Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

3. Жазамыз

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

өңдейтін шиналары

жұмыс құралады

қолданылып командалар

қызметін мәліметтерді

біріктіруші процесі

өткізгіштерден ұяшықтары

көшіру өткізгіштер

басқару атқарады

қарапайым жүр

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. Процессор, сақтамайды, әдетте, еш нәрсені, өзінде, де.

Ә. Бұл, кэш, жады, ұяшықтық, шағын.

Б. Шина, жиынтығы, сым-жолдарының, дегеніміз, бұл.

В. Процессордың, орнатылады, радиатор, үстіне.

Г. көрсетіледі, командалар, түрінде, байттар.

Ғ. Екі, одан, да, көп, немесе, сыйымдылықты, байтты, командалар, қажет ететін, болады, да.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Табыс септігі

Ауыспалы осы шақ

Үлгі: Еш нәрсе + ні сақтама +й+ды

Ілік септігі

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + табыс септігі

Үлгі: Процессор+дың жұмыс+ы+н

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Көшірме, жиынтық, біріктіруші, өткізгіштер, бірнеше, қазіргі, заманғы, адрестік, разрядты, паралельді, оперативті, сыйымдылық, цифрлік.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Процессор оңдейтін мәліметтердың оперативті жадідан алады. Адетте процессор озінде еш нәрсены де сақтамайді. Процессордың жұмысынін жеделдету үшін көптен беры кэштеу технологиясы қолданіліп жүр. Егер бір нәрсе жалпы жадідан онделсе, оның көшірмесі кэш жадіга тұседі.

Бұл сым–жолдары 3 типке бүлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Қазіргі замангы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді откізгіштердан қүралады.

Процессорда орындалған командалардың осы баскару шиналары мен оперативтык жадідан келеді. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бырақ 2 немесе одан да көп байтты сійімділіқті қажет ететін командалар да болады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан ........................ .

2. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де ................. .

3.Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы ......................... .

4. Адрестік шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін....... .

5. Командалар байттар түрінде ....................... .

6. Қарапайым командалар 1 байтқа .................... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

Шина және оның түрлері

Мәліметтер шинасы мен басқару шинасының қызметі

Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңдар.

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

4-сабақ. Тақырыбы: Оперативті есте сақтау құрылғысы.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады.

Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп өңделген соң, олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады. Ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі.

Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды. Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.