Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кардио.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.26 Кб
Скачать

Жүрекке ашық массаж жасаудың тиімділігі (жам):

1. ЖАМ ми қызметінің толық қалпына келуін қамтамасыз етеді. Көптеген жағдайларда екі сағат жүргізілген ЖӨМР кейін мидың тіршілік етуі қалпына келіп, жазылып кетеді.

2. Зарарсыздандырылмаған жағдайда жасалған торакотомиядан кейін де, инфекция ауыр проблема емес.

3. Торакальдық помапаға қарағанда, ЖАМ церебралдық (қалпынан 90% дейін) қанайналымды жəне коронарлық (50% жоғары) қанайналымды адекватты қамтамасыз етеді. Торакальдық помпа тек кеудеішілік қысымды, АҚҚ жəне веналық қысымды көтереді.

4. ЖАМ жоғары артерио-веналық перфузиялық қысымды құрайды.

5. Торакотомия кезінде жүректі тікелей қарап, пальпациялауға болады жəне ЖӨМР жүргізгенде дəрілік ем мен ЖЭД əсерін анықтап, бағалауға көмек береді.

6. Ашық көкірек кеудеішілік қан кетуді тоқтатуға мүмкіндік береді.

7. Құрсақ ішіне қан кету болған жағдайларда, көкеттен жоғары жерде кеуде аортасын уақытша қысып ұстауға мүмкіндік береді.

8. Тікелей массаж жасау арқылы жүректі механикалық тітіркендіру, миокардта жиырылу пайда болуын қамтамасыз етеді.

Егер дұрыс жүргізіліп жатқан торакальдық помпа қанайналымды қалпына келтіре алмаса, ЖАМ жасауға неғұрлым ерте кіріскен жөн.

ЖАМ əдісі дискредитациялануы тек оны қолдануды кешіктіргеннен болады. Ұзақ уақыт дұрыс жүргізілмеген торакальдық помпадан ЖАМ жасауға көшу өлі жүрекке массаж жасаумен тең.  

Жүрекке тікелей массаж жасауға негізгі көрсетілімдер:

1. Көбінесе перикард тампонадасы перикардтағы сұйықтықты тікелей тазалау арқылы жойылады.

2. Ірі өкпелік тромбоэмболия.

3. Терең гипотермия – тұрақты ҚФ дамиды. Торакотомия тікелей массаж жасау кезінде жүректі жылы физиологиялық ерітіндімен жылытуға мүмкіндік береді.

4. Жүректің тоқтаған клиникалық көрінісін беретін тұйық жарақаттар, кеуде жəне құрсақ қуысының сұғылған жарақаттары.

5. Көкірек серпінділігінің жоғалуы - көкірек пен омыртқаның деформациясы мен ригидтілігі, көкірекортаның ығысуы.

6. Жүргізілген (3-5 мин ішінде) сыртқы дефибрилляцияның нəтижесіздігі (12 максимальды энергия разрядтарынан кем болмағанда).

7. Жас адамдарда кенеттен асистолияның пайда болуы жəне торакальдық помпаның нəтижесіздігі.

8. Көлемді гемоторакс.

9. Кернемелі пневмоторакс.

10. Экссудативті плеврит.

11. Аорта (қолқа) аневризмасының жарылуы.

12. Өкпе айқын эмфиземасы.

13. Қабыртқаның, төстің, омыртқаның көптеген сынықтары.  

Дефибрилляцияның табысты факторлары:

1. Торакальдық помпа тиімділігі, ауалық қоспаларға оттекті мол мөлшерде жіберу арқылы өкпені ауаландыру.

2. Дефибрилляцияны адреналин енгізген соң жүргізген тиімдірек. Қысқатолқынды фибрилляцияны ірітолқындыға адреналиннің көмегімен ауыстырады. Қысқатолқынды фибрилляцияда дефибрилляцияның тиімділігі аз жəне ол асистолия туындатуы мүмкін.

3. Кардиотониялық немесе антиаритмиялық дəрілік препараттарды енгізгенде разряд, дəрі енгізген уақыттан 30-40 секундтан ерте берілмеуі керек. Тізбекке қарай жүргізу: дəрі → торакальдық помпа жəне ӨЖЖ → дефибрилляция → дəрі → торакальдық помпа жəне ӨЖЖ→ дефибрилляция.

4. Электродтарды теріге тығыз жəне бірқалыпты қою ережесін сақтау керек: қысым шамамен 10 кг.

5. Электродтар бір-біріне жақын орналаспауы керек.

6. Көкіректің орташа алғанда 70-80 Ом құрайтын кедергісін жою үшін жəне жүректің көп энергия алуы үшін, энергиясы біртіндеп жоғарылатылған үш разряд беріледі: 200 Дж → 300 Дж→ 360 Дж.

7. Разрядтар арасындағы интервал минимальды болуы керек – тек пульсті немесе ЭКГ (5- 10 сек.) бақылау уақыты.

8. Берілетін импульстің полярлылығы аса принципиальды маңызды емес .

9. Разряд беру науқастың дем шығару фазасында іске қосу керек. Бұл жүректің өкпемен жабылуын азайтады жəне омдық кедергіні 15-20% азайтады, соның салдарынан дефибриллятор разрядының əсері артады.

10. Фибрилляция эпизодтары қайталанғанда, басында оң əсер беретін энергия разряды беріледі.

11. ЭКГ- бақылау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүрек тоқтаған алғашқы минуттарда разрядты «қарамай» беруге болады.

12. Электродтарды жасанды ырғақ жүргізушінің үстінен қоюдан сақтану керек.

13. Пациенттің кеуде қабырғасының қалыңдығы тығыз болса, ЭИТ алғашқы разряды 300 Дж болуы керек, сонан соң 360 Дж жəне 400 Дж.