Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Тақырыбы: windows-ті іске қосу

Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Windows жүктелгеннен кейін экранға «жұмыс үстелі» шығуы тиіс, Windows З.х жүйесінде Программа диспетчері шығады да, Windows 98-де – жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:

  • жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды жабу (аяқтау);

- Windows-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау.

Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс. Бірінші, тінтуір курсорын Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының ішінен «Жабу» командасын таңдау қажет. Екінші, «ОК» басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек. Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.

11-сабақ.

Тақырыбы: windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өзгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет. Терезенің аумағын өзгерту үшін тінтуір курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне, мысалы, сол жақ шекарасына апарыңыз. Тінтуір курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсызыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. «Тінтуірдің» сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту керек. «Тінтуірдің» батырмасын жіберсеңіз, терезенің өзгергенін көресіздер.

Терезенің экран бетімен орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсызық ұшы тақырып жолына көк тіктөртбұрышты аумаққа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тінтуір батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орнында бекітіліп сақталып қалады.

Бір терезені кішірейтіп белгіге айналдыру Терезені кішірейту командасымен немесе терезенің оң жақ жоғарғы бұрышындағы батырма арқылы жүзеге асады. Терезе әдетте ықшам белгіше түріне дейін кішірейтілуі мүмкін. Бұл үшін тінтуір курсорын тақырып жолының оң жағында орналасқан Ықшамдау батырмасына әкеліп, оның сол жақ шеткі пернесін шертеміз. Сол сәтте терезе экраннан алынып, оның орнына жазуы бар кішкене сурет, яғни белгіше пайда болады.

12-сабақ.

Тақырыбы: Компьютер жұмысын басқару құралдары

Жаңа құрылғыларды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа бағдарламаларды компьютерге орналастырғанда, қаріптерді алып тастау не енгізу кездерінде, «Жұмыс үстелін» көркейту істерін атқарғанда, сандарды, даталар мен уақытты бейнелеу түрлерін өзгерту барысында «Басқару тақтасы» деп аталатын жүйелік бумада орналасқан құралдар пайдаланылады. Бұл буманы іске қосу «Менің компьютерім» атты жүйелік топтағы Басқару тақтасы белгісін таңдап, тінтуірді екі рет шерту арқылы немесе басты менюдің Баптау --- «Басқару тақтасы» командаларын таңдау жолымен атқарылады.

Басқару тақтасы терезесінде орналасқан программалық элементтерді пайдалана отырып «Жұмыс үстелін» көркейтуге, тінтуір қолтетігін, пернелік тақтаны баптауға (өзіңізге ыңғайлы күйге келтіруге) және тағы басқа жұмыстарды атқаруға болады.

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жұмыс істейді. Қандай да бір бағдарлама белгісіне тінтуір курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін бағдарламалық файл іске қосылады.

Windows жүйесінің көптеген бағдарламалары дискіден ақпаратты оқу және оны толықтырып, өңдеп, қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол – жұмысы Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу терезесі.

13-сабақ.

Тақырыбы: Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою

Windows 98 жүйесінде барлық файлдар, құжаттар және бағдарламалар бумаларда сақталады. Егер бума сыртында сурет болса, ондай бума арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады. Оны жоюға, басқа орынға ауыстыруға болмайды.

Қарапайым жай бумалардағы мәліметтермен кез келген әрекет орындауға болады, мысалы, жою, көшірме алу, орнын ауыстыру және т.с.с.

Өз құжаттарыңызды сақтау үшін жеке бума ашу қажет. Бумаларды жұмыс үстелінде немесе терезе ішінде де ашуға болады. Жұмыс үстелінде бума ашу үшін курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет. Сонда пайда болатын контексті-тәуелді менюдің Жасау ---- Бума деген опциясын таңдап, экранға шыққан бума бейнесінің астына бірден оның атын енгізе беруге болады. Егер бума аты енгізілмесе, онда оның орнында нүктелер жолы орналасады. Ал терезе ішінде бума ашу қажет болғанда, Файл---Жасау---Бума командаларын орындау қажет.

Жарлық (ярлык) дегеніміз – бумалар ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз қамтамасыз ете алатын командалық файл. Жарлықтар жиі қолданылатын бағдарламалар мен құжаттық шаблондар (нұсқалар) үшін даярланады да, олар жұмыс үстелінде арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума ішінде жасала береді.

Жарлықтар мен бумаларды жою Windows жүйесіндегі кез келген объектіні жою сияқты орындалады. Мұның барысында керекті бір ақпаратты жойып алмас үшін, оның да бірнеше жолы жасалған, олар:

  • «Қоржын» арқылы жою;

  • толық жойып тастау;

  • жою кезінде хабар беріп отыру.

Егер «Қоржынға» салу жолымен жойылса, онда мәліметтерді қайта бастапқы күйіне келтіруге болады. Ақпаратты толық жою «Қоржындағы» мәліметті жойғанда орындалады.

14-сабақ.

Тақырыбы: Компьютерлік вирус және олардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады.

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

-ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық заұымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы керек;

-алдын-ала шараларды пайдалану, яғни вирустарды жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

-вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану. Жалпы ақпарат қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық бағдарламаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

-файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын естес ақтауға негізделген бағдарламалар;

-бағдарламаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік бағдарламалар;

-вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын бағдарламалар.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық бағдарламалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс.

15-сабақ.

Тақырыбы: Архивтеу бағдарламалары

Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу үдерісі Архивтеу деп аталады. Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып, алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану. Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қосылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:

-файлдың аты;

-файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

-файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;

-архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек.

16-сабақ.