Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары.

Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеді және оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Процессорлардың Целерон Д 330 немесе Пентиум 4 640 деген нөмірлері бар. Процессор (микропроцессор) - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

Компьютерде

Шапшаңдығын

................................

................................

...............................

беріледі

анықтайды

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Процессордың стандартты сипаттамалары қандай?

Ә. Процессор нені өңдеу құрылғысы болып табылады?

Б. Процессор қайда орналасады?

В. Процессордың жылдамдығы немен өлшенеді?

Г. Процессордың негізгі ішкі схемасын атаңыздар?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңдар.

-Арман, сен қандай университетте оқисың?

-Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқимын.

-Болашақ мамандығың қандай?

-Бағдарламашы.

-Компьютерді жақсы біледі екенсің ғой. Саған сұрақ қоюға бола ма?

-Болады. Қойыңыз.

-Копьютердегі процессордың атқаратын қызметі қандай?

-Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.

-Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы процессорға байланысты ма?

-Әрине. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

-Кулер дегеніміз не?

-Процессорды салқындатуға арналған желдеткішті кулер деп атайды. Ол радиотарға орнатылады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Компьютерде орталық процессордың ________ мен _________, оперативті жады туралы стандартты ___________ беріледі. Бұлар компьютер жұмысының _____________ анықтайды. Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді __________ ________ болып табылады.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және _______ ________ қатар _______ _________ орналасады. Процессордың __________ мегагерцпен немесе гигагерцпен _________. Процессор - _______________ ең үлкен микросхемасы. Процессор __________ ___________ транзисторлардан тұрады.

2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.

Үлгі: қандай процессор? – орталық процессор

Қандай жады, компьютердің қандай бөліктері, қандай мәліметтерді, қайда орналасады, нені орындайды, немен өлшенеді, немен анықталады, не орнатылады, неден тұрады, қандай құрылғы, нені басқаратын шина.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессорлардың Целерон Д 330 немесе Пентиум 4 640 деген нөмірлері бар. Процессор - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина.

2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.

* Сен компьютер сатылатын дүкенде мененджер болып жұмыс істейсің.

* Сатып алушыға дербес компьютер жайлы ақпарат беріп, процессордың қызметін қалай сипаттап берер едің.

* Жоғарыдағы мәтінді пайдаланыңдар.