- •Тақырыбы: Дербес компьютер жайлы ақпарат.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.
- •1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.
- •2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
- •2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.
- •2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.
- •2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
- •3. Жазамыз
- •3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
- •3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
- •Есімшелі етістік
- •Тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Кэш жадысы. Процессор шинасы.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Ілік септігі
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Көмектес септігі
- •Бұрынғы өткен шақ
- •Ауыспалы осы шақ
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •Күрдеді етістік
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: windows-ті іске қосу
- •Тақырыбы: windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
- •Тақырыбы: ms Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау
- •Тақырыбы: Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
Тақырыбы: Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тінтуірдің батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады.
Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады.
Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тінтуірдің немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.
20-сабақ.
Тақырыбы: Компьютерлік және интернет желілері
Дербес компьютерлердің желілері ауқымды жалпы және жергелікті желілерге бөлінеді. Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Компьютерлерді жергілікті желілер арқылы байланыстыру мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мекемелердегі, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10 және 100 мегабитке жетеді. Ал ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
World Wide Web яғни, «дүниежүзілік өрмек» ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне «электрондық саяхат» жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз. Сол ақпарат ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз.
