нәтижесінде,активтенді.Осының нәтижесінде көптеген аралық улы өнімдер түзіледі.Ал,биотрансфориацияның 2 фазасында аралық улы өнімдер залалсызданады.

Егер биотрансформацияның 1- және 2- фазасы үдерістері арасындағы тепе – теңділік сақталса ағза бірқалыпты тіршілік етеді,ал егер 1 фаза реакциялары өте белсенді не 2 фазада заттардың залалсыздануы жеткіліксіз болса,яғни тепе – теңділік бұзылса,жасушада аралық улы өнімдер(эндогендік еркін радикалдар) көптеп түзіліп,жинақталып оксидативтік стрессті қоздырады.Нәтижесінде жасуша тез қартайып өледі.

Осылайша,улы молекулалардың көптеп түзілуі ағзаны жасуша және ұлпа деңдейлерінде улап,қоршаған орта факторларының әсерлерінен ағзаның ауру тәуекелдігінің күшеюіне (өкпенің,көкіректің,атлық бездің,тоқ ішектің т.б ісік ауруларының дамуына ) және дәрі – дәрмектерге деген қосалқы реакциялардың қалыптасуына алып келеді.

Оксидативтік стресс – мембрана липидтерінің асқынтотықты тотығуының бұзылуына алып келетін тізбекті реакциялар салдары болып табылады.Биотрансформацияның 1 фазасында түзілетін эндогенді еркін радикалдар өте қауіпті молекулалар болып табылды және олар жасушаны белсенді “шабуылдап”,мебрана липидтерінің асқынтоқты тотығуын бұзып,мембраналарда саңылаулар пайда етеді.Нәтижесінде жасушаішілік қысым төмендеп гомеостаз өзгереді.

Бұдан басқа,оксидативтік стресс жасушалардың қартаюын тездетеді де олардың ерте өліп қалуына алып келеді.Ұлпалық деңгейде ұлпалардың қалыпты биохимиясы бұзылады.

Осының бәрі қоршаған орта фактролары әсерлерінен дамитын аурулардың және ағзаның қартаюының басты себебі оксидативтік стресс екендігін көрсетеді.

Кейбір ғалымдар биотрансформацияның 3 фазасын метаболизм өнімдерінің ағзадан шығарылу(элиминация) фазасын ажыратады.Бұл фаза негізінен шығару гендерінің – МДR қатынасуымен жүзеге асады.

Биотрансформация ревакциялары не бәрі 50 шақты гендердің қатынасуымен жүреді.Бірақ,бұл гендердің бәрі өте күшті полиморфты жүйе болып табылады,мысалы кейбір цитохром гендерінің СУР 2Д6 60 қа,NAT2 генінің 20 ға жуық әртүрлі аллельдері белгілі.

Биотрансформацияның 1 фазасы (активтену) цитохром 450(CYP 450),ал 2фазасы (залалсыздану) глютатион S тарнсфера (GST) және N – ацетилтрансфера гендерінің өнімдері арқылы жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]