Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анатом ктп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.15 Кб
Скачать

ҚММУ Ф 4/3-03/03

ҚММУ БЕ 4/03

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы

СИЛЛАБУС

(SYLLABUS)

«Анатомия-1» - Аnаt- 1 (2) 203 бойынша

5В130100- «Жалпы медицина» мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі: 90

Iі Курс

ІІІ,IV Семестр

Қарағанды 2014

Силлабус Анатомия -1 пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін «____» _____ 20 ж. құрастырылған.

Силлабус кафедра отырысында қарастырылды және бекітілді

«___» _________ 20 ж . № ____ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі: _________________ Н.Н.Наурызов

Силлабустың құрылымы:

Оқытушылар туралы мәлімет:

1.Анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Наурызов Нурлан Ныгметұлы, медицина ғылымының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы – 21 жыл

Телефон: 56-72-00

Ғылыми ынтасы: «Морфология»

Ғылыми мектебі: топ.анатомиясы

Ғылыми жетекшісі: Н.Рахметов

2. Аға оқытушы – Карибжанова Роза Токетаевна, педагогикалық жұмыс мерзімі – 24 жыл.

3.Аға оқытушы–Шапатова Гульмира Букейхановна,педагогикалық жұмыс мерзімі– 23жыл.

4. Аға оқытушы - Құсайынова Бағира Сериковна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 22 жыл

5. Аға оқытушы Агаркова Инна Андреевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 20 жыл.

6. Аға оқытушы Батяева Елена Хаджимурзаевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 8 жыл .

7. Оқытушы- Тышканбаева Айзада Канапьевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 22 жыл

8. Оқытушы- Тугамбаева Галина Искаковна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 35 жыл.

9.Оқытушы -Авдонина Альбина Георгиевна , педагогикалық жұмыс мерзімі- 48 жыл

10. Оқытушы Шайкина Саягул Нурмухановна педагогикалық жұмыс мерзімі- 1 жыл .

11. Оқытушы Тулеуова Гульхан Қайырбаевна педагогикалық жұмыс мерзімі- 1 жыл .

Байланыс ақпараты: Кафедраның орналасқан орны- Алалыкин көшесі, 7 үй; телеефоны: 56-41-81 (104 ).

Пәннің саясаты: Пәннің ерекшелігі студенттердің зиянды химиялық зат болып табылатын формалинмен домдалған мәйіттік материалмен тығыз байланыста жұмыс істеуінде. Сол себептен студенттер сабақта анатомиялық препараттармен жұмыс істеу үшін « анатомиялық қолғаптар » қолданады. Сонымен қатар міндетті түрде жалпы қабылданған студенттердің медициналық формасы: медициналық халат, медициналық бас киім, кезекші аяқ киім болу керек. Студенттер « анатомиялық театрда » этикалық тәртіптерді сақтап, тірі адамның күнделікті тіршілігі үшін қажетті адам денесінің мүшелеріне және мәйітке сыйлы және ұқыпты қарау керек.

Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады, бұл пәнсіз студентке тәжірибелік дәрігерге қажет мамандық клиникалық пәндерді меңгеру қиын болады.

Анатомия тек қазіргі адамның құрылысын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тарихи дамуы кезінде қалай қалыптасқандығын зерттейді. Анатомия – 1 пәнінің бағдарламасы адам организмін құрайтын ағзалардың, мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастарын зерттеуге бағытталған.

Пәннің мақсаты: адам ағзасы мүшелерінің құрылысын олардың жасқа байланысты, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне, мүшелердің анатомо-топографиялық өзара қатынасына байланысты зерттеп, алынған мәліметтерді клиникалық кафедраларда қолдану.

Оқытудың міндеттері:

Пәннің міндеттері:

  • Білім: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылымдық элементтерін атап, тауып, олардың жасқа байланысты, жыныстық ерекшеліктерін көрсетеді, анатомиялық модельдерден үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің тамырларын тауып,схема түрінде көрсете біледі, бассүйек және жұлын нервтерінің анатомиясын сипаттап түсіндіреді.

  • Түсіну: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер мүшелерімен сезім мүшелерінің негізгі қызметтерін атайды,дұрыс көрсете біледі

  • Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысының айырмашылық-ерекшеліктерін көрсетіп,топтық жұмыс дағдысын меңгереді.

  • Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің қызметтері жайында пікірін айтып,осы жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап,түсіндіреді,ситуациялық есептердің шешімін талдап,түсініктіме беріп, өз ойын тұжырымдайды.

  • Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысы және даму заңдылықтары жайында ақпарат құрастыра алады,олардың маңыздылығын бағалайды, өз пікірін айтып,реферат, презентация, жобалар түрінде тәжірибелік сабақтарда,студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында көрсетеді.

  • Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: алған білімдерін келесі пәндерде қолданады:патологиялық анатомия 1,патологиялық физиология-1, анатомия-2,гистология-2, физиология-2, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальді диагностика, жалпы хирургия.

  • Оқытудың соңғы нәтижелері:

Дескрипторлар

Оқытудың соңғы нәтижелері

Біліктілік

А

сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Болашақ мамандығына пәннің атқаратын міндеттері мен мақсаттарына түсініктеме береді, латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатураны баяндайды,

анатомиялық модельдерден сүйектердің негізгі элементтерін, ерекше өзгешеліктерін,сүйек байланыстарының анатомиясын және биомеханикасын, бұлшықеттердің анатомиясын, классификациясын, қызметін, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс , нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді мүшелердің анатомиясын атап, тауып көрсетіп,

бас,мойын және тұлғаның,қол-аяқтың терісіне морфофункционалдық сипаттама береді.

1,2,3,6

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Анатомиялық терминологияны меңгеріп,

мәйіттен, анатомиялық модельдер мен ылғалды препараттардан сүйектердің, сүйек байланыстарының, бұлшықеттердің, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылымдық элементтерін тауып, ерекше өзгешеліктерін көрсетіп,адам денесінің бетінде мүшелердің,тамырлардың,нервтердің кескіндерін анықтап, топтық жұмыс дағдысын меңгереді.

1,2,3,6

С

Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу

Тірек-қимыл, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, қан-тамырлар,иммунды , эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап, қызметтері жайлы пікір айтып,ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды.

1,2,3,5,6

D

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру

Организм жүйелері және мүшелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары жайлы ақпаратты құрастыруға қабілетті, олардың маңыздылығын бағалап, реферат, презентация, жоба құрастырып, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында талқыға салып, көпшілік алдында өз пікірін айтып, ақпараттарды талқылап,синтездеу дағдыларын меңгереді.

1,2,3,4,5,6

Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау

Студенттерге,оқытушыларға, өзінің білімі мен біліктілігін жеткізіп,организм жүйелерінің және мүшелерінің құрылыстары даму заңдылықтары негізінде алған білімін студенттерге, оқытушыларға қорытындылап жеткізіп,ақпаратпен (оқу, анықтама, ғылыми) жұмыста білімі мен біліктілігін жеткізе алады.

1,2,3,4,6

E

Өз бетімен білім алуды жалғастыру қабілеті

Негізігі пәндердің оқытылуы негізінде келесі пәндер бойынша өз бетімен білім алуды жалғастыру:Анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе , ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.

1,2,3,4,5,6

Міндеттер тізімі: 1. Жалпы білімдарлық 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлуі 3. Коммуникативті дағдылар 4. Үздіксіз өздігінен жетiлу дағдылары 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Топтық жұмыстағы дағдылары 7. Кəсіпқойлық 8. Клиникалық дағдылар

Реквизитке дейінгі: Адам анатомиясы мен биология бойынша мектеп бағдарламасы.

Реквизиттен кейінгі: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.

Пәннің қысқаша мазмұны

  • Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық , эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің анатомиясы, олардың құрылыстарының ерекшеліктерін бағалайды және түсіндіреді, ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды. Жеке, жасқа және жынысқа қатысты ерекшеліктері. Латын- анатомиялық глоссарий.

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

№№

Тақырыптың аты

Өткізу түрі

Ұзақтығы

Кредит№4

1.

Жұлын: пішіні, ішкі құрылысы. Жұлынның сегменттік және сегментүстілік аппараттары. Жұлын нервтерінің түзілуі. Жұлынның қабықтары. Мойын өрімі, оның тармақтары, нервтендіру аймақтары.

семинар

2

2.

Иық өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бел және сегізкөз өрімдері, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары

семинар

2

3.

Миға жалпы шолу. Ми негізіне жалпы сипаттама. Ми қабықтары. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары. қабықтар арасындағы кеңістіктер. Соңғы ми, оның туындылары, құрылысы, қызметтері.

семинар

2

4.

Сезім мүшелері. Иіс сезу анализаторының жолы (І–жұп)Көру ағзасы, көз алмасының құрылысы. Көздің қосымша ағзалары. Көру қозулары (импульстері) мен қарашық рефлексінің өткізгіш жолдары (ІІ- жұп). Көз- қозғалтқыш нерв (ІІІ-жұп), шығыршықты нерв (ІV-жұп), әкеткіш нерв (VІ- жұп)

семинар

2

5.

Қосымша нерв (ХІ- жұп) және тіласты нерві (ХІІ- жұп). Олардың ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бет нерві (ҮІІ- жұп), тіл – жұтқыншақ нерві (ІХ- жұп): ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

семинар

2

6.

Үшкіл нерв (Ү- жұп): ядролары, түбіршіктері, түйіндері, бірінші, екінші және үшінші тармақтары, вегетативтік түйіндермен байланыстары, нервтендіру аймақтары.Кезбе нерв (Х- жұп), ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақмары.

TBL

2

7.

Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық сабау, бөлімдері, тармақтары.

семинар

2

8.

Сезім мүшелері және нерв жүйесі бойынша соңғы сабақ.

Коллоквиум

1

Барлығы

15

Кредит№5

1.

Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек қабырғасының құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.

TBL

2

2.

Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Өкпе сабауы, басты тармақтары. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасы және оның тармақтары. Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары, олардың топографиясы, проекциясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

семинар

2

3.

Бұғанаасты артериясы: топографиясы, тармақтары.Ішкі ұйқы артериясы:оның топографиясы және тармақтары Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз еттілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизий шеңбері).

семинар

2

4.

Кеуде қолқасы, оның тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Құрсақ қолқасы: париеталдық және висцералдық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

семинар

2

5.

Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Иық, шынтақ және кәрі жілік артериялары олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

семинар

2

6.

Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары. Олардың тармақтарының тарау аймақтары. Артериялардың анастомоздары.Сан және тақым артериялары, олардың топографиясы, тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Сирақ және аяқ басы артериялары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

семинар

2

7.

Жоғарғы қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Веналық шығарғыштар. Диплоэлық веналар. Бас пен мойынның беткей және терең веналары. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырықтық веналар жүйесі.Төменгі қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері. Қақпалық вена: оның түбірлері, топографиясы. Кава – кавальды, порто – кавальды анастомоздар.Қол мен аяқтың беткей және терең веналары. Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары мен өзектері.

семинар

2

8.

Қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясы.

семинар

1

Барлығы

15

Барлық сағат саны

30