Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКМД ШПС каз.14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412.16 Кб
Скачать

3 Тақырып. Пневматикалық перфораторлар, жіктелуі, түрлері, есептеу көрсеткіштері (4 сағат).

Дәріс жоспары:

  1. Жалпы мәліметтер.

  2. Бұрғылау мәшинелерінің есептеу шамашарттары.

  3. Перфораторлардың қондыру және беру механизмдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Тау-кен кәсіпорындарында қазіргі кезде қысылған ауаны қолданып жұмыс істейтін пневмолық (қысымды) перфораторлар (бұрғы бастары) кең қолданыс тапты. Олардың құрылымы және жұмыстағы кепілділігінің қарапайымдылығына қарамастан, соңғыларының орнын гидравликалық перфораторлар басады, себебі олар өзінің техникалық сипаттамаларымен едәуір асқан.

Негізгі жіктемелерінен басқа бұрғылау мәшинелері тағы төмендегідей жіктеледі:

  • соққы энергиясын беру әдісі бойынша – поршенді және балғалы;

  • бұрғы ұсақ-түйегін кетіру әдісі бойынша – үрмелі, жуу әлде сорып алу;

  • қуатты пайдалану әдісі бойынша – пневмолық, электрлі және гидравликалық;

  • соғу жиіліктері бойынша – қарапайым түрлі және жылдам әрекет етуші (сәйкесінше минутына 2000 соққы және одн да көп)

  • ауаны бөліп орналастыру бойынша – алтын қалпақты, өзі бөлінетін және аралас;

  • 0жұмыс барысында балғаның орнатылуы және ұсталуы бойынша – қолды, бағаналы телескопиялық және бұрғылау кезінде төтелге кіретін ұрғыштар.

Перфоратор түрлері:

Рунды (тасымалды) перфораторлар көлденең және жай көлбеу қазбаларда теспелерді қолмен әлде жеңіл ұстап бұрғылау үшін, сондай-ақ шахты оқпанын жүргізгенде және қосалқы жұмыстарға арналған. Массасы бойынша 3 топқа шартты түрде бөлінеді: жеңіл – 20 кг-ға дейін, олар қосалқы жұмыстарда қолданылады; орташа – массасы 25 кг-ға дейін, олар тау жыныстарында диаметрі 50 мм және тереңдігі 5 м-ге дейін (ƒ≤16 ... 18) теспелерді бұрғылағанда қолданылады; ауыр – массасы 25 кг-нан артық тау жыныстарында диаметрі 65 мм-ге дейін және тереңдігі 6 м (ƒ≤14) теспелерді бұрғылағанда қолданылады. Жаңа ГОСТ 1075-80 бойынша келесі түрөлшемді тасымалданушы перфораторлар шығарылады: ПП-36, ПП-50, ПП-54, ПП-63, ПП-80. Толық оқылуы: ПП – перфоратор переносной (тасымалданушы), цифр поршень-соққышты іске қосатын соғудың энергиясын көрсетеді, Дж.

2 сурет – ПР-27В қол перфораторы. Перфоратор келесідей жұмыс істейді: құбырды ашқанда қысылған ауа цилиндрдің сол жақ жағына барады да П-У-ды алдыға қарай итереді (жұмыс жүрісі) штангіге соққы береді де цилиндрдің сол жақ бөлігі глушитель 8 ауадан босатылады. Соққыдан кейін ауаны бөліп беру құрылғысы ауаны оң жақ бөлігіне жібереді және штанганы қандай да бір бұрышқа бұрып, геликоидальді өзекті айнала бұрылып, П-У сол жақ бөлігіне қарай қозғалады (бос жүріс), сондай-ақ оң жағы келесі жұмыс циклі үшін глушитель арқылы ауадан босатылады.

ГОСТ 18092-79 сәйкес бұрғылау қондырғыларында және бұрғылау станогында қолдану үшін ПК-120, ПК-150, ПК-175 қуатты бағаналы перфораторлар жасалған.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Кальницкий Я.Б. Безопасная эксплуатация подземного самоходного оборудования. – М: Недра, 1990.

2. Мазей А.С., Жомартов Б.А. Горные машины. Погрузочные машины и оборудование. Методическое руководство и тестовые вопросы - Алматы, КазНТУ, 2002.

3. Столповских И.Н. Расчет электровозного транспорта подземных рудников. Методические указания к практическим занятиям,. – Алматы, КазНТУ, 1997.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Ауыспалы перфораторды тағайындау және оның түрлері.

2. Соққылы-қайталама механизмінің қондырғысы және тағайындау.

3. Телескопты перфоратордың жалпы қондырғысы, түрі жәгне белгілеу.