Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

1-сабақ.

Тақырыбы: Дербес компьютер жайлы ақпарат.

Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және нәтиже шығаруға арналған машина. Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар деп атала бастады.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Компьютер өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандығы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Компьютерді пайдаланудың екінші себебі – мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр.

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

  1. орталық процессор;

  2. енгізу құрылғысы;

  3. есте сақтау құрылғысы;

  4. шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін орындайды. Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы бағдарламаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Есептеулер, белгіленген, қабылдау, қайта өңдеу, сақтау, нәтиже шығару,

дәуір, бастапқы, кезеңдер, қызметі, басқару, бөліктер, орын, ауыстырылуын, бөлшектер, ағыны, зерттелген, әсерлері, таралған, құралдар, қолданғандығы, пайдалану, себебі, өнімділігі, арттыру, мәліметтерді, жылдамдық, өңдеу, компьютерлік жүйелер, дәлдік, ұқыптылық, ұқсас, құрам, орталық, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы, есептеу, орындайды, жеткізу үшін.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Есептеулер, белгіленген, қабылдау, қайта өңдеу, сақтау, нәтиже шығару,

дәуір, бастапқы, кезеңдер, қызметі, басқару, бөліктер, орын, ауыстырылуын, бөлшектер, ағыны, зерттелген, әсерлері, таралған, құралдар, қолданғандығы, пайдалану, себебі, өнімділігі, арттыру, мәліметтерді, жылдамдық, өңдеу, компьютерлік жүйелер, дәлдік, ұқыптылық, ұқсас, құрам, орталық, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы, есептеу, орындайды, жеткізу үшін.

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

Ағынын

Есептеулерді

................................

................................

...............................

қолданады

жүргізуге

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Электроника табыстары нәтижесінде қандай машиналар жасалды?

Ә. Компьютердің негізгі қызметі қандай?

Б. Компьютер өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін не істейді?

В Біз не себепті компьютерді пайдаланамыз?

Г. Компьютердің құрамы қандай және олар қандай қызмет атқарады?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңдар.

-Асылтас, компьютер ағылшынша нені білдіреді?

-Компьютер ағылшынша «есептегіш» деген мағынаны білдіреді.

-Бастапқы кезеңдерде компьютердің негізгі қызметі  есептеу болды ма?

-Иә, бастапқы кезеңдерде компьютердің негізгі қызметі - есептеу болса, қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады.

-Компьютердің ең көп таралған түрі қалай аталады?

-Дербес компьютер деп аталады.

-Адамдар компьютерді не үшін пайдаланады?

-Жұмыс өнімділігін арттыру және мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу үшін пайдаланады.

-Компьютердің құрамына қандай құрылғылар енеді?

-Компьютер орталық процессордан, енгізу құрылғысынан, есте сақтау және шығару құрылғысынан тұрады.