
- •Анықтамасы
- •Біріншілік эмд-ға мыналар кіреді:
- •Торакальдық помпаны жүргізу техникасы:
- •Торакальдық помпаның тиімділігін арттыратын көмекші əдістер:
- •Жүрекке ашық массаж жасаудың тиімділігі (жам):
- •Жүрекке тікелей массаж жасауға негізгі көрсетілімдер:
- •Дефибрилляцияның табысты факторлары:
- •Электроимпульсті терапияның (эит) қателіктері мен асқынулары:
- •Естеріңізде сақтаңыздар
- •Қарыншалық фибрилляция:
- •Асистолия:
Қарыншалық фибрилляция:
1. Тиімді қанайналымның тоқтаған уақыты 30 сек.асып кетпесе, прекордиальдық соққыны дефибрилляторды жұмысқа дайындау кезінде жүргізеді. Есте сақтаңыздар, прекордиальдық соққының өзі асистолия мен ЭМД дамуын тудыруы мүмкін!
2. Көкірек компрессиясы (1 мин 60-80 рет).
3. ӨЖЖ алдымен Амбу қапшығымен «ауыздан-ауызға» дем беру. Кеңірдек интубациясынан кейін 100% оттек қолдану.
4. Венепункция немесе венокатетеризация.
5. ЭКГ.
6. Тек ірітолқынды фибрилляция кезінде дефибриллятор разряды: 200 Дж – 300 Дж – 360 Дж беріледі. Разрядтар бірінен кейін бірі ЖӨМР жалғастырусыз жəне пульсті тексерусіз жүргізілуі керек.
7. Нəтижесі болмаса: эпинефрин (0,1%) венаға 1,0 мл (1 мг) 10 мл изотониялы ерітін. NaCl, сонан соң ЖӨМР жүргізіледі жəне ЭИТ қайталанады – 360 Дж.
8. Нəтижесі болмаса: амиодарон (кордарон) 300 мг 20 мл 5% глюкоза ерітіндісін венаға құяды; амиодарон болмаған жағдайда - лидокаин 1,5 мг/кг венаға құю. ЖӨМР - ЭИТ (360 Дж). ҚФ себебін іздеу.
9. Нəтижесі болмаса: эпинефрин 3,0 мг венаға, натрий бикарбонаты 2 мл 4% ерітіндісін 1 кг (1 ммоль/кг) венаға, амиодарон 300 мг 20 мл 5% глюкоза ерітін. (лидокаин 1,5 мг/кг венаға) СЛМР – ЭИТ (360 Дж).
10. Нəтижесі болмаса: магний сульфаты 5-10 мл 25% ерітіндісін венаға жəне/немесе пропранолол 0,1% - 10 мл венаға ЖӨМР – ЭИТ (360 Дж).
11. Нəтижесі болмаса: торакотомия, дəрілік ем мен ЭИТ қосып жүрекке ашық массаж жүргізу.
12. Егер ҚФ жойылса: гемодинамиканы бағалау, постконверсиялық ритмнің сипатын анықтау. Оң əсер берген, аритмияға қарсы жүргізіліп жатқан инфузияны жалғастыру.
Пульссіз қарыншалық тахикардия: қарыншалық фибрилляция еміне ұқсас.
Асистолия:
1. Егер асистолия анықталса немесе оған күдік болса, прекордиальдық соққыны қолдануға болмайды!
2. Көкірек компрессиясы (60-80 1 мин).
3. ӨЖЖ. Алдымен Амбу қапшығы арқылы «ауыздан ауызға». Кеңірдек интубациясынан кейін 100% оттек қолдану.
4. Венепункция немесе венокатетеризация.
5. ЭКГ.
6. Эпинефрин (0,1%) венаға 1,0 мл (1 мг) 10 мл NaCl изотониялық еріт. (əр 3 мин сайын қайталау). Мөлшерін 3 мг, сонан соң 5 мг, сонан соң 7 мг көтеру, егер стандартты терапияның əсері болмаса, ЖӨМР инъекциялар арасында.
7. Атропин (0,1%) венаға 1,0 мл (1 мг), əр 3 мин сайын қайталау. Мөлшерін 3 мг көтеру, егер стандартты емнен немесе болмаса, 0,04 мг/кг суммарлы мөлшерге дейін көтеру. ЖӨМР.
8. Асистолия туындатушы себептерді (гипоксия, ацидоз, гипокалиемия жəне гиперкалиемия, дəрілерді мөлшерден тыс қабылдау жəне т.б.) жою.
9. Аминофиллин (2,4%) венаға 10 мл 1 мин ішінде. ЖӨМР.
10. Сыртқы электрокардиостимуляция миокард функциясы сақталған жағдайда ғана тиімді.
11. Егер асистолия ацидоз фонында дамыса, натрий бикарбонаты (4%) еріт.
12. 1 ммоль/кг венаға жіберіледі.
Электромеханикалық диссоциация (ЭМД):
1. Егер ЭМД анықталса немесе оған күдік болса, прекордиальдық соққыны қолдануға болмайды!
2. Көкірек компрессиясы (60-80 1 мин).
3. ӨЖЖ. Алдымен Амбу қапшығы арқылы «ауыздан ауызға». Кеңірдек интубациясынан кейін 100% оттек қолдану .
4. Венепункция немесе венокатетеризация.
5. ЭКГ.
6. Эпинефрин (0,1%) венаға 1,0 мл (1 мг) 10 мл NaCl изотониялық еріт (əр 3 мин сайын қайталау). Мөлшерін 3 мг, сонан соң 5 мг, сонан соң 7 мг көтеру, егер стандартты терапиядан нəтиже болмаса, ЖӨМР инъекциялар арасында жүргізу.
7. Себептерді анықтау жəне жою (гипоксия, ацидоз, гипокалиемия и гиперкалиемия, дəрілерді мөлшерден тыс қабылдау жəне т.б.).
8. Инфузиялық терапия - 0,9% NaCl изотониялық еріт. немесе 5% глюкоза 1л/с.
9. ЖСС сирек болса - атропин венаға 1 мг əр 3 мин сайын қайталап, 3 мг дейін жеткізу.
10. Ацидоз дамыған жағдайда - натрий бикарбонаты (4%) еріт 1 ммоль/кг венаға құю.
11. Электрокардиостимуляция.
Ескерту:
ЖӨМР ұзаққа созылғанда (10 минут жəне одан аса), ацидоз фонында кенет өлім, гиперкалиемиялар, трициклді антидепрессанттарды мөлшерден тыс қабылдағанда, натрий бикарбонатын 1 ммоль/кг құяды (4% 2 мл еріт 1 кг дене салмағына), сонан соң 0,5 ммоль/кг əр 7-10 мин сайын құяды.
Гиперкалиемия кезінде кальций хлоридін 20-40 мл 10% еріт венаға құяды.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
- эпинефрин;
- атропин;
- амиодарон;
- аминофиллин;
- 0,9% натрий хлориды еріт;
- 4% натрий бикарбонаты еріт;
- лидокаин;
- 25% магний сульфат еріт;
- пропранолол.
Ем тиімділігінің индикаторлары
Реанимацияны жалғастырудың басты критерийлері:
1. Күретамырда (ұйқы артерияларында) пульс; бұл жүргізіліп жатқан жүрек массажының дұрыстығы мен миокард тонусының жойылмағанын дəлелдейді.
2. Тері түсінің өзгеруі (қызғылттану).
3. Қарашықтардың кішіреюі (орталық ми аймағы оксигенациясының жақсаруы).
4. ЭКГ «артефакт-комплекстер».
5. Реанимация жүргізу кезінде ес-түсінің қалпына келуі.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г. 2. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г. 3. Секреты неотложной помощи. П. Э. Парсонз, Дж. П. Винер-Крониш. Москва, «МЕДпресс-информ», 2006 г. 4. Легочно-сердечная и мозговая реанимация. Ф.Р. Ахмеров и др. Казань, 2002 г. 5. Интенсивная терапия угрожающих состояний. Под ред. В.А. Корячкина и В.И. Страшнова. Санкт-Петербург, 2002 год. 6. Руководство по интенсивной терапии. Под ред. А.И. Трещинского и Ф.С. Глумчера. Киев, 2004 год. 7. Интенсивная терапия. Москва, ГЭОТАР, 1998 год. 8. Henderson. Emergency medicine. Texas, 2006 9. Vital Signs and Resuscitation. Stewart. Texas, 2003 10. Rosen`s Emergency Medicine. Mosby, 2002 11. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 12. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 13. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)
АҚПАРАТ
Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.