
- •Оқытушының пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.8.2 Пән бойынша курстық жұмыстардың тақырыптамасы
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясат және рәсімдер
- •2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1 Тақырып. Тау-кен машиналары. Бұрғылау машиналарының арналуы және жіктелуі (4 сағат)
- •2 Тақырып. Қазіргі заманғы механикаландырылған тіреулер (2 сағат).
- •3 Тақырып. Пневматикалық перфораторлар, жіктелуі, түрлері, есептеу көрсеткіштері (4 сағат).
- •4 Тақырып. Төтелдерді бұрғылау үшін қондырғылар. Соққы-айналмалы және айналма-ұрмалы әрекеттегі станоктар. (2 сағат).
- •5 Тақырып. Тасымалдау құралдарының жіктелуі (4 сағат)
- •7 Тақырып. Рудник вагонеткалары (3 сағат)
- •8 Тақырып. Рудник локомотивтері (3 сағат)
- •9 Тақырып. Үздіксіз тасымалданатын машиналар (4 сағат)
- •5 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. Тау-кен машиналары. Бұрғылау машиналарының арналуы және жіктелуі (3 сағат)
- •2 Тақырып. Қазіргі заманғы механикаландырылған тіреулер (3 сағат)
- •3 Тақырып. Пневматикалық перфораторлар, жіктелуі, түрлері, есептеу көрсеткіштері (3 сағат)
- •4 Тақырып. Төтелдерді бұрғылау үшін қондырғылар. Соққы-айналмалы және айналма-ұрмалы әрекеттегі станоктар (3 сағат)
- •5 Тақырып. Үздіксіз тасымалданатын машиналар (3 сағат)
- •6 Оқытушы мен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •7.1 Пән бойынша курстық жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •8. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •8.1 Жалпы ережелер
- •Курстық жұмысты орындау реті
- •8.3 Курстық жұмыстың нәтижесін ресімдеу
2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Бақылау түрі |
Тапсырманың мақсаты және мазмұны |
Ұсынылатын әдебиет |
Орындалу ұзақтылығы |
Бақылау түрі |
Тапсыру мерзімі |
1. № 1 бақылау жұмысын орындау
|
Теоретикалық білімді және практикалық машықтарды пысықтау
|
[1], [2] дәрістер конспекттары |
1 контактты сағат |
Ағымдағы |
7 апта |
2. № 2 бақылау жұмысын орындау |
Теоретикалық білімді және практикалық машықтарды пысықтау
|
[1], [2], [4] дәрістер конспекттары |
1 контактты сағат |
Ағымдағы |
14 апта |
3. №1 Тәжірибелік жұмыстың орындалуы |
Бұрғылау машиналарының қозғалтқыштарының қолданатын қуатын есептеуді үйрену; қозғалтқыштарының қуатын таңдау кезінде анықтаманы қолдануды үйрену |
[1], [2], [11], [15] дәрістер конспекттары |
1 – 2 апта |
Аралық |
3 апта |
4. №2 Тәжірибелік жұмыстың орындалуы |
Механикаландырылған кешеннің жабдығын таңдау жіне анықтауды үйрену; механикаландырылған тіреулердің түрін, көмір тақтасының қалыңдығын және төбе классына байланысты механикаландырылған тіреулердің көрсеткіштерін анықтау |
[1], [2] дәрістер конспекттары |
3-4 апта |
Аралық |
5 апта |
5 №3 Тәжірибелік жұмыстың орындалуы |
Пневматикалық перфораторлардың көрсеткіштерін есептеу; пневматикалық перфораторлардың көрсеткіштерін таңдау кезінде анықтаманы қолдануды үйрену |
[1], [2], [5], [9] дәрістер конспекттары |
6-7 апта |
Ағымдағы |
8 апта |
6. № 4 Тәжірибелік жұмысты орындау |
Айналмалы-соққы және соққы-айналмалы әсерінен станоктарды анықтауды үйрену; қаттылық коэффициентін таңдау кезінде анықтаманы қолдануды үйрену |
[1], [2], [5], [9], [13], [14], [15] дәрістер конспекттары |
9-10 апта |
Ағымдағы |
11 апта |
7. № 5 Тәжірибелік жұмысты орындау |
Үздіксіз тасымалдайтын машиналардың негізгі көрсеткіштерін есептеуді үйрену |
[1], [2], [5] дәрістер конспекттары |
12-13 апта |
Ағымдағы |
14 апта |
8. Курстық жұмыс қорғау |
Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру |
Негізгі және қосымша әдебиеттердің барлық тізімі |
2 контактты сағат |
Қорытынды |
Сессия кезеңінде |
3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
1 Тақырып. Тау-кен машиналары. Бұрғылау машиналарының арналуы және жіктелуі (4 сағат)
Дәріс жоспары:
1.Кіріспе бөлімі.
2.Бұрғылау әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Соңғы жылдары тау-кен өнеркәсіптерінде еңбек өнімділігін аса арттыруда, қазып алу қарқынын, жұмыстың санитарлы-гигиеналы жағдайын жақсартуда, жарақаттануды азайтуда, өнімнің өзіндік құнын азайтуда септігі тиген жоғарыөнімді механизацияланған кешендерді пайдаланудың арқасында пайдалы қазбаны өндіруде қол еңбегінің салмағы күрт азайды.
Тау-кен мәшинелері опыру, тиеу, әр түрлі қазбаларды өткізу кезінде тау-кен мәшинелерін тасымалдау үшін,тіреуді орнату және алу үшін, босаған қуысты толтыру үшін және басқа да қиын жұмыстар үшін арналған.
Олар тау-кен жыныстарын алушы, тиеуші және тасымалдаушы мәшинелер, жылжымалы механизацияланған тіреулер, тіреуді орнатушы мәшинелер, пайда болған қуысты толтыру және басқа да жұмыстарды іске асырушы мәшинелер болып бөлінеді [1]. Тау-кен мәшинелерінің жалпы жіктелуі 1 [1] суретінде көрсетілген. Тау-кен мәшинелерін таңдағанда олар жұмыс істейтін жердің тау-кен жыныстарының төмендегідей физико-механикалық қасиеттерін ескеру қажет: мықтылығы, үгітілуі, тығыздығы және басқа да қасиеттері, сондай-ақ қазба табанының құлау бұрышы, габариттер, тасыма ұзындығы, қазбаны жүргізу (бұрғыаттырыстық, комбайндық) әдісі және т.б.
Тау-кен ісінде профессор М.М. Протодьяконов ұсынған тау-кен жынысының қаттылығы бойынша физико-механиканың қасиеттерінің соммалық бағалануы кең таралды және оны тау-кен жыныстарының өлшемсіз ƒ коэффиценті етіп есептейді, осыған орай барлық тау-кен жыныстары 10 негізгі санатқа бөлінді, 1 санатқа жатқызылған (ƒ=20) «қаттылығы ең жоғары дәрежедегілер», Х санатына жатқызылған (ƒ=0,3) «жүзбелілер» санатына дейін. ƒ қаттылық коэффициентінен басқа бір жақты қысым күйіндегі тау-кен жынысының мықтылық шегі қолданылады δқ – (100 ... 350) МПа.
Бұрғылау мәшинелері арналуы, жіктелуі, бұрғылау әдістері.
Бұрғылау деп – тау-кен жыныстарында цилиндрлік қуыстың (қазбаның) пайда болу үдірісін атайды. Олар шартты түрде теспелер (диаметрі 75 мм және тереңдігі 5 м-ге дейін) және көрсеткіштері бұдан жоғары болатын төтелдерге бөлінеді. Теспе және төтелдерді бұрғылауға арналған тау-кен мәшинелерін бұрғылау мәшинелері деп атайды.
Бұрғылау мәшинелерін келесі негізгі ұстанымдар бойынша жіктеледі:
− бұзу әдісі бойынша; механикалық әдіс; физикалық, аралас;
қуатты пайдалануы бойынша: электрлі қозғағыш, пневматикалық, гидравликалық, аралас (термомеханикалық);
− арналуы бойынша: теспелерді бұрғылау үшін, төтелдерді бұрғылау үшін, аралас;
− механикалық бұрғылау әдісіне жататындар: ұрғы-айналмалы, айналма-ұрғылаушы, аралас (дірілді-айналдырушы).
Аталған бұрғылау әдістерінің өзіндік ерекше бұзу қасиеттері бар:
Механикалық әдіс:
1.1 Айналмалы бұрғылау бұрғылау құралындағы осьтік күші (Fос ) және едәуір айналдырушы моментімен (Майн ) сипатталады. Тау-кен жынысын бұзу кесумен, езумен және үгітумен іске асады. Теспелерден немесе төтелдерден бұрғылау өнімін бұралған штанг әлде шнек, қысылған ауа әлде сумен кетіреді.
Айналма бұрғылау бұрғылау құралының құрылымына байланысты қаттылығы әр түрлі тау-кен жыныстарында қолданыла алады. Осылайша, тау-кен жыныстарын бұрғылау кеспені қолдану қаттылығы жұмсақ және орташа (ƒ≤4) тау жыныстарға, ал алмазды қолдану қатты және өте қатты (ƒ≥10) тау жыныстарға таралған.
Айналма бұрғылау 5 м тереңдікке дейін 50 мм диаметрге дейін қол үскісімен (ƒ≤4 жыныстар) іске асырылады. Бағандай тізілген үскілерімен бұрғылағанда қаттылық коэффициенті 12-ге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ жыныстың қаттылығы 20 және 100 м-ге жететін терең атылған әлде барлаушы төтелдерді айналма әдісімен бұрғылағанда қашаүтіс бұрғылау станогы қолданылады.
1.2 Ұрғы-бұрылмалы бұрғылау бұрғылау құралындағы шағын остік күші (беру) (Fос ) және айналдырушы моменті (Майн ) және едәуір ұрғылау импульсімен сипатталады
1.3 Ұрғы-айналмалы бұрғылау ұрғы-бұрылмалы бұрғылау сияқты көрсеткіштермен сипатталады, бірақ штанганы ұрғылау үздіксіз жүреді және поршень орнына байланысты емес, ал бұрғылау мәшинесі (пневмо әлде гидроұрғы) төтелге кіреді. Поршень қашауға соққы береді, ал қашау бұрылысы бұрғы штангасы арқылы ұрғышқа бұралатын кенжарда орналаспаған жеке жетектен іске асады. Төтел диаметрі 200 мм-ге дейін, тереңдігі 80 м-ге дейін болатын тау жыныстарын бұрғылайды.
1.4 Айналма-бұрылмалы бұрғылау құралдағы едәуір ұрғылау импульсімен, айналу моментімен және остік күшімен сипатталады. Бұл әдісте бұрғылау соққы әсерінен, сондай-ақ құралдың остік қысымы арқылы болатын айналушы әрекетінен іске асады. Қаттылық коэффициенті 6 ... 14, диаметрі 100 мм-ге дейін, тереңдігі 50 м-ге дейінгі тау жыныстарын бұрғылауда аса тиімді пайдаланылады. Манипуляторда әлде бұрғылау қондырғысында орналасқан ауыр бағаналы бұрғылау мәшинелері распорлы бағанада қолданылады.
Бұзылудың физикалық әдістеріне жататындар:
1.5 Отты немесе (термалық), диаметрі 300 мм-ге дейін (карьер бетінде 520 мм-ге дейін) және тереңдігі 30 м-ге дейінгі төтелдерді күйдіру үшін жерасты жағдайында кең таралған. Тау жынысының бұзылуы оларды жоғары температуралы газ ағымдарымен қыздырғанда пайда болатын жылукернеуінен іске асады. Осы кезже тау жынысының жұқа қабаты жарылады, қабыршақтанада, ұсақ түйіршіктерге бұзылады, және төтелдерден бугазды қосылыс болып шығады. Бұзылушы тау жыныстарының қаттылық коэффициенті 16 ... 20.
1.6 Ультрадыбысты әдіс бұрғылау құралына жапсырылатын жоғарыжиілікті ультрадыбыс толқындары және шаюшы сұйықтықтағы кавитациялық әсердің бірігіп әсер етуіне негізделген.
1.7 Атубұрғылау.
Сұйық және қатты АЗ және ағу әдісімен іске асады. Бірінші жағдайда түтіктер арқылы кенжарға ұрылғаннан немесе арнайы капсульді қыздырудан атылатын белгілі бір жиілікпен сұйық немесе қатты АЗ бар оқтар беріледі. Екінші жағдайда кенжарлық атылу бұрғылау түтіктері арқылы кенжарға инициатор (калий және натрий балқымасы) көмегімен беріліп, белгілі бір жиілікпен атылады.
1.8 Гидравликалық әдіс.
Кенжарға жоғары қысыммен (200 МПа дейін) және тау-кен жыныстарын бұзу үшін жоғарыдыбысты жылдамдықпен берілетін диаметрі 0,8 ... 1 мм болатын су әрекетіне негізделген.
1.9 Электрлі-гидравликалық әдіс.
Құрамында тұзы бар сумен толтырылған төтел кенжарында орналасқан электрлі шынжырдың түйіндеріне жоғары кернеу беру арқылы іске асады. Сол кезде пробой орнында газды арық пайда болатын электродаралық аралықта пробой болады. Арық ішіндегі қысым 600 ... 1500 МПа-ға жетеді.
1.10 Ультрадыбыстық, гидравликалық және электрогидравликалық әдістер теориялық және эксперименттік зерттеулерде ғана және өндірісте қолданылмайды.
1.11 Термомеханикалық әдіс тау-кен жыныстарын бұзудың аралас әдісіне жатады. Оның мәні – төтел кенжарының беттік қабатындағы жоғары температуралы газдар ағымдары көмегімен алғашқы кернеулік жағдай жасалады, осыған орай тау жыныстарын механикалық әсермен бұзу әлдеқайда жеңілдетіледі (қашаүтіспен қашау әлде басқа бұрғылау құралымен). өндірістік сынау өткізгенде аралас бұрғылау станогы тек қашаүтіс бұрғылаумен салыстырғанда өнімді 30 ... 50%-ға арттырады.
Ұсынылатын әдебиеттер
Кальницкий Я.Б. Безопасная эксплуатация подземного самоходного оборудования. – М: Недра, 1990.
Мазей А.С., Жомартов Б.А. Горные машины. Погрузочные машины и оборудование. Методическое руководство и тестовые вопросы - Алматы, КазНТУ, 2002.
Столповских И.Н. Расчет электровозного транспорта подземных рудников. Методические указания к практическим занятиям,. – Алматы, КазНТУ, 1997.
СӨЖ бақылау тапсырмалары
Тау-кен жыныстарын бұзудың механикалық әдістерін атап өтіңдер және айналмалы және ұрғы-бұрылмалы әдістерді сипаттап беріңдер.
Тасымалды перфораторлардың пневмоұстағышы.
Бақылау сұрақтары:
Ұрғы-айналмалы және айналма-ұрмалы әдістерді сипаттап беріңдер.
Тау-кен жыныстарын бұзудың физикалық әдістерін атап өтіңдер. Отты (термалық) және атубұрғылау әдістерін сипаттап беріңдер.