Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кардио.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.26 Кб
Скачать

Торакальдық помпаны жүргізу техникасы:

1. Оң қолдың алақанын төстің ортасына немесе төссүйектің өсіндісінен 2-3 см жоғары қойып, сол қолдың алақанын оң қолдың үстіне қояды.

2. Үзіліс кезінде алақанды көкіректен ажыратуға болмайды.

3. Компрессия құтқарушының дене салмағының ауырлығымен орындалады..

4. Ересектерде омыртқаға қарай экскурсиялау тереңдігі 4-5 см құрауы керек.

5. Кеудені басу жиілігі 1 минутта 60-80 болуы керек.

6. Торакальдық помпаның тиімділігін бағалау үшін ұйқы артериясындағы (күретамырдағы) пульсті басып көріп отыру керек.

7. Спонтанды тыныс пен қанайналымның қалпына келгенін бағалау үшін реанимацияны 1 минуттың соңында 5 секундқа, сонан соң əр 2-3 минут сайын тоқтатып отыру керек.

8. Қосымша емдеу шараларын жүргізу үшін реанимацияны 5-10 сек ұзақ жəне кеңірдек интубациясын жасау үшін 25-30 сек артық тоқтатпау керек.

9. Құтқарушының саны қанша болса да, кеңірдек интубациясына дейін компрессиялау жəне тыныс беру қатынасы 20:2 болу керек, сонан соң 10:1.

Торакальдық помпаның тиімділігін арттыратын көмекші əдістер:

1. Торакальды помпаны тек науқасты қатты тақтаға жатқызып жасау.

2. Аяқты 35-40° көтеру, осы арқылы «функциялы» қантамырлар азаяды. Бұл қанайналымның орталықтануына жəне қанайналымдағы қан мөлшерінің (ҚҚМ) 600-700 мл көбеюіне үлес қосады. Құйылған қан көкірек компрессиясын тоқтатқан кезде қолқа қақпақшасының тез жабылуына, соның əсерінен коронарлық қанайналымның жақсаруына септігін тигізеді. Тренделенбург қалпын ұстау қауіпті, өйткені мидың гипоксиялық ісінуін дамытуы мүмкін.

3. Плазма алмастырғаштарды құю веналық қысымды жəне веналық айдауды көтереді.

4. Тіркелетін абдоминальдық компрессия көкіректі басуды тоқтатқан кезде, ішті қысу арқылы жүргізіледі. Осының салдарынан іштегі қантамырлардан қан жоғары қарай сығылады. Регургитация қаупі болғандықтан мұны тек интубация жасалған науқастарға ғана жүргізеді.

Торакальдық помпаның механизмі:

1. Кеуделік насос – жүрек камералары мен өкпені басу арқылы бүкіл кеуде қуысындағы қысымды көтеру.

2. Көкіректі компрессиялау фазасында жүректің барлық камералары, тəж артериялары мен ірі қантамырлары қысылады.

3. Аорта мен оң жүрекшедегі қысым теңесіп, коронарлық қанайналым тоқтайды.

4. Көкірек серпіп қалпына қайтқанда жүрекке қан келуі жақсарып, аорта мен оң жүрекше арасында аздаған қысым градиенті пайда болады.

5. Аорта доғасында қысымның жоғарылауы жартыай тəрізді (айшық) қақпақшалардың жабылуына себеп болады, соның əсерінен коронарлық артерияларда қанайналым қалпына келеді.  

Торакальдық помпаның тиімділігі:

1. Кеуде қуысының құрылымына қысымды бірқалыпты тең бөлуіне байланысты, төменгі градиентті қысым мен төмен диастолалық қысымды (коронарлық қанайналым үшін қозғаушы күш) құрайды.

2. Жүрек индексі қалыптан 20-25% төмен болады, бұл ауыр кардиогендік шок кезінде байқалатын индекстен де төмен.

3. Торакальдық помпаның өнімділігі тез төмендейді, миокардтың ауыр зақымданулары болмаған күннің өзінде, 30-40 минут ішінде тиімділігі жоғалады. Жүректің үдеген гипоксиясы мен механикалық жарақаты, аз уақыт ішінде миокард тонусының төмендеуніе алып келеді.

4. Коронарлық қанайналым қалыпты көрсеткіштерінің 5-10% ғана қамтамасыз етеді.

5. Торакальдық помпа ми қанайналымы қалпынан 10-20% аспайды, жасанды қанайналымның көп бөлігі бастың жұмсақ тіндерінде жүреді.

6. Торакальдық помпаның мидағы минимальды қанайналымды ұстайтын уақыты - 10 минут. Аталған уақыт біткенде миокардтағы барлық оттек қоры бітіп, энергетикалық резервтер тозып, жүрек тонусын жоғалтады.