
- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық түсінігі.
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің түсінігі мен жалпы ережелері.
- •Ережесімен реттеледі.
- •3 Тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы.
- •4. Тақырып. Есеп айрысуды құқытық реттеу.
- •5 Тақырып. Шаруашылық субъектілерінің мүліктерінің құқықтық режимі.
- •6. Тақырып. Баға және бағаны қалыптастырудың құқытық негіздері.
- •7 Тақырып. Инвестициялық іс-әрекетті құқытық реттеу.
- •8 Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын құқытық ретеу.
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлердің қаржылық есеп беруі. Аудит.
- •10 Тақырып. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттелуі
- •11 Тақырып. Дүние жүзілік шаруашылық және оның даму жағдайы мен кәсіпкерлік қатынастарға қатыстылығы.
- •Халыкаралық Экономикалық Интеграция
6. Тақырып. Баға және бағаны қалыптастырудың құқытық негіздері.
Дәріс
Баға түсінігі және оны қалыптастырудағы теориялық көзқарастар. Баға қыметі мен жүйесі. Бағаны мемлекеттпен реттеу. Регулирование цен на товары (работы, услуги) для государственных нужд. Салықтар және салық салудың теориялық негіздері. Баға еркінің
Экономикалық теория классикалык мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдьщ жауабын ол шеше алмаған. Себебі А. Смиттің пайымдауымша алмазды қазуға (алуға) көптеген шығынмен байланыстырған. Молшылық кезінде су гауһар тастан (алмаз) төмен бағаланады, ал судың тапшылығы мен қуаншылық жағдайында адам бір тамшы суға зәру (судан артық, бағалы нәрсе жоқ ол кезде) болады. Себебі өмір мен өлім кесе-көлденең тұрады. Міне осыдан барып жаңа теория пайда болды. Игілік бағалылығы колда бар нәрсенің пайдалығымен аныкталады немесе сол игіліктің шекті пайдалылығы мөлшерімен бағаланады. Осы ойлар тауардың күн теориясына революция жасады. Сейтіп шекті пайдалылық теориясы дүниеге келді. Оның негізін салушылар: ағылшын Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 ж.), Альфред Маршалл (1842-1924 ж.); австриялық Карл Менгер (1840-1921 ж.), Ейген Фон Бем-Баверк (1851-1914 ж.) және тағы басқалар. Олардың ойынша, құн (бағалылык) тиімді пайдалылық дәрежесімен анықталады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит пен Д. Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалған ецбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнынын субстанциясы, қайнар көзі. Соңдықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалап, оны ары қарай жан-жақты дамыта зертгеген К. Маркс болды.
Егер К. Маркс өзінің барлык зерттеуін тауардың еңбек күпып талдауға арнаса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм — барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді. Баға қозғалысының әсер етстін өндіріс шығындарының ықпалын ғана емес, сондай-ак жұмыссыздыкдың бәсекенің, саяси тұрақсыздық, экономикалык дардырыстың, салық, мода, сиректік, пайдалылық және басқа факторлардың әсерін карастырды.
ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалык теория өкілдері (ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И. Туган-Барановский т.б. еңбектің қүіщық теориясын шекті пайдалылық теориясымен қосты. Мысалы, аіғылшын экономисі Альфред Маршалл құнның кайнар көзін бір жсрден ғана іздемеуге құлшыныс жасап, шекті пайдалалық геориясын сұраным мен ұсыным теориясы және ендіріс шығындар ды теориясымен қосып қарады.
Бұл ізденіс пайдалалықтың өзара әсерін біртекті анықтауға
итермеледі. Ол сұраным-ұсынымға, шығынға және бағаға бірдейықпал етеді деген сөз.
Демек, құн мен баға — ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара-пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы әбден мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, майдалылық, сиректік, сән, инфляция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға-тауар құнының ақшалай елшемінің модификациясы.
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады. Бірінші — есеп-қисап қызметі. Бүл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің езгеруінде байқалады және әртүрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
Нарық жағдайында және табиғи ресурстардың шектеулі болуы кезінде, тауар өндіруші өнімді шығаруға қандай шығындар жұмсау пайдалы екендігін үнемі қарастырады. Өндіріс шығындарының балама мәселесі туады. Тауар өндіруші «жіберілген мүмкіндіктін бағасы» мәселесімен бетпе-бет келеді.
Екіншісі — ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндірістиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртута, жаңагсхпологияны қолдануға, өнім сапасын арггыруға күш салады. Ііаганың осы кызметі біріншісімен етене байланысты.
Үшіншісі — бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші кызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. Бағаның түскен кезінде тұтынушы көп сатып алады. Мейлі тамак, болсын, киім болсын, кейде қымбаттау өнімді де ала салады. Әрине, бұл процесс кері де болу мүмкін. Бағаның араласуымен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу, ұдайы ұлғаймалы және материалдық емес өндіріс саласын каржыландыру жүзеге асады.
Бағаның төртінші қызметі - нарыктың, тепе-тендік сақтағанда, тұтыну мен өндірісті теңгергенде байкалады. Сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-тендіктің бұзылғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара қолдануды талап етеді.
Бағаның бесінші қызметі - акпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз енімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағьшан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілетгілігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. Мұндай акпарат барометр сияқты -экономикадағы конъюктура жағдайын айқындап, кейбіреулердің іскерлік белсенділігін арттырады.
Әлеуметтік-бағытталған аралас бағалар аралас экономикада сақталып қана қоймайды, онымен катар кетерме-бөлшек сауда да сала ерекшелігіне қарай көтерме - бөлшек бағасы да колданылады. Уақыт, орны және сипатынын іс-өрекетіне қарай бағалар әртүрлі салада қолданыс табады. Елімізде нарыққа алғашқы өту кезіңінде тауар мен кызмет жасауға - олардың халық шаруашылығындағы және әлеуметтік мыңыздылығына қарай - орталықтан бекітілген баға мен тарифтер (көтерме және бөлшек) сақгалады. Оларға: энергая кездері (газ, мұнай, бензин, керосин, кемір, электроэнергия), байланыс қызмет тарифтері; пәтер ақы, түрғыңдардың коммуналдық қызметі, жүк пен жолаушы. Тасымалдау тарифтері жатады.
Нарықтық экономика еркін билеген елдерде кетерме және бөлшек бағалары кеңінен қолданылады. Оларға деген қолданыс сүраным мен ұсыныммың өзара қатынасымен жүрігіледі:
өндіріс бағасы, өндіріс шығындары жиынтығы және барлық авансталған капиталдың орташа шығынынан құралады;
ұсыным бағасы, сатушынын ешнәрсе қоспаған арнайы ала келісілген баға, сондай-ак нақты бағаны аныктаудың негізгі бола алады және нарық конъюктурасына, тауар сапасына т.б. байланысты қосымша бағаның қосылуы;
сатып-алу-сату бағасы (фактуралы) — сатушы бағасы немесеконтрактде тауарды жеткізуді көрсету;
көтерме баға, ірі партия тауарларын сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына жеткізуде қоддалынады;
бөлшек баға, тауарды сатып алушыға бөлшектеп сатқанда қолданылады. Оның құрылымына мыналар енеді: өндіріс шығындары плюс пайда, өткізу ұйымдарындағы айналым шығындары плюс қосымша құн салығы;
монополды баға, монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс бағасы;
номиналды баға, арнайы прейскурантта, анықгамаларда, биржа котировкасында жарияланады;
прейскуранттық баға, анықтамалық баға болып табылады. Ол баға биржасыңда көрсетіліп, диллер тапсырысының бланкысы мен каталогында жарияланады;
анықтамалық баға, жасалған істің сандық нәтижесін көрсетеді (квартал, жыл т.с.с.) және базистік бағаның қалыптасуында қодданылады;
қатты баға, сату-сатып алу контрактсінде көрсетіледі және өзгертуге жатпайды;
сырғыма баға, нарық конъюктурасының (биржа котировкасы, инфляция және т.б.) белгілі мерзімде өзгеруі жағдайында қолданылады;
әлемдік баға, халықаралық сауда бағасы;
ену бағасы, нарықты жаулап алуға бағытгалған. Бұл баға өндіріс шығыны деңгейінен төмен болып белгіленді немесе демпингті баш дейміз
өтімді баға, сұранымы жоғары ерекше тауардың бағасы, тұтынушыны өзіне тарту үшін бекітіліп, сапасы, статусы, тауар ерекшелігіне аса үлкен мән беріледі, басқа бағаларға қарағанда;
трансферттік (басқаға берілуші) баға, затты кооперация түрінде ұсынып, өнімді монополияның ез ішінде өткерілуімен айқындайды және салық салудан құтылу үшін қодданды.
Тауардың келісімді бағасы деп екі жақтың өзара шаруашылық шартындаіы керсетілген уәделестікті айтамыз.
Реттеуші баға — тауардың шектеулі тізіміндегі бағасы. Бұл бағаны жергілікті екімет орындары белгілейді. Әдетте монополист-кәсіпорын өніміне жүргізіледі. Баға құрылымы ұйымдары осы бағаны белгілейді немесе ауытку шегін анықтап отырады.
Экономиканың еркін секторы шекарасында нарықтық еркін бағалар кызмет жасайды. Бұл бағамен қамтылмаған өнімнің барлығына осы бағаны ұсынады.
Сұраным мен ұсынымның негізінде белгіленген бағаны еркін баға дейміз немесе сатушы мен сатып алушы арқылы да анықталатын баға. Мемлекет тарапынан реттеуге келмесе; оның құрамына енетін шығындар мен пайда, сонымен қатар салық пен еркін емес сиякты нәрсе, жеңілдік, дотация рентабельділік шектеу ж.б. ескерілмесе сркін бағаға балаймыз.
Қарастырылған бірінші жағдайда баға тікелей реттеуге, екіншісінде — жанама реттеуте келеді. Ұсақ және орта бизнестің, кәсіпкерліктің дамуы, нарықтық инфрақұрылымы элементінін қалыптасуы кезінде еркін нарықтық баға саласының іс-әрекеті ұлғайады. Қазіргі уақьпта тауарды сатып алу мен қызмет көлемінің 70-80% еркін баға ұлесі қамтиды. Нарық діңгегін еркін баға құрайды. Нарықтық экономика дамыған көп елдерде баға міндетті тұрде реттеленеді, еркін нарықтық бағасыз өзін-өзі реттеу механизімі жұмыс істелмейді. Сондай-ақ экономика баланстануын және оидірушіні түгынушы сұранымына бағыттау (еркін бағасыз) мұмкін смес. Бағаны мемлекеттік реттеу нарық жағдайында дәйектілікпен жүзеге асады.
Үкімет органдары тарапынан бағаны бақылау. Мемлекеттік орган мен олардың әлеуметтік партнерлары бағалы бақылаудың басты мақсаты — өмір сүру құнының өсуін айқындау. Оның іейнетақы мен жалақының жыл сайынғы номинальды көтерілу индексін анықтау. Сонымен қатар бағаның көтерілуі өндіріс шығыны және ұлттық бәсеке қаблеттілігіне қалай әсер ететіндігін шешіп алу. Бағаны бақылаумен орталық статистика агенттігі айналысады.
Бағаға жанама әсер ету. Мұның мәні мынада: сыртқы саудада кейбір сандық немесе кедендік шектеуді енгізу немесе алып тастау. Сондай-ак есептеу ставкасының өзгеруі, салык ықпалдылығын ескеру, ақша эмиссиясының көлемін көбейту немесе азайту т.б.ж. Бағаға барлық мемлекеттік реттеуші акциялар әсер етеді.
Мемлекеттің баға құрылу процесіне араласуы. Бұл жерде үкімет органдарының өндіріс шығыңцарын көтеруге рұқсат етілуі көзделген: өзіндік құнға көтеріңкі жойылтан амортизация қосылады және басқа қорларға жіберілген нәрселер. Нәтижесінде көптеген салаларда шығындар бағаны қысатын» жағдай туады.