Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

3. Жазамыз

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

қорғаныс бірлігі

өлшем монитор

экранды класы

стандартты жиілігі

әмбебап монитор

қайта өңдеу мөлшерлері

стандарттарымен анықталады.

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. ол, шығарудың, құрылғысы, ақпарат, ең танымал, табылады, болып.

Ә. ол, жоғары, болса, неғұрлым, кескін соғұрлым, тұрақты, дәл әрі болып, аз талады, көз.

Б. ең аз шамадағы, 75Гц, мән, 85Гц, қалыптысы, ал ең қолайлысы, одан көп, 100Гц және мәндер.

В. дюйм, бірлігі, өлшем.

Г. қайта өңдеу, кескінді, герцпен, жиілігі, өлшенеді.

Ғ. монитордың, сәйкес келетін, қауіпсіздік, қорғаныс класы, монитордың, техника талаптарына, анықталады, стандарттарымен.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Ілік септігі

Тәуелдік жалғауының ііі жағы

Үлгі: Экран қалқасы+ның мөлшер+і

Зат есім

Етістік

Үлгі: Құрылғысы болып табылады

3.4 Төмендегі үлгі бойынша сын есім жасаңдар.

Үлгі: экран+ды, стандарт+ты, жүйе+лі, қауіп+ті

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Монитор – деректерди корсетип усынатын қурылгы. Ол ақпарат шыгарудин ен танымал қурылгысы болып табылады. Оның негизги тутыну параметрлеры – экран калкасының (маска) молшері мен кадамы, кескинді кайта ондирудің (регенирация изображения) ен коп шамадагы жиілігі, корганыс класы. Монитордын молшери диагональ бойынша кинаскоп қубырларының карама-карсы бурыштарынын арасымен олшенеди. Олшем бирлігі – дюйм.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Ол ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы .........................

2. Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен ............... .

3. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор ....................

4. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен ........ .

5. Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен ........... .

6. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап монитор ............... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

Экранды монитор және оның мөлшері

0,25 - 0, 27мм. қалқа қадамындағы мониторлар

Деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.

3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.

7-сабақ.

Тақырыбы: Дискідегі ақпарат жинақтауыштар.

Ақпарат жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі. Оларды көбінесе ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жадысы дейді. Олар көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақыты үшін қажет. Ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, олардағы мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш. Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.

Қатқыл диск немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.