
- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық түсінігі.
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің түсінігі мен жалпы ережелері.
- •Ережесімен реттеледі.
- •3 Тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы.
- •4. Тақырып. Есеп айрысуды құқытық реттеу.
- •5 Тақырып. Шаруашылық субъектілерінің мүліктерінің құқықтық режимі.
- •6. Тақырып. Баға және бағаны қалыптастырудың құқытық негіздері.
- •7 Тақырып. Инвестициялық іс-әрекетті құқытық реттеу.
- •8 Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын құқытық ретеу.
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлердің қаржылық есеп беруі. Аудит.
- •10 Тақырып. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттелуі
- •11 Тақырып. Дүние жүзілік шаруашылық және оның даму жағдайы мен кәсіпкерлік қатынастарға қатыстылығы.
- •Халыкаралық Экономикалық Интеграция
Ережесімен реттеледі.
Мемлекетгік тіркеудің құқығының мазмұнына келетін болсак, тұлға мемлекетгік тіркеуден өткеннен бастап занды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтаудың және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында келтірілген. Занды тұлға мьнадай жағдайларда:
акционерлік қоғамның жарғылык капиталының және жарияланған жарғылык капиталының мөлшері азайғанда;
атауы өзгергенде;
шаруашылык, серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік коғамдардағы қатысушылардьщ құрамы өзгергенде қайта тіркеледі.
Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзіще хабардар етеді.
Заңды тұлғаның негізгі түрлері коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Барлық комерциялық ұйымдардың басты мақсаты пайда табу, ал коммерциялық емес тұлғалардың мақсаты белгілі бір қоғамдық немесе өзге мүдде болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі субъектісі болып заңды тұлғалар табылады. АК-ң 33 бабына сәйкес заңды тұлға дегеніміз - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы ақтау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттер ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талаптар және жауапкер бола алатын ұйым.
Кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғаларадың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорында шаруашылықжүргізу
және оралымды басқару құқығына негізделген ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік құқық субъектілері болып азаматтармен қатар заңды тұлғалар – белгілі бір тәртіпте құрылатын және таратылатын арнайы ұйымдар да бола алады.
Нақты бір мақсатқа жету үшін қазіргі кездегі қоғамда адамдардың өз капиталдарын біріктіре отырып, белгілі бір одақтар, ұйымдар, топтар құрмай ақ жету мүмкін емес. Сондықтан да азаматтық айналымдағы мұндай негізгі құқықтық нысандағы тұлғалардың ұжымы заңды тұлға құрылымы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген.
2003 жылғы санақ бойынша Қарағанды облысы бойынша 12 736 заңды тұлға, 8 054 шағын бизнес субъектілері, ал Қарағанды қаласы бойынша 7 532 заңды тұлға мен 5 456 шағын бизнес субъектілері тіркеуден өткен. 1999 жылмен салыстырғанда Қарағанды бойынша заңды тұлғалардың саны жуықтап алғанда 2 000-ға өсті. Дегенмен де, біреулері құрылып жатса, екіншілері банкрот болып, таратылуда. Сондықтан да қазіргі күні заңды тұлғалардың құқықтың табиғатын ашып, олардың әрекет етудегі заңдылығын анықтаудың маңызы зор. заңды тұлғалардың жарғылық капиталын да құрмаған. Құқықтық КСРО құлап, Қазақстан егемендік алып экономикалық реформалар кең өріс басталған уақытта кәсіпкерлік қызметтің күрт өсуін байқадық.
Тіркеу органдарында кезекте тұрып және мемлекеттік тіркеу туралы тиісті құжаттар алғаннан кейін, енді ғана пісіп жетілген кәсіпкерлер салықтық есепке тұрып, банктен шот ашып, қазақстандық кіші және ірі бизнесі қатарын толыстырды. Бірақ уақыт өте келе, көптеген заңды тұлғалар таратыла бастады.
Біреулері алдындағы мәселелерді шеше алмай, банкрот болып таратылса, екіншілері заңды тұлғаны құрып, оған өзінің шаруашылық қызметі мен салықтық төлемдері жөніндегі есеп беруге міндеттейтін белгілі бір мәртебе беріп, алдағы қиындықтарды жеңе алмай, мұндай кәсіпорындар деректі түрде қызмет етуден бас тартты. Олармен құрылған кәсіпорындар тіркеуден алынбаса да, іс жүзінде әрекет етпейді, есеп бермейді, салықтар төлемейді. Біреулері мойнына қарыз алып, оны қайтарғанша, банкрот болғаны тиімді деп түсінсе, ал кейбіреулері көзқарас жағынан мұндай заңды тұлғалардың әрекет етуіне жол берілмейді және де бұл мәселе тек олардың тоқтатылу жолымен шешілуге тиіс. Кейбір субъектілер ары қарай әрекет ету экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан заңды тұлғаның әрекетін тоқтата бастады.
Заңды тұлғаның тоқтатылуы қайта құрылу (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде жүзеге асады.
АК-ның 45 б. 1 т. сәйкес заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді. 2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша АК-ның жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. заңда жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заңшығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық-құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамсыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 90-бабының 2-тармағы). Бірақ мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан әрекет етіп жатқан жабық акционерлік қоғамдар (ЖАҚ) кездеседі. Бұл заңның нормасы жұмыс жасамайтындығын білдіреді.
Сонымен кейбір заңды тұлғалардың міндетті қайта құрылуы (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгертілуі) императивті түрде берілсе де, мемлекеттік уәкілетті органдардың немесе соттың шешімі негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырыла алмайды. Ол басқа санкциялармен қамтамасыз етіледі. Заң талаптарын орындамаған заңды тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы тиіс. Мәселен, “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Егер заңның талабы орындалмаса, ол таратылуға жатады.
Қайта құру кезінде заңды тұлғалардың арасында әрқашанда мүліктік мирасқорлығымен байланысты даулар туып жатады. Оны жүргізген кезде құқықтық мирасқорына өтетін құқықтар мен міндеттердің көлемі үлкен маңызға ие. Қайта құру нәтижесінде қайта құрылған заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері келесі жолдармен өтуі тиіс:
Жалғыз құқықтық мирасқорына толық көлемде (қосу, біріктіру кезінде);
Толық көлемде, бірақ тиісті бөлікке бөлінген бірнеше мирасқорына (бөлу кезінде);
Барлық құқықтық мирасқорларына бөлшектеп өтуі (бөліп шығару кезінде). Заңды тұлғаның таратылуы тоқтатылудың екінші нысаны. Соңғы уақытта бұл мәселе өте актуалды бола бастады. Бұл көбінесі таратудың банкроттылығымен байланысты. Заңды тұлғаның тарату – бұл жаңа заңды тұлғаның пайда болуын және құқықтық мирасқорларына құқықтар мен міндеттердің өтуін көздемейтін заңды тұлғаның қызметін тоқтату. Заңды тұлғаны таратудың негіздемелерін екі топқа жіктеуге болады.
ерікті түрде тарату;
ықтиярсыз тарату.
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
банкрот болған;
заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған;
тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасєан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Банкроттық заңды тұлғаның таратудың бір негізі болып табылады.
Банкроттық деп борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi түсініледі.
7 сәуір 1995 жылғы банкроттық үрдісін реттейтін қазақстандық нормативтік-құқықтық база қазіргі кездегі экономикалық жағдайда әрекет қабілетсіз болып, ірі кәсіпорындардың банкрот болудан қорықпай төлемеушілік дағдарысын ұлғайта бастады. Бірақ жыл сайын сотпен қаралатын дәрменсіздік жөніндегі істердің өсуіне қарап, Қазақстанда шаруашылық айналымының қатысушылары арасында экономикалық қатынастардағы банкроттық институтының алдынғы орында екендігін куәландырады. “Егеменді Қазақстан”, “Заң газетінде” жарияланған банкрот болған заңды тұлға қаншама.
Қазіргі уақытта банкроттықты реттейтін нормативті акті 21 қаңтар 1997 жылы қабылданған “Банкроттық туралы” заң болып табылады. Бұл заң қабылданғанға дейін банкроттық мәселелерін 7 сәуір 1995жылы қабылданған ҚР Президентінің “Банкроттық туралы” жарлығы реттеп отырды. Жаңа заңның қабылдаудың қажеттігі жарлықтың сапалы еместігімен қатар, оның жаңа қабылданған Азаматтық кодексімен көптеген қайшылықтардың болуымен сипатталды. Бұл соттың істі қарау барысында қиындықтар туғызды.
Аталған негіздемелер бойынша тарату үрдісі тек белгілі бір заңды тұлғаларға ғана қолданатынын айтып кеткен жөн. Банкроттық рәсімі қазыналық кәсіпорындарға қолданылмайды, өйткені олар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қасиеттерін иемдене отырып, олардың әрекеттері бойынша меншік иесі (Қазақстан Республикасы) субсидиарлық жауапта болады.
Банкрот деп тану жөнінде сотқа азыз беруге несие беруші және меншік иесі, сонымен бірге заңда көрсетілген реттерде өзге тұлғалар құқылы. Дәрменсіздік жөніндегі талап-арызды кімнің беруіне байланысты заң оның мазмұнын түрліше бекітеді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғалардың әдейі немесе жалған банкрот болуы аса кең таралған. Бұл банкроттықтың түрлеріне Банкроттық туралы заңның 1бабында түсініктеме берілген:
Әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
Жалған банкроттық – кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы.
Әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.
Банкроттық туралы заңның 4 бабы соттан тыс тарату рәсімін қарастырады. Бірақ, біздің ойымызша ол әдейі банкрот болуға барлық жағдайлар жасайды деп ойлаймыз, егер де тарату әрекеттері барлық жағдайда сот арқылы жүзеге асырылып отырса, бұл жалған банкроттықты алдын алудың бір жолы болушы еді.
Банкроттық туралы заңның 77-81 баптарында және АК-нің 51 бабындағы қарастырылған банкрот болған заңды тұлғаның несие берушілердің талатарын қай кезекте қайсысын қанағаттандыру бойынша кейбір ғалымдар түсіндірме берген уақытта қайшылықтар байқалады. Мүмкін бұл қайшылықтар Азаматтық кодекс пен заңның арасындағы қайшылықтар. Бірақ, әрине, заңдық күші басым болғандықтан кодекс ережелері қолданылады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бұл жолдың қиындығына қарамастан, құқықтық мемлекеттік қалыптастыру жолында. Біздің қоғамымыздың адамдары арасындағы қатынастар барлық уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бола бермейді. ҚР әрбір азаматы өзінің құқықтарын қорғау және жүзеге асыруы үшін азаматтық құқықтың негіздерін білуге тиіс.
Қолданыстағы азаматтық заңнамада көптеген ақаулықтар бар екенін айтып кеткен жөн және оларды жоюда алда талай қиындықтар бар. Бірақ та республикамыздың және басқа мемлекеттердің тәжірибесін қолдана отырып, қазіргі кездегі заңды тұлғалардың құқықтық табиғатын одан да жетілдіруге болады.