- •Тақырыбы: Дербес компьютер жайлы ақпарат.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.
- •1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.
- •2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
- •2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.
- •2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.
- •2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
- •3. Жазамыз
- •3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
- •3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
- •Есімшелі етістік
- •Тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Кэш жадысы. Процессор шинасы.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Ілік септігі
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Көмектес септігі
- •Бұрынғы өткен шақ
- •Ауыспалы осы шақ
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Ілік септігі
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •Күрдеді етістік
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Табыс септігіндегі зат есім
- •1. Тыңдаймыз. Оқимыз
- •1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
- •2. Оқимыз. Сөйлейміз
- •3. Жазамыз
- •Барыс септігі
- •Ауыспалы осы шақ
- •Тәуелдік жалғауының ііі жағы
- •Тақырыбы: windows-ті іске қосу
- •Тақырыбы: windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
- •Тақырыбы: ms Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау
- •Тақырыбы: Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
3. Жазамыз
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.
сыртқы мәліметтер
көлемді кітапханасы
жай жинақтауыштары
мәліметтерінің дискідегі
иілгіш ақпаратты
қосымша бағдарламалар
3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
А. оларды, ақпараттың, көбінесе, жинақтауыштары, сыртқы, дейді.
Ә. олар, қажет, ақпаратты, сақтау, көлемді, уақыты, ұзақ, үшін .
Б.сыртқы, кез келген, бағдарлама, жай, мәліметтер жадыда немесе сақтала береді.
В. кездерде, соңғы, магниттік, ДЭЕМ-дер үшін, таспадағы, жинақтауыштар – стримерлер, шықты.
Г. магниттік, екі, түрлі, дискідегі, болады, жинақтауыштар.
Ғ.компьютерлердің, жабдықталған, көпшілігі, тұрғылықты, дисктермен құрамдас.
3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
Сын есімТабыс септігіндегі зат есім
Үлгі: көлем+ді ақпарат+ты
Зат есім
Күрдеді етістік
Үлгі: мәлімет+тер сақтала береді
3.4 Мәтіннен туынды сөздерді көшіріп жазыңдар.
Үлгі: жинақтау+ыш, магнит+тік
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.
Акпарат жинактауыштар – кез келген ЭЕМ-нін қажетты болігі. Оларды кобінесе ақпараттын сырткы жинактауыштары немесе компьютердін сырткы жадысы дейді. Олар колемді акпаратты узақ сактау уақыты ушін қажет. Ондағы маліметтер ЭЕМ-нің жумыс куйіне байланысты болмайды. Сырткы жадыда кез келген багдарлама немесе жай маліметтер сактала береді, сол себепті оны арбір адамнын маліметтерінін кытапханасы деуге болады.
3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.
1. Соңғы кездерде дербес электронды есептегіш машиналар үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер .........................
2. Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер ............... .
3.Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды .................. .............., тек ................ .
4. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен ................ .
5. Оларға қосымша бағдарламалар ..............., онда файлдар ............ және әр түрлі мәліметтер ...................
3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.
Жинақтауыш түрлері
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.
3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.
8-сабақ.
Тақырыбы: Дербес компьютерді іске қосу және өшіру
Компьютерді іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет. Бірінші, ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды ток көзіне қосу керек (принтер, сканер және т.б.). Екінші, жүйе блогын іске қосу керек. Үшінші, мониторды іске қосу керек. Бұл іс-әрекеттерден кейін экранға компьютерді алғашқы жүктеу және құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады. Операциялық жүйе жүктелген соң, компьютер жұмыс істеуге дайын күйге енеді.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру үшін: 1) ағымда тұрған программалар жұмысын доғару керек; 2) ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды өшіру керек; 3) мониторды өшіру керек; 4) жүйелік блогты өшіру керек.
ДЭЕМ пернелік тақтасы кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп, солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:
-алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орын» белгісі.
-функционалдық пернелер: F1-F12;
-әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab және тағы басқалары.
-түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete және т.б.
Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді, ал қазақ, орыс әріптері біздегі машинкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып, тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.
