Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

Қажетті, бөлігі, сыртқы жинақтауыштары, көлемді, жұмыс күйіне, тікелей, шықты, бірте-бірте, тізбектей іздеу, жай жүргізіледі, ауыстыра алмайды, толықтырады, иілгіш, қатқыл, алмастыру, әзір, сақтап қою үшін, қоймасы, көпшілігі, құрамдас, тұрғылықты, жабдықталған, қосымша, әзірленеді

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Қажетті, бөлігі, сыртқы жинақтауыштары, көлемді, жұмыс күйіне, тікелей, шықты, бірте-бірте, тізбектей іздеу, жай жүргізіледі, ауыстыра алмайды, толықтырады, иілгіш, қатқыл, алмастыру, әзір, сақтап қою үшін, қоймасы, көпшілігі, құрамдас, тұрғылықты, жабдықталған, қосымша, әзірленеді

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

қажетті

тікелей

магниттік

...............................

................................

...............................

бөлігі

оқуға

дискі

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Ақпарат жинақтауыштар дегеніміз не? Олар не үшін қажет.

Ә. Сыртқы жадыда қандай мәліметтер сақталады?

Б. Магниттік дискілердегі жинақтауыштардың рөлі қандай?

В. Стримерлер деп нені атаймыз? Олардың қызметі қандай?

Г. Магниттік дискідегі жинақтауыштардың түрлері қандай?

Ғ. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар қандай қызмет атқарады?

Д. Компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасын қалай аталады?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Диалогті оқыңдар. Үлгі бойынша диалог құрыңдар.

Медет: Көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақыты үшін не қажет?

Айгүл: Көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақыты үшін ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жадысы қажет.

Медет: ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін нелер атқарады?

Айгүл: ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады.

Медет: Стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра ала ма?

Айгүл: Стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, оларды тек толықтырады.

Медет: Магниттік дискідегі жинақтауыштардың неше түрі болады?

Айгүл: Екі түрі болады. Иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

Медет: Иілгіш дискідегі жинақтауыштар не үшін қажет?

Айгүл: Бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, ақпаратты сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін керек.

Медет: Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталады. Олар не үшін қажет?

Айгүл: Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

ДЭЕМ-дерде ақпаратты ___________ рөлін _________ дискілердегі жинақтауыштар атқарады, олардағы мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. _______ __________ ДЭЕМ-дер үшін магниттік __________ жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар __ ________ мәлімет сақтай алғанмен, ____-____ жұмыстары бірте-бірте ________ іздеу арқылы ____ жүргізіледі. Сол себепті __________ магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек ______________.

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

А) Ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды.

Ә) Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер сақтала береді.

Б) Оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі.

В)Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі түрлі болады. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін қажет. Қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін керек.

Қатқыл диск – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады. Онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады.

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

А) Мәтіндегі зат есімдер: жинақтауыштар, ................................. .

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: қатқыл, .................................... .

Б) Мәтіндегі етістіктер: сақтала береді, ............................. .

В) Мәтіндегі есімдіктер: оларды, ................................. .