
- •Анықтамасы
- •Біріншілік эмд-ға мыналар кіреді:
- •Торакальдық помпаны жүргізу техникасы:
- •Торакальдық помпаның тиімділігін арттыратын көмекші əдістер:
- •Жүрекке ашық массаж жасаудың тиімділігі (жам):
- •Жүрекке тікелей массаж жасауға негізгі көрсетілімдер:
- •Дефибрилляцияның табысты факторлары:
- •Электроимпульсті терапияның (эит) қателіктері мен асқынулары:
- •Естеріңізде сақтаңыздар
- •Қарыншалық фибрилляция:
- •Асистолия:
Электроимпульсті терапияның (эит) қателіктері мен асқынулары:
1. Асистолия кезінде ЭИТ жүргізуге болмайды.
2. Электр разрядының айналасындағы адамдарға байқаусыз əсер етуі өлімге ұшыратуы мүмкін.
3. ЭИТ жүргізгеннен кейін (кардиоверсия) жасанды ырғақ жүргізушінің жұмысы уақытша немесе мүлдем бұзылуы.
4. Реанимация кезінде дефибрилляторды разрядқа дайындау үшін ұзақ уақыт алмау керек.
5. Электродтарды денеге тығыз жанастырмай қоюға жол бермеу керек.
6. Электродтардың бетін толық ылғалдандырмай қолдануға болмайды.
7. Дефибриллятор электродтарының арасына тұйықталып қаларлық жол (сұйықтық, гель) қалдыруға болмайды.
8. ЭИТ жүргізу кезінде алаңдауға болмайды.
9. Өте аз немесе көп кедергілі разрядты беруге болмайды.
10. Қысқатолқынды ҚФ фонында миокард энергоресурстарын арттыратын шараларды жүргізбей, разряд бермеген жөн.
11. ЭИТ жүргізу кезінде реанимация шараларын жасауға болмайды.
Манипуляциялар жүргізуге көрсетілімдер мен қарсыкөрсетілімдер
Пероральдық ауаөткізгіш түтіктерді қолданудың қажеті жоқ:
- жоғарғы тыныс жолдарының обструкцияларында;
- ауыз қуысының жарақаттарында;
- жақтардың сынуында;
- тістер босағанда;
- жіті бронхоспазм кезінде.
Пероральдық ауаөткізгіш түтіктерді қолданудың асқынулары:
- бронхоспастикалық реакция;
- регургитациямен аяқталатын құсу;
- ларингоспазм;
- тыныс жолдары обструкциясының күшеюі.
Кеңірдек интубациясын жасауға көрсетілімдер:
1. Өкпе вентиляциясын басқа əдістермен жүргізудің нəтижесіздігі.
2. Өкпеге ауа үрлеуге үлкен кедергілер (ларингоспазмның сақталуы, семіздіктен емшектің салмағы ауыр болуы, жүкті əйелдердің токсикоз кезеңі).
3. Асқазан сұйықтығының аспирацияланғанына күдіктену жəне регургитация.
4. Ауыз қуысында, кеңірдекте, бронхыларда қақырықтың, сілемейдің жəне қанның көп мөлшерде болуы.
5. Ес түсі сақталған адамда кеңірдек бронх тармағына дұрыс санация жүргізілмеген кезде.
6. Жұту рефлекстері жоғалғанда.
7. Қабыртқалардың көптеген сынықтарында.
8. Жүректің ашық массажына көшкенде.
9. Ұзақ уақыт ӨЖЖ қажеттігі болмағанда.
Естеріңізде сақтаңыздар
ҚФ кезінде дефибриллятор қолдануға мүмңкіндік болса, көктамырға дəрі жіберу жағдайы жасалғанша разрядтар беріледі.
Егер перифериялық көктамырларға инъекция жасау мүмкіндігі болса, асқынуларды болдырмау үшін (кернелген пневмоторакс, бұғана артериясының жəне кеуделік лимфа өзегінің зақымы, ауа эмболиясы жəне басқалары) магистральды көктамырларға катетеризация жүргізілмейді.
Қабыртқалар жəне/немесе төс сынғанда көкірек зақымданады, сондықтан торакальдық помпаның тиімділігі төмендейді.
Дəрілерді (адреналин, атропин, лидокаин) эндотрахеялық түтікше арқылы енгізуге болады немесе кеңірдекке тікелей коникопункция жолымен, мөлшерін 2-3 есе көбейтіп жəне 10-20 мл натрий хлоридтың изотоникалық ерітіндісімен араластырып енгізеді, сонан соң 3-4 күшейтілген дем беру арқылы дəрілерді пульверизациялайды.
Жедел жəрдем көрсету тактикасы
Емдеу принциптері:
1. Жүректің тиімді жұмыс атқару қызметін қалпына келтіру ЖӨМР шараларын бастау уақытына жəне шаралардың дұрыс жүргізілуіне байланысты.
2. Пациенттің бас жағын жəне денесін қатты жерге жатқызу кеуде помпасының тиімділігін арттырады.
3. Аяқты 30-40° көтеру, жүрекке қанның пассивті оралуын арттырады – күштемеалдылық жиырылуды күшейтеді.
4. Кеудеге кезекті компрессия жасау арасында тіркелетін абдоминальдық компрессия жүргізу күштемеалдылық жиырылуды күшейтеді жəне коронарлық перфузиялық қысымды көтереді.
5. Кеңірдек интубациясынан кейін жүректің ашық массажы қысымның тиімді градиентін құрайды жəне ми мен жүрек перфузиясын күшейтеді, осының салдары ЖӨМР 2 сағатқа дейін созуға, биологиялық жəне қоғамдық өмірді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Ауруханаға дейінгі сатыда емдік шараларды тек арнайы үйретуден өткен медицина қызметкерлері жүргізеді!