Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

3. Жазамыз

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

іске құрылғыларды

шеткері жүктеу

алғашқы тақтасы

пернелік ақпарат

функционалдық орналастырылған

символдық қосу

сәйкес программа

арнаулы пернелер

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. шеткері, ток, керек, көзіне, құрылғыларды, қосу.

Ә. операциялық, жүйе, соң, жұмыс, істеуге, компьютер, енеді, жүктелген, дайын күйге.

Б. үйлесімді, тұрады, ДЭЕМ, стандартты, пернелігі, пернелер, жиынтығынан.

В. тұрған, компьютерге, жалғанып, мониторды, құрылғыларды, шеткері, және өшіру, керек.

Г. олар бір тәртіппен белгілі орналасып, топтарға, мынадай, жіктеледі.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Тұйық етістік

керек

Үлгі: өшір+у керек

Табыс септігіндегі зат есім

Тұйық етістік

Үлгі: компьютер+ді сөндіру

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Операциялық, жүйелік, пернелік, алфавиттік, цифрлық, таңбалық, символдық, функционалдық, арифметикалық, логикалық, американдық

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Бул іс-арекеттерден кейін экранга компьютерді алгашқы жуктеу және қурылгыларды тексеру журіп жатқаны жайлы маліметтер шыгады. Операциялык жуйе жуктелген сон, компьютер жумыс істеуге дайын куйге енеді.

ДЭЕМ пернелік тактасы кез келген ЭЕМ пернелігі тарізді бір тактада орналаскан пернелер жиынтыгынан турады. Әрбір адам пернелік аркылы компьютерге символдык акпарат енгізіп, солардан оны баскару командаларын да курастыра алады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан ............ .

2. Әрбір адам пернелік аркылы компьютерге символдык акпарат .................. .

3.Бұл іс-әрекеттерден кейін құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады .............. .

4. Операциялық жүйе .............. соң, компьютер жұмыс істеуге дайын күйге ......... .

5. ДЭЕМ пернелік тақтасы кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан ............... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

Пернелік әріптер

Пернелік тақта мен олардың топтары

Компьютерді іске қосу

Компьютерді өшіру

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңдар.

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

9-сабақ.

Тақырыбы: WINDOWS жүйесінің негізгі қызметтері

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқаруды, файлдық жүйемен жұмыс істеуді, қолданбалы бағдарламаларды іске қосуды, бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін, әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтермен алмасуды, масштабталған қаріптерді қолдауды, мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды, бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз етеді.

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдарына терезе мен жұмыс үстелі жатады. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы. Онда әртүрлі бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Жұмыс үстелі ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс үстелінде кітаптар, мәліметтер салынғын бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін. Белгіше – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды бейнелеп тұруы мүмкін. Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бума – экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума – каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады.