Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

3. Жазамыз

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

Аналық жады

тұрақты палитрасын

слоттарға бейнежүйесін

ішкі жеткізіледі

басқару түтікше

сәулелі блогы

түстер тақша

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А.аналық тақша, мөрлік тақша, құрамдас, бөліктері, қосылатын, бұл, компьютердің, барлық, көп қабатты, күрделі.

Ә. ішкі, бейнежүйесін, бейнекарта, кұрайды, дербес, компьютердің.

Б. монитордың, түтікше, өзінде, электрондық-сәулелі, тек, бар.

В. ал, адаптерде, беретін, бейне, логикалық, сигналдарын, орналасқан, схемалар.

Г. адаптерде, арналған, бейнелер, көрінісін, бар, сақтауға, бейнелік, жад.

Ғ.адаптерлер, түрлі-түсті, стандартты, палитрасын, түстер, монитордағы, анықтайды.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Көмектес септігі

Бұрынғы өткен шақ

Үлгі: Желісі+мен қаптал+ған

Есімдік немесе зат есім + жатыс септігі

Ауыспалы осы шақ

Үлгі: Онда орналасады

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Жүйелік, құрамдас, көп қабатты, мөрлік, өткізгіш, құрылғы, электрондық, сәулелі, түтікше, логикалық, көрініс, түрлі-түсті, қосқыш

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Компьютерде жүмыс істеу кезінде барлык малімет аналык немесе жүйелик такша аркылы оңделеді. Аналык такша – бул компьютердін барлык қурамдас боліктері косылатын курделі көп қабатты мөрлік такша. Аналык тақша мыс откізгіш жолшықтар желісімең капталган, олардың бойымен маліметтер такшада қурастырылған микросхемалар мен компьютердін баска қурылгылары косылатың слоттарга жеткизіледі. Әрбир курылгы белгілі бір слотка косыла алады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы ........................ .

2. Монитор мен бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін .............. .

3. Біз тек мониторды көреміз ............ .

4. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар ....... .

5. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ....................... .

6. Адаптерлер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын ............... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

Аналық тақшаның қызметі

Монитор мен дисплей

Дербес компьютердің ішкі бейнежүйесі

Аналық тақшаның құрылғылары

Монитор мен адаптердің атқаратын қызметтері

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.

3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.

6-сабақ Тақырыбы: Монитор және оның сипаттамалары.

Монитор (дисплей) – деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенирация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы. Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм.

Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107см.-ге дейін) экранды монитор шығарылады. Олардың стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап (универсальный) монитор болып табылады.

Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған. Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75Гц, қалыптысы – 85Гц, ал ең қолайлысы (жайлы тиетіні) 100Гц және одан көп мәндер. Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандарттарымен анықталады.