Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Өңдейтін, жады, сақтамайды, ұяшықтар, жеделдету үшін, қызметін атқарады, көшірмесі, түседі, сым-жолдарының жиынтығы, біріктіруші өткізгіштер, басқару, құралады, орындалған, түрінде, көрсетіледі, сыйады, сыйымдылықты.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Өңдейтін, жады, сақтамайды, ұяшықтар, жеделдету үшін, қызметін атқарады, көшірмесі, түседі, сым-жолдарының жиынтығы, біріктіруші өткізгіштер, басқару, құралады, орындалған, түрінде, көрсетіледі, сыйады, сыйымдылықты.

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

Жадыдан

Сым-жолдарының

................................

................................

...............................

алады

жиынтығы

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Процессор өңдейтін мәліметтерді қайдан алады?

Ә. Регистр деп нені атаймыз?

Б. Кэш дегеніміз не?

В. Шина дегеніміз не және оның неше түрі бар?

Г. Адрестік шинаның қызметі қандай?

Ғ. Мәліметтер шинасы арқылы қандай үрдістер орындалады?

Д. Басқару шинасының атқаратын қызметі қандай?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Сұхбатты мәтінге айналдырыңдар.

- Арман, саған компьютердің оперативті жадысы туралы сұрақ қоюға бола ма?

- Әрине, болады.

- Кэш-жад немесе бүркеме-жад компьютерге не үшін қажет?

- Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.

- Сонда кэш шағын ұяшықтық жады екен ғой.

- Ол буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

- Ал сым-жолдарының жиынтығын немесе цифрлік жүйедегі бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштерді қалай атауға болады ?

- Олар шина деп аталады. Бұл сым–жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару.

- Адрестік шина деп неге аталған?

- Процессор адрестік шинадан орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды.

- Мәліметтер шинасы қандай қызмет атқарады?

- Мәліметтер шинасы арқылы оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді.

- Ал басқару шиналары ше?

- Процессорда орындалған командалар осы басқару шиналары мен оперативтік жадыдан келеді. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Процессор _________ мәліметтерді оперативті __________ алады. Әдетте процессор өзінде ___________ де ___________. Онда мәліметтер өңделетін __________ өте аз. Бұл _______ _______ регистр деп аталады. Процессордың жұмысын _________ _____ көптен бері ________ __________ қолданылып жүр. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің ________ ____________. Егер бір нәрсе _______ жадыдан өңделсе, оның _________ кэш жадыға _______. Шина дегеніміз – бұл ____ -_____ ___________, кей кезде цифрлік жүйеде _______ компоненттерді _________ _________.

2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.

Үлгі: қандай мәліметтерді? – өңдейтін мәліметтерді

нені сақтамайды, ненің жұмысын, жұмысын не істеу үшін, ненің қызметін атқарады, неден өңделсе, кэш жадыға не істейді, бұл ненің жиынтығы, нені біріктіруші өткізгіштер, нені оқиды, неден құралады, қайда көшіру процесі жүреді, командалар қалай көрсетіледі,нені қажет ететін.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым–жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады.

Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.

2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.

*Сен «Информатика» пәнінің оқытушысың.

*Студенттерге «Кэш жадысы. Процессор шинасы» тақырыбын қалай түсіндірер едің.

*Жоғарыдағы мәтінді пайдаланыңдар.