- •Бағдарламасы (силлабус)
- •2.Оқытушы жөнінде мәлімет:
- •4. Пәннің пререквизиттері
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Сабақ жоспары
- •6.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
- •8. Баға бойынша ақпарат Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
№ |
Сабақ тақырыбы |
СӨЖ тапсырмалары |
Ұсынылатын әдебиеттер |
ОБСӨЖ бақылау формасы |
№ тапсырманы тапсыру уақыты |
|
№ оқу құрал |
беті, § және тарау |
|||||
1 |
Мамандық. Менің әріптесім
|
1. Мәтіндімәнерлепоқыңыз, орыстілінеаударыңыз. Менің аты-жөнім Ақмарал Алтай. Мен Өскемен қаласында тұрамын. Мен- оралманмын. Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенмін. Жасым отыз бірде. Отбасым бар. Математика пәнінің мұғалімімін. Мамандығымды өзім таңдадым, себебі, есеп шығаруды бала кезімнен жақсы көремін. Осы салада жұмыс істегеніме сегіз жылдан асты. Жұбайымның есімі–Нұртас. Ол-дәрігер. Ол да өзінің мамандығын жақсы көреді. Балаларымыз мектепте оқиды. Болашақта балаларымыз да өздері қалаған мамандық иелері болады деп үміттенемін. 2.Диалогты мәтінге айналдырыңыз. -Бұл кісі кім? -Бұл кісі менің әріптесім Марат Бисенұлы. Мамандығы –қаржыгер. -Лауазымы қандай? -Бөлім бастығы. -Өзі қандай адам? -Адамгершілігі мол, қарапайым кісі. Өзінің мамандығын қатты жақсы оқып, жауабын табыңыз.
|
№1,№3 |
1тарау 4-8 беттер |
Жазба жұмыстары |
1 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
2 |
Жұмыс орным
|
1. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз. Менің есімім - Ақбота. Мен Ұлттық кітапханада кітапханашы болып жұмыс істеймін. Кітапхана Абай даңғылында орналасқан. Жұмыс орным екінші қабатта. Жұмысқа таңертең сағат 8.00-де келемін. Жұмыс орнын ретке келтіремін, компьютерді іске қосамын. Жұмыс сағат 8.30-да басталады. Мен оқырмандарға керекті кітаптарын тауып беремін. Түскі үзіліске 13. 00-де шығамын. Төменгі қабатта орналасқан асханадан тамақтанамын. 14.00-де жұмысымды жалғастырамын. Жұмысым сағат 18.30-да аяқталады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. 2.Мәтінбойыншасұрақтарғажауапберіңіз. 1. Ақботаның мамандығы қандай? 2.Жұмыс орны қай жерде орналасқан? 3.Жұмысына қай уақытта келеді? 4. Ол не істейді? 5. Түскі үзіліске қашан шығады? 6.Жұмысы сағат нешеде аяқталады? |
№3,№6 |
1тарау 20 -30 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
2 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
3
|
Пошта, байланыс
|
1. Мәтінді жалғастырыңыз, мазмұнын айтыңыз. Ертеде хат-хабарды түйе немесе ат арбамен тасыған. Ол кездерде байланысқа ұзақ уақыт кететін. Кейіннен 1860 жылы Алматы қаласында Пошта бөлімшесі ашылды... тұрсыз.__ |
№2,№4 |
1тарау 40-60 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
3 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00
|
4 |
Спорт түрлері
|
1. Кесте бойынша сөйлемдер құраңыз. 1. Хоккей ойнау үшін (Не керек?) ________________ 2. Футбол ойнау үшін__________________ 3. Волейбол ойнау үшін____________________ 4. Жүзу үшін ____________________ 5. Шаңғы тебу үшін___________________ 6. Шахмат ойнау үшін___________________ 2. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? ______________________ 2. Сіз Қазақстан футболының жанкүйерісіз бе? ____________________ 3. Сіз әлем чемпионы болған қазақстандықтарды білесіз бе? ____________________ 4. Сіз ұнататын спортшылар бар ма? ____________________
|
№1,№8 |
2тарау 45 -68 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
4аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
5 |
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
|
1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстанның ұлан – байтақ жерімен көптеген елдер шектеседі. Шекараның ұзындығын нақтыайтқанда, Ресеймен – 6467 шақырым, Өзбекстанмен – 2300, Түрікменстанмен – 380, Қырғызстанмен – 980, Қытаймен – 1460, Каспий теңізі жағалауы – 600 шақырым. Демек, шекарамыздың жалпы ұзындығы – 12187 шақырымға созылып жатыр. Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады. Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Қазақстан Республикасы-тәуелсіз мемлекет. Осынша ұлан-байтақ жерді, небір нәубет заманда қазақтың хандарымен батырлары қаны мен жандарын салып қорғап қалды. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай, орман - тоғайлары, өзен-көлдері, асқар таулары да бар. Жері өте үлкен болғандықтан ауа-райы әр жерінде, әр түрлі болады. Солтүстіктің қысы суық, жазы салқын, батыс пен шығыста, орталықта қыс суық, жазы ыстық болады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел. |
№4,№9 |
2тарау 70-100 беттер |
Жатттығу жұмыстары |
5 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
6 |
ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы |
1. Сұрақтарғажауапберіңіз 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? 2.Ата заң неше бөлімнен, неше баптан тұрады? 3.Жалпы ережелерде не жайында айтылады? 4.Адам жәнеАзаматбөлімінде не жайындаайтылады?. 5.Президент бөлімінің 40, 47, 48-ші баптарына талдау жасаңыз. 6.Қазақстан Республикасы Парламентінің құзіреті қандай? 7. Үкімет жайында не білесіз? 8.Конституциялық кеңес туралы не білесіз? 9.Соттар және сот төрелігі бөлімінің ерекшелігі қандай? 10.Қорытынды және өтпелі ережелерде не айтылған? |
№5,№7,8 |
2тарау 111-130 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
6 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
7 |
Тіл туралы заң
|
1.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңымен танысып, талдау жасаңыз. Тіл мәселесіне қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз. |
|
|
|
|
8 |
Қазақстан Республикасының рәміздері |
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз: 1.Біздің ... – шеңбер ішінде. 2.Елтаңбадағы ең негізгі ... – шаңырақ. 3.Қазақ халқында « ... отбасынан ...» деген ... бар. 4.Шаңырақ – қазақ ... белгісі... 5.Шаңырағы бар ... тарихта болған емес. 6.Ұлттық ... қазақ халқының ... өте байланысты, ал ... , жылқы, ... қазақ ... негізі. |
|
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының Президенті |
1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Президент Президент - мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымдытұлғасы болып табылады. Президент - халық пен мемлекеттікбилік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттарының басты бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралыққатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Қазақстан Республикасы Президентін жалпығабірдей тең және төте сайлау құқығы негізіндеРеспубликаның кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Республика Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, Мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстан Республикасында кемінде он бес жыл бойы тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайланады. |
|
|
|
|
10 |
Қазақстан қалалары
|
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз, аударыңыз. Ертеде қазақ ордасы болып – Түркістан қаласы саналған. Ежелгі аты Ясы болған Түркістан түркі тектес халықтардың қасиетті мекені. Оның екінші Мекке саналуыда тегін емес. ХХ ғасырда кеңестік билік орнағанда, астана Ташкент қаласыболды. 1920-1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдан 1997 жылғадейін Республика астанасы Алматы болды. 1994 жылы Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің «Қазақстан Республика сының астанасы туралы» жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстаннның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 маусымында болды. |
|
|
|
|
11 |
Қазақстан табиғаты (тау, көл, жан-жануарлары)
|
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Темір кенін Қазақстанның қай түкпірінен болса да іздеуге болады. Әсіресе – Торғай даласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының батыс жағы, Ұлытау, Қарсақбай, Көкшетау бөктерлері, Балқаш жиектері, Ақтөбе және Қазақстаннның оңтүстік облыстары, Алтай тауы. Қазақстан мыс пен полиметалл қоймаларына қисапсыз бай. Алтай, Шыңғыс, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар Алатау, Қаратау, Мұғаджар, Ұлытау, Қарқаралы тауларында, Жезқазған ойпатында, Балқаш маңында, Сарыарқада және тағы басқа көптеген жерлерде түсті металл рудаларының, қазір белгілі болған кен көздерімен қатар әлі де ашылмаған алыптары бар екендігі сөзсіз. («Білім және еңбек» журналы.) |
|
|
|
|
12 |
Ұлыадамдар – хандар, билер |
1.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. «Хан» сөзі – көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап белгілі болып келе жатқан сөз. Ол түркі халықтары мен моңғолдарда хаған, қаған, қаһан түрінде жұмсалып лауазымды білдірген. Бұл сөз алғашқыда тайпа көсемі деген ұғымды білдірсе, кейінірек ол жоғарғы мемлекет билеушісінің лауазымы ретінде қолданылған. Қазақ халқында да қоғамның билеуші тобының жоғарғы әлеметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті: өкіметті нығайту, қауымдық жерлерді руларға бөліп беру, көшіп-қоу мәселесін ретеу, басқа көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту т.б. Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке, Әбілқайыр, Абылай және т.б. болды. (Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі») |
|
|
|
|
13 |
Мерекелер, тілектер, баталар.
|
1. Диалогты жалғастырыңыз. Торғын: - Тоғжан, сен қандай мерекені ұнатасың? Тоғжан: - Мен наурыз, жаңа жыл мерекелерін ұнатамын. Ал өзіңе қандай мерекелер ұнайды? Торғын: - Мен 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнін, Республика күнін жақсы көремін.Содан соң анамның туған күнін тойлағанды ұнатамын. Тоғжан: - .......................................................................................................................... Торғын: - ...........................................................................................................................
|
|
|
|
|
14 |
Бала тәрбиесі (шілдехана, бесіктой, тұсау кесер, сүндет той, құдатүсу, үйленутойы)
|
1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Шілдехана тойы Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады, күй тартады. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылады. Қыз-келіншектер айтысады. Шілдеханаға тек жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендері қатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрестені жын-шайтаннан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті. ( «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан) |
№7, №3 |
3тарау 130-150 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
7 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
15
|
Ұлттық ойындар (бәйге, көкпар, қыз қуу, тоғыз құмалақ)
|
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз. Бәйге Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде ең кең тараған түрі - ат жарысы. Бұны біздің халқымыз көбіне «бәйге», «аламан бәйге» деп атайды. Бәйге, көбінесе, үлкен тойларда, мерекелер мен ас беру кезінде өткізіледі. Бәйгеге мықты да жүйрік аты бар, өзі де ат құлағында ойнайтын өнерлі шабандоз жігіттер қатыса алады. Олар бәйге аттарын арнайы жаратады. Жарысты жүргізуші қатысушыларды күні бұрын, яғни алдынала белгіленген жерге (көмбеге) алып барады. Ол атшабарларды қатарластыра тұрғызып, көмбеден шығуға белгі береді. Сөйтіп жарыс басталады. Бәйге осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, бүкілхалықтық мәнге ие болды. (Мұса А.О. Төленов І.М. «Қазақ тілі») |
№3, №9, 10 |
3тарау 160-180 беттер |
Жаттығу жұмыстары |
8 аптаныңсенбікүні сағ.11.00 14.00 |
|
Қазақ халқының ырымдары, салт - дәстүрлері
|
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Айды қолмен сілтеп көрсетпе.Себебі ай, күн, жұлдыз, халыққа тылсым дүние болып көрінген. Ерте заманнан ай киелі саналған. Жаңа туған айға сәлем беру әлі де бар. Сондықтан киелі нәрсені саусақпен көрсетугеболмайды. Бас киіммен ойнама. Бас киімді біреуге берме. Бас адамның ең қадірлі мүшесі. Сол себепті басқа киетін киімді басу, ойнау жаман ырым болып есептелінеді. Егер бас киіміңді басқа адамға берсең бағың кетеді деп ырымдайды. Екіншіден, бұл тазалықтың белгісі. Үй айналма. Қазақтың киелі панасы өзінің үйі. Үйде ысқыруға, үйге қарай жүгіруге, үйге қарап дәрет сындыруға болмайды. Үйді жау шапқанда, адам не істерін білмегенде айналады. Ал бейбіт, бақытты өмір кезінде бұлай істеу сол жаманшылықтарды шақырады деп есептейді. Босағаға сүйенбе, керме. Шаңырақ, босаға қазақ ұғымында киелі дүниелер. Халқымыз жақсы тілек тілегенде: «Шаңырағың биік, керегеңкең, босағаң берік болсын!» - дейді. Келін түскенде «босағаныаттады» - дейді. Біріншіден, бұл босағаны қадірлеуболса, екіншіден босағаға сүйену, керу, жаман ырым саналады. Босаға қашанда ашық, еркін тұруы керек. |
|
|
|
|
