Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

3 Тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы.

Дәріс

Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің түрлері. Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық ұйымдастыру нысандары. Заңды тұлғалар. Шаруашылық серіктестіктер. Акционерлік қоғамдар. Еншілес кәсіпорындар. Өндірістік кооперативтер. Мемлекеттік кәсіпорындар. Коммерциялық емес емес ұйымдар. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық жағдайы. Несиелік ұйымдардың құқықтық жағдайлары. Тауар және қор биржалары.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және жалпы айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар табылады. Шағын кәсіпкерлік қызмет субъектілері ҚР-ң заңдарына сәйкес кез-келген кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерлер ретінде келесі нысандағы заңды тұлғалар бола алады:

1. толық серіктестік

2. сенім серіктестік

3. жауапкершілігі шектеулі серіктестік /ЖШС/

4. қосымша жауапкершіліі бар серіктестік /ҚЖБС/

5. өндірістік кооператив

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшылар саны контракт бойынша, мердігерлік шарты бойынша, бірлестік шарты бойынша, филиалдар, өкілдіктер жұмысшыларының саны бойынша есептеледі. Шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде ойын және бизнес аясында қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар бола алмайды. Мемлекет келесі бағыттарда шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырады:

  • шағын кәсіпкерлер субъектілері үшін мамандығын жоғарылатуды, дайындауды ұйымдастырады;

  • шағын кәсіпкерліктің қаржылық, статиститкалық, материалдық-техникалық, ақпараттық - технологияны пайдалануда жеңілдіктер жасау;

  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген түрін бекіту;

  • шағын кәсіпкерлік үшін салық төлеуді жеңілдетілген ретімен кеден баға бойынша жеңілдіктер бекіту;

  • шағын кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қатынас қызметін қолдау;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің арнайы бағдарламасын қабылдау.

Шағын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мемлекеттік және аймақтық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсаты займдардан республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебілеп жүзеге асырылады.

Өндірістік кооператив дегеніміз - бұл бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі түрлерінің бірі.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделге ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыруға құқылы. Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың –құрылтайшылардың жалпы жиналсының шешімі бойынша құрылады. Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады ҚР-ң заңдарында шаруашылық серіктестіктердің келесі түрлерін көрсетеді, толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Шаруашылық серіктестігі азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Шаруашылық серіктесіктің құрылтай құжатары – құрылтай шарты және жарғы. Оларды нотариат куәландыруға тиіс. Серіктестікті басқаруды жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады. Шаруашылық серктестік оның қатысушыларының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Соныме, шаруашылық серіктестіктің түрлеріне қатысты қысқаша түсінік беріп кеткен жөн. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестіктердің толық жауапкершілігініе байланысты.

Заңды тұлға институтының пайда болуы экономикалық айналымның қажеттілікпен сипатталады деп жоғарыда айтылған болатын. Бүгінгі күннің өзінде кез келген құқықтық нысанындағы, соның ішінде әр түрлі кәсіпкерлік ұйым нысанындағы заңды тұлға көптеген мемлекеттің экономикалық айналымдағы маңызды орын алады. Ең алдымен азаматтық және сауда айналымында заңды тұлғалардың түрлілігін айтуға болады. Құқықтық нысаны бойынша заңды тұлғаның әр түрлі жіктелімі бар. Бұл белгілі бір құқықтық жүйелердің ерекшеліктерімен және заңды тұлғаның ұлттық ерекшеліктерімен қатар, жіктелудің критерийлерімен де түсіндіріледі. Осыған байланысты Германияның құқығы жеке және көпшілік, одақтарды, акционарлік қоғамдарды және шектеулі жауапкершілігі бар қоғамдарды қарастырады; Францияның құқығы – одақтар мен акционерлік (анонимді) қоғамдарды; Англия құқығы – Парламентінің және шектеулі жауапкершілігі бар компанияның актісі негізінде инкорпоративті заңды тұлғаларды; АҚЩ құқығы – пайда табу және пайда таппау мақсатында құрылған корпорациялар, сонымен қатар әр түрлі үкіметтік корпорацияларды қарастырады.

Дегенмен де заңды тұлғаның түрлі нысандарының болуына қарамастан заңды тұлғаның байрлық түрлеріне тән ортақ белгілері (критерий) бар. Осыған байланысты заңды тұлғалар үлкен екі топқа бөлінеді: көпшілік құқықтың заңды тұлғасы және жеке құқықтың заңды тұлға. Заңды тұлғаның бірінші тобына биліктік өкілеттіліктерге ие заңды тұлғалар (Францияда – департаменттер, департаменты, қауымдастықтар, қауымдастықтар мен федералды жерлер – Германии, провинциялар мен коммуналар – Италияда, муниципалитеттер – АҚШ-та), сонымен бірге білім беру, ағартушылық, мәдени, ғылыми және денсаулық сақтау мақсатында құрылған ұйымдар мен мекемелер – университет, лицей, мұражай, дәріханалар және т.б. Екінші топқа жеке және мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

Жеке құқықтың заңды тұлғалар тобына жататын шаруашылық серіктестіктердің саны басымырақ болып келеді. Жалпы тұрғыда серіктестік – бұл пайда табу мақсатында құрылған ұйым. Қазіргі кезде шартты түрде сауда (шаруашылық) серіктестіктер “тұлғалардың бірлестігі” және “капиталдардың бірлестігі” деген екі топқа жіктеледі. Бірінші топқа толық және коммандиттік серіктестіктер, ал екінші топқа – акционерлік қоғам, шектеулі жауапкершіліг бар қоғамдар (серіктестіктер) және акционерлік коммандита жатады. Тұлғалардың біріктірілуі негізінде қатысушылардың өзара қарым-қатынастары жеке сенімді сипаты жатыр. Капиталдардың біріктірілуі, ең алдымен, қатысушылардың мүліктік байланыстары негізінде қалыптастырылады. Осыған байланысты кіші және орта бизнесте тұлғалардың бірігу нысаны, ал ірі бизнесте капиталдардың біріктірілу нысаны басымырақ болады.

Толық серіктестік болып серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік танылады.

Сенім (коммандиттік) серіктестігі (соmmапdant фр. – бұйрық беру, билік ету, басқару) деп серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестікті айтамыз.

Комменда орта ғасырда кеңінен тарады. Алғашқыда комменда, теңіз жүзуіне қатыспаған саудагердің сауда сапарына заңнама шаруашылың серіктестікке белгілі бір талапрына аттанған саудагерге сауда-саттық үшін тауарларын сеніп беріп, түскен пайданы жүзуге аттанған және құрлықта қалған саудагерлердің арасында бөлінетін тауарлық нысанда болды. Кейін тауарлық комменда қатысушыларына, серіктестіктердің әр түріне сеніп беріп, түскен пайданы жүзуге аттанған және құрлықта қалған саудагерлердің арасында бөлінетін тауарлық нысанда болды. Кейін тауарлық комменда түрі, тауарлары бар саудагерлермен қатар, сауда-саттықпен айналысуға қызығушылығы, әлде тілегі жоқ, әлбетте капиталдары бар адамдарға қатысу мүмкіндігін беретін ақшалай нысанға өзгерді.

Коммандиттік серіктестік қатысушылардың екі тобынан құралады: серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап беретін толық серкітестер және серіктестіктің істеріне тек салымдар салу жолымен, бірақ серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын коммандистерден тұрады.

Бірқатар мемлекеттерде коммандиттік серіктестіктің ерекше түрі – акционерлік коммандита әрекет етеді. Оның коммандисттерінің капиталы иеліктен шығарылатын акцияларға бөлінеді. Бұл серіктесткке, серіктестіктің басқа түрлеріне қарағанда ірі капитал салуға қолайлы болады.Франция, Ресей және Қазақстанда сауда (шаруашылық) серіктестіктері заңды тұлға мәртебесіне ие, ал Германия және Швейцарияда бұл қарастырылмаған.

Қазіргі кездегі ірі бизнестің негізгі құқықтық нысаны болып акционерлік қоғам табылады. “Акционерлік қоғам туралы” заң ең нақтыланған және өңделген заңдардың бірі болып саналады. Акционерлік қоғамның қызметінің негізін акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылатын акция құрайды. Акция жеке меншік құқығының объектісі болып табылады. Акциялар – бұл тауар, оны сатуға, сатып алуға, иеліктен шығаруға болады. Акциялардың басым бөлігі даралық биліктен айырылған болғандықтан, кейбір жағдайларда акционерлік қоғамды анонимдік деп те атайды. Акционерлік қоғамның басқа заңды тұлға түрлеріне қарағанда ірі капиталдарды тартымды ететін бірнеше ерекшеліктері болады. Олардың ішінде акционерлердің қоғамның міндеттемелері бойынша тек акциялар құны шегінде жауапты болуы. Акционердің тәуекелге түсудің шектеулігі және акцияны иеліктен шығару мүмкіндігі капиталды асқаруда жеңілдіктер туғызады.

Акционерлік қоғамның тағы бір ерекшелігі әрекет ету мерзімінің шексіздігі. Әдетте акционерлік қоғам құрамында бір қатысушысы болғанша әрекет ете береді. Бұл бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды басқарудың орталықтандырылған жүйесі ірі капиталдың әрекет етуіне бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Акционерлік қоғамдармен қатар жауапкершілік шектеулі қоғамдар да кең дамыған. Бұл қоғамдардың белгілері көптеген мемлекеттердің қоғамдарының белгілеріне сәйкес келеді. Олар көбінесе кіші және орта бизнесте қолданылады. Олардың акционерлік қоғамның белгілеріне ұқсас белгілері де бар. Ең бастысы, олардың несие берушілер алдында жауапты болмайтындығында. Ал негізгі айырмашылығы, жауапкершілігі шектеулі қоғамның капиталы қоғамның қатысушыларының келісімімен үшінші тұлғалардың қатысу үлестеріне бөлінеді. Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі қоғам өзінің өндірістік, қаржылық және коммерциялық әрекетінің жағдайы жайында есеп беруден босатылған.

Акционерлік қоғам нысаны тек ұлттық шеңберінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық, соның ішінде Европалық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде де қолданылатынын ескертуіміз керек. Бұл ғалымдарға “акционерлік қоғамның адамзат үшін бу мен электр жарығынан маңызы көбірек ” деп санауға себебін туғызды.

Заңды тұлғаның әлемдік қоғамдық өндірісіндегі орны мен маңызы жайында сөзді аяқтай отырып, жеке құқықтық субъектісі болып табылатын заңды тұлғаның мінездемесіне тікелей қатысы бар қазіргі кездегі өндірістік дамудың тенденциясына назар аударуымыз қажет. Экономистердің айтуы бойынша, әлемдік нарықтың иесі болып ірі корпорациялар ғана табылды. Олардың қазіргі кезде де маңызы зор, сонда да олардың маңызы азаюда. Көптеген мемлекеттерде кіші бизнес жаратылысы пайда болды. Оның себебі, бір жағынан, ірі кәсіпорындардың жұмысшылар санын азаюымен, ал екінші жағынан, көптеген өндіріс саласында кіші кәсіпкерлерге ірі кәсіпорындарға қарағанда әрекет ету жеңілірек болуымен, сонымен қатар көптеген кіші шаруашылық субъектілері жүзеге асыратын қызметтері де жақсырақ орындалатындығымен сипатталады. Мәселен, ғылыми кәсіпкерлік фирмалар, консультативтік, ақпараттық, өндірістік құрылымы икемді кәсіпкерліктер туралы сөз айтылады. Бұл жағдайда заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілердің және заңды тұлғаның феноменінің құқықтық мәртебесін бекітетін құрылымдарды қалыптастыруда мүдделі болу заңды болып табылады.

Заңды тұлғаның белгілерін анықтау барысында оның құқықтық табиғатын ашуға мүмкіндік туады. Заңды тұлғаның белгілері – бұл заңды тұлғаны азаматтық құқықтың толық құқық субъектісі ретінде анықтайтын ерекшеліктердің жиынтығы.

Азаматтық құқықтық доктрина және ҚР Азаматтық Кодексі (33-бабы) құқық субъектісі ретінде заңды тұлғаның төрт негізгі белгісін бекітеді:

  1. ұйымдық бірлік;

  2. мүліктік оқшаулық;

  3. дербес мүліктік жауаптылық;

  4. азаматтық айналымға өз атынан түсуі.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерден емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

Сонымен қатар ұйымдық бірлікті көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияы жанама жолмен тану асырылады.

Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ң 40,58-баптары).

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ң 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшалары) бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы – заңды тұлғаның – мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ң 103. 104-баптары).

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі заңды тұлғаның жарғысымен немесе басқа да құрылтай шартымен бекітілуі тиіс. Заңды тұлғаның жарғысында ұйымның атауы, орналасқан жері, әрекетінің мақсаты мен мәні, басқару және қадағалау органдары, олардың өкілеттіліктері, мүлікті қалыптастыру мен басқару тәртібі, ұйымның әрекетінің тоқтатылу жағдайлары, қайта құру және таратылу тәртібі көрсетіледі. Сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс. Жарғының болуы заңды тұлға деп танылуы міндетті шарты. Сонымен қатар заңмен көзделген өзге де құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Мұндай құжаттарға құрылтай шарты мен заңды тұлға құру туралы жеке тұлғаның шешімі жатады.

Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой “заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүліктің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшаулық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес” деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы ол тіркелген сәттен басталады. (Мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабы)).

Заңды тұлғалардың оқшаулануы түрліше көрінеді және ол осы мүліктің меншікгіне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы – заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ң 44-б. 1т.).

Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ң 33-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ң 207-б.), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы орган оның міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады (АК-ң 1998ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-б. 1-т. 2 абзац).

Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ң 70, 84-баптары, 96-б. 3-т.). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарындакөрсетілуі мүмкін (АК-ң 44-б. 2-т.).

Заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулық дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, сондай-ақ кооперативтердің өз мүліктеріне меншік құқығы болады: мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқығы; қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің оралымды (жедел) басқару құқығы бар.

Заңды тұлғаларға тиесілі мүліктерге коммерциялық емес ұйымдардың да меншік құқығы бар. Осыған байланысты мүлік заңды тұлғаға меншік құқығы негізінде ғана емес, басқа да заттық құқық, соның ішінде шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығының негізінде тиесілі болады. Заң ғылымының кандидаты В.В. Витрянскийдің көрсетуі бойынша, бұндай жағдай мүлкі міндеттемелік құқық негізінде тиесілі заңды тұлғаның әрекет ету мүмкіндігі болмайды деп көрсетеді. Бұл көзқарасты әділ деп айтуға негіз бар, себебі АК-ң 78 бабының 1тармағы және 88 бабының 1тармағына сәйкес заңды тұлғаның мүлкінің ең аз мөлшеріндегі жарғылық капиталының мәні мұндай заңды тұлғаның несие берушілердің мүддесіне кепіл болуында. Ал міндеткерлік құқық негізіндегі борышкердің мүлкі дәл сондай кепіл бола алмайды.

Бұл көзқараспен келіспейтін бірқатар ғалымдар да бар. О.Н. Садиков пен В.А Рахмановичтің ойынша, АК-ң 33 бабында заңды тұлғаның мүліктік оқшауланудың бірден-бір нысаны болып заттық құқықтың ғана көрсетілуіне қарамастан, заңды тұлғаның, соның ішінде коммерциялық ұйымның заттық құқық негізінде тиесілі мүлкі тек заттық объектілермен ғана шектелмейді. Заттық құқық заңды тұлғаның мүліктік оқшауланудың қажетті және айырықша құқықтық нысаны ретінде қаралмауы керек. Бұл оқшаулану басқа да құқықтық нысандарымен (институттармен) қамтамасыз етілуі мүмкін. Сондықтан да заңды тұлғаның меншік құқығы, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығы негізінде мүліктің болмауы, АК-ң 33 бабының 1тармағын сөзбе-сөз талқылауына қарамастан, ұйымды заңды тұлға деп танылмауына негіз бола алмайды.

Заңды тұлғаның мүлкінің оқшаулылығы заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты өзінің балансы (коммерциялық ұйым) немесе сметасының (коммерциялық емес ұйым) болуымен нақты анықталады.

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді. Бұл – заңды тұлғаның қорытынды соңғы белгісі, сонымен бірге заңды тұлғаның құрылудың мақсаты да болып табылады.

Әрине, жоғарыда аталған белгілері бар заңды тұлғаны азаматтық құқықтық қатынастардың толық қатысушысы деп санауға мүмкіндік береді, және бұл белгілер азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде заңды тұлғаны қалыптастыруда үлкен мәнге ие болады. Бірақ бұл көзқараспен заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан негіз салушы зерттеулерін сыңға алатын қазіргі кездегі жас заңгерлер келіспейді. Олардың ойынша, “Қазіргі кездегі заңды тұлға – бұл субъектінің дербес жауапкершілігі және ол бұл мақсат үшін арнайы құрылған. Дербес мүліктік жауапкершілік – бұл заңды тұлғаның негізгі белгісі. Ал заңды тұлғаның мәні, ең алдымен, оның жауапкершіліктен көрінеді. Қалған белгілердің маңызы шамалы. Олар тек бір негізге бағынышты болады – жауапкершілікті құрылтайшының емес, заңды тұлғаның мойнына алу болып табылады”.

Азаматтық айналымға өз атынан түсуі заңды тұлғаның сотта талапкер және жауапкер болуға, өз атынан шарттар, бір жақты мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. АК-тің ЗЗ-б. 2-т. сәйкес заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болуы тиіс.

Жоғарыда аталып еткен белгіге сәйкес заңды тұлғалар азаматтық айналымға, мүліктік қатынастарға өз атынан қатысады. Яки, кез келген заңды тұлғаның заңға сай өз атауы болуы керек. Заңды тұлға атауы мен тұрған жері оны басқа ұйымдар тобынан жеке дараландырады. Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Қазақстан Республикасында фирмалық атауды тіркеудің жеке процедурасы қарастырылмаған, сондықтан заңды тұлға әділет органдарында тіркеуден өткен сәтте, оның фирмалық атауы да қоса тіркеледі.

Жалпы заңды тұлғаның фирмалық атауында, оның ұйымдық-құқықтық нысаны (серіктестік, акционерлік қоғам, т.б.), меншік нысаны (жеке, мемлекеттік), қызмет бағыты (сауда-саттық, ғылыми-зерттеулік және т.б.) көрсетіледі. Заңды тұлғаның барлық атауларына заң белгілі бір талаптар қояды. Фирмалық атауда заң талаптарына немесе қоғамдық өнеге нормаларына қайшы сөздер (мысалы, қазақ немесе орыс тіліне аударғанда балағаттаушы естілетін шет тіліндегі сөздер); жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есім-дерін пайдалануға жол берілмейді.

Азаматтық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөгде тұлғалардың фирмалық атауды пайдалануына тек фирмалық атаудың құқық иесінің рұқсаты бойынша ақы төлеу арқылы жол беріледі. Бұл ретте кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты қолданылады. Осы шарт негізінде кешенді лицензиар кешенді лицензиятқа сыйақыға фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін беруге міндеттенеді (АК-тің 896-6. 1-т.). Фирмалық атауды бөтен адамдардың пайдалануы заңсыз болған жағдайда, фирмалық атаудың құқық иесі атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын өтеуді талап етуге құқылы болып келеді.

Бүгіні күні заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін реттейтін заңнаманың көздейтін мақсатын анықтау үшін заңды тұлға институтының атқаратын функцияларын анализдеу арқылы жауап беруге болады:

  1. Ұжымдық мүдденің болуы. Заңды тұлға институты белгілі бір тәртіппен заңды тұлғаның қатысушыларының арасындағы ішкі қатынастарын реттейді. Соның нәтижесінде қатысушылардың еркі ұйымның еркіне айналады да, заңды тұлғаның азаматтық айналымында өз атынан әрекет етуіне мүмкіндік береді.

  2. Капидалды біріктіру. Заңды тұлға, соның ішіндегі акционерлік қоғам ұзақ мерзімге дейін капиталдарды орталықтандырудың оптималды нысаны болып табылады, онсыз ірі көлемді кәсіпкерлік қызмет іске аспайды.

  3. Кәсіпкерлік тәуекелдің шектелуі. Заңды тұлғаның құрылысы (конструкция) тәуекелді шектеуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның қатусышалыры капиталға тек өзінің қосқан сомасы шегінде ғана мүліктік тәукелге түседі.

  4. Капиталды басқару. Заңды тұлға институты кәсіпкерлік қызмет аясындағы бір тұлғаға тиесілі капиталды оралымды (иілімді) басқаруға негіз береді. Заңды тұлға туралы, бағалы қағаздар мен биржалар туралы заңнамалар бүкіл республика көлемінде капиталдарды басқаруға мүмкіндік беретін бірден бір құралы және өзін өзі реттеудің қуатты факторы болып табылады. Нарықтық экономканың өздігінен ұйымдасуы шаруашылық өмірінің интернационализациялануға мүмкіндік береді.

Азаматтық құқық әдебиттерінде заңды тұлғаның құқықсубъектілігінің болуы жайында даулар туындап жатады. Көпшілік заңгер ғылымдардың ойынша, кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде танылуы үшін жоғары аталған барлық белгілерінің болуын талап етеді.

Бұл бойынша А.В. Венедиктовтың ойы мүлдем өзгеше. А.В.Венедиктов ұйымдардың ұйымдық бірлік нысаны, мүліктік оқшауланышылықтың дәрежесі мен мүліктік жауапкершіліктің сипаты әр түрлі болатынын айта келе, ол әлеуметтік ұйымдардың құқықсубъектілігінің маңызды критерийі болып азаматтық айналымға өз атынан түсуді санаған.

Осыған қарамастан С.Н.Братусь басқаша ойлайды, оның пайымдауынша, ұйымның заңды тұлға ретінде саналуы екі белгісі болуы қажет: ұйымдық бірлік пен мүліктік оқшауланушылық. Ал азаматтық айналымға өз атынан түсу және дербес мүліктік жауапкершілік белгілері тек қана заңды тұлғаның құқықсубъектілігін сипаттайды.