Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер жинағы ЭжТД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттiк технологиялар және инЖиниРинг университетi Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы

«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Барлық мамандықтарға арналған

Пәннің жетекші оқытушысы:

Ақтау, 2014 ж.

Дәріс №1. Кіріспе

Дәріс мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін, оның зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы түсінік беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы. Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі. Экологиялық мәселелер, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үрдістердегі алатын орны мен ролі. «Тұрақты даму» ұғымына анықтама және тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның ролі.

Негізгі терминдер:

1.Экология – ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

2. Экологиялық факторлар-тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері.

3.Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі этностардың дәстүрлі медициналық мәдениеті – этноэкология проблемаларының бірі, дәлірек айтсақ әр этнос топтарының денсаулығы мен табиғи өсіп-өнуін сақтау мәдениеті.

4. Адам экологиясы, антропоэкологиясы — ауыл,қала,село тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықтың қарым-қатынастарын үйлестіру,көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру және тәрбиелеу.

5.Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.

6.Тұрақты даму (ағыл Sustainable development-қолданбалы даму) – қоғамдағы адам өмірінің жағдайлары жақсаратын қоршаған ортаға әсер биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінен аспайтын, сондықтан адам қаракетінің негізі бұзылмайтын болып дамуы.

1.Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы.

Экология ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым – биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай – ақ, тірі ағзалардың бір - бірімен қарым – қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде (1866) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.

Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосфера мен ноосфера, экожүйе, биогиоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болуына өзіндік үлес қосу.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым – қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера- қоғам арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.

Экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

Экология ғылымының зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяциялық,биоценоз,экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктің маусымдық жылдық ырғағы.

Экология ғылымдарының негізгі зерттейтін бағыттары:

1. Ағзалардың бір-бірімен қарым – қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.

2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістіккебайланысты туындайтын өзгерістері.

3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері.

4. Адам-биосфера- қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды зерттеу.

5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.

6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нормаға жеткізу.

Экология – биология ғылымдарының негізінде ХIХ ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

Экологияның дамуы 3 кезеңге бөлінеді:

I – кезең (1707-1924). Бұл кезең ХVI- ғасырдың басы мен ХVIII ғасырдың аяқ кезін қамтиды. К.Линней (1707-1778), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), И.ИЛепехин (1740-1809), К.Мебиус (1769-1859), Н.А.Северцов (1824-1885), В.В.Докучаев (1846-1903) және т.б. ғалымдар биология элементтерін зерттеуден, ал биологтар, химиктер, систематиктер өздерінің ғылыми еңбектерінде экологиялық сипаттардағы ғылыми еңбектеріне зерттеулер жүргізіп, экология ғылымдарының дамуын зор үлес қосты. А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы» атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен бірге Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» туралы ілім және тағы басқа ұлы табиғат зерттеушілердің еңбектері жарық көрді.

II – кезең (1924 – 1980ж.). Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Бұл кезең экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар көптеп шығарыла бастады.

III – кезең (1980 – 2000ж.). Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология-бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті.

Экологияның зерттеу әдістері. .

Экология ғылымының қолданатын әдістері негізінен екеу болуы мүмкін – далалық және лабораториялық (эксперименттік).Далалық зерттеу тәсілін табиғи жағдайларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданады.

Экологияны жалпы және жеке деп бөлу экология ғылымының зерттеулерінің сипатты мен әдістерінің айырмашылықтарын білдіреді. Осыған байланысты қазіргі кезде экологияның негізгі әдістері – далалық зерттеулер, табиғат жағдайындағы тәжірибелер, математикалық модельдеу болып бөлінеді.

Далалық зерттеулер – далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Бұл зерттеулер арқылы белгілі бір жағдайда түрдің тіршілігі мен дамуын, оларға әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады.

Тәжірибелік зерттеулер – табиғаттағы қарым- қатынастардың себебін анықтайды. Бұл зерттеулер жасанды факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді.

Математикалық модельдеу – математикалық белгілердің көмегімен зерттеуге алынған жүйенің кейбір параметрлерінің мәндерін өзгерту арқылы соңғы нәтиженің қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Экологияның салалары және экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі

Биологиялық – экологиялық зерттеулердің бірнеше бағыттары бар. Олар: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, геоэкология, архиэкология, қолданбалы экология, әлемдік экология, адам экологиясы, нооэкологиясы және тағы басқалар.

Аутэкология – жеке ағзалар (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.

Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар ретінде зерттейді.

Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы. Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.

Адам экологиясы, антропоэкология — ауыл,қала,село тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықтың қарым-қатынастарын үйлестіру,көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру және тәрбиелеу.

Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық-биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.

Нооэкология– адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.

Географиялық экология- географиялық процестерге экологиялық заңдылықтарды қолдануға негізделген экологияның тарауы.

Өнеркәсіптік экология- өнеркәсіптің немесе адамның барлық шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерін,сондай-ақ табиғаттың кәсіпорындарға кері әсерін немесе барлық шаруашылықты толық зерттейді.

Радиациялық экология - биосферада радиоактивті нуклидтердің таралуын,мөлшерін,иондау сәулелердің организмге,олардың популяциясына,биоценозға тигізетін әсерін зерттейтін экология мен радиобиология саласы.

Биосфера экологиясы- биосферадағы экожүйені,оның тұрақтылығын,оның тұрақтылығын ,ондағы жүріп жатқан процестер мен адам факторының маңызын зерттейтің ғылым.

Сурет 1 - Экологияның кешенді сипаты

 

  Жалпы экология бойынша - өндірістік технологиялар, тірі жүйелер мен қоршаған орта, әлеуметтік экология бойынша – қоғам туралы мәліметтермен қаруланды. Экология саласындағы жобалық жұмыстары бағытының үш негізгі түрін жіктеп көрсеттік – экологиялық-биологиялық, экологиялық-қолданбалы және экологиялық-әлеуметтік. Экология саласындағы әрбір жобалық жұмыс өзінің іс-әрекет объекттеріне, іс-әрекетке мамандануының белгілі бір бағытына және әр түрлі профильдегі студенттердің экологиялық оқу-жобалық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне ие (Сурет 2).

Сурет 2 -   Экология саласындағы оқу-жобалық іс-әрекеттерінің басқа ғылымдармен байланысы

Экологиялық-биологиялық оқу жобалары көлемінде  тірі жүйелер (организмдер, популяциялар, қауымдастықтар, биосфераның тірі заттары) мен қоршаған ортаның және оларда тіршілік етушілердің өзара байланысы туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.

Экологиялық-қолданбалы  бағыттағы (табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау) оқу жобалары көлемінде  өнеркәсіптік өндірістердің әсері және тірі жүйелерді тұтынушылыққа, өмір сүру ортасы мен адамдардың денсаулығына әсері  туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.

Экологиялық-әлеуметтік  бағыттағы (табиғатты пайдалану мен табиғатты қорғаудың әлеуметтік аспектілері) оқу жобалары көлемінде  табиғатпен тікелей немесе жанама байланыстағы қоғамдық қарым-қатынастардың заңдылықтары  туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.

 Аймақтағы экологиялық проблемалардың көптүрлілігі мен өзектілігі себепті оқу-жобалық іс-әрекеттері мамандандырылуының деңгейі де жеткілікті тұрғыда кең көлемде түрлене түсті.

 

Кесте 1 - Іс-әрекет объектілері бойынша оқу жобаларының жіктемесі

 

 

Жалпы бағыты

 

Экологиялық іс-әрекетінің мамандануы

 

Әр түрлі профильдегі оқу-жобалық іс-әрекеттердің ерекшеліктерінің сипаттамасы

 

 Экологиялық-қолданбалы  бағыттағы

 

 

Қалалық орта экологиясы (урбоэкология)

Қаланың ерекшеліктері урбанизацияланған территорияларда тұруға арналған организмдер (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, адамдар) мен олардың жиынтығының (популяциялар мен бірлестіктер)  тіршілік ету ортасы ретінде меңгертіледі

Ауыл-шаруашылық экологиясы (агроэкология)

Бірлестіктердің құрылымының ерекшеліктері және олардың құрамы, өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың және микроорганизмдердің, адамдардың бірлестіктерінің, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістерінің қоршаған ортаға (популяциялар мен бірлестіктер) әсері меңгертіледі.

Гидроэкология

Су орталарының тіршілік ету  ерекшеліктері және оларда тіршілік ететін организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) және олардың бірлестіктері, сондай-ақ адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің су орталарына және онда өмір сүретіндерге әсері меңгертіледі.

Топырақ экологиясы

Топырақта мекендейтін организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер)  қоршаған өмір сүру ортасы және оған бейімделуі мен олардың  бірлестіктері ретінде топырақтың ерекшеліктері, сондай-ақ адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің топырақ ортасына және оларды мекендеушілерге әсері меңгертіледі.

Химиялық экология

Әр түрлі химиялық заттарға айналуы (табиғи, антропогендік), соның ішінде тірі табиғи ортадағы химиялық байланыстардың жиынтығы және химиялық өзара байланыс пен  тіршіліктің байланыстылығы меңгертіледі.

Адам экологиясы және медициналық  экология

Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының адамның өмір тіршілігіне әсері, соның ішінде бөлек бір адамдардың ғана емес, сондай-ақ бөлек бір популяциялар мен адамзат өміріне тұтас және денсаулығына гигиеналық, токсикологиялық әсері  меңгертіледі.

Космос экологиясы

Жасандылық тұрғыдағы (аквариумдар, террариумдар, қысқы бақшалар және т.б.) тұйық экожүйелердің тіршілік етуі мен құрылымының мәселелері меңгертіледі.

Экологиялық құқық және табиғатты пайдалану экологиясы

Табиғатты пайдалану және табиғатты қорғаудың құқықтық мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалану мен  табиғат байлығын қорғаудың экономикалық мәселелері меңгертіледі. Экологиялық құқық пен экономикалық табиғатты пайдалануды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

  Кесте 1 жалғасы

Экологиялық-әлеуметтік бағыттағы оқу жобалары

Экологиялық психология

Жекелік және қоғамдық экологиялық сананы қалыптастыру ерекшеліктері, соның ішінде бұқаралық ақпараттандыру құралдарының көздері меңгертіледі.

Экологиялық педагогика

Экологиялық білім, тәрбие мен ағартушылық  мәселелері меңгертіледі, жеке тұлға мен қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастырудағы әр түрлі тәрбиелеу құралдарының потенциалына талдау жасалады, және оңтайлы тәрбиелеу жүйесі модельденеді.

Экология және өнер

Табиғатқа байланысты шығарылған әр түрлі жанрдағы көркем шығармалардың түрлі салалары меңгертіледі. Экомәдениетті тұлға қалыптастырудағы бейнелеу құралдарының бірі ретіндегі оның рөлі зерттеледі.

Экологиялық журналистика

Әр түрлі жанрдағы публицистикалық шығармалар даярлау жүзеге асырылады. Баспасөз беттерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында  экологиялық эсселер жарияланады. Баспасөздерде экологиялық акциялар мен ынталар жарық көреді.

  Тұрақты даму (ағыл SuStainable development-қолданбалы даму ) – қоғамдағы адам өмірінің жағдайлары жақсаратын қоршаған ортаға әсер биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінен аспайтын, сондықтан адам қаракетінің негізі бұзылмайтын болып дамуы.

«Тұрақты» даму тұжырымдамаасы 1987 жылы 200-ден аса мемлекет өкілдері ұсынған БҰҰ-ның Дүниежүзілік комиссиясының Докладында алғаш рет ұсынылды. 1992 жылы Рио-де-жанейрода өткен ҚО және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясында осы концепцияны XXI ғасырдағы біздің планетамыздағы барлық елдерде жүретін басшылық ретінде бекітті. Тұрақты даму деп қазіргі уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз ететін дамуды айтады, алайда бұл даму болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыз ету қасиетіне қауіп төндірмеуі тиіс.

«Қоғам-табиғат» жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейлердегі социоэкожүйенің динамикалық тепе-теңдігін сақтауды білдіреді. Әлеуметтік экожүйенің компоненттері болып қоғам (социалды жүйе) және табиғи орта (эко- және геожүйе) саналады. Әлеуметтік экожүйенің динамикалық тепе-теңдігі олардың дамуы процесіндегі белгілі қарым-қатынасты міндетті сақтауды қажет етеді.

Жоғарыда айтылып өткендей,адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінен нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні-табиғаттағы қалыптасқан тепе-тендікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Сондықтан тұрақты даму адамның қызметіне тікелей байланысты.(4.1.сурет)

Сурет 3 Адамзаттың тұрақты экологиялық дамуын құрайтын негізгі стратегиялар

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын-алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда,табиғи және әләуметтік дағдарыссыз дамиды.

Экологиялық дағдарыс жағдайларында адамзат дамуының артықшылықтары ретінде экологиялық мәселелерді шешудің бағдарламалық "тұрақты даму" концепциясы ұсынылды.(2 кесте)

Тұрақты экологиялық даму

Қоршаған ортаны оңтайландыру

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Табиғатты қорғау

Табиғаттағы өзгерістер

Қолданбалы экология әдістерімен табиғатты ұтымды пайдалану қағидаларын жүзеге асыру

табиғатты ұтымды пайдалану

2кесте Тұрақты экологиялық даму бағдарламасының жүзеге асуының сызбасы

"Тұрақты даму" дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. "Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық" (БҰҰ материалдарынан).

Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі.

Адамзаттың тіршілік барысы тікелей экологиямен байланысты.(2.1.кесте)