- •Тақырыбы: Дербес компьютер жайлы ақпарат.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.
- •1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.
- •2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
- •2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.
- •2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.
- •2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
- •3. Жазамыз
- •3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
- •3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
- •Есімшелі етістік
- •Тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Кэш жадысы. Процессор шинасы.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Ілік септігі
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Көмектес септігі
- •Бұрынғы өткен шақ
- •Ауыспалы осы шақ
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •Күрдеді етістік
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: windows-ті іске қосу
- •Тақырыбы: windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
- •Тақырыбы: ms Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау
- •Тақырыбы: Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
3. Жазамыз
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.
есте сақтау сақталады
сыртқы сеансы
программалар құрылғысы
жұмыс жадысы
ЭЕМ оқтын
электр жылдамдығы
оқтын сөндірілгенде
есептеу торабында
өзгертілмейтін диск
магниттік ақпаратты
3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
А. процессор, алмасып, отырады, екеуімен, кезінде, осы, мәлімет, жұмыс.
Ә. жедел, тек, сеансы, жадыдағы, кезінде, ақпарат, жұмыс, сақталады.
Б. мәлімет, ондағы, немесе, ток, ЭЕМ, өшкен, сөндірілгенде, шақтарда, жоғалады, ізсіз.
В. компьютердің, өзгеше, жедел, тұрақты, оның, жадысынан, жадысы болады.
Г. ол, сақтайды, ақпаратты, өзгертілмейтін.
Ғ. алмайды, ешкім, қайта, жаза, оны, өшіріп.
3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
Барыс септігі
Ауыспалы осы шақ
Үлгі: Жады+ға жазыл+а+ды
Тәуелдік
жалғауының ІІІ жағы + ілік септігі
Тәуелдік жалғауының ііі жағы
Үлгі: Жедел жады+сы+ның көлем+і
3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.
Магниттік, ізсіз, есептеу, жылдамдығы, бірлігі, өзгеше.
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.
Оперативті есте сактау күрылгысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, түрақты есте сақтау күрылғысы компьютердін ішкы жадын қүрайды. Процессор жүмыс кезінде осы екеуымен мәлімет алмасып отырады. Онделуге тиісті кез келген малімет алдымен компьютердін сырткы жадысынан жедел жадыга жазіладі.
Компьютердін жедел жадысында дереу онделуге тиіс маліметтер мен программалар сакталады. Акпарат керек кезынде магниттік дискіден жедел жадыга кошіріліп өңделген сон, олар кайта сырткы жадыга жазіліп қойылады. Жедел жадідагы ақпарат тек жүмыс сеансы кезінде сакталады. Ондагы малімет ЭЕМ сондірілгенде немесе электр торабында акау болып, ток ошкен шактарда ызсіз жогалады.
3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.
1. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет ........................ .
2. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде .................. .
3.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да ............ .
4. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы ....... .
5. Ол өзгертілмейтін ақпаратты ....................... .
6. Ешкім оны өшіріп қайта ................ , оны тек ........................ .
3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.
Компьютердің ішкі жадысы
Компьютердің тұрақты жадысы
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңдар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.
5-сабақ.
Тақырыбы: Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
• жедел жады;
• тұрақты жады;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Монитор мен бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер - ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді. Адаптерлер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды.
