Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

5 Тақырып. Шаруашылық субъектілерінің мүліктерінің құқықтық режимі.

Дәріс

Меншік құқығын қарастыру барысында ең алдымен осы меншік түсінігін анықтау қажет. Жалпы меншікті экономикалық және құқықтық категория ретінде қарастыруға болады. Экономикалық тұрғыдағы түсінік бойынша меншік деп XIX бастап тек мүлік не заттарды қарастырып қоймай, белгілі экономикалық қатынастар ретінде анықтаған. Осыған байланысты экономикалық тұрғыда меншік деп тарихи тұрғыда адамдар арасында белгілі бір затқа қатысты қалыптасқан қоғамдық қатынастар деп қарастырады. Меншік терминіне жақын келетін сөздердің бірі менікі деген сөз, осыған байланысты ол экономикалық негізді түсіндіреді. Өмірде меншік түсінігі мен меншік құқығы түсінігін ажырата білу керек. Себебі меншік ол – экономикалық категория, ал меншік құқығы – заңды категория болып есептеледі. Осыған сәйкес отандық заңшығарушы АК 188 бабы 1 тармағына сәйкес келесі анықтама береді: Меншік құқығы деп субъектінің өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын тану мен құқықтық актілермен қорғау жағдайын қарастырған. Экономикалық категорияға қарағанда құқықтық түсінікте ең алдымен меншікке қатысты тұлғаның еркі қарастырылады.

Классикалық батыс заңдылығы бойынша меншік деп тұлғаның затпен абсалютті билік ету жағдайын анықтаған. Меншікке бұндай түсінікті алғаш Рим жеке құқығында қолданылған. 1804 ж. Франция азаматтық заңдылығына сәйкес меншік деп мүлікті абсолютті түрде пайдалану және билік ету құқығы деп түсіндіріледі. Француз цивислист ғалымдары Обри мен Ро – ң берген анықтамалары бойынша: “Мүліктік құқық зат пен тұлғаның арасындағы тікелей қатынас туғызушы жағдай деп көрсетеді”.

Германияның азаматтық заңдылығының 903 бабы бойынша меншік иесінің мүлікпен өз қарауы бойынша пайдалана алып, қажет жағдайларда өзгеге ұсынып не олардың қатыстылық құқығын жойа алатын жағдайларды қарастырған.

Цивилист ғалымдар осы меншік түсінігіне бір ортақ анықтама беру мақсатында каталог қалыптастырған. Мысалы ағылшын ғалымы А Оноре осыған байланысты 11 элементтен тұратын анықтама берген, олар:

  1. билік ету құқығы – яғни тұлғаның физикалық тұрғыдағы мүлікті қадағалау немесе өзіндік пайдалануы;

  2. пайдлану құқығы – мүлікпен жеке өзі пайдалануы;

  3. иелену құқығы – затты қалай және кіммен пайдалану жағдайы;

  4. пайда көзі – оны пайдалану арқылы пайда табу;

  5. өз еркімен шығынға келтіру, тұтыну, өзгерту немесе жою;

  6. қауіпсіздік жағдайына кепіл;

  7. затты беру құқығы;

  8. мерзімсіздігі;

  9. өзгеге нұқсансыз пайдалану;

  10. қарыз негізінде затты алу;

  11. бұзылған құқықтың орнын толтыру.

Меншік құқығын екі жағдайда түсінуге болады олар: объективтік және субъектік. Объективтік тұрғыда ол белгілі бір тұлғаға тиісті меншікті реттеуші және қорғаушы азаматтық құқықтық - нормалар жиынтығы. Яғни оған заттың белгілі бір тұлғаларға жататындығын анықтаушы нормалар, затқа қатысты құзыреттілігін анықтаушы нормалар, меншік құқығын қорғаушы нормалар. Ал субъективтік тұрғыда меншік иесіне сол мүлікті иеленуге, пайдалануға, билік етуге заңды түрде қамтылу жағдайын қарастырған.

Меншік құқығының объектісі ретінде заттар, қолмақол ақша, құжатталған бағалы қағаздар және т.б. жатады. Яғни біздің заңға сәйкес объектілер тек заттық сипаттағы құралдарды жатқызады, ал электрондық қаражат, құжатталмаған бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет және т. б. бұлардың санатына жатқығылмаған. Сонымен қатар меншік еисі өзінің меншігіндегі заттарды күтуге құқылы.

Қазақстан азаматтық заңдылығына сәйкес меншік мазмұнын пайдалану, билік ету және иелену негізінде анықтайды. Иелену деп заңды түрде затты ұстау деген мағынаны береді. Пайдалану деп өзіндегі затты қолдана отырып одан белгілі бір пайда алу жағдайын қарастырамыз. Иелену құқығы пайдалану құқығысыз меншік құқығын жүзеге асыра алмайды. Билік ету деп өзіндегі мүліктің заңды тағдырын анықтау жағдайын қарастырады.

Меншік құқығының түрлері мен нысандарын азаматтық заңдылық келесі түрде жіктеп қарастырады: жеке және мемлекеттік меншік деп.

Заттық құқықтар тек мемлекетпен қарастырылады және ол тараптардың еркімен өзгертілмейді. Азаматтық құқықта басты заттық құқықты - меншік құқығы алады. Сонымен қатар заттық құқыққа кепіл, сервитут, узуфрукт құқықтары жатады. Недропользование. Бөтеннің мүлкіне құқық – мысалы азаматтық құқықтың 195 бабы бойынша шаруашылықты жүргізу, жедел басқару және т.б. Кейбір қатынастар мысалы сервитут, ипотека, аренда тек заттық құқық болып қоймай сонымен қатар міндеттемелік құқықтардың да қатарын қамтиды.