Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

4. Тақырып. Есеп айрысуды құқытық реттеу.

Дәріс

Есеп айрысу қатынастарының түсінігі. Банктік шот. Банктік шот шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері. Қолма қол емес есеп айрысу тәртібі мен нысаны. Кәсіпкерлердің есеп айрысу қатынастарындағы орны.

Кез-келген азаматтық қатынас тауар алмасу немесе қаржы несиелік қатынастар сипатында болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тауар – ақша қатынастары үшін қаржы институттары, яғни банк және т.б. тұлғалардың әрекетімен тығыз байлансты. Сол себептіқаржы институттары мен азаматтық айналымның басқада субъектілері арасындағы қатынастар ерекше дербес құқықтық реттеуді талап етеді. Осыған орай Қ.Р. Азаматтық кодексі 36, 37, 38 – тарауларында (715-767 баптар) несие және есеп айрысу міндеттемелеріне арнай отырып олардың құқықтық реттелуін анықтаған. Аталып отырған міндеттемелерді дербес қаратыру арқылы олардың келесі негізгі ерекшеліктерін анықтауға болады. Біріншіден, бұл қатынастар міндетемелік сипатқа иеленеді, яғни орындалу тәсіліне қарай бірнеше заңды маңызды әрекеттер мен тізбекті мәмілелерді орындау әрекетінен тұрады, нақты айтқанда несие және есеп айрысу міндеттемелері тізбекті мәмілелер болып табылады. Екіншіден қалыптасу ерекшелігі бойынша ақша операциялары (банктік шарттар) және қайтармды сипаттағы міндеттемелер (заем, несие) түрінде қалыптастырылады. Үшіншіден несие және есеп айрысу қатынастары ақшалай міндеттемелерден тұрады.

Несиелік қатынастардың қалыптасу тарихына зейін салатын болсақ қарыздандыру міндеттемелері негізінен байқауға болады (ростовщический). Олар ұсақ өндірушілер мен ірі құл иеленуші тұлғаларға берілу түрінде сипатталған. Сол құл иеленуші заманда несие беруші тарап негізінде бай саудагерлер мен салықты сатып алушылар болған, бұлармен қатар діни орталықтардың алған орны аз емес, мысалы Грециядағы Дельфиский діни орталығы. Алғашқы несиелер үшін төленетін пайыздар аса көп көлемді болған, мысалы рим дәулеттілерінің бірі Аттик жеке тұлғаларға қарыз 36-48% беретін болған, ал ірі қарыз беруші Рабири мысыр патшасы Птоломейге 100 % жылдық қарыз беру мәмілелерін жасақан.

Несие міндеттемелерінің басты мақсаты үздіксіз өндіріс пен өнім өткізу іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Несие қызметтері мыналар: Бөлуші, капиталды орталықтандырушы, бақылау, шынайы ақшаны несие операциялармен ауыстыру. Несие қағидалары: қайтарылымдық, жеделдік, төлемдік, толық қамтылуы, мақсатық қолданыс, несие диференцациясы. Несие нысандары: Коммерциялық, Банктік, Мемлекеттік, Тұтынушы, Халқаралық, Қарыздық.

Биржалық индек – нақты жиынтықталған компанияның акциясын немесе өзгеде бағалы қағаздарының орташа бағасын көрсетуші индек. Әлемге танымал мынадай акциялар инсексін анықтаушыиндекстер бар: “ Доу-Джонс индексі”, орташа 30 өндірістік корпарацияға ортақ-АҚШ, Нью-йоргтік қор биржасы, “Никкей” орташа – Жапония, Токиялық қор биржасы, “Стройтс таймс” – Сингапур, Сингапурлыққор биржасы, “Ханг Сенг” – Гонконг, Гонконгтік қор биржасы және т.б.

Биржалық нарық – бағалы қағаздарды қорлық биржаларда сату. АҚШ 1920ж. 30 тарта қор биржа болған, қазір олардың саны 7-у. Әлемдегі аса үлкен үш биржа Нью-йорктік, Токиялық, Лондондық. Қаржылық ақпарат беруде әлемде бәсекелесуші 2 ірі агенттік бар, олар ағылшындық “Рейтер” – дүние жүзі бойынша 173000 терминалы бар және Американдық “Телерейт” – 76000 терминалы бар.

Жалпы шетелдік қор нарығының көлемі 1994 жылы 39трлн долларды құраған. Дүние жүзінің 40 пайыз бағалы қағаздар нарығы Америкаға тиесілі, 20 пайызы Жапонияға, Үлкен 8 мемлекеттеріне 37 пайызы тиесілі.

Қазіргі Қ.Р. заң әдебиеттерінде банкттік қызметтерді реттеу сұрақтары кең және егжей – тегжейлі қарастырылуда. Республикамызда нарықтық қатынастар ұдайы дамуына байланысты, елімізде екінші дәрежелі банкттермен несиелік мекемелер кең етек алды. Осыған байланысты еліміздің оқу орындарында «Азаматтық» және «Қаржы» құқықтарымен қатар «Банк құқығын» оқыту қарастырылуда.

Банк терминінің қалыптасуының өзіне қатысты бірнеше пікір таластар бар, кейбір авторлардың айтуы бойынша «банк» италияның «Banko» яғни айырбас орындығы, ақша столы деген мағынаны білдіреді деп көрсетеді.

Басқа авторлардың айтуы бойынша бұл сөз ағылшынның «Bank» немесе француздың «Bangue» деген сөзінен шыққан деп көрсетеді. Негізінен банкттің негізгі атқаратын қызметіне сәйкес келесі жағдайды түсінуге болады, банк – бұл банкттік операцияларды жүзеге асыруға ерекше құқықты иеленген несиелік ұйым. Қазақстан Республикасында банкттің негізгі екі деңгейі әрекет етеді, олар бірінші деңгейлі – Ұлттық банк және екінші деңгейлі коммерциялық банктер. Ұлттық банк келесі негізгі мәселерді шешумен айналысады: банкноттарға монаполиялық эмиссия, қаржы – несиелерін реттеу, сыртқыэкономикалық, банкпен банк, банк және үкімет арасындағы қатынастарын реттейді. Екінші деңгейлі банктерді келесі негізгі әрекеттері бойынша жіктеп қарастыруға болады:

  • жарғы капиталы мен құрылу нысаны бойынша, акционерлік қоғамдар немесе ЖШС түрінде, шетел капиталдарына құрылуы мүмкін;

  • жүзеге асыратын операция түрлеріне байланысты: әнбебап немесе арнай банктер болады;

  • нарықтағы салалары бойынша бөлінуі мүмкін, ипотекалық, жинақтаушы, инвестициялық т.б.

Бұлармен қатар халқаралық қаражат қатынастарын ұйымдастырушы Халқаралық Есеп Банкі (ХЕБ), Халқаралық валюта қоры (ХВҚ), Халқаралық дамыту және реконструкция банкі (Бүкіл әлемдік банк) – тер әрекет етеді. Мысалы осылардың ішінде ХЕБ 1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Франция, және Жапония мемлекеттері үкімет аралық келісімдерімен құрылған. Бұл мемлекеттер Швецариямен келісімге келе отырып ХЕБ–ті Базелде орналастырған. Жоғарыдағы елдердің орталық банкттерден бөлек АҚШ коммерциялық банкі Морган үйіде құрылтайшылардың қатарына кірген. 1932 жылы оның қатысушыларының қатары тағы 19 Европа мемлекеттерімен толықтырылды. “Базелдік несиелер”, яғни шұғыл түрде шетел валютасы тапшылығы қажеттігін шешу жолы. Ал ХВК-ның құрылуына басты себеп, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін құлдыраған европа мемлекеттерінің экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында 1944 жылы АҚШ-да Бреттон-Вудсте өткен халқаралық-қаржы валюта конференциясында алғаш сөз қозғалып, 1947 жылы БҰҰ арнай органы ретінде құрылды. Директорат неғұрлым жоғары капитал үлесі бар 6 мемлекет өкілінен және 16 географиялық белгілеріне сәйкес мүшелерінен тұрады. Бастапқы кезде бүнің мүшелерінің саны 49 мемлекет болған, ал капитал көлемі 8 млр., қазір оның қатысушыларының саны 80 асады ал қаражат көлемі 16 есеге өскен. 1993 жылдан бастап барлық кеңес үкіметіне кірген мемлекеттер тең құқылы мүше болып табылады. Бүкіл әлемдік банк құрамына 180 мемлекеттей кіреді, қаржы қоры 200 млр. долр. береді.

Банкттік қызмет көрсету міндеттемесі өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелерінің бір түрі болып табылады. Банкттік қызмет көрсету шартының келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

  • Банктік есеп шот шарты.

  • Банкттік ақша аудару шарты.

  • Банктік салым шарты.

  • Заңмен немесе тараптардың келісімімен көзделген өзгеде шарт түрлері болып бөлінеді.(АК 739 бап 1т.)

Қ.Р. азаматтық заңдылығы банкттік шарт міндеттемелерін АК 739-767 баптар аралығында қарастырған. Банк клиеттерден түскен қаражатты сақтай отырып өзі оны қолдана алады. Клиенттің талабы бойынша кез-келген мезетте атқаруға тиісті қаржы операцияларын өткізуге міндетті.

Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті соммаларын аудару туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндетті (747 бап 1т.).

Қазіргі таңдағы қолма-қол ақшасыз қатынастардың артуы ақша айналымына арнайы есеп шоттарын қажет етеді. Шот бір жағынан ақша құралдарының жағдайлары мен қозғалысын көрсетеді. Екіншіден жұмыс, қызмет немесе тауар үшін төлем ретінде ұсынылады. Банкттік шотты ашу арнай қатынастардан құралған. Банктік шот шарты бойынша клиентке дербес код береді, соның негізінде ол өзі қалаған әрекеттерін жүргізе алады.

Шарттың пәні болып – шартта көрсетілген операцияларды жүзеге асыру қарастырылады. Халқаралық тәжірибеге қөз жүгіртер болсақ есеп шотын ашу жағдайы Лихтенштейн, Австрия, Люксенбург банктерінде аса күрделі рәсімдеулерге негізделген. Мәселен шот 200 мың эвро көлеміндегі сомма салынбаса есептік номер берілмейді. Банктік шот шарты бойынша банкке салынған қаражат толығымен банкттің иелігіне ауысады. АК 751 бабы бойынша банк клиенттің ақшасымен пайдаланғаны үшін келісімде анықталған тәртіпте сый ақы төлейді. Жоғарыда көрсетілген банктерде шот ашу есептік шот номерін алумен қамтылады. Банкке ақшаны жеке тұлға салатын болса қаражатты салған тұлға немесе өзі сеніп тапсырған тұлға пайдалануға құқықлы. Егер ақшаны заңды тұлға салса онда сол заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілдік бергенөзге адам билік ете алады. (АК 749 бап 1,2 тармақ.) Банкттік шот шарты тек жазбаша нысанда жасалады, бұл нысанды сақтамау оның жарамсыздығын білдіреді, яғни ол қарапайым жазбаша түрде рәсімделеді. (748бап)

Банкте шот ашу үшін келесі Ұлттық банк бекіткен құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Шот ашу туралы өтініш;

  • Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігін;

  • Ақша қаражаттарыниелену құқығын растайтын заңды тұлға басшысы менбас бухгалтердің қолы қойылған мөр басылған құжат және т.б. құжаттар ұсынылуы мүмкін.

  • Банкттік шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар тізімі келесідей:

  • Клиет талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз ету;

  • Клиенттің пайдасына түскен қаражатты қабылдау;

  • Клиенттің үшінші тараптар пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауға;

  • Клиенттен қолма-қол ақша алу және беруді жүзеге асыруға;

  • Клиентке жалпы шартта көзделген негіздерге сәйкес ақпараттар беруге;

  • Заңдар мен іскерлік айналым нормаларында көзделген өзгеде қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Жауапкершілік жағдайын қарастыратын болсақ, ол көбіне өзара анықталған жағдайлармен сипатталады. Көп жағдайда жауапкершілік жалпы ережелермен бекітіледі. Мәселен АК 746 бабы бойынша егер банк клиен шотына түсетін қаражатты уақытылы есепке алмаса, не оны заңсыз шоттан шығарып тастаса, ақша аудару немесе өзгеде өкімдерін орындамаған үшін банк кідірткен әрбір күнге, осы соммалардың 0,5 пайызын және пайызбен жабылмаған бөлігіндегі шығындарды өтеуге міндетті. Сонымен қатар жауапкершілікке негіз болып болып тағы мынадай жағдайлар жатады: банкттік құпияны сақтамау, клиент ақшасының пайызын уақытылы төлемеу, банк қызметі үшін ақша төлеуден жалтарса және т.б. Мәселен жоғарыда көрсетілген шетелдік банктерде банкттік құпияны бұзғандық үшін 20 жылға дейін бас-бостандығынан айыру жазалары қарастырылған. Банкттік шот шартын бұзу клиенттің өтініші бойынша кез-келген уақытта бұзылады.

Ақша аудару туралы шарт, бойынша бір тарап (банк) екінші тарап (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бір-ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді. (АК 754 бап 1т.) Шарт клиенттің тапсырмасы бар ұсынысты қабылдаған сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Ақша аудару шартының келесі өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Ақша аудару клиенттің есебінен жүргізіледі;

  • Ақша банкпен клиент көрсеткен үшінші тараптың шотына аударылады;

  • Ақша аудару заңда көрсетілген мерзімде көрсетіледі.

  • Ақша аудару банктің заңдарға сәйкес белгіленген нысандағы төлем тапсырма қағазы негізінде жүргізіледі. Төлем тапсырма қағазының мазмұны мыналардан құралады:

  • Есеп-айрысу құжатының атауы;

  • Төлем тапсырма қағазының номері, толтырылған жылы, айы, күні;

  • Үшінші тұлғаның есеп шот номері мен алатын қаражат атау;

  • Үшінші тұлғаның банк атауы мен номері;

  • Төлемнің мақсаиы;

  • Ақшалай қаражаттың цифрмен және жазбаша түрде жазылған нысаны.

Банкттік салым шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарап (салымшылардан) ақша салымын алуға, олар бойынша банкттік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.