Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

3. Жазамыз

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

орталық құрылғысы

оперативті анықтайды

құрамдас тақша

шапшаңдығын бөліктері

өңдеу жады

аналық құрылғы

ырғақтық процессор

логикалық жиілігі

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. Бұлар, анықтайды, шапшаңдығын, жұмысының, компьютер.

Ә. Процессор, орналасады, тақшада, аналық, оперативті, қатар, жадымен.

Б. Процессордың, ырғақтық, жиілігімен, жылдамдығы, оның, анықталады.

В. Процессордың, орнатылады, радиатор, үстіне.

Г. Радиаторға, орнатылады, арналған, желдеткіш, процессорды, салқындатуға.

Ғ. Процессор, тұрады, миллион, транзисторлардан, ондаған.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Ілік септігі

Тәуелдік жалғауының ііі жағы

Үлгі: Процессор+дың тип+і

Сын есім

Зат есім

Үлгі: Орталық процессор

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Сипаттама, шапшаңдық, жылдамдық, стандартты, орталық, құрылғы, есептеулер, жиілік, желдеткіш, ырғақтық, логикалық.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Процессор компьютердің орталық мәліметтерге өңдеу құрылғысы болып табіладі. Процессор неғүрлым шапшаң болса, компьютердіңде жүмыс істеу жілдамдіғі соғұрлым жоғары болады. Ол бағдарламалар жүмысына қажетті есептеулерге орындайды.

Процессорды жілдамдіғі мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеды және оның ырғақтық жиілігымен анықталады. Процессорды ұстіне радиатор, радиаторга процессорды салкындатуға арналған желдеткыш (кулер) орнатылады. Процессор микросхема ретінде үсінылған және оперативтің жадыменен қатар аналық тақшадағы өрналасады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын ........................ .

2. Процессор оперативті жадымен қатар аналық тақшада ................. .

3. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді ........................ .

4. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен немесе гигагерцпен ....... .

5. Процессор ондаған миллион транзисторлардан ....................... .

6. Процессордың үстіне радиатор .................... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

Процессордың жылдамдығы және оны салқындатқыш құрылғы

Процессор түрлері мен оның ішкі схемасы

Процессордың атқаратын қызметі

Компьютердің құрамдас бөліктері

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңдар.

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

3-сабақ.

Тақырыбы: Кэш жадысы. Процессор шинасы.

Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де сақтамайды. Онда мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым–жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Адрестік шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады.

Мәліметтер шинасы арқылы оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Процессорда орындалған командалар осы басқару шиналары мен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.